Менің туылған жерім Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы. Өзім Балқаш қаласында тұрсам да Қарағанды қаласын қатты сағынамын. Әрине, әр адам үшін өзінің туған жері ыстық. Сол үшін біз өз туған жерімізді қадірлеуіміз керек. Туған жер адам жүрегінде көп орын алады. Ол біздің әрқашанда есімізде қалады. Мен үшін туған қалам-киелі шаңырағым. Осы шаңырағымның шайқалмай, босағасы берік болуы біздердің, жас ұрпақтың қолында деп ойлаймын. Қалам күннен күнге көркейіп, гүлдене берсін!