«Осень 2024»

Тұңғыш Президент күні

Білім беру саласы: «Қатынас»

Оқу қызметі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Тұңғыш Президент күні

Мақсаты: Балалардың тіл байлығын, сөзді байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту, елімізді, жерімізді қадірлеуге, сүюге тәрбиелеу. Қазақстан рәміздерімен таныстыру. Тұңғыш президенттің өмірбаянымен, қызметімен таныстыру.

Сабақ барысы:

Әнұран «Менің Қазақстаным»

Сөзі:Ж.Нәжімеденов

Н.Ә.Назарбаев

Әні: Ш.Қалдаяқов

Балалар бүгінгі күндеріңе сәттілік тілеймін!

- Балалар, біздің еліміз қалай аталады?

- Қазақстан Республикасының елордасы қай қала?

- ҚР-ның рәміздері туралы түсінік беру.

Олимпиады: Дошкольникам "Охота за знаниями"

Содержимое разработки

Алматы қаласы, Жетісу ауданы, МКҚК №162 бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі Маткалыкова Меруерт Жабайдильдиновна


Білім беру саласы: «Қатынас»

Оқу қызметі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Тұңғыш президент күні

Мақсаты: Балалардың тіл байлығын, сөзді байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту, елімізді, жерімізді қадірлеуге, сүюге тәрбиелеу. Қазақстан рәміздерімен таныстыру. Тұңғыш президенттің өмірбаянымен, қызметімен таныстыру.

Сабақ барысы:

Әнұран «Менің Қазақстаным»

Сөзі:Ж.Нәжімеденов

Н.Ә.Назарбаев

Әні: Ш.Қалдаяқов


Балалар бүгінгі күндеріңе сәттілік тілеймін!

- Балалар, біздің еліміз қалай аталады?

- Қазақстан Республикасының елордасы қай қала?

- ҚР-ның рәміздері туралы түсінік беру.


Рәміздерім - елдігімнің белгісі,

Білу керек бала-дағы ең кіші.

Рәміздерім - әнұран, ту, елтаңба,

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.


- Балалар, біздің яғни Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім?

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қарасай ауданындағы Шамалған ауылында өте қарапайым отбасында дүниеге келген.

Мектепті өте жақсы оқып, жақсы білім алды, анасын қатты құрмет тұтты.

Ол ерте есейді. Орта мектепті бітіре салысымен Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Ал кейінірек инженер дәрежесіне көтеріледі.

Н.Назарбаев - өз міндетін терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты атқаратын адам.

Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Ол Қазақстан үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.

1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевті Республикамыздың президенті етіп сайлады.

Ол әр қадамын шын мәнісінде өте мұқият есептейді: ол үшін саясатшы болу бойға біткен дарын мен қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс және өмір дағдысы.

Сергіту сәті

Көтеріліп шаңырақ,

Уықтары шаншылар.

Керегелер керіліп,

Өрімдей боп өрілер.

Бәріміз жүрсек айналып,

Киіз үй боп көрінер.

Ал енді балаларымыздың «Тұңғыш Президент» күніне арналған өлең шумақтарын тыңдайық.

Қазақ елі желбіреп көк байрағың,

Гүлге оранды ауылыңмен аймағың.

Елбасымыз биіктерге бастады,

Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын.

Тұратұғын болашақтың үні кеп,


Тартылар күй, айтылатын жыры көп.

Ерекше бір еркіндейік бауырлар,

Басшымыздың бүгін мейрам күні деп.

Әнге толсын барлық қала, ауыл бар,

Қағылсын бір барабандар, дабылдар.

Елбасының мерекесін ардақтау,

Бәріміздің борышымыз бауырлар.


Ата-бабам тұлпар мініп айқасқан,

Әрбір сөзге кесек-кесек ой тастап.

Тәуелсіз елі президентін сайлады,

Қазағымның Нұрсұлтаны ел бастап.


Көк туды асқақ көтерген,

Елді мақтан етем мен!

Терезесі кең,

Сыйлас, Алыс, жақын шетелмен.

Іші-алтын, Сырты-нұр, Бұзылмаған шырқы бір.

Ұлы достық мекені-

Қазақстан жұрты бұл!

Көлі-інжу, Жері-гүл. Қарты сыйлы,

Елі дүр!...

Дәстүрі ортақ,

Салты озық-

Қазақстан Елі бұл!

Қазақстан елім менің,

Қазақстан жерім менің.

Саған арнап айтылады,

Әнім менің.

Алатаудың аясында,

Гүл жайнаған саясында.

Гүлге ұқсап өсіп келем.

Үлкендікке көшіп келем.

Қазақ жері Қазақстан,

Мөлдіреген ашық аспан.

Алыс кетсем сағынамын,

Отаным сен Қазақстан.


Би: « Тәуелсіз биі»

Ал балалар, сендер біздің тұңғыш президентке қандай тілектер тілейсіңдер?

* Елбасымыз аман болсын!

* Жұмысы жемісті болсын!

* Мемлекетіміз бай болсын!

* Елбасымыздың өмірі ұзақ болсын!

* 50 мемлекеттің қатарынан қалмайық!

* Елабасымыз ауырмасын!

* Еліміз аман,халқымыз тыныш болсын!

* Мемлекетіміз әрқашан биіктен көрінсін!

* Еліміз бай мемлекет болсын!

* Күніміз ашық болсын!

* Елімізде молшылық болсын!

* Табиғатымыз таза болсын!

* Денсаулығымыз мықты болсын!

* Отбасымыз аман болсын!

* Елімізде бірлік,береке болсын!

*Туымыз биіктен желбіресін!

*Балаларымыз білімді болсын!

*Қуанышты күндеріміз көп болсын!

*Әрқашан күн сөнбесін!

Әрқашан аман болайық,

Елімізде тыныштық болсын,

Бейбітшілік болсын!

Нанымыз көп болсын!

Ал енді, тобымыздың Дәуренбек атты баласы елбасына деген өзінің жылы лебізін бата-тілегін білдіремін дейді.

Өркендерің өссін балалар!

Олай болса балалар, біз бүгінгі ашық қу іс-әрекетімізді

сөзі: Қадір Мырзалиев,

әні: Нұрғиса Тілендиевтің

«Өз елім» әнімен аяқтасақ.


Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Қазақстанның Тұңғыш Президенті туралы толық мағлұмат алу.

Болу керек: Балалардың сөзді байланыстырып сөйлей білуі.

Үйрену керек: Елімізді, жерімізді қадірлеуге, Отанға деген патриоттық сезімдерінің жандануы.



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее