«Осень 2024»

Тіл дамыту пәнінен «Қуыршақты шомылдыру» тақырыбында өткізілген ойын-сабақ

сабақ түрлі әдістермен қамтылған. Балалардың жасерекшеліктері ескерілген

Олимпиады: Дошкольникам "Охота за знаниями"

Содержимое разработки

Білім беру саласы: Қатынас білім беру саласы

Кіші сала: Тіл дамыту

Ойын-сабақтың тақырыбы: «Қуыршақты шомылдыру»

Ойын-сабақтың мақсаты: Балаларды дұрыс жуыну ережелерін үйрету. Киімдерін ретімен шешу. Киімнің атын атай білуге үйрету.

Көрнекілік құралдар: Қуыршақ Шолпан, үстел, су құйылған ыдыс,сабын, орамал.

Қос тілділік: сабын-мыло. Орамал-полотенцо

Тәрбиеші:

-Балалар біздің топқа кімдер келді? Қане бәріміз қонақтарға сәлемдесейік.

Балалар:

-Сәлеметсіздер ме?

Тәрбиеші:

-Қане балалар бәріміз шеңбер жасап тұрып бір-бірімізге доп жалғау арқылы атымызды айтып қонақтармен танысайық

Ашық алаң:

-Балаларды шеңберге тұрғызу;

- Бір біріне допты жалғап тұрып аттарын айту;


Ойын сабақтың барысы:

Тәрбиеші:

-Балалар жарты шеңбер жасап отырайық.(бааларды жарты шеңбер жасап отырғызу) Сендер қозғалмай, сөйлеспей тыныш отырамыз.Қазір қуыршақ Шолпанды шомылдырайық.

-Наргиз сен Шолпанды алып келші?шолпан қазир шомылайын деп қуанып отыр.

-Сендерді мамаларың қалай шомылдырады?

Балалар:

-Киімімізді шешіп шомылдырады.

Тәрбиеші:

- Олай болса Шолпанның киімін шешейік.Балалар бәрің қараңдаршы алдымен Шолпанның басын сабындап жуамыз.

-Інжу сен Шолпанның басына су құйшы,сабынын кетіріп жуайық.ал енді шолпанның қолын мойнын, аяғын былай былай жуамыз.

-Алинұр орамалды алып келші Шолпанның үстін сүртейік.Балалар Шолпанды шомылдырып болдық па?

Балалар:

-Иа

Тәрбиеші:

Қараңдаршы қандай әдемі болды.Шолпанның ұйқысы келіпті.Кәне Шолпанды төсегіне жатқызайықшы. Оянғансоң киіндіреміз.

Әлди-әлди бөпешім,

Ұйықтай қойшы көкешім

Ля-ля-ля-ля-ля.....

-Ал балалар біз тазалық туралы қандай тақпақ білеміз, айтып көрейікші.


Тазалықты сүйеміз

Таза болып жүреміз.


Тазалықтың досы

Су деген осы


Сергіту сәті:

Тәрбиеші:

-Балалар бұл ненің дауысы?

Балалар:

-судың дуысы


Сылдырлайды мөлдір су,

Мөлдір суға қолыңды жу.

Жуынсаң сен әрдайым,

Таза бетің маңдайың.

Рефлекция :

Тәрбиеші: Балалар бүгінгі ойын-сабақта кім туралы әңгімелестік?

Балалар: Шолпанмен

Тәрбиеші: Шолпанды балалар немен жуындырдық?

Балалар: сумен

Тәрбиеші: Балалар біз таза, әдемі болып жүру үшін бізге нелер керек?

Балалар: сабын, орамал, тарақ т.б

Тәрбиеші: Өте жақсы балалар бүгінгі ойын-сабаққа барлықтарың белсене қатыстыңдар, көңіл-күйлерің қалай, барлығымыз көрсетейікші.





Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее