«Тіл – көңілдің кілті»
Қазақстан халықтарының Тілдері күніне орай, №63 мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Санитасова Қ.М., Рахимжанова А.Е., Күлбаева А.Е. ұйымдастыруымен қыркүйек айының 20 күні «Тіл - көңілдің кілті» тақырыбында 6-сыныптар арасында интеллектуалды сайыс өткізді. Мақсаты: оқушыларды еркін сөйлеуге, өз білімін көрсетуге, шығармашылықпен дағдыландыру. Топпен жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа баулу.