Туған жер
Туған жер сөзінде қаншама мағына, қаншама ой жатыр. Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінетін шығар. Менің туған жерім-Балқаш қаласы. Туып өскен қалам Балқашым кішкетай болса да, мен үшін аса қымбат әрі киелі жер. Осы жерде көңілді де уайымсыз да бейкүнә балалық шағым өтуде. Өз туған жерімді сүйемін. Осы қалада балабақшадағы күндерім, мектеп табалдырығын алғаш аттаған күнім, сынып балаларымен танысқан күндерім , әлі есімде.
Туған жерім күннен күнге көркейіп, жаңаруда. Мен Балқаш қаласымен мақтанамын.
Кенесары Диана
6 «Д» сынып оқушысы