«Осень 2024»

Тест тапсырмалары

4-сыныпқа әр пәннен 4- тоқсан бойынша дайындалған тест тапсырмалары

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Тест сұрақтары Қазақ тілі 4-сынып 4-тоқсан

1.«Сұлу» сөзінің синонимін табыңыз.
А) Әдепті. В) Әдемі. С) Сыпайы. D) Мықты. Е) Салмақты.
2. Буын түрін анықтаңыз.
A) Тұйық. В) Жалғау. С) Жалаң. D) Буын. Е) Тасымал.
3. - дар, - дер, - тар, - тер, - лар, - лер жалғаудың қай түріне жататынын көрсетіңіз.
А) Септік. В) Жіктік. D) Көптік. C) Тәуелдік. Е) Етістік.
4.Берілген сөйлемді дұрыс аяқтаңыз. 25 қазан -...
А) Ынтымақ күні. В) Конституция күні. С) Тәуелсіздік күні. D) Республика күні.
Е) Жеңіс күні.
5. «Қоян жүрек» сөзінің антонимін табыңыз.
A) Қорқақ. В) Әлсіз. С) Салмақты. D) Батыр. Е) Күшті.
6. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.
А) Іс, сапар. B) Кінәлі, айыпты. С) Апару, әкелу. D) Жүмысшы, оқушы.
Е) Мәртебелі, сыйсыз.
7. Тек үнді дауыссыздары бар сөзді табыңыз.
А) Сапар. В) Айман. С) Алпыс. Б) Азат. Е) Аймақ
8. Баяндауышты табыңыз.
Күзде жыл құстары жылы жаққа ұшып кетеді.
А) Күзде. В) Жыл құстары. С) Жылы. D) Ұшып кетеді. Е) Жакқа.
9. Реттік сан есім нені білдіретінін көрсетіңіз.
А) Заттың санын бөлшектеп көрсетеді. В) Заттың дәл нақты санын білдіреді.
С) Заттың санын топтап көрсетеді. D) Заттың реттік санын білдіреді.
Е) Заттың санын жинақтап көрсетеді.
10. «Бала» сезіне қосылатын қосымшаны анықтаңыз.
А) - шы. B) - лық. С) - тың. В) - лік. Е) - ші.
11. Жекіру одағайын табыңыз.
А) Әттеген - ай. В) Беу. С) Тәйт. D Рахмет. Е) Моһ - моһ
12. Синоним сөздерді табыңыз.
А) Бас, аяқ. В) Мұғалім, оқушы. С) Бас, жақ. D) Әдемі, сұлу. Е) Үлкен, кіші.
13. Буынға бөлінбейтін сөзді белгілеңіз.
A) Серт. В) Уәде. С) Болжам. Б) Қағида. Е) Ереже.

14. Дара сын есімді көрсетіңіз.
А) Ақ. В) Қара ала. С) Қара көк. D) Қызыл сары. Е) Ақ ала.
15. Реттік сан есімді табыңыз.
А) Он бір. В) Он - он бес. С) Екі бүтін оннан үш. D) Он бірінші. Е) Отыз тоғыздан.
16. Туынды түбірді анықтаңыз.
А) Жол. В) Тазалық. С) Сынып. D) Жаңа. Е) Бол.
17. Туынды зат есімді анықтаңыз.
А) Оқытушы. В) Ғалым. С) Ел. D) Жол. Е) Қыз.

18. Тура мағыналы сөзді табыңыз.
А) Суық сөз. В) Ыстық ықылас. С) Ақ ниетті. D) Жақсы адам. Е) Терең ойлы.
19. Одағайы бар сөйлемді көрсетіңіз.
А) Қазіргі кезде интернет ешкімге де таң емес. В) Жастардың көбі жеңіл музыканы ұнатады. С) Интернет жүйесі арқылы жүздеген елдермен байланыса аласың.
D) Ах! Болат сен кешегі гала-концертті көрдің бе?

Е) Билл Гейтс - қазір дүниедегі ең бай адам.

20. Қыстырма сөзді табыңыз.
А) Ой. В) Мүмкін. С) Әкем. D) Сары. E) Тоғыз.







Тест сұрақтары Әдебиеттік оқу 4-сынып 4-тоқсан

1.«Қырық мысал» деген атпен мысалдар жинағын шығарған кім?

А)М.Жұмабаев Ә)А.Байтұрсынов Б)О.Әубәкіров В)А.Құнанбаев

2.Ер азаматтарды қорғаннан ақылымен алып шығып,сақтап қалған кім?

А) Ана Ә)Қыз Б)Батыр В)Бала

3.Ақ қайың мен Қарағаштың достығын бұзған қараниетті қандай ағаш?

А) қайың Ә) қарағаш Б) тобылғы В)сексеуіл

4. – Кеудең толған бауыр болсын,

Арқаң қара нардай жауыр болсын.

Үйіңнің сыртынан дүбір кетпесін,

Құлағыңнан сыбыр кетпесін,

Жасың жетпіске жетпесін, - деген батаны берген қарт кім, кімге берді?

А) Малайсары Сырымға Ә)Сырым Малайсарыға

Б) Төле би Жетеске В)Малайсары Төлеге

5. Бір үйдің баласы болма,

Көп үйдің санасы бол!

Бір елдің атасы болма,

Бар елдің данасы бол!- деген сөздер бата берген кім?

А)Қазыбек би Ә)Төле би Б)Малайсары В)Әйтеке би

6.Жас кезінде Төле бидің алдынан жұмбақтап сөйлеп сүрінбей өткен бала кім?

А)Қазыбек би Ә)Төле би Б)Малайсары В)Әйтеке би

7.Еліміз бен жерімізді сыртқы жаудан қорғаған ержүрек батырлар туралы

ауызша шығарылған жыр үлгісі қалай аталады?

А) Ертегілер Ә)Аңыздар Б)Айтыс В) Батырлар жыры

8. Алайын десем оңайсың, Алмайын десем торғайсың,

Айтшы маған жөніңді, Неғылып жүрген ноғайсың? – деген жолдар қай шығармадан алынған?

А)Жекпе-жек Ә) Жолбарыспен айқас Б)Тайбурылдың шабысы В)Тортайдың мұңы

9. Хан жарлығын орындаудан бас тартып, екі інісін қорғаған қасиетті құс –

А)Аққу Ә)Жапалақ Б)Үкі В)Байғыз

10. Кедейдің боранда далада қалған малдарын қасқырдан қорғаған –

А)Шопан Ә)Қойшы Б)Адамдар В)Жылқы

11. Бөрі құла аттың артына шығып, шоңқайып отырады да, молдаларға ұқсап

екі көзін шарт жұмып, өзінше әндетіп үли бастайды – деген жолдар қай

шығармадан алынған?

А)Қара қасқыр Ә)Бес ешкі Б)Қоңыр тоқты В)Құла ат

12.Адамдардың болашағын болжап айтып бере алатын өлімнен қорқатын

данышпан кім?

А)Абай Ә)Төле би Б) Қазыбек би В)Қорқыт

13.Сараң байды мырза қылған кім?

А)Алдаркөсе Ә)Қожанасыр Б)Қорқыт В)Қарабатыр

14. Әй, қарлығаш, тамыр-ай, Жауда қалдым жабыдай.

Тұмарымды ал сана, Біздің елге бар сана – деген өлең жолдары қай шығармадан алынған?

А)Қарабатыр Ә) Қорқыт Б)Бес ешкі В)Сатқын жапалақ

15. – Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей, Істеген ынтымақсыз ісің оңбас – деп

бірлікке шақырған ақын кім?

А)М.Жұмабаев Ә)М.Дулатов Б)А.Құнанбаев В)А.Байтұрсынов

16.Еңбекқор және ажлқау жәндіктер туралы айтылған шығарма –

А)Арыстан мен тышқан Ә)Ара мен шыбын Б)Аққу, шортан һәм шаян

В)Шыбын мен көбелек

17.Күштінің әлсізді менсінбейтін іс-қылығын әшкерелейтін шығарма –

А)Арыстан мен тышқан Ә)Ара мен шыбын Б)Аққу, шортан һәм шаян

В)Шыбын мен көбелек

18.Тұңғыш өлеңдер жинағын «Шолпан» деген атпен шығарған ақын кім?

А) А.Құнанбаев Ә)М.Дулатов Б) М.Жұмабаев В)А.Байтұрсынов

19.Жамандықтан арылу үшін нені таза ұстау керек?

А)Қорқақтықты Ә)Мінезді Б)Аштықты В)Тәнді

20. «Ең алдымен әлділердің балалары оқуға алынады» деп тізімнен шығып

қалған бала –

А)Ы.Алтынсарин Ә)М.Жұмабаев Б)С.Көбеев В)М.Әуезов



 

































































Тест сұрақтары Дүниетану 4-сынып 4-тоқсан

1.Қазақстан қай материкте орналасқан?

А)Евразия                        ә)Азия                            б) Европа

2.Жердің кішірейтілген үлгісін не деп атайды?

а)шар                           ә)глобус                          б) жер

3.Судың жер бетін жырып, тілімдеуінен пайда болатын не?

а)сай                           ә)жазық б)жыра

4.Қазақстан неше мемлекетпен шектеседі?

а)4                             ә)6                       б) 5

5.Таудың ең биік жері

а)төбе ә)шың б)құз

6.Шалғын өсімдігін тап

а) қайың                     ә) бетеге                         б) тышқанбұршақ

7.Шөлде өсетін өсімдіктерді тап

а)боз                                ә)бетеге                     б) селеубояу

8.Террикондар деген не?

а)үйінділер ә)шұңқырлар б)пайдалы қазбалар

9.Алғашқы адамдардың баспанасы

а) саяжай                        ә) үңгірлер                   б)  там үйлер

10Ұлттық валюта қашан енді ?

а) 1990 жылы 1шілде                   ә) 1994 жылы 1тамыз            б) 1993 жылы 15 қараша

11.Республика Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы кім?

а) Президент      ә)Депутат                             б) Әскери адам

12.Көкжиек  —  бұл …

а) кеңістіктің көзге көрінерін шегі ә) сені қоршап тұрған орта     б)  көкжиек тұстары

13.Бір заттың көлемін кішірейткенін көрсететін санды не деп аатайды?

А)масштаб Ә)сұлба Б) карта

14.Көне теңіз жәндіктерінің бақалшақтарынан құралған не ?

а) мәрмәр                                 ә) асбест                         б) ұлутас

15.Қорғасыннан не жасалады?

а) электр кабелінің сырты қапталады               ә) леген,шелек                б) қасық,шанышқы

16.Жанғыш пайдалы қазбаларға не жатады?

а) мыс,қорғасын                         ә)темір кені                           б) тас көмір,мұнай

17.Біздің еліміздегі мұнай мен газдың ең бай жері:

а) Қарағанды               ә) Каспиий маңы мен Маңғыстау                б) Қостанай

18.Қазақстан жер қойнауын алғаш зерттеген ғалым кім?

А) Ыбырай Жақаев                    ә) Қаныш Сәтбаев                         б) Әбіш Кекілбаев

19.Жануарлардың қайсысы тек қана өсімдіктермен қоректенеді?

а) мысық                          ә) ит                                  б) қоян

20.Қай топ қатары тірі табиғатқа жатады?

А)қоян,тұқым,құс            ә)тұқым,құс,жел                 б) бұрқасын,от,қоян



































Тест тапсырмалары Математика 4-сынып 4-тоқсан
1. Ең үлкен үш таңбалы санды тап:
 
A. 769 B. 876 C. 978 D. 987 E. 980
2.
3 мыңд. 6 жүзд. 3 онд. 6 бірл. Бар санды тап.
A. 30636
B. 36036 C. 300636 D. 360036 E. 3636
3. Қосылғыштарды есептеуге ыңғайластырып, топтастыр:
  540+6400+360+600=7900
A. (540+600)+(6400+360)
B. (540+6400)+(360+600)
C. (540+360)+(6400+600)
D. (6400+360)+(600+540)
E. (6400+540)+(600+360)
4. 230002х4 мәнін тап
A. 8002008
С. 9200008 Е. 820008 B. 8020008 Д. 920008
5. Санды өрнектің мәнін тап:
1576х7+2040х8
A. 23532
С. 27352 Е. 26352 B. 22352 Д. 25352
6. Теңдеуді шешу: х:70=420:60
A. 591
B. 690 C. 734 D. 810 E. 490
7. Амалдарды орында, дұрыс жауабын тап:
  16440:60х40+8888
A. 19488
С. 19848 Е. 18894 B. 19884 Д. 18984
8. Еділбай қойынан 457 кг жүн күзелді. Бұл меринос қойларынан күзелген жүннен 4 есе кем. Меринос қойынан неше килограмм жүн күзелді?
 
A. 1288
С. 1628 Е. 1868 B. 1688 Д. 1828
9. Қоймаға 90 кг сәбіз түсірілді. Оның 58 килограмын қапқа салды да қалғанын 8 килограмнан жәшіктерге бөліп салды. Неше жәшік қажет?
 
A. 8
С. 6 Е. 2 B. 7 Д. 4
10. Бір торда үш қоян отыр еді. Үш оқушы оларды бір – бірден таратып алды. Сонда торда әлі де бір қоян қалып қойды. Ол қалай?
 
A. Бір оқушы қоянды алмаған
B. Бір оқушы қоянды ұмытып кеткен 
C. Бір оқушы қоянды торымен алған
  D. Торда қоян жоқ  E. Олай болуы мүмкін емес 
11. Өрнектің мәнін тап: 589 және 357 сандарының қосындысын 3-ке көбейт
A. 2338
С. 2828 Е. 5622 B. 2838 д. 2645
12. 2 дм2 – де қанша квадрат сантиметр бар?
 
A. 200 см2
B. 200 мм2 C. 200 дм2 D. 200 м2 E. 20 см2
13. 889725 санын 7 он мыңдыққа азайт
 
A. 819655
B. 819648 C. 819025 D. 812725 E. 819725
14. ИЛ-86 ұшағы 350 жолаушы, ал ЯК – 42 ұшағы 120 жолаушы таси алады. 5 рейс жасағанда жасағанда, ИЛ-86 ұшағы ЯК-42 ұшағына қарағанда қанша жолаушыны артық таси алады?
 
A. 1705
Д. 1500 B. 1750 Е. 1150 C. 600
15.Теңдеу құрып , х – тің мәнін тап: « Бірінші қосылғыш – 320, екінші
 
х – ті екіге бөлгенге тең. Қосындысы – 540»
 
А) 390
В) 410 С) 440 Д) 457 Е) 670

16. Екі санның қосындысы 784 – ке, ал бір қосылғыш 360- қа тең. Екіншісін тап.
А) 454
С) 434 Е) 414 В)444 Д) 424
17. Разрядтық қосылғыштардың қосындысын жаз: 40000+4000+600+7
А)44067
С) 44067 Е) 40476 В)40467 Д) 44607
18. Тура теңдікті тап:
А) 678 = 607+10+8
  В) 987 = 900+800+7 С) 1264 = 1000+600+64
Д)9463 = 9000+40+63
Е)9785 = 9000+780+5
19. 9 бен 4- тің көбейтіндісін 40- қа арттыр.Нәтижесін тап.
А)72
С) 86 Е) 66 В)85 Д) 76
20. Санды өрнектің мәнін тап:
10000-90000/100+796
А)9896
С) 9796 Е) 9806 В)9897 Д) 6869

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее