«Осень 2024»

Тақырыптық оқу қызмет: Ғарыш әлеміне саяхат.

Тақырыптық оқу қызмет: Ғарыш әлеміне саяхат.

Мақсаты: балаларға ғарыш әлемі туралы түсінік беру. Ғарыш әлемі және оның құпия сырларына деген қызығушылықтарын ояту.

Олимпиады: Дошкольникам "Охота за знаниями"

Содержимое разработки

«Аққайың » ясли бақшасы.











Ғарыш әлеміне саяхат.

Тақырыптық оқу қызмет.











«Жауқазын » ортаңғы топ.

Тәрбиеші: Жумагалиева А.А



Мақсаты: Балаларға ғарыш әлемі жайлы түсінік беру, ғарыш әлемі және оның құпия сырларына деген қызығушылықтарын қалыптастыру. Ғарышкерлерге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу. Өз ойларын толық жеткізіп, әңгімелеу дағдыларын пысықтау. Пішіндерден зымыран құрастыра білу қабілетін дағдыландыру.

Көрнекіліктер: суреттер, слайд, ермексаз, тақтайшалар, сүлгі.


Әдіс - тәсілдері: әңгімелеу, таныстыру, сұрақ - жауап.


Қос тілдік компониент: Ғарыш- Космост. Зымыран –Ракета. Ғаламшар- Планета.



Шаттық шеңбер.

Балалар , біздің тұратын жеріміз-

Жер ғаламшары деп аталады.

Төбебізде әдемі аспан әлемі бар.Біз өзіміздің жер ғаламшарында өте тату-тәтті өмір сүреміз.

Мейрімді дорстар қане, бәріміз жерімізбен, аспанымызбен, бір-бірімізбен амандасайықшы.

Салем саған –Жер ана!

Салем саған –Алтын күн!

Салеметсіздерме апалар

Сіздерді көрсем қуанам!

1 слайд.

Мынау түнгі аспан әлемі.

Жұлдыздар- өздерінен жарық шығарып тұратын газды шарлар.

2 слайд.

Бiздiң өмiр сүретiн ортамыз - Жер ғаламшары. Ғарыш әлемiн көру үшiн зымыранмен ұшу кажет. Зымыранмен ұшып барған ғарышкерлер ғарыш әлемiндeгi өзгерістердi суретке түсiрiп зерттейдi. Оны жерге хабарлап отырады .

3слайд.

Ғарышқа ұшатын ғарышкерлер арнайы киiмдер киедi.

Скафандр деп аталатын киiм – ғарышқа ұшуға лайықталған киiм.
Бірақ балалар аспанда ауа жоқ, өте ыстық, ал ғарышкерлерге

скафандр деген киім көмектеседі, арнайы ауасы бар, ыстықтан қорғайтын киім.

4 слайд.

Балалар ғарышкерлер ғарышта ұзақ жүреді, ал олар қалай тамақтанады, не жейді, от жағып пісіре ме?

5слайд.

Күн- миллиондаған басқа жұлдыздардың арасындағы кәдімгі жұлдыз.

Жерге ең жақын жұлдыз – Күн.Күн - Балқыған ыстық газды өте үлкен шар

6 слайд.

Ғаламшарлар - адасушы жұлдыз деген сөз.

Ғаламшар – өздiгiнен жарық шығармайтын салқын денелер.

Ғаламшарлардың жұлдыздан айырмашылығы өздiгiнен жарық шығару

мүмкiншiлiгi жоқ, күн сәулесiнiң шағылысуынан жарқырап тұрады.

Үлкен жарық жұлдыз-Күн. Меркурий,Шолпан, Жер ,Марс , Юпитер, Сатурн, Уран , Нептун.

7 слайд.

Ғалымдар ғарышты ұзақ уақыт бойы Жерден бақылап қана зерттеді.

Аспан әлемін кішіретіп көрсететін дүрбілермен зерттеп тексерді.

8 слайд.

Байқоңыр» кешені – адамзат тарихындағы ең алғаш ғарыш айлағы.

Байқоңыр кешеніне балама алатын ғарыш айлағы жер бетінде жоқ.

9 слайд.

Белка және Стрелка атты иттер-Ғарышқа ұшқаннан кейін

Жерге аман оралған бірінші тіршілік иелері.

10 слайд.

1961 жылы 12 сәуірде Юрий Гагарин тұңғыш рет ғарыш кеңістігіне жол салды.

Ол ұшқан «Васток» кемесі 28000 шақырым шамасындағы жылдамдықпен ұшты.

11 слайд.

Қазақстан ғарышкерлері. Қазақстаннан да ғарышкерлер ұшты.

Олар: Т. Әубәкіров, Т. Мұсабаев. А. Айымбетов.

Ал енді жерге оралатын уақыт болды.

Ал зымыранға кірейік ,матормызды қосайық, ұшуға дайындалайық

5,4,3,2,1 ұштық, жерге келдік.

12 слайд.

Ендеше ғарышта жүріп шаршап қалған шығармыз. Серігіп сергіту сәтін жасап алайық.

Аспанға қарап ай көрдім
Төменге қарап жер көрдім
Оңға, солға бұрылып
Егеменді ел көрдім .

13 слайд.

Дидактикалық ойын: Зымыранды құрастыр.

Шарты: Балалар үш топқа бөлініп, әр топ өздеріне ат қояды.

Үш топ үш партаға бөлініп , алдарындағы пішіндерден зымыран

пішінін құрастырады.Қай топ бірінші зымыранды құрастыса , сол топтың

зымыраны бірінші ұады.


Жаңылтпаштан жаңыл ма.


Ғарышкер ұшты ғарышқа,

Ғарышқа ұшты ғарышкер.

Айтшы ғарыш алыс па?


Буын ұйқас.


Қа-қа-қа ғарышкер ұшты ғарышқа.

Кер-кер-кер – Тоқтар аға ғарышкер.


14 слайд.

Балалар сендер өскенде ғарышкер болғыларың келе ме?

Ол үшін не істеу керек?

Сендер ғарышкер туралы тақпақ білесіңдер ме?


Әубәкіров ағаның даңқы көкке самғаған,

Тоқтар аға Гагарин салған жолын жалғаған.

Тоқтар ағам жан ағам бұрыннан да ер еді,

Менің батыр ағадан аумай қалғым келеді. Абухасани.


Тоқтар ұшты ғарышқа,

Талғат болды ғарышта.

Таңқалдырып қазағым,


Тағы ұшса ғой марсқа. Арсен.

Тоқтар мен Талғат

Ғарышқа ұшты самғап.

Өлең жазды ақындар,

Екеуіне арнап. Аян.


Бүгін Талғат ағаның

Ұшқан күні ғарышқа

Мен аспанға қараймын.

Мен ғарышкер боламын. Данияр.


Алтын бесік тербеткен

Байқоңырдан” аттандық,

Ең алғашқы қазақтың

Ғарышкері атандың

Мақтанады өзіңмен

Бүгінгің баласы.

Мүмкін олар ертең –ақ

Ізбасарың болады. Бекнұр.


Аспан,аспан арайлым,

Саған жиі қараймын.

Сені көзбен шоламын,

Мен ғарышкер боламын. Батыр


Көкке ұшамын,

Ұшқыш болар баламын.

Соңына ерем

Ер ғарышкер ағаның.

Көк аспанды сүйемін,

Жұлдыздарға барып-келіп жүремін. Димаш.


Тоқтар ұшты ғарышқа,

Талғат болды ғарышта.

Таңқалдырып қазағым,

Ұшты Айдын батырда. Диас.


Әлнұр атты баламын

Таудай менің талабым.

Үлкен болып өскенде,

Мен ғарышкер боламын. Әлнұр.


15 слайд.

Кері байланыс.

Балалар бүгінгі оқу қызмет сендерге ұнады ма?

Бүгін мен сендерге не туралы әңгімелеп бердім?

Ғарышқа саяхатқа шыққан сендерге ұнады ма?

Кімге қай жері ұнады, әңгімелеп айтып беріңдерші.


Туған жерді сүю- парыз,

Сүю үшін білу- парыз.

Қасиетін ұғу-парыз

Күзетінде тұру-парыз.




Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее