«Осень 2024»

"Төрлет, төрлет, жаңа жыл!"

жаңа жыл мерекесіне арналған мерекелік кеш. бұл тәрбие сағатында оқушыларға арналған өлеңдер мен ойындар жинақталған

Олимпиады: Дошкольникам "Охота за знаниями"

Содержимое разработки

Тақырыбы: «Төрлет, төрлет, Жаңа жыл»

Мақсаты:

Көңілді ойын ойнатып, ән-би билете отырып, мерекелік көңіл-күй сыйлау, жаңа жылдық мерекелік безендірілу ерекшеліктерімен таныстыру; Ақшақар мен Аққаланы таныстыру, Ұйымшылдыққа.достыққа тәрбиелеу.

Ертеңгілікке атсалысқан кейіпкерлер; Аққала,Ақшақар

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Ертеңгілік снариын бекіту, музика залын мерекеге сай безендіру, мерекеге қатысатын кейіпкерлердің костюмдерын дайындау, балаларға берілетін аяз атаның сыйлықтарын дайындау.

Әсем безендірілген залға музыка әуенімен балалар кіреді.

Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы біздің музыка залымыз қандай әдемі болып кеткен,шыршамыз қандай әдемі,биік,ойыншықтары қандай көп,шамдары қандай жарқырап тұр. (Балалар шыршаны тамашалайды)

Жүргізуші : Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Бүгінгі «Қызғалдақ» тобының мерекелік ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Ендеше осы мерекеге арнап «Қайсы екен қолымыз» деген әнімізді орындап берейік.

( балалар шеңбер бойында тұрып әнді қимылын көрсете тұрып орындап береді)

Ән: «Қайсы екен қолымыз»

Қайсы екен қолымыз,

Оңымыз бен солымыз.

Міне,міне қолымыз,

Оңымыз бен солымыз.

Қол соғайық балақай,

Бір,екі деп алақай.

Топылдатып билейтын,

Аяғымыз қайсы екен.

Міне аяқ алқай,

Кел билейік балақай.

Бір,екі деп басатын,

Тез-тез адым жасайық.

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалр! Өте жақсы. Енді орындарыдарыңа отыра қойыңдар.

Аққала:

  • Ой, сәлеметсіңдер ме? Бұл не деген керемет әуен! Мен Аққала боламын. Мен ұйықтап жатып, сендердің әдемі әндеріңді естіп ояндым.

Жүгізуші: Сәлеметсіңбе Аққала! Жаңа жылың құтты болсын.біздің ортамызға қош келдің.Енді біздің балаларымыздың « жаңа жыл» мерекесіне арнаған тақпақтарын тыңдаңыз.



Болатов Нұрасыл: Қандай шырша тамаша

Көз тоймайды қараса

Ойыншықтары әр түрлі

Тізіліпті тамаша


Аблева Ақнұр: Тамаша-тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса


Саяханова Кәусар: Қар жауды,қар жауды

Ақ мамыққа бөленднді.

Мұз айдынға ойнауға

Шақырады біздерді


Серғазы Сезім : Бала,бала,балақан

Кәне қайсы алақан

Саусақтарың айбат

Былай-былай ойнат


Аққала:Жарайсыңдар балалар! Енді мен сендермен бір әдемі ойын ойнайын. Ол ойынның аты «қар жинау». (Ойын 2-3 рет ойналады)

Аққала:Балалар жарайсыңдар ойынды өте көңілді ойнадық,Енді мен қайтайын,барып жаңа жылға дайындық жасайын. Сау болыңдар.

( Осы кезде музыка әуенімен ақшақар кіреді).

Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сәлеметсіздер ме қонақтар! Мен Аяз атаның немере қызы Ақшақармын! Сіздерге алыстан Аяз атаның сәлемін жеткізіп, сыйлықтарын таратайын деп келдім.

Жүргізуші: Ой балалар бізге қонаққа Ақшақар келіпті.Сәлеметсіз бе !Ақшақар. сіз шаршап келген боларсыз. Асықпаңыз, отырып балалардың өнерін тамашалаңыз Санжар, Нұрасыл, Кәусардың осы мерекеге арнайы «Қошақан » әнін жаттап, дайындалып келіпті.




Жазда апамның ауылына,

Барып едім қыдырып,

Бір қошақан алдымнан

Шықты ойнап жүгіріп

Аспандағы аймекен

Шекер мекен бал мекен

Кетым оны сағынып

Қошақаным қайда екен.


Жүргізуші: жарайсыңдар балалар ,орындарыңа отыра қойыңдар,Ақшақар біздің балалардың « Аяз ата» әнін тыңдаңыз.

(балалар орындарында тұрып айтып береді)

Ән: «Аяз ата»

Мерекеге келдік,

Тақпақ айтып бердік

Ойыншықтарын тізген.

Шыршаныда көрдік.


Аяз ата келді,

Тамашаны көрді

Риза болып қуанып

Бізге сыилық берді


Ақшақар: Ия, сендер шынымен өте өнерлі балалар екенсіңдер! Менің аяз атам мұндай өнерлі балаларды өте жақсы көреді. Сендер менің аяз атамды білесіңдерме?

(Ақшақар ойыншық Аяз атаны көрсетіп таныстырады )

Аяз атамның ұзын сақалы бар. Әдемі, қызыл шапаны бар, басында үлкен бөрікі бар.

Жүргізуші: Ақшақар біздің балалардың өнері мұнымен шектелген жоқ.,Болат Санжар,Бабаханов Қайса,Жұмажан Шәкәрім аяз атаға арнап жатаған тақпақтары бар.


Болат Санжар: Келіңдер,келіңде

Тақпақ айтып беріңдер

Жомарт аяз атадан

Сыйлық алап көріңдер


Бабаханов Қайса:

Жаңа жыл,жаңа жыл

Жаңа жылда жаңа нұр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр.



Жұмажан Шәкәрім: Аяз ата келді,

Тамашаны көрді

Риза болып қуанып

Бізге сыилық берді


Ақшақар: Балалар сендер өнерлі екенсіңдер,өнерлерің үстем болсын.енді мен сендермен бір ойын ойнайын деп тұрым. Ол ойның аты «көпіршік» ойны

Мақсаты:Балаларға жағымды көңіл күй тудыра отырып,ептілікке,шапшаңдыққа үйрету,қызығушылықтарын арттыру.

Барысы:Балалар музыка әуенімен сабын көпіршіктерін ауада үрлеу,балалар аудағы көпіршіктерді қолмен ұстап алу.ойын 2-3 рет қайталанады.

Ақшақар: Жарайсыңдар, балалар өте жақсы ойнадыңдар , сендердің әндеріңді,тақпақтарыңды тыңдап риза болып отырмын. сол үшін,Аяз аталаыңның сендерге берген сыйлықтарын үлестірп берейін.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар осымен «Қызғалдақ» тобының балаларының жаңа жылға арнап дайындаған мерекелік ертеңгілігі өз мәресіне жетті. Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп рахмет.





Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее