«Осень 2024»

Тілдер күніне арналған «Қазақ тілін үйренемін» атты ата-аналар арасындағы интеллектуалдық ойын

Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы

достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру.

Олимпиады: Дошкольникам "Охота за знаниями"

Содержимое разработки

Тілдер күніне арналған «Қазақ тілін үйренемін» атты ата-аналар арасындағы интеллектуалдық ойын

Мақсаты: Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы

достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру.

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар тілдер мерекесіне арналған «Тілім менің тірлігімнің айғағы» атты тіл апталығының үшінші күніне ұйымдастырылып отырған интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер!

Біздің елімізде 130- дан астам ұлт өкілдері тұрады.Қазақстан экономикасы мықты, тәуелсіз, егеменді ел.Қазақстан әр тілде сөйлейтін халықтардың басынбіріктіріп отырған мемлекет. Қазақстан біздің достық үйіміз,

Енді «Қазақ тілін үйренемін» атты ата-аналар арасындағы сайысын бастайық. Бұл ойын 6 кезеңнен тұрады.

Сайысымызды әділ бағалайтын әділқазы алқаларымен таныстыру.

1 - кезең «Таныстыру» «1 минут ішінде қанша сөз білесіз?»
2 - кезең «Жасырын суреттер мен адасқан әріптер»

3 - кезең «Жаңылтпаштар»
4 - кезең «Қызықты ұйқастар»
 
5 - кезең «Кім жылдам?» (крокодил)

6 - кезең «Болашақ Қазақстаным»



Жүргізуші: 1 - кезең «Таныстыру» Топтар өздерін таныстырады:

І топ:«Білгірлер».

Ұраны:«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады».

ІІ топ:«Тапқырлар».

Ұраны:«Пайда ойлама ар ойла, Талап қыл артық білуге».





Жүргізуші: «1 минут ішінде қанша сөз білесіз?»

Әр топ минутына қанша сөз білетінін көрсету қажет

Әділқазылар бағаларын беріп, пікірлерімен бөліседі.



Жүргізуші: Сайысымыздың келесі 2 - ші бөлімі «Жасырын суреттер мен адасқан әріптер» деп аталады.

Мультимедиялық тақтадан суреттің жартысы көрсетіледі соны табу керек. Сонымен қатар бір сөз беріледі, бірақ кейбір әріптері түсіп қалған сол әріптерді атау керек.







1 топ: К...тап, әмб...бап, таби...ат, ж...рек, маха...ат.



У _____ нянек дитя без глазу. (семь-жеті)

Нет дыма без ______ (огня-от)

______ крепка не лестью, а правдой и честью (дружба-достық)

Была бы______, а шапка будет (голова - бас)

_____ всему голова. (нан-хлеб)



2 топ: балаба...ша, ба..ытты, к...ркем, ...мір, қ..рт.

_____и труд все перетут. (учение-оқу)

_____ боятся, руки делают. (глаза – көз)

Без _____ не выйнешь рыбку из пруда (труд-еңбек)

Ложка дегтя бочку_____ портит (мед-бал)

Что написано _____, не вырубишь топором. (перо - қалам)



Жүргізуші: 3 - бөлім: «Жаңылтпаштар» деп аталады. Екі топқа бірдей жаңылтпаштар беріледі. Тез және анық айтып шығу керек.





Бұл, бұл - піл,

Бұл бір ірі піл.



Ошақта от жоқ,

Шоқ тап, от жақ.



Жағажай, Жағажайда –Қамажай.

Жағажайда жағалай, Жүгіреді Қамажай.



Класта ақ бор бар,

Көк бор бар,

Көп бор бар.



Тұз - мұздай,

Мұз - тұздай.



Үш қыз да – ұшқыш,

Ұшқыш та – үш қыз



Жүргізуші: Ана тілім - күшім менің қуатым,

Жырым сендік жүрегімнен туатын.

Тауысар ма ырысыңды, қорыңды.

Тізерлесіп қатар жазса мың ақын - деп сайысымыздың соңғы бөліміне де келіп жеттік. Бұл 4 - бөлім: «Қызықты ұйқастар» деп аталады. Сөздерді тез аудару қажет.



Ітоп:

1.Жизнь-өмір, уголь-….(көмір).

2.Число-сан, кровь- ...(қан).

3.Молоко-сут, жди-… (күт).

4.Человек –адам, шаг- ...(қадам).

5.Таможня- кеден, пол-...(еден).

6. Cоя- бұршақ, кукла - ... (қуыршақ)

7. Городской - қалалық, новость - ...(жаңалық)

8. Костер - алау, флаг - .....(жалау)



ІІ топ:

1.Возьми- ал, мед-…(бал).

2.Рыба- балық, народ-…(халық).

3.Дверь- есік, колыбель-…(бесік).

4.Город- қала, ребенок- …(бала).

5.Игра-ойын, шея-…(мойын).

6. Хвост – құйрық, приказ- ....(бұйрық)

7. Язык - тіл, слон - ....(піл)

8. Мудрый - дана, мать - ....(ана)



Жүргізуші: 6 - кезең «Кім жылдам?» (крокодил) . Әр топ басшысы берілген сөздерді қимылмен көрсету керек, ал жанкүйерлер бұл сөздерді дұрыс табуы тиіс.



І топқа берілген сөздер: жұлдыз, қайық, аю,ұшақ, айна, қоңырау, мысық,

доп, сызғыш, гүл.



ІІ топқа берілген сөздер: кітап, жаңбыр, себет, ағаш, қоян, сурет, пойыз,

сабақ, маймыл,қолшатыр.



Сөз кезегі қазылар алқасына беріледі.



7 - кезең «Болашақ Қазақстаным»

Ұсынылған ватман қағазға «Болашақ Қазақстан» туралы ойларын суреттейді.

Жүргізуші: Міне осылайша «Қазақ тілін үйренемін» атты сайысымызда өз мәресіне де келіп жетті. Сөз кезегі қазылар алқасына беріледі.

Тіл әр ұлттың қайталанбас байлығы. Тіл бар жерде ұлт та, елде, жерде болмақ. Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екеніне көз жеткіздік.

Би: «Қара жорға»

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет!



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее