Туған жер
Туған жер топырағыңнан айналайын,
Нәр алып жүрегіммен аймалайын.
Халқыма мекен болған жайлауын да,
Ән салып, би билеп салмайын ба?!
Туған жер мекенімсің алтын бесік,
Ақ отау шаңырақтай алтын есік,
Мен сені сүйіп өтем мәңгілік,
Биік самғап, ақ бұлттарды кесіп өтіп.
Туған жер ыстық ұям ұлы далам,
Бозторғайы бол оның мәңгі шырылдаған.
Көк аспанның сүйемін құдіретін,
Бәрі маған туған жер деп сыбырлаған.
Қажымұратұлы Ернат
6 «Д» сынып оқушысы