«Осень 2024»

"Тазалық - таза баланың досы"

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Мақсаты:Тазалық бұйымдарымен таныстыру;

Сүлгі, сабын сөздерін қатыстырып 1-2 сөзден тұратын сөйлем құрастырап үйрету;Балаларды таза сөйлеуге үйрету.

Олимпиады: Дошкольникам "Охота за знаниями"

Содержимое разработки

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы

МКҚК «Достық» балабақшасының тәрбиешісі

Адилова Ақмарал Жалғасбайқызы


Тақырыбы: Тазалық таза баланың досы

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Мақсаты:Тазалық бұйымдарымен таныстыру;

Сүлгі, сабын сөздерін қатыстырып 1-2 сөзден тұратын сөйлем құрастырап үйрету;Балаларды таза сөйлеуге үйрету.

Көрнекіліктер: Сабын, су сабын, тарақ, тіс пастасы, айна, су, орамал, тіс щеткасы.

Тәрбиеші: Балалар бүгін бізде ерекше күн. Қараңдаршы балалар біздерге қонақтар келіп қалыпты қане қонақтармен амандасып жіберейік.

Балалар: Сәлеметсіздер ме?

Тәрбиеші:Олай болса шеңберге тұрып бүгінгі күнмен амандасып алайық

Армысың, шапағатты күн Ана,

Армысың, мейірімді аспан Ана.

Армысың, қайырымды жерАна

Қуантып бар әлемді жарылқа!

Тәрбиеші:Балаларды жартылай шеңберге отырғызып,С.Қалиұлының «Үлгі»өлеңін оқып береді.

Кім жек көрер пысықты

Ылғи бетін жуады

Деп тәтеміз мысықты

Бізге үлгі қылады.

Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы мынау не? Мысық не істеп жатыр?Мысық ылғи бетін жуып,тазалықты сақтайды.Ал,сендер тазалықты жақсы көресіңдер ме?

-Таңертең жуынасыңдар ма?Немен жуынасыңдар?

-Сосын немен сүртінесіңдер?

-Тістеріңді жуасыңдар ма?

-Шаштарыңды тарап,айнаға қарайсыңдар ма?

-Таза болғыларың келеді ме?

-Дұрыс, балалар бүгін біз тазалық, әрқайсымыздың жеке басымыздың тазалығы туралы сөз етпекпіз.

-Балалар, тазалық деген не? Тазалық дегеніміз қол, денесін, киімін таза ұстау, уақытылы жуынып жүру. Мысалы, тамақ ішер алдында міндетті түрде қолды жуып отыру керек. Адам ұйқыдан тұрғанда қолын, бетін, тісін тазалайды. Ұйқыға жатар алдында да осыны орындау керек.

Тазалық деген – таза ұқыпты жүру.

-Балалар киіміміз, үсті – басымыз, беті – қолымыз қандай болу керек?

-Таза болу керек

Ал үсті таза баланы қандай бала дейміз?

-Ұқыпты, таза бала дейміз.

Үсті лас баланы не дейміз?

-Ұқыпсыз, салақ бала дейміз.


Ғажайып сәт.

Есік қағылады. Қолында сөмкесі бар қуыршақ қонаққа келеді.Қуыршақ өзін Әйгерім деп таныстырады.

Тәрбиеші: Балалар қуыршақ бізге бір өтінішімен келіпті. Оның сөмкесінде түрлі тазалық заттары бар екен. Ол оның атауларын, қалай пайдалану керек екендігін білмейді екен. Біз ол заттардың аттарын бірге тауып көмектесейік.

-Кәне Әйгерім сөмкендегі заттарынды балаларға көрсете ғой?

Қуыршақ Әйгерім сөмкесіндегі заттарын үстел үстіне қояды.


Тәрбиеші:Балалар мынау тұрған заттардың барлығын сендер білесіңдер.Оларды күнделікті көріп, аналарыңмен бірге пайдаланып жүрсіндер.Тәрбиеші барлық тазалық бұйымдарының атауларын балалардан сұрап қайталайды.

Тәрбиеші: Қуыршақ Әйгерім олай болса біздің балаларымыздың осы тазалық бұйымдарына арнаған тақпақтары бар екен.

Аяулым:

Сылдырлайды мөлдір су

Мөлдір суға қолыңды жу

Жуынсан сен әрдайым

Аппақ бетін, маңдайын

Тазалықтың досы

Су дегенім осы.

Сымбат:

Ақ матадай түгі бар,

Қызыл, жасыл гүлі бар.

Жұмсақтығы мамықтай

Сүртінесін жалықпай

Тазалықтың досы

Сүлгі деген осы.

Қуыршақ Әйгерім: Жарайсыңдар балалар, сендер тазалық туралы көп біледі екенсіндер, тазалық бұйымдарының атауларын және оны қалай пайдалану керек екенін де айтып бердіңдер. Енді мен осы тазалық бұйымдарын ұмытпай күнделікті пайдаланатын боламын.Сендерге көп-көп рахмет. Сау болыңдар!

Балалар: Сау болыңыз!

Тәрбиеші: Сонымен бұл заттар бізге не үшін керек?

Балалар:Тазалық үшін.

Тәрбиеші:Үнемі таза жүру біздің міндетіміз.

Таза жүріп, таза ауамен тыныстап, жуынып жүру керек. Тісімізді тазалау керек, таңертең дене шынықтыру жаттығуларын жасауымыз керек. Сонда деніміз сау болады.

Кір қожалақ бала: Басым-ай, басым-ай. Сәлеметсіңдер ме балалар? Менің атым Самат болады.Менің басым тісім, ішім барлық жерім ауырып барады, не істесем екен? Менің достарым жоқ. Менімен ешкім ойнамайды.

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы Самат қандай лас бала, шашы да, үсті-басы да кір-кір. Сондықтан да сен ауырасын және сен осылай болып жүрсен сенімен ешкім ойнағысы да, дос болғысы да келмейді.

-Балалар айтыңдаршы, тісіміз, басымыз ауырмау үшін не істеуіміз керек.

Балалар: Таза жүру керек.

Тәрбиеші: Міне түсіндін бе, балалар жуынып, үнемі таза жүру керек екенін айтты.

Кір қожалақ бала: Менің де таза бала болғым келеді.

Тәрбиеші: Қазір біздің балалар қолдарын қалай жуу керек екенін саған көрсетеді. Қане балалар табақтағы суды қарайықшы қандай жып-жылы, енді қолымызды сабындап жуып, сүлгіге сүртуіміз керек.

Енді балалар қолдарына қараңдаршы қандай тап-таза болды.

Тәрбиеші:Олай болса балалар Кір қожалақ балаға қалай таза бала болу керек екенін көрсетейік.

Ең алдымен сен беті-қолынды сабындап жуып,тісінді тазалауын керек. Сосын сүлгімен сүртінуін керек. Содан соң айнаға қарап шашынды тарауын керек. Ал содан соң үстіне таза киім киюін керек.

Тәрбиеші: Ал енді қарандаршы балалар Самат қандай тап-таза бала болып шықты. Енді Саматпен дос боламызба? Саматпен ойнаймыз ба?

Кір қожалақ бала: Басымда, тісім да барлығының ауырғаны қойды, енді мен үнемі осылай жуынып таза жүремін. Менің енді достарымда көп болатын болды. Сендерге көп-көп рахмет.

Тәрбиеші: Иә біздің балалар үнемі жуынып, тістерін тазалап, сүртініп, жаттығулар жасайды. Оны мына суреттерден көруге болады. (жуынып, сүртініп, жаттығу жасап жатқан балалардың суреттерін көрсетеді.)

Ал олай болса Саматпен бірге сергіту жаттығуын жасап жіберейік.

Сергіту сәті.Таңертең тұрамын,

Бетімді жуамын.

Тісімді тазалаймын,

Шашымды тараймын.

Айнаға қараймын,

Тап-таза боламын.

Кір қожалақ бала: Жарайсыңдар балалар, менің сендерге айтар алғысым шексіз. Сендерге берер сыйлығым бар. Барлығымыз әрқашан тазалықты сақтап жүрейік деген ниетпен сендерге бет орамалды сыйлыққа беремін.

Сау болыңдар, балалар!

Балалар: Сау болыңыз!

Тәрбиеші:Көрдіңдер ме, балалар тазалықтың көп пайдасы бар екен. Біз таза жүрсек деніміз сау, сымбатты, күшіміз көп болады.

Ойын:«Кім тез тазалық бұйымдарын тауып береді?»

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, сонымен бұл заттар бізге не үшін керек?

Балалар:Таза болу үшін.

Тәрбиеші:Бүгін біз тазалық туралы көп білдік, осымен тазалық туралы оқу қызметіміз аяқталды.Қане олай болса келген қонақтармен қоштасайық


Қане балалар тұрайық

Үлкен шеңбер құрайық

Көріскеше күн жақсы

Сау - саламат болайық!

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее