«Осень 2024»

"Толағай" отбасылық сайысы

"Толағай" отбаслықы сайсының мақсаты оқушыларды салауатты өмір сүруге қалыптастыру. Бірге орындайтын спорттық өнерде ептілікті қырағылықты таныцту

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

«Толағай»
(отбасылық сайысы)


Мақсаты: Балаларға денені шынықтырудың пайдасын, адамның дені сау сергек болуына көмектесетінін түсіндіру. Балалардың көтеріңкі көңіл - күйде болуын қалыптастыру, тепе - теңдікті сақтау, шынықтыру жаттығуларына, сайыстың шарттарына деген қызығушылықтарын арттыру.

Жүргізуші: Құрметті балалар,ата-аналар қонақтар! Бүгін біздің «Бастауыш» сыныптар арасында «Толағай-2017» отбасылық сайысына қош келдіңіздер.Біздің балаларымыздың ата-аналары арасында спорттық жарыс өтпекші. Олардың бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде жылдам,епті, ұйымшыл және көңілді екендіктерін көру қандай қуаныш. Біз мұндай отбасылаына сәт сапар тілейміз!
Алдымен сайыс шарттарымен таныстырып өтейін.

1.«Толағай-2017» отбасылық сайысына қатысушыларды ортаға шақыру.

2.Әнұран

3.Флешмоб

4.Таныстыру

5.Мектеп директорының сөзі

6.Кегльдің арасынан өту

7. «Кім жылдым» (допты шеңберге түсіру)

8. Қаппен секіру.

9. «Картоп егіп кел де, жинап ал»

10. «Акробатика»

11. Сайысымыздың келесі бөлімі капитандар сайысы деп аталады. (мимика)

12. Арқан тарту ойыны.

1.«Толағай-2017» отбасылық сайысына қатысушыларды ортаға шақыру.

Әр таңды бақытпенен атырамыз,

Өнерді ой көгінде бақылаңыз.

Сайысқа қатысуға енді ортаға

Үлгілі де өнегелі,жылдам да шапшаң

Отбасыларымызды шақырамыз.

2-сынып:

* «Арыновтар» отбасы

* «Мусабаевтар» отбасы

* «Ибраевтар» отбасы

3-сынып:

* «Даирбековтар» отбасы

* «Арыновтар» отбасы

* «Алдекеновтар» отбасы

4-сынып:

*«Даирбековтар» отбасы

* «Мухамеджановтар» отбасы

* «Бозжигитовтар» отбасы

2.Әнұран

3.Флешмоб

4.Сайысты бастамас бұрын біздің жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

* Мектеп директоры Какимова Гүлдана Ертайқызы

* Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ибраев Дінмұхамед Тұрсынбайұлы

* Аға тәлімгер Амангельдина Алиса Павловна

5.Директорға сөз беру

6. «Кегльдің арасынан өту.

7. «Кім жылдым» (допты шеңберге түсіру)

8. Қаппен секіру.

9. «Картоп егіп кел де, жинап ал»

Шарты: Ойыншылардың алдында 1 кішкене шеңбер және топ басшының қолында дорбада 10 картоп болады. Белгі бойынша топбасшылар картопты шеңберге отырғызады да шапшаң жүгіріп барып дорбаны 2 - ойыншыға береді. Ол картопты жинайды, 3 - ойыншы егеді, 4 - ойыншы жинайды. Ойын осылай жалғасады. Топ басшы дорбаны соңғы ойыншыдан алып, әділқазыларға береді де, ойын аяқталады.

10. «Акробатика»

Ойын шарты: Музыка ырғағымен әр ойыншы матрас үстімен домалап, тік тұрып, орындарына бару.

11. Сайысымыздың келесі бөлімі капитандар сайысы деп аталады. (мимика)
Шарты:Кәмпитті сөздерді тобына мимикамен көрсету, ал топтары жауаптарын айту керек. (телефон, машина, кітап, қалам, күн, мысық, доп, балмұздақ, күрек)

12. Арқан тарту ойыны.






















1.Сайысқа қатысушылармен жеке-жеке таныстыру.
2.Құрсауды бір-біріне беріп, соңғы сайыскер беліне құрсауды киеді.
3. «Кім жылдам?» ойыны.
4. (баласы бір аяқпен секіреді)
5.Допты шеңберге лақтыру.
6.Асық тау.
7.Арқан тарту ойыны.























«Картоп егіп кел де, жинап ал»
Шарты: Ойыншылардың алдында 10 кішкене шеңбер және топ басшының қолында дорбада 10 картоп болады. белгі бойынша топбасшылар картопты шеңберге отырғызады да шапшаң жүгіріп барып дорбаны 2 - ойыншыға береді. Ол картопты жинайды, 3 - ойыншы егеді, 4 - ойыншы жинайды, Ойын осылай жалғасады. Топ басшы дорбаны соңғы ойыншыдан алып, әділқазыларға береді де, ойын аяқталады.








3. «Акробатика»
Ойын шарты: Музыка ырғағымен әр ойыншы матрас үстімен домалап, тік тұрып, орындарына бару.






4. Сайысымыздың келесі бөлімі капитандар сайысы деп аталады.
Шарты: Көздері байлаулы қалпында кәмпитті ауызымен тауып алу, тапқан кәмпиттегі сөздерді тобына мимикамен көрсету, ал топтары жауаптарын айту керек.
(телефон, кітап, сумка, күн, мысық, қалам, нан, доп, машина)















Толағай отбасылық сайысы


«Біз отбасымызбен біргеміз» толағай отбасылар сайысы
№11 Қоскөл орта мектебінде 15 мамыр Халықаралық отбасы күні
«Біз отбасымызбен біргеміз» атты «Толағай»отбасылар сайысы болып өтті
Сіздерге сол сайыстың өтілу барысын ұсынып отырмын.

Жүргізуші:
Бүгінгі 15 мамыр Халықаралық отбасы күні мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, мереке қарсаңында ұйымдастырылып отырған
«Біз отбасымызбен біргеміз» атты «толағай» сайысына хош келдіңіздер!
- Ойын залына акробат қыздарымызды Жаңыл мен Айжанды ортаға шақырамыз
- ( Толағай әні ойнап тұрады )
Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да!
Ел басымыз Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2030» стратегиялық жолдауында біздің болашақ балаларымыз арыстандай айбаттылығымен, жолбарыстай тектілігімен ел тізгінін ұстайды деп болашақ жастарға үлкен сенім артады. Салауатты өмір сүру өз қолымызда. Осы мақсатта біз бүгін «Толағай» отбасылық спорттық сайысты ұйымдастырып отырмыз. Бүгінгі сайысымызға демеушілік жасап отырған ауыл әкімі Хамзат Абдуллаұлына, мектеп директоры Абдиманап Саматұлына, ауыл азаматтары Акмал ағай, жеке кәсіпкер Ардаққа көп - көп рахмет айтамыз. Сайысымызға 4 топ: Қыран тобы, Сұңқар тобы, Бірлік тобы, Барыс тобы қатысқалы отыр
Жарысқа қатысатындарды шақырамыз
Әр таңды бақытпенен атырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң
Топтарымызды шақырамыз.
( Музыка ойнап тұрады, сайысқа қатысушы командаларды шақырамыз) 1. Қыран тобы 2. Сұңқар тобы 3. Бірлік тобы 4. Барыс тобы
Сайыс 8 кезеңнен тұрады.
Әділ қазылармен таныс болыңыздар:
1. Математика пәнінің мұғалімі - Ахметова Роза мұғалім
2. Әкім бас маман - Сейітбеков Асылан
3. Ата - аналар комитеті атынан - Аппазова Мағрипа
Әр сайыс кезеңі «5», «4», «3», ұпайлармен бағаланады.
Сайысқа қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, сайысымызды салтанатты түрде Қ. Р мемлекеттік әнұранымен бастаймыз (әнұранды орындау)
1. үй тапсырмасы
шарты: (топтың аты, ұраны, мүшелерін таныстыру 3 - 5 минут, өздері таңдаған музыкаға таңертеңгілік жаттығуды көрсету;
2 тур. Кім жүйрік?
Шарты
: Кедергілерден өтіп, қаппен жүгіру, аяғына қапты киіп, ойын залының арғы шетіне жетіп сол күйінде қайта жүгіріп келу.
Әділ - қазы алқасы сіздердің бағаларыңыз!
3 тур « мергендер» сайысы
Шарты: Кедергілерден доппен өтіп барып,«Шарды жару»,
Әділ - қазы алқасы сіздердің бағаларыңыз!
4 тур «Кім епті?
Кедергілерден жүріп, бір үлкен қасық суды алып төкпей әкелу керек
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
5
тур «Картоп егіп кел де, жинап ал»
Шарты: Ойыншылардың алдында 10 кішкене шеңбер және топ басшының қолында дорбада 10 картоп болады. белгі бойынша топбасшылар картопты шеңберге отырғызады да шапшаң жүгіріп барып дорбаны 2 - ойыншыға береді. Ол картопты жинайды, 3 - ойыншы егеді, 4 - ойыншы жинайды, Ойын осылай жалғасады. Топ басшы дорбаны соңғы ойыншыдан алып, әділқазыларға береді де, ойын аяқталады.
6
тур «көпірлерден өту»
Шарты: әр топқа екі картон қағазды беріп, сонымен жүріп өтіп, берілген тапсырманы орындау, яғни мақал - мәтелді жалғастыру
7 тур «Кенгуру» Ойынымызды жалғастырамыз, келесі турымыз үлкен батут доптың үстіне отырып секіру арқылы ойын залының арғы бұрышына жетіп қайта оралу. Бұнда алдымен екі топ, келесі екі топ, сосын жеңген топтар бір - бірімен жарысады.
Әділ - қазылар алқасы, бағаларыңыз!
8 тур «капитандар сайысы»
( топ басшыларын шақырып алып отырып - тұрып, тез - тез таблица айтқызу)
Өмірзақ Арайдың орындауында «Анашым»әнін қабыл алыңыздар
Жарыс заңы ежелден -
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол -
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады
Әділ - қазы алқасы сіздерге сөз беріледі!
Осы сайыста ең ұнаған бір турды атап өтсеңіз!
Марапаттау рәсімі! Сайысымыздың бас жүлдесін 110 ұпаймен «Барыстар»тобы иеленіп, арнайы сый - сияпаттар мен мақтау қағаздарымен марапатталды.
Біз қазақпыз,
Ел үшін атқа мінген.
Жанып жатқан лапылдап отқа кірген,
Бой тұмар ғып ар - ождан қазынасын,
Отбасылар ел қамын сақтап жүрген - дей келе бүгінгі алтын уақыттарыңызды қиып, «Толағай» отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға, алғысымды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше сау саламатта болыңыздар!












«Көңілді старт»
(спорттық ойын - сауық)

Мақсаты: Балаларға денені шынықтырудың пайдасын, адамның дені сау сергек болуына көмектесетінін түсіндіру. Балалардың көтеріңкі көңіл - күйде болуын қалыптастыру, тепе - теңдікті сақтау, шынықтыру жаттығуларына, сайыстың шарттарына деген қызығушылықтарын арттыру.

Барысы:
Шаттық шеңбер.
Біз бақытты баламыз,
Шыныға да аламыз
Сәулетті елдің көгінде
Шамшырақ болып жанамыз. (иіліп сәлем беру)

- Құрметті ойыншылар, бүгін «Көңілді старт» атты эстафеталық жарысымызды бастаймыз. (екі топқа бөлініп тұрады)

Ал, сайыскер балалар,
Ешкімің жоқ алалар
«Жеңімпаз» болу үлкен ерлік
Оны әділқазы бағалар.
(әділқазы мүшелерімен таныстыру)

Жарыстың шарттары:
1. Таныстыру.
2. «Жалауды тез жеткізу».
3. «Акробатика».
4. «Кедергілер» сайысы.
5. «Кім шапшаң?»
6. «Епті де, жүйрік» сайысы.

Құрметті сайыскерлер, сіздерге сәт сапар!

1. Таныстыру.
«Күншуақ» тобы
Ұраны: Күндей болып күлеміз,
Шуақ шашып жүреміз.

«Жұлдыз» тобы
Ұраны: Бүгін жарыс бақшада
Қуанады бар бала
«Көңілді старт» ойыны
Шаттық сыйлар баршаға.

2. «Жалауды тез жеткіз»
Ойын шарты: Топ мүшелері қапшықпен секіреді, соңғы ойыншы жалауды белгіленген орынға апарып тігеді.

3. «Акробатика»
Ойын шарты: Музыка ырғағымен әр ойыншы құрсаулардан аттап - аттап жүгіріп, матрас үстімен домалап, тік тұрып, орындарына бару.

4. «Кедергілер» сайысы
Ойын шарты: Бағдаршам көздерінің үстінен қоянша секіру, тақтай үстімен еңбектеу. Құрсау арасынан өту. Тікен төсеніш үстінен тепе - теңдік сақтап өту.

5. «Кім шапшаң?»
Шарты: Допты қолдарына қысып ұстап, шынтақтап, доға астынан жорғалап өту.

6. «Епті де, жүйрік» сайысы.
Шарты: Үлкен доп үстіне отырып, орындықты айналып секіріп орнына келу.

- Рахмет, ойыншылар. Барлық жарыс шарттарын орындадық.

Өнерге биік сеніңіз
Думанға қызық келіңіз
Әділқазы ел сенген
Сайысқа баға беріңіз!
(Әділқазылар сайыстың шарттары бойынша қорытынды шығарып, жеңімпаздарды жариялай отырып, марапаттайды)





































«Әкем,шешем және мен»(топтар сайысы)

Мақсаты:
а) Балалардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.
ә) Күш-қуат пен секірігіштікті дамыту.
б) Балаларды достық пен ұйымшылдыққа және инабаттылыққа тәрбиелеу.

Жүргізуші: Құрметті балалар,ата-аналар қонақтар! Бүгін біздң «Айгөлек» тобында үлкен мереке. Біздің балаларымыздың ата-аналары арасында спорттық жарыс өтпекші. Олардың бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде жылдам,епті, ұйымшыл және көңілді екендіктерін көру қандай қуаныш. Біз мұндай отбасылаына сәт сапар тілейміз!
Сайысқа қатынасатын ата-аналар келіп реттік нөмірлерін таңдап алуы сұралады.
Алдымен сайыс шарттарымен таныстырып өтейін.
1.Сайысқа қатысушылармен жеке-жеке таныстыру.
2.Құрсауды бір-біріне беріп, соңғы сайыскер беліне құрсауды киеді.
3. «Кім жылдам?» ойыны.
4.Қаппен секіру. (баласы бір аяқпен секіреді)
5.Допты шеңберге лақтыру.
6.Асық тау.
7.Арқан тарту ойыны.
Алғашқы сайысқа Жүсіповтар мен Кабышовтар отбасы жарысқа түседі.
Өздерін таныстыру.
Жүсіповтар отбасы.
Біз ананың қуанышымыз.
Бала кезден шыныққан.
Болашақта есейіп,
Біз жеңімпаз боламыз

Кабышовтар отбасы.
Қатар өскен құрдасқа,
Жарыс ұнап трмаспа
Қуып жету жақсы ғой,
Озып шығу бір басқа.

2-сайыс.
Нұрғалиевтер отбасы.
Қане,қане жарысуды,
Айналдыайық әдетке,
Денемізд шынықтыру.
Денсаулыққа қажет те.

Умизақовтар отбасы.
Қане,босқа арап тұрмайық,
Қажырланып, намысты қолдан бермей,
Балалар бірге осылай күш қосып,
Бүгін бізде бағымызды сынайық.

ІІ.Ойынның шарты
Екі отбасының мүшелері бір-біріне 2 метр қашықтықта қарама-қарсы тұрады. Мәреде әр отбасының топ бжанында 10 құрсаудан қойылған. Белгі берісімен 2 отбасының топ басшысы құрсауды тез-тез беріп тұрады, ал ең соңында сайыскер құрсауды беліне кигізеді. Қай жақтағы отбасы тез және уақытында киіп үлгерсе, сол жееді.

Жүргізуші: Өнерсіздік зор айып,
Ән мен күйге басайық.
Арасында тағы бір,
ән мен шашу шашайық.

Даярлық тобының орындауында «Түркістан» биі.

ІІІ. «Кім жылдам?» ойыны.
Ойынның шарты.
Екі отбасының алдында төрт құрсау қатар қойылған, топ басының қолында көкөніс салынған.4 себет. Сол топтағы сайыскерлер көкөністерді жолда жинап алуы керек. Қай топ ұқыпты отырғызып, тез жинап шықса, сол отбасы жеңген болып есептеледі.

ІV. «Қаппен секіру» ойыны.
Ойынның шарты.
Жарыстатын екі топты сайыскері мәрегег келіп тұрады. Бірінші адамның аяғында қап, ол қаппен секіріп сөреге дейін барып қайтып, екінші сайыскерге береді. Ал, балалары болса бір аяқпен секіріп қайтады. Қай отбасы уақытында келсе, сол жеңімпаз болады.

Әділқазылар алқасы бағалап, ұпай сандарын жазып отырады.
«Би» «Айжан қыз»
IV. «Допты шеңберге» лақтыру.
Ойынның шарты.
Әр отбвсындағы сайыскерлердің епті мерген екендіктерін анықтау.Отбасылардың алдында 2 метр қашықтықта биіктігі 1,5 м-дей темір құрсау тұрады. Міне, осы құрсауға допты дәл лақтыру керек.Әрбір отбасының сайыскерлері допты 2 реттен лақтырады. Кім шеғберге дәл лақтырса, сол кп ұпай жинайды.

VI. «Асық ату».
Ойынның шарты.
Белгілі мәреде шеңбер ішінде асықтар қойылған. Қай отбасының сайыскері асықты құлатып, шеңберден шығарса, сол топ көп ұпай жинап, жеңіп ығады.

Жүргізуші:
Қошеметтеп жеңіп шыққан отбасын,
Қол соғайық жеісімен құттықтап.
Жастық әнің шалқыта
Енді міне, көшейік айтысқа.

Даярлық тобы оқушыларының өнерімен «Біржан-Сара» айтысынан қысқаша сахналық көрінісін тамашалаңыздар.
(сахналық көрініс)
Ал қадірлі халайық,
Зердемізді салайық
Белімізді буып алып,бекініп.
Күшімізді сынайқ.

VII. «Арқан тарту» ойыны.
Ойынның шарты бойынша екі топтың сайыскерлері арқанның бойымен ұста, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Белгі берісімен екі отбасы арқанды өзіне қарай бар күштерін сала тартады.Бұл жерде күш сыналады. Егер топ сайыскерлері сызықтан шығып кетсе, сол отбасы жеңіледі.

Ендігі сөзді әділ қазылар алқасына береміз.
Жеңімпаздарды марапаттау.
Осымен сайысымыз аяқталды.



















































«ТОЛАҒАЙ» ОТБАСЫЛЫҚ САЙЫСЫНЫҢ СЦЕНАРИІ

Тәрбиеші: Гүлжанат Ертайқызы Тулкина, Жұмыскер ауылы, Қазан ЖОББМ жанындағы шағын орталық
Мақсаты: 1. Салауатты өмір салтын, спорттық бейімділіктерін балаларға үйрету.     
2. Балаларды отбасылық ұйымшылдыққа, ұжымдыққа тәрбиелеу.
3. Спорттық ойындарымен таныстырып, салауаттылыққа  тәрбиелеу.
Спорттық эстафеталар қазақ күйімен сайысқа қатысушылар ортаға шақырылып қошеметке ие болып орындарына тұрады.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, балалар және қонақтар. Тәуелсіздігіміздің 21 жылдығына арналған, салауатты өмір салтын дәріптей отырып, ата-аналардың қатысуымен ұйымдастырылып отырған «Толағай» отбасылық сайысына хош келдіңіздер!
Сайысты бастамас бұрын әділқазы алқасымен таныстырып өтейін. Команда екіге бөлінеді, эмблемалары, аттары, болады.Сайыстың мазмұны алты бөлімнен тұрады:
1-бөлім:  «Менің жанұям»
2-бөлім: «Кенгуру»
3-бөлім: «Туристар»
4-бөлім: «Маймылдар»
5-бөлім:  «Қояндар»
6-бөлім:  «Арқан тарту»
Әр команда капитаны ортаға шығып әділқазы алқасына эмблемаларын табыстайды. Әр ойын сайын ойын шарты түсіндіріліп отырады.
1-бөлім: «Менің жанұям»
Командалар өз ұрандарын айтып қарсылас командамен сәлемдесіп, өздерін таныстырады.
2-бөлім: «Кенгуру»
Ойын шарты: Әкесі баласын үлкен доптың үстіне секірте отырып, белгілі жерде тұрған анасының қасына жетіп допты анасына табыстайды. Анасы доптың үстіне секіріп командаға оралып, ойын сол бетімен жалғасады.
3-бөлім: «Туристер»                                        
Ойын шарты: Команда әртүрлі бөгеттерден өту керек. Балалар бір жақта, ата-аналар бір жақта. Ойын ата-аналар балаларын бір жаққа жиыстыру керек, тек бөгеттерден аман-есен өту керек.
Бірінші бөгет: Тау тастың арасынан өту керек, яғни бес рет гиглидің арасынан өту.
Екінші бөгет: Көпірдің астынан өту, жирафтардың астынан өту.
Үшінші бөгет: Жайлау кең дала - матраста домалап екі рет айналу. Баланы алып командаға жүгіріп келу.
4-бөлім: «Маймылдар»
Ойын шарты: Анасы скакалкамен баласы тұрған белгілі жерге дейін секіріп барып, әкесі баласын арқалап командаға келеді. Ойын жалғасады.
5-бөлім: «Қояндар»
Ойын шарты: Анасы себеттен жүгіріп барып сәбізді әкесіне береді, әкесі  қаппен секіріп отырып баласына яғни көжегіне табыстап, баласы сәбізді команда қоржынына салады. Ойын жалғасады:
6-бөлім: «Арқан тартыс»
Ойын шарты: Екі команда ата-аналары бөлек, балалар бөлек арқан тартысып күш сынасады.
Жүргізуші: Құрметті сайысқа қатысушы ата-аналар, балалар, сіздер бүгін өз күш-жігерлеріңізді, шымыр шыныққан екендеріңізді дәлелдедіңіздер. Сіздерге алғысымыз шексіз екенін айта отырып, сөзді әділ қазы алқасына береміз. Әділ қазы алқасы қорытындысын жариялап, жеңімпаздарды атайды. Ата-аналарды алғыс хаттармен марапаттап, командаларға балаларға сыйлықтар табыс етіп тапсыру.































Толағай (Спорттық сайыс)

admin · Ноя 16th, 2015 · 0 Comment

Тақырыбы: «Толағай» (спорттық сайыс)

Мақсаты: Ата-аналарды қатыстыра отырып, өткізілген бұл сайыста баланы

өмірде белсенді болуға, алға қойған мақсатты орындауға үйрету, қимыл-

қозғалыс қабілеттерін дамыту. Балаларды шапшаңдыққа, жылдамдыққа, төзімдікке, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Спорттық іс- шара

Білім беру саласы: «Денсаулық».

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Сайыс тақырыбы, топ аттарын жазу эмблемалар, дипломдар.

Әдіс тәсілдері: түсіндіру,әңгімелеу, топтастыру, көрсету, ойын.

Сайыс барысы:

Жүргізуші: «Балдәурен» балабақшасының құрметті қонақтары мен ата-аналары, бүгінгі ата- аналарымен тәрбиенушілерінің арасында өтетін «Толағай» отбасылық сайысына қош келдіңіздер.

«Толағай» отбасылық сайысы еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты спорттық іс-шара. Бүгінде осындай іс-шара біздің балабақшамыздың ортаңғы топ бүлдіршіндері мен ата-аналарының арасында өткізгелі отыр. Үш отбасы қатысады..

Толағай: – Оу-у, мына жерде балалар жиналып қалыпты ғой. Сәлеметсіңдерме, балалар, ата-аналар, қонақтар! Менсіз қалай «Толағай» отбасылық сайысын өткізгелі жатырсыздар?

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Толағай? Кел онда, сайысты бірге жүргізейік.

Толағай:

Ал,қанекей, қонақтар,

Ортаға назар салайық.

Ойыншылар келеді,

Қол соғып қарсы алайық.

Жүргізуші: Ақ түсті киімде «Бүркіт»  тобы, қызыл түсті киімде «Тұлпар» тобы, көк түсті киімде «Барыс» тобы.

Толағай: Сайыс болған соң, спорт заңы бойынша жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарын тағайындайтын құрметті әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейік.

«Балдәурен» балабақшасының меңгерушісі: Аманкулова Ш.А

«Балдәурен» балабақшасының әдіскері: Чалимбаева Б.

«Балдәурен» балабақшасының психологы: Ошкарова Н.С

Жүргізуші:

Өнер қуып отбасы өтер дейміз

Бір басына өнері жетер дейміз

Сайысқа келген топтар кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтсе дейміз.

(Әр топ өздерін ұрандарымен таныстырады)

 

«Бүркіт» тобы.- 3 сынып

Ұраны: Ұшақтан да ұшқырмын

Жедел озған жүйрікпіз.

Келіп тұрған жарысқа

«Бүркіт» тобы боламыз.

 

«Тұлпар» тобы -2 сынып

Ұраны: Біз балдырған бақытты

Әкеміз бен анамызда

Жеңілмейміз, озамыз

«Тұлпар» тобы боламыз.

 

«Барыс» тобы.- 4 сынып

Ұраны: Арыстандай айбатты

Жолбарыстай қайратты.

«Барыс» тобы боламыз

Жарысамыз ой қатты!

Толағай:

Бәрекелді, әр топ өздерін таныстырып өтті. Ендігі кезекті сайысқа берейік.

Жүргізуші: Бүгінгі спорттық сайыс 6 кезеңнен тұрады.

  1. 1. «Құлатпай алып өт» сайысы.

  2. «Мергендер» сайысы.

  3. «Кім жүйрік» сайысы.

  4. «Арқан тарту» сайысы

  5. «Жұмыртқаны түсірме» сайысы

  6. «Допты түсірме» сайысы

Әр сайыстан кейін әділ-қазылар алқасы әділ бағасын беріп отырады.

Толағай:

Қалма жұрттың соңында,

Қажет болса мың атта

Аздық етер оныңда,

Жету үшін мұратқа.

«Құлатпай алып өт» сайысы

Шарты: Ата-аналар қолдарын айқастырып, баласын отырғызып, кедергілер арасымен жүгіріп өтеді. Бірінші келген топ жеңімпаз.

Сабырлы да, салмақты әділ-қазыларымыз ұпай сандарын көрсетулерін сұраймыз.

Жүргізуші:

«Мергендер» сайысы.

Шарты: Допты екі аяқтың арасына қысып, түсірмей кедергілер арасымен өтеді, ілініп тұрған шарды жарып қайта келеді.

Әділ-қазылар ұпай сандарын көрсетіңіздер.

Толағай:

«Кім жүйрік» сайысы.

Шарты: Қаптың ішіне кіріп қос аяқпен секіреміз.Ойынның шартын бұзбаймыз,бірінші келген топ жеңімпаз

Ал,неді әділ-қазылар әділ ұпайларыңызды беріңіздер.

Жүргізуші:

Ойын ойнап,ән салмай

Өсер бала бола ма?

Күміс күлкі көрмей ол

Кемеріне толап ма?

Айгөлек-ау, Айгөлек

Айдыңжүзі дөңгелек

Айдай толған кезімде

Би бибейміз дөңгелеп

 

Олай болса келесі сайысымыз  «Арқан тарту» сайысы.

Шарты: Екі топқа бөлініп, арқан тартамыз, белгіленген жерге дейін  арқанды тарту керек.

Отбасылардың өнеріне тәнті болып отырған әділ-қазы мүшелері ұпайларыңызды көрсетіңіздер!

Жүргізуші:

Келесі сайысамыз «Жұмыртқаны түсірме» сайысы.

Шарты: Кедергілер арасымен қасықтағы жұмыртқаны түсірмей өтіп, қайта келеді. Бірінші келген топ жеңімпаз.

Толағай:

-Енді соңғы сайыс «Допты түсірме» сайысына кезек берейік.

Шарты: Әкесі мен анасы маңдайларына допты қысып, түсірмей кедергі арасымен жүріп өтеді Бірінші келген топ жеңіске жетеді.

Жүргізуші: Сайыс осымен тәмам. Төреші әділ-қазыларымыз ұпай сандарын есептеп, қай отбасы топтары, топ жарып жеңіске жететіндігін хабарлағанша, барлық қатысушылардың орындауында  «Қара жорға» биін тамашалаңыздар.

Жүргізуші:

Қорытынды: – Ендеше, осы денсаулықты зор байлық деп білетін белсенді де білгір, денсаулығы мықты спорт десе ішкен асын жерге қойып, алтын уақытын спортқа арнайтын спортты сүйетін отбасылардың жетістіктерін марапаттау рәсіміне көшейік.

Сөз кезегі әділқазыларда (Марапаттау рәсімі).

Салауатты өмір салтын сақтап, болашағымызды сәулендірейік!

«Толағай» отбасылар сайысы осымен аяқталды.

 

Салауатты өмір салтын қолдаймыз,

Жамандықтан жанымызды қорғаймыз.

Денсаулықты жанымызға серік қып

Болашаққа аманат қып жолдаймыз.

Белсенділік танытып, тамашалағандарыңыз үшін көп-көп рахмет!.

Ұқсас жазбалар



Қозғалыста допты себетке лақтыру





« Баскетбол» Допты алып жүру, допты екі қолмен кеудеден беру және қағып алу





































Толағай (спорттық жарыс)



Мақсаты:
1. Ойын кезінде өзін - өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
1. Ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу.
2. Балаларға денсаулықтың қадірін, бағалы байлық екенін түсіндіру және оны сақтаудың жолдарын түсіндіру.
Қажетті құралдар: доп, арқан, кедергілер, секірме жіп, тағы басқа заттар.
Барысы:
1. кіріспе сөз
2. спорттық жарыс
3. қорытынды сөз.
Марапаттау
1 Жүргізуші
Құрметті жиналған қауым, ата - аналар және оқушылар! Бүгінгі «Толағай» спорттық жарысымызға қош келіпсіздер! Сайыстың негізгі мақсаты - жас ұрпақты жаман әдеттерден аулақ, денінің сау болып, келешекте өз елінің, қоғамның салауатты, өркениетті, білімді азаматы етіп қалыптастыру. Осы мақсатта біз бүгін 2 - 4 сынып оқушылары арасында сайыс өткізгелі отырмыз.
2 Жүргізуші
Ал, құрметті халайық,
Жарысты енді көріндер,
Әділ қазы алқасын сайлап,
Әділ баға берііңдер!
Жарысты бастамас бұрын ойынға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасын сайлап, таныстырып өту.
Ата - аналар атынан.....................................
Мұғалімдер атынан...................................
Оқушылар атынан......................................... бағалау жүйесі 5, 4, 3 балдармен бағалау.
1 Жүргізуші
Жарысқа қатысып, бақ сынамақшы болған үміткерлерді іріктеу, содан кейін 3 топ алдарыңызда өнер көрсетпекші. Әр сыныптан 4 оқушыдан қатысу керек. 2 сынып - 5 оқушы, 3 сынып – 3 оқушы, 4 сынып - 4 оқушы.
Сіздерге жеңіс тілей отырып, ортаға сайыскерлерді шақырамыз.
Бүгін оқушылар 3 топқа бөлініп бақ сынайды. 1 топ - «ұландар»
2 топ -«Балдырғандар», 3 топ - «жұлдыздар».
Ал ендеше сайысымыздың шарттармен танысайық.
Сайыс шарттары:
1. «допты ойын»
2. «Толағай»
3. «Тасымақ»
4. Капитандар сайысы
5. «Шегірткелер»
Бұл ойында бізге көмек көрсететін оқушылар Алтаев Жандос, Қаби Даниял.
2 Жүргізуші
Денсаулық - шексіз бақыт,
Уа, халқым назар аудар денсаулыққа.
Өмірде бақыттысың денің сауда,
«Денсаулық - терең бақыт» деген сөзді,
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да,- деп, келесі ойынымызға көшейік.
1. «Допты ойын»
Шарты: бір оқушы допты теуіп отырып кедергілердің арасынан өткізеді, қайтар жолда дәл осылай ойын қайталанады.
Бір, екі, үш дайындал, алға!
1 Жүргізуші
Денің сауда күштісің бұл әлемде,
Денің сауда сұлусың жер бетінде.
Сол мықты денсаулықтың арқасында,
Жетерсің әлі талай бақыттарға
2. Сайысымыздың келесі бөлімі «Толағай» ойыны деп аталады.
Шарты: толағай добымен секіріп, орындықты айналып, қайта орына келу. (жылдамдықта)
Олай болса балалар сендерге сәттілік!
Бір, екі, үш дайындал, алға!
Құрметті сайыскерлер деніміз сау болсын десек спортпен шұғылданайық. Сонымен сайысымыздың келесі бөліміне көшейік.
2 Жүргізуші
3. Келесі ойынымыз «Тасымақ» деп аталады.
Шарты: бір оқушы доп алып кедергілер арқылы бір қолымен кезек - кезек жерге соғып тақтайшаға жеткенде көздері байлаулы қалпында сурет салу керек. Келесі оқушы осы суретті жалғастыру керек.
Бір, екі, үш дайындал, алға!
1 Жүргізуші
Жатып ішер боп жалқау,
Бойкүйез болма, еріншек.
Айналысып спортпен,


Талаптан, жаттық еңбекпен.
4. Сайысымыздың келесі бөлімі капитандар сайысы деп аталады.
Шарты: Көздері байлаулы қалпында кәмпитті ауызымен тауып алу, тапқан кәмпиттегі сөздерді тобына мимикамен көрсету, ал топтары жауаптарын айту керек. (телефон, кітап, сумка, күн, мысық, қалам, нан, доп, машина)

2 Жүргізуші
5. келесі ойынымыз «Шегіртекелер»
Шарты: Бір оқушы секірмекпен секіріп барып, математикалық есепті шығару керек. Қайтар жолда жүгіріп қайтады. Келесі ойыншы ойынды жалғастырады. Бір, екі, үш дайындал, алға!
1 Жүргізуші
Өнерге биік сеніңіз,
Думанға қызық келіңіз.
Әділ қазы ел сенген,
Өнерге баға беріңіз.
Құрметті әділ қазылар алқасы сөз кезегі өздеріңізде. (марапаттау)
2 Жүргізуші
Құрметті оқушылар, жүлделеріңіз құтты болсың!
Бүгінгі «Толағай» атты спорттық жарысымыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет.



























«Толағай» отбасылық сайыс

«Толағай» отбасылық сайыс

Мақсаты: Оқушы мен ата-аналарға спорттық ойындарды орындата  отырып спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Түрі: Эстафеталық ойын

Өтілетін орны: Спорт залы

Көрнекілігі: газеттер,шар,жалауша,кедергілер т.б.

Барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

                                         Шынықсаң шымыр боласың,

                                        Сауығып айдай толасың.

                                        Спортты серік ете біл,

                                        Жақсы азамат боласың.

                                        Жеңімпаз болу оңай ма,

                                        Арман болған талайға?

                                        Болмасаң да ұқсап бақ,

                                        Жарысқа түсіп қалайда.

ІІ.Негізгі бөлім

   Құрметті мұғалімдер және ата-аналар,оқушылар бүгінгі «Толағай» отбасылық сайысымызға хош келдіңіздер!Көңілді жарысқа 2 «А»,3 «А»,

4 «А» сынып оқушылары мен ата-аналарымыз қатысады.

                                        Жарысқа қатысатындарды шақырамыз

                                        Әр таңды бақытпенен атырамыз

                                        Өнерді ой көгінде бақылаңыз,

                                        Сайысқа қатысуға енді ортаға

                                        Балғабековтар,Абдикеровтар,Алимжановтар

                                        отбасын шақырамыз.

                                                     (әр отбасы орындарына келіп тұрады)

(Дене шынықтыру мұғалімі Игенов Д.О рапорт тапсыру рәсімі)

Әнұран орындалады

                                         Ал,құрметті халайық!

                                         Жарысты енді көріңдер

                                         Әділ қазы алқасы

                                         Әділ баға беріңдер!

Сайысты бастамас бұрын,сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.

1.Түйтебай Н.Қ

2.Құнанбаева Г.М

  1. Амиркулова А.К

Спорттық сайысымыз 5 баллдық жүйемен бағаланады.

                                                Сайыстың бағдарламасында

 

Топтың     аты

 

 

 

Таныстрыу

Баскетбол

Конвейер

Навигатор

Тұсау

Мерген

Эстафета сайысы

Көмек

Қалашық

Хоккей

Теннис

Кенгуру

Арқан тартыс

«Қайсар»

тобы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Жасұлан»

     тобы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Барыс»

тобы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Әр кезеңнен кейін әділ қазылар өз бағаларын береді.

Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!

Сайысымызды бастаймыз.

«Қайсар» тобын ортаға шақырамыз

Топтың ұраны: Бәріміз біріміз үшін!

«Жасұлан»тобын ортаға шақырамыз

Топтың ұраны: Біз әрқашанда мықты

                              Бәрін жеңіп шықты 

«Барыс»тобын ортаға шақырамыз

Топтың ұраны: Біз шымыр сергек денеміз,өнер сүйер өренбіз.

2.Баскетбол ойыны Ойынның шартымен таныстырып ,көрсету.                                   

3. Конвейер

4.Навигатор

5.Тұсау

(Әділқазылардың ұпайларын тыңдау)

6.Мерген     Ойынның шартымен таныстырып ,көрсету. 

7.Эстафета сайысы

8.Көмек

9.Қалашық

(Әділқазылардың ұпайларын тыңдау)

10.Хоккей

11.Теннис

12.Кенгуру

13.Арқан тартыс

ІІІ.Қорытынды бөлім

                                           Жарыс заңы ежелден-

                                           Жеңімпазды анықтау

                                           Жеңімпаз болу шарты сол-

                                           Еңбектену,жалықпау

                                           Біреу озса сайыста,

                                           Біреу артта қалады

                                           Жеңілгендер ренжімей

                                           Тараса бізге жарады

демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап,марапаттау сөз әділқазыларға беріледі. Сонымен қатар әр сыныптың ата-аналары демеушілік көрсетіп «Қайсар», «Жасұлан», «Барыс» топтарына арналған сыйлықтарын табыс етпекші.Қабыл алыңыздар.

Уа,халқым назар аудар денсаулыққа!

                                         Өмірде бақыттысың денің сау да.

                                         Денсаулық терең бақыт деген сөзді

           Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да демекші

Құрметті қонақтар! Келгендеріңізге көп-көп рахмет





















Тақырыбы: «Көңілді мәре»
эстафеталық ойындар.


Өткізген: Бірлестік орта мектебінің
денешынықтыру пәнінің
мұғалімі Яки Бірлан

2013-2014оқу жылы


Сабақтың тақырыбы: «Көңілді мәре» эстафеталық ойындар.
Өтілетін жарыстың мақсаты.
1.Оқушылардың денсаулығын, белсенділіктерін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау.
2. Спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
3. Салауатты өмір салтын насихаттау.
Сабақ түрі: Сайыс сабақ.
Ойын барысында қолданылатын құрал-жабдықтар:эстафеталық кедергілер, доптар (үлкен,кіші), қаптар, шариктер, арқан, гимнастикалық төсеніштер, таяқшалар т.б.
Сабақтың барысы:Оқушыларды сапқа тұрғызу.
Кіріспе: Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар,мұғалімдер және де меймандар бүгін 5,6,7,8-сыныптар арасында өткізілгелі отырған «Көңілді мәре» эстафеталық ойын атты сайыс сабағына қош келдіңіздер.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Халық денсаулығы» атты мемлекеттік бағдарламада халық денсаулығын нығайту- мемлекетіміздің бірінші кезектегі атқаратын міндеті екенін атап көрсеткені баршамызға мәлім.
Салауатты өмір салтын ұстану –осы іс шараның баспалдағы.
Жалпы дене шынықтыру,сайыс сабақтары оқушылардың күш-қуаттарын өсіріп, олардың денсаулығын шыңдап, қан тамырларының жүйелі жұмыс жасауына ықпалын тигізеді.
Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасын сайлап алайық.
Оқушылар отыр сынға түскелі,
Сыналмақшы ептілік пен күштері.
Әрбірінің жігер-күші жалындап,
Жеңіс сәтінтағат таппай күткелі.
Сайысатын оқушыларды бүгіні
Қарсы алайық қошеметпен бәріміз.
Ортаға 5,6,7,8-ші сынып оқушыларынан құралған сайысқа түскелі отырған топтарымызды шақырайық.Әр топ ортаға шығып өздерінің топтарымен,ұрандарын таныстырып өтсін.
5-7 сыныптар. Атымыз: «Сұңқарлар»
Ұранымыз: Сұңқарлар бастайды,
Қиындықтан қашпайды.
Сұңқар алға,
Биікке самға.
6-8 сыныптар. Атымыз «Қырандар»
Ұранымыз: Қыран құстай самғаймыз
Қанатымыз талмайды.
Сайыста біз алдамыз
Жеңісті де қолдаймыз.

Сайыскерлеріміздің аттары мен ұрандарымен таныстыңыздар.Топтарды ортаға шақырайық. Енді сайысымыздың ережелері мен кезеңдерін таныстырып өтейін.
Сайысымыз он кезеңнен тұрады.Әр кезеңнің өз тапсырмалары бар,тапсырманы мұқият тыңдап, белгі берілгеннен кейін бастау керек. Бақтарын сынағалы отырған әр топ дөңгелене тұрып, сергіту жаттығуларын жасау. Сайыскерлерге сәт сапар тілеймін.


    1. Эстафеталық жарыс(доппен кедергілер арасынан жүріп өту,допты екі аяқтың арасына қысып жүру)


    2. Баскетбол торына доп лақтыру (баскетбол добын кедергілер арасынан бір қолмен алып жүріп, себетке доптты салу)


    3. Күштілікті қажет ететін ойындар.(арқан тартыс әр командадан 6-оқушыдан қатысады) ойынның шарты белгіленген сызықтан тартып шығару.


    4. Арқанға өрмелеу, биік шыңға шыққан ең мықты топ.(Әр командадан 2 оқушыдан,аяқтың көмегінсіз қолмен өрмелеп
      шығу)


    5. Капитандар сайысы. (Әр топтың капитандары шығып, өз өнерлерін көрсетеді)


    6. Тепе-теңдік сақтап жүріп, кедергілер арасынан бастарына кітап қойып және қасыққа шарикты салып құлатып алмай, кедергілер арасынан өту. Келесі ойыншы дәл осылай қайталайды. Мәреге кім бұрын жетсе, сол команда жеңіске жетеді.


    7. «Қаппен жарысу» Ойыншылар алдарында жатқан қапқа жетісімен, екі аяғын қапқа тез кигізіп,екі қолымен жоғары жағынан ұстап, ілгері қарай жүгіреді.Осылай кезектесіп барлық оқушылар жүгіріп шығады.Қай топ мәреге бұрын келсе, сол жеңіске жеткен болып табылады.


    8. Таяқшамен кедергілер арасынан допты алып жүріп, тақтада ілінулі тұрған есептерді қатесіз әрі жылдам шығару.Дәл осылай келесі ойыншылар қайталайды.Қатесіз және мәреге бұрын жеткен команда жеңіске жетеді.


    9. Акробатикалық элементтері бар ойындар.Төсеніште орындалатын аунау жаттығулары.(әр топ өз жолымен алға аунау арқылы, кедергіге дейін барып,допты алды да кейін артқа қарай аунап орнына келеді, дәл осылай келесі ойыншылар да қайталайды ) кімнің тобы бұрын жетсе,сол жеңіске жеткен болып табылады. Ескерту төсегніштен шығып кетпеу.


    10. Мергендер сайысы.(Алдын ала дайындалып қойылған, қағазға сызылған көмбені немесе тирге, пневматикалық мылтықпен нысанаға дәл тигізу) ұпаймен есептелінеді.Қай команда көбірек ұпай жинаса сол топ жеңіске жетеді.


Қорытынды: Осымен бүгінгі сайыс сабағымызда аяқталды.Келесі сөз кезегін әділқазылар алқасына берейік. Жарыс соңында жеңіске жеткендерді марапаттау.

















Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее