Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. 1
Білім беру саласы: Таным.
Бөлімі: Математика.
Тақырыбы: Заттардың қасиеттері.
Мақсаты: баланың даму деңгейін, пішін және түс туралы түсінігін анықтау; заттардың қасиеттері туралы түсінігін дамыту.
Құралдар: әліппе-дәптері,қима қағаздар
Оқу іс-әрекетінің барысы:
Оқу іс-әрекетінің түрлері: | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандыру.Сезімді ояту. |
Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу.
Кел,балалар, күлейік! Күлкіменен түлейік! Қабақ түйген не керек, Көңілді боп жүрейік!
| Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Бір-бірлеріне күлкі сыйлап, жылы лебіздер білдіреді. |
Ұйымдастыру кезеңі |
Оқу құралдарымен таныстыру.
Әліппе-дәптері: а) шартты белгілері
-Осы шарт белгілерін естеріңі сақтап жүріндер.
-Әр сабақ барысында осы белгілерге назар аударамыз.
Әліппе-дәптермен жұмыс
№1 суретпен жұмыс
-Неше балалар ойнап жүр?
-Қандай пішіндер бар?
-Түстері қандай?
№2 ойын- жаттығу.
-Суретші жеміс-жидектерді дұрыс боямаған. -Қай жері дұрыс емес екен?
Ойын: шартты белгілер бойынша затты табу: Дөңгелек, кіші, қызыл.
Сергіту сәті Біз гүлдерше өсеміз Жапырағы жайқалған Сабақтары салалы, Желге ырғалып шайқалған.
№3 есеп заттарды түсі мен саны бойынша бөлуге арналады. Белгілі бір түспен белгіленген бос торкөзге суретте сол түсте неше зат болса, сонша таяқша салу керек.
№4 конструктордың бөлшектерін санау. Санаумен қатар сурет-жоспар боялады.
| Балалар қолдарына әліппе-дәптерлерін алып, өздері ашып танысады.
Шарт белгілеріне назар аударады.
Сұрақтарға жауап береді.
Дәптердегі тапсырмаларды орындайды.
Қимылмен көрсетеді.
|
Оқу іс-әрекетін қорыту | -Бүгін немен таныстық?
-Қандай пішіндерді білеміз?
-Нелерді боядық?
| Сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:1.Балалар пішін және түс туралы түсінеді.
2.Заттардың қасиеттері туралы меңгереді.
3.Ойлау қабілеттері дамиды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. 2
Білім беру саласы: Таным.
Бөлімі: Математика.
Тақырыбы: Заттардың қасиеттері.
Мақсаты: заттардың қасиеттері туралы түсініктерін дамыту.Пішін, фигура және түс жайлы түсінігін анықтау.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
Оқу іс-әрекетінің түрлері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандыру. | Шаттық шеңберіне тұрғызу.
Біздің топта балалар, Тату-тәтті ойнайды. Дос көңілі әрқашан, Тек жақсылық ойлайды.
| Балалап шаттық шеңберіне тұрады. Бәрі бірге қайталап айтады.
|
Ұйымдастыру кезеңі |
-Заттардың өлшем, материал секілді қасиеттері қосылады.
Шаршы ішіндегі екі үй көрсетілген жаңа шартты белгімен таныстыру.
№1 Затты тап немесе оның қасиеттерін ата. Дәптердегі шартты белгілер үш белгі- түс, пішін, өлшемнен тұрады.
№2 «Не өзгерді?»
Әрбір жағдайда өлшем, түс, сан өзгеруі мүмкін. Жапсырмамен жұмыс.
№3 сурет бойынша жұмыс.
-Әр бөлімдегі заттарға қандай қасиеттері ортақ?
-Әр бөлімдегі заттарды тағы қандай топқа бөлуге болады?
№4 Ұзындыгы бірдей, бірақ жуандығы әртүрлі жолақтарды алдымен жіңішкесін бастап ретімен орнастыру керек.
Жуан қарындаштарды қораппен, ал жіңішкелерін стақанмен біріктіреміз.
Сергіту сәті
1,2,3 қарлығаш боп ұш, 4,5,6 қарлығаш боп қалқы. 7,8,9,10 қарлығаш боп қон.
Д \о «Қандай зат екенін тап»
|
Әліппе-дәптермен жұиыс.
Берілген тапсырмаларды орындайды.
Балалар қағаз жапсырмалармен алғаш кездесетін тапсырма.
Әліппе-дәптердегі тапсырмаларды орындайды.
Балалар қимылмен көрсетеді. |
Оқу іс-әрекетін қорыту |
Заттардың қасиеттерін жалпылау.
Балаларды мадақтау.
| Дәптерлерін көрсетеді. |
Күтілетін нәтиже: 1.Заттардың қасиеттер туралы түсініктері қалыптасады.
2.Заттардың өлшем, материал секілді қасиеттерімен танысады.
3.Ұқыпты жұмыс істеуге дағдыланады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. 3
Білім беру саласы: Таным.
Бөлімі: Математика.
Тақырыбы: Кеңістікте бағдарлау.
Мақсаты: балалардың кеңістік туралы түсініктерін дамыту, заттың кеңістікте орналасқан жерін көрсететін алдында, артыда, арасында, қасында, ортасында, маңында, астында, үстінде, оң жақта, сол жақта сөздемен таныстыру.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
Оқу іс-әрекетінің түрлері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандыру.Сезімді ояту. |
Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, бір-бірлеріне жылы сөздер айтқызу.
| Балалар шаттық шеңберіне тұрады,бір-бірлеріне жылы сөздер білдіреді.
-Ерлан, сен жақсы оқы! -Айдана, сен әдемісін! |
Ұйымдастыру кезеңі |
№1 Сурет бойынша жұиыс.
-Заттар қайда тұр? -Жерде не жатыр?
Кішкентай қызыл допты,сыйлық салынған қорапты, т.б табады.
-Тағы қандай заттар бар?
№2 Бағдаршаны боя.
Қозғалыс бағытын ата. (солға,оңға,жоғары,төмен)
№3 Әр қатардағы фигуралардың ортақ белгілерін тап.
Кесте элементтері- жол және бағанды қайталату.
Жолдар бойымен орналасқан пішіндерді салыстырады.
Объектілердің ұқсастығы мен айырмашылығын табады, олардың шартты белгінің көмегімен ұқсас келетін белгісін көрсетеді.
№4 Фигураларды жаңа орынға көшір. Үлкендерін кішірейт, кішілерін үлкейт.
Сергіту сәті
1,2,3 қарлығаш боп ұш 4,5,6 қарлығаш боп қалқы 7,8,9,10 қарлығаш боп қон.
| Балалар сурет бойынша заттардың қайды жатқанын айтып, сипаттайды.
Ойыншықтарды атайды.
Балалар бағыттарды атайды.
Балалар ұқсастығын және айырмашылығын табады.
Балалар жай қарындашпен орындайды.
Сергіту сәтін қимылмен көрсетеді. |
Оқу іс-әректін қорыту. |
--Бүгін қандай тапсырмаларды орындадық? -Сендерге ұнады ма?
Балалардың тапсырмаларын тексеру, мадақтау.
| Орындаған тапсырмаларын көрсетеді, бағаланады. |
Күтілетін нәтиже:1.Кеңістік туралы түсініктері дамиды.
2.Заттаң кеңістікте орналасқан жерін анықтайды.
3. Заттың орналасқан жерін сипаттауға үйренеді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. 4
Білім беру саласы: Таным.
Бөлімі: Математика.
Тақырыбы: Кеңістікте бағдарлау.
Мақсаты: арнайы құрылған кеңістік жағдайларында бағдарлауға және қойылған шарт бойынша өз орнын анықтауға үйрету.Кеңістікті бағдарлау дағдыларын қалыптастыру.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
Оқу іс-әрекетінің түрлері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандыру.Сезімді ояту, |
Д \о «Бөлме ішіне саяхат»
Буратино жүргізушінің көмегімен балаларға «Терезеге жақында да,үш қадам оңға атта» деп тапсырма береді.
|
Балалар ойынға қызығушылықпен қатысады. |
Ұйымдастыру кезеңі |
№1 суретпен жұмыс.
-Қыздың жоғарғы жағындағы, доптың қасындағы құстарды көрсет.
-Енді орындықтың астында неше құс барын айт?
-Ит қай жаққа жүгіріп барады?
-Ұшақ қай жаққа қарай ұшып барады?
-Менің арт жағымды қандай зат тұр?
№2 Сол жақтағы белгіні пайдаланып, ұлудың жолын сал. Сызба бойынша ұлудың үйіне апаратын жолмен жүріп өту керек.
№3 -Бұл фигураларды бірінің үстіне бірін қойса, қандай сурет пайда болады?
Үстелге 2-3 фигура қойылады, олар бірінің үстіне бірі қойылады.
-Егер бұл фигураларды бірінің үстіне бірін қойғанда не шығады?
-Қандай сурет шығады?
Сергіту сәті Жоғары қарап ай көрдім Төмен қарап жер көрдім Оңға, солға бұрылдым Егеменді ел көрдім.
№4 Саусақ қимылын дамытамыз. Қиғаш сызықтар сызамыз.
| Әліппе-дәптермен жұмыс,
Қойылған сұрақтарға жауап береді.
Балалар сызба бойынша ұлудын жолымен жүреді.
Жоғары қатарда шаршы, төменгі қатарда шеңбер ішіндегі шаршы шығады. |
Оқу іс-әрекетін қорыту |
Балалардың орындаған тапсырмаларын тексеру, дұрыс,ұқыпты жұмыстарын мадақтау.
| Балалар дәптерін көрсетеді. |
Күтілетін нәтиже: 1.Арнайы құрылған кеңістікті бағдарлай біледі.
2.Заттардың орналасуын сөзбен сипаттап үйренеді.
3.Кеңістікті бағдарлау дағдылары қалыптасады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. 5
Білім беру саласы: Таным.
Бөлімі: Математика.
Тақырыбы: Фигуралар.
Мақсаты: геометриялық фигуралардың атауымен ( шеңбер, шаршы, сопақ, тіктөртбұрыш, ,т.б ), осы фигураларды басқа пішіндердееің арасынан табуға үйрету.
Оқу іс-әрекетінің барысы.
Оқу іс-әрекетінің түрлері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандыру. Сезімді ояту. |
Д \о «Ойыншықты тап»
-Түнде топта ешкім болмаған кезде Карлсон ойнағанды жақсы көреді, сондықтан ол ойыншықтарды жасырып, оларды қалай табуға болатынын хатқа жазып кетті.
Хатты оқып беру.
|
Балалар ойынға барлығы қатысады, тапсырманы бір-бірлеп орындайды |
Ұйымдастыру кезеңі |
№1 Сурет бойынша жұмыс.
-Суретте берілген заттарды ата?
-Суреттегі геометриялық фигураларды ата?
-Кемеге қарап, онда неше үшбұрыш, неше шаршы, неше шеңбер, неше тіктөртбұрыш барын ата.?
Тапсырма: Геометриялық фигураларданзат құрастыру керек.
-Затты құрастыру кезінде қандай геометриялық фигуралар қолданады?
-Сурет қандай фигуралардан құрастырылған?
№2 тапсырма бойынша фигуралар салады. Қызыл,кішкене шеңбер, көк,үлкен квадрат, жасыл, кішкене үшбұрыш, сары, үлкен шеңбер.
№3 -Араның жолын сал. Бас жағы қызыл гүлмен белгіленген. Тапсырма бағдарша бойынша орындау қажет.
№4. Балалардың зейінін дамытамыз, фигураларды дауыстап айтқызамыз. -Суретте қандай геометриялық фигуралар берілген? Бөлшектерін тауып,бояу керек.
|
Балалар сурет бойынша тапсырманы орындайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Балалар дәптердегі тапсырмаларды орындайды.
Араның жолын салады.
Бөлшектерді тауып, бояйды. |
Оқу іс-әрекетін қорыту. |
-Бүгін немен таныстық?
-Қандай геометриялық фигураларды білесіңдер?
Мадақтау.
| Дәптерлерің көрсетеді. |
Күтілетін нәтиже: 1.Геометриялық фигуралардың атауларымен танысады.
2.Фигураларды басқа пішіндердің арасынан таба алады.
3.Шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. 6
Білім беру саласы: Таным.
Бөлімі: Математика.
Тақырыбы: Геомертиялық фигуралар.
Мақсаты: геомертиялық фигуралар туралы білімді бекіту, нүкте, сызык, түзу және қисық сызық, кесінді туралы түсініктер қалыптастыру.
Құралдар: әліппе-дәптері, фигуралар, сызғыш,бор
Оқу іс-әрекетінің барысы:
Оқу іс-әрекетінің түрлері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандыру.Сезімді ояту. |
Д \о «Суретшілер» Ойын кеңістікті бағдарлауды дамчтуға,заттардың кеңістікте орналасуын айқындайтын терминдерді бекітуге арналған.
| Балалар тобымен немесе қосалқы топпен өткізеді. Барлығы бірге суреттің желісін ойластырады: қала, бөлме, т.б
|
Ұйымдастыру кезеңі |
Әдіппе- дәптермен жұмыс.
№1- -Иілгіш сым туралы ертегіден бастауға болады. Бұл сым темірдің көмегімен геометриялық фигуралар келтіруге болады.
Тақтада сурет: түрлі сызықтар, нүктелер, қисық, тура сызықтар.
-Тақтаға, қағазға, ауаға, құмға және т.б сурет саламыз.
№2 -Ені әртүрлі отырғышқа аңдарды орналастырамыз. Жапсырма қағаздарды таңдап алып, төменде көрсетілгіндей жапсыру керек.
№3. -Тиісті түс арқылы кестедегі ұяшықтарда берілген геометриялық фигураларды бейнелеу.
Сергіту сәті.
Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі. Кіп-кішкентай ағаштар, Үп-үлкен боп өседі.
№4. Саусақ қимылдарын дамыту.
-Сыртына шығармай сызық жүргізу, ішін бояу қажет.
|
Балалар тақтаға бор немесе маркермен, қағазға қарындашпен осы фигураларды салып жаттығады.
Балалар шатастырмай мұғалімнің көмегімен жапсырады.
Суретті салып отырып, фигураны атау керек: -Мен қызыл кесінді сызып жатырмын. -Мен көк түзу сызық сызып жатырмын.
|
Оқу іс-әрекетін қорыту |
Геометриялық фигуралар туралы білімдерін бекіту.. Тапсырмаларды тексеру, ұқыпты орындаған балаларды мадақтау.
| Орындаған тапсырмаларын көрсетеді. |
Күтілетін нәтиже: 1.Геометриялық фигуралар туралы түсінеді.
2.Нүкте,сызық,кесінді туралы түсініктер қалыптасады.
3.Саусақ қимылдары дамиды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Күні: 14.10.2013 7 сабақ
Білім беру саласы: Таным.
Бөлімі: Математика.
Тақырыбы: Уақыт арқылы бағдардлау.
Мақсаты: балаларды кеңістікті бағдарлауға және уақыт қатынастары туралы түсінік беруге үйрету; заттарды белгілері мен қасиеттеріне қарай ажырату және топтарға жіктеуге, топтарды бір сөзбен атауға үйрету.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
Оқу іс-әрекетінің түрлері: | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандыр оятушы | Білімді жетілдіру.
«Шалқан» ертегісін айтқызу.
Ертегілер негізінде бұрын, кейін, дейін, шейін секілді түсініктері нақтыланады.
| Балалар жұмыс орындарын дайындайды.
Ертегінің мазмұнын айтып береді. |
Ұйымдастыру кезеңі | Сюжеттік картиналарға назар аударту.
-Бұл қай уақытқа болатынын айт.
Әліппе-дәптермен жұмыс.
№1. -Бұл қай уақытта болатынын айт. Оларға ретін анықтау тапсырылады.
№2. -Суретте Самат пирамида құрастырып жатыр. Оның іс-әрекетін анықта.Егер 1 нүкте болса, яғни төменгі бөлшек, қал,ан бөлшектерді ретімен орналастырамыз.
№3. -Фигураларды айтылғандағыдай орналастыр. Қандай фигура шығатынын ойластыр.
-Неше үшбұрыш, шаршы бар?
-Бірдей фигураларды тап?
Сергіту сәті.
Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі. Кіп-кішкентай ағаштар, Үп-үдкен боп өседі.
№4. Жыл мезгілдерінің атау. -Мына ағаштардың қай жыл мезгіліне тұрады? Ағаштарды жыл мезгілі бойынша боя.
| Балалар сюжеттік картинаға назар аударады.
Балалар тәулік мезгілдері туралы айтып береді.
Балалар ең кіші және ең үлкен бөлшекті атайды, санайды және түсін айтады.
Тапсырманы орындайды.
Қимылмен көрсетеді.
Балалар қай кезде болатыны әңгімелеп береді. |
Оқу іс-әрекетін қорыту. | -Бүгін немен таныстық?
-Нені анықтадық?
Балалардың орындаған тапсырмаларын тексеріп, мадақтау.
| Орындап болған тапсырмаларын көрсетеді. |
Күтілетін нәтиже:1.Балалар кеңістікті бағдарлауды біледі.
2.Уақыт қатынастары туралы түсінік қалыптасады.
3.Топтарды бір сөзбен атауға үйренеді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. 8
Білім беру саласы: Таным.
Бөлімі: Математика.
Тақырыбы: Заттар тобын салыстыру.
Мақсаты: заттарды салыстыруға үйрету, заттардың үлкен және кіші санын анықтау, салыстыра алу және «қаншалықты артық немесе кем?» деген сұраққа жауап бере алу.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
Оқу іс-әрекетінің түрлері | Тәрбиешінің іс-әрекетін | Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандыру. Сезімді ояту. | Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу. Бір-бірлеріне жылы лебіздер білдіреді.
| Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді. |
Ұйымдастыру кезеңі | №1. Суретке назар аудару.
-Қыздар көп пе,ұлдар көп пе?
-Балалар қай үстелде ойнап отыр?
-Қай үстелде цифрлармен жұмыс істеп отыр?
-Олар нешеу?
-Неше орындық,парта, сағат, тақат,? Санаймыз.
-Кестені толтыру үшін жапсырма қағаз таңдап алу керек. -Алдымен ұяшақта неше нүкте барын анықта.Содан кейін суреттен заттардың осынша санын тап.
№2. -Суретте неше зат немесе, неше объект болса, сонша шеңбер ішін бояу тиіс. Содан кейін боялған шеңберлер бойынша қай зат артық,кем екенін айту.
№3. -Тиеген пирамидалар саны бірдей жүк көлігін тап. -Пирамидалар саны көп машиналар қызыл түспен бояу. -Пирамидалар саны аз машинаны көк түспен бояу.
Д \о «Ойыншықты тап»
№4 Заттарды 10-ға дейін санау үшін үлкен картина.
-Әр ұяшақатғы заттарды санаймыз. -Жеміс-жидектер көп пе, әлде көкөністер көп пе?
| Әліппе-дәптермен жұмыс.
Сұрақтарға жауап береді.
Балалар жапсырмалауға кіріседі.
Ойынға барлығы қызығушылықпен қатысады. |
Оқу іс-әрекетін қорыту |
Балалардың тапсырмаларын тексеру, ұқыпты орындаған жұмыстарды мадақтау.
| Тапсырмаларын көрсетеді. |
Күтілетін нәтиже: 1.Балалар заттарды салыстыра біледі.
2.Заттардың үлкен және кіші санын анықтайды.
3.Ойлау қабілеттері дамиды.
Ұйымдастырылған оқуіс-әрекетінің технологиялық картасы. 9
Білім беру саласы: Таным.
Бөлімі: Математика.
Тақырыбы: 1-5 сандары.
Мақсаты: 5-ке дейінгі реттік және есептік санауды бекіту, заттарады топқа бөліп үйрену, геометриялық фигураларды қайталау.
Құралдар: әліппе-дәптері, сандар, фигуралар
Оқу іс-әрекетінің барысы:
Оқу іс-әрекетінің түрлері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандыру. Сезімді ояту. |
Ауызша жұмыс.
Сандық және реттік санауды ұйымдастыру. (Көп қабатты үйлер, пойыз вагондары)
| Балалар ауызша есептер шығарады. |
Ұйымдастыру кезеңі |
Әліппе-дәптермен жұмыс.
№1. Вагондардың ретін айт, кім кімнен кейін тұр?
Суретпен жұмыс.
-Сенің вагоның бірінші ме?
-Сенің вагоның қызыл ма?
-Онда ит отыр ма?
Осылай вагонды табады.
№2. Түсі әртүрлі 1-5 дана шеңбер, шаршы, кесінді, үшбұрыш салынған.
Тапсырма: фигуралардың неше түрі болса, сонша таяқша сал.
Қай фигуралар тең екенін анықта.
Суретте түсі бірдей фигуралар саны қанша болса, сонша таяқша сал.
Сергіту сәті
Орманда тоқылдақ Ағашқа қонады. Тұмсығын балта етіп, Тоқ-тоқ соғады.
№3. Моншақтарды тізу ретін ата.
-Неше көк, сары, жасыл моншақ бар?
-Неше моншақ өткіздің?
-Түсі қандай?
№4. Әр қатардағы фигураның айырмашылығын көрсететін бөлігін тап. Объектінің ұқсастығын табу.
| Әліппе-дәптерлерін ашып, суретке назар аударады.
Сұқартарға жауап береді.
Осылай вагонды табады.
Тапсырмаларды орындайды.
Сргіту сәтін қимылмен көрсетеді.
Балалар тапсырманы орындап, объектінің ұқсастығын табады. |
Оқу іс-әрекетін қорыту. |
Балалардың дәптерлерін тексеріп, дұрыс орындаған балаларды мадақтау.
| Аяқталған тапсырмаларын көрсетеді. |
Күтілетін нәтиже: 1. Реттік және есептік санауды жаттығады.
2.Заттарды топқа бөліп үйренеді.
3.Ой-қиялы, шығармашылығы дамиды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. 10
Білім беру саласы: Таным.
Бөлімі: Математика.
Тақырыбы: 1-5 сандары.
Мақсаты: 5-ке дейін реттік санауды бекіту,цифрды заттың санымен сәйкестендіруге үйрету, заттарды салыстыру дағдыларын арттыру, 1 цифрының баспаша жазылуымен таныстыру.
Құралдар: әліппе-дәптері, суреттер, сандар
Оқу іс-әрекетінің барысы:
Оқу іс-әрекетінің түрлері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандыру. Сезімді ояту |
Д\о «Бөлме ішіне саяхат»
хатқалтаны ашып, хатты оқып береді.
| Балалардың барлығы ойынға қатысады. |
Ұйымдастыру кезеңі | Әліппе-дәптермен жұмыс.
№1. Суретте толық боялмаған көрініс берілген.
-Заттың қайсысы және нешеуі боялмағанын санаймыз.
-Сандар қандай цифрмен белгіленген?
1 күн,2 түйе, 3 тау, 4 гүл, 5құс. -Құс түйеден көп, тау гүлден кем, т.б....
№2. Әр топтағы артық затты сыз.
-Суретте заттың қайсысы бірден? -Екіден? -Үштен?
-Бұл заттарды қандай топтарға бөлуге болады?
-Топтарды бір сөзбен ата?
Ауызша жұмыс.
Тақтада суреттер: 5 алма және 4 алмұрт.
Жемістерді салыстыру.
№3.жапсырмалау.
Сергіту сәті
1,2,3 қарлығаш боп ұш 4,5,6 қарлығаш боп қалқы 7,8,9,10 қарлығаш боп қон.
№4 Бірліктерді тауып, бастыр. Торкөзге үзік сызықпен берілген 1 цифрларын жүргізіп шық.
|
Балалар дәптерлерін ашып, тапсырманы орындайды.
Суретті бояйды.
Сұрақтарға жауап беріп, тапсырманы орындайды.
Құрал-саымандар, ойыншықтар.
Ауызша есепке бәрі қатысады.
Сергіту сәтін қимылмен жасайды.
Жай қарындашпен тапсырманы орындайды. |
Оқу іс-әрекетін қорыту: |
Балалардың тапсырмаларын тексереді, дұрыс, ұқыпты орындаған балаларды мадақтау.
| Аяқталған тапсырмаларын көрсетеді. |
Күтілетін нәтиже: 1.Балалар 5-ке дейінгі реттікті санайды.
2.Цифрды заттың санымен сәйкестендіруге үйренеді.
3.1 цифрының баспаша жазылуымен танысады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. 11
Білім беру саласы: Таным.
Бөлімі: Математика.
Тақырыбы: Артық,кем, сонша, тең болады таңбасы.
Мақсаты: 5-ке дейін есептік және реттік санауды бекіту, 2-5 сандарымен және цифрмен таныстыру, заттар тобын салыстыруды үйрету(артық, кем, сонша), тең болады белгісі.
Құралдар: әліппе-дәптері, сандар, белгілер,суреттер.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
Оқу іс-әрекетінің түрлері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандыру.Сезімді ояту. |
Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу. Бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.
| Балалар шыттық шеңберіне тұрады, бір-бірлеріне жылы лебіздер айтады. |
Ұйымдастыру кезеңі |
№1. -Заттардың тобын қоршап сыз. Топтағы заттарды сана. Саны тең заттар тобын сызықтармен біріктір.Саны тең заттарды цифрмен белгіле.
-Цифр неге ұқсас?
№2. Тиісті цифрды жапсыр.
-Үштен кем болатын заттарды боя.
-Заттарды санап, қажетті цифрды жазып, 2,3,4,,5 бестен кем заттарды боя.
Суреттегі заттарды салыстыру жүргізіледі.
№3. Үйдің кіреберісі(подъезд) және қабатын табу керек, содан кейін қажетті түспен бояймыз.
-Үйдің неше кіреберісі, қабаты бар?
-Қабатта барлығы неше терезе бар, санау.?
Сергіту сәті.
Орманда тоқылдақ, Ағашқа қонады. Тұмсығын балта етіп Тоқ-тоқ соғады.
№4. Саусақ қимылын дамыту. 2 санан жазу, қазды бояту.
|
Балалар заттарды санайды.
Цифрмен белгілейді.
Балалар суретке назар аударады,заттарды салыстырады.
Сұрақтарға жауап беріп, тапсырманы орындайды.
Қимылмен көрсетеді.
Санды жазады.
|
Оқу іс-әрекетін қорыту. |
Балалардың тапсырмаларын тексереді, жақсы орындаған жұмыстарын мадақтау. Үлгермеген балаларға көмек көрсету.
| Тапсырмаларды аяқтап көрсетеді. |
Күтілетін нәтиже: 1.Балалар 5-ке дейінгі есептік және реттік санайды.
2.2 санымен және цифрмен танысады.
3.Заттар тобын салыстыруды үйренеді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. 12
Білім беру саласы: Таным.
Бөлімі: Математика.
Тақырыбы: «+», «-» таңбалары.
Мақсаты: қосу жыне азайту амалдарының мәнімен, «+», «-» таңбаларымен таныстыру; қарапайым есептер шығаруға дайындау; заттар тобын салыстыру дағдыларын бекіту.
Құралдар: әліппе-дәптері, суреттер, сандар.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
Оқу іс-әрекетінің түрлері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандыру.Сезімді ояту. |
Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу.
Біздің топта балалар, Тату-тәтті ойнайды. Дос көңілі әрқашан Тек жақсылық ойлайды.
|
Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Бәрі бірге қайталап жатқа айтады. |
Ұйымдастыру кезеңі |
Ауызша жұмыс. 1).5 сары балапаның суреті қойылады, оған тағы 1 сары балапан, содан заттарды санаймыз. Қажетті цифрды қоямыз.
«+» таңбасын көрсетеді. -«Плюс» таңбасының көмегімен осы заттарды қосқанымызды жаза аламыз. 5+1 =6 жазуы пайда болады.
2 ).5 машина қоямыз,цифр тауып қоямыз.2машина алып тастаймыз, олар жүріп кетті. -Неше машина қалды? Шыққан цифрды табамыз.
«-» таңбасын көрсетеді.
-«Минус» деген бұл таңбамен азайтуды, яғни затты алып тастағанда (кетті, кесті, сындырды, т.б) белгілейміз.
5-2 =3 жазуы пайда болады.
-«=» таңбасы, олар заттың осынша екенін білдіреді. -Санды қосқанда және азайтқанда неше шыққанын жазу үшін қолданылатын таңба.
Әліппе-дәптермен жұмыс.
Суретпен жұмыс. Себетте 5 мыршай отыр. 1 мыршай шығып кетті,
-Бұл тапсырманы орындауда қандай амал қолданылады?
-Неше мыршай қалды?
4+1=5, 5- 1=4
№2 жазуларға сурет таңда. Мысалдарды суретпен сызықтар арқылы біріктір. 4-1=3,2+1=3, 4+1=5,2-2=4,
№3. Цифрлар қайда жасырынды.?
№4.Фигураларды боя, орналасу ретімен.
|
Аузша есептерді мұғаліммен бірге шығарады.
Қойылған сұрақтарға жауап беріп тұрады.
Тақтаға назар аударады.
Әліппе-дәптердегі тапсырмаларды орындайды.
|
Оқу іс-әрекетін қорыту. | Балалардың тапсырмаларын тексеру, дұрыс орындаған жұмыстарды мадақтау.
| Дәптерлерін көрсетеді. |
Күтілетін нәтиже: 1.Қосу және азайту амалдарының мәнімен танысады.
2.Қарапайым есептерді шығаруға үйренеді.
3.Заттар тобын салыстыруға дағдыланады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. 13
Білім беру саласы: Таным.
Бөлімі: Математика.
Тақырыбы: 2,3,4,5 сандарының құрамы.
Мақсаты: балаларды есептеуге дайындау үшін өзінен кіші екі саннан тұратын сандар құрамымен таныстыру қажет.Кіші екі санға жіктеумен ғана емес, санды кіші екі саннан алумен де таныстыру.
Құралдар: әліппе-дәптері, сандар, суреттер.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
Оқу іс-әрекетінің түрлері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандыру. Сезімді ояту. | Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу.
Бір-бірлеріне жылы лебіздер білдіреді.
| Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Бір-бірлеріне жылы лебіздер білдіреді.
-Тимур,сен ақылдысың! -Алия сен тәртіпті бол! |
Ұйымдастыру кезеңі |
Балаларға бес көлеміндегі сан құрамының барлық нұсқалары көрсетіледі:
2 саны-бұл 1 және 1; 3 -2 мен 1, 1мен 2; 4- 3 пен 1; 2 мен 2; 1 мен 3 ; 5- 4 пен 1; 3 пен 2; 2 мен 3; 1 мен 4 дегенді білдіреді.
Балалардың кіші 2 саннан тұратын санның құрамы туралы білімін бекіту үшін заттар мен геометриялық түрлі жаттығулар қолданылады.
№1.Суретпен жұмыс.
-Нелерді көріп тұрмыз? -Бас киім нешеу? -Рюкзак нешеу? -Сумка нешеу? -Аяқ киім ше?
Есептейміз: 4+1=5, 2+3=5,2+2=4, 2+1=3. Тақтада жазып көрсетеміз.
№2.Санның құрамын табу.
-Фигураларды санаңдар?
-Керекті санды қою керек.
№3.Екі қорапқа бөліп орналастыр. Санды кіші 2 санға жіктеу. Заттарды цифрлармен сәйкестіру.
2+2=4; 1+3=4;
Сергіту сәті
Жақсы оқып сабақты, Әдепті сақтау сәніміз. Отыруға түп-түзу Дайындалдық бәріміз.
№4. Жапсырмалау. Геометриялық фигураларды сәйкес түспен жапсыру.
|
Балалар тақтаға назар аударады.
Тақырыпты мұқият тыңдайды.
Балалар суретке назар аударады. Сұрақтарға жауап береді.
Ауызша есепті шығарып, тақтаға сандар қойып шығарып береді.
Әліппе-дәптердегі тапсырмаларды орындайды.
Қимылмен көрсетеді. |
Күтілетін нәтиже |
Балалардың жұмыс дәптерлерін тексеру. Ұқыпты, таза орындаған жұмыстарды мадақтау.
| Аықталған жұмыстарын көрсетеді. |
Күтілетін нәтиже:1.Өзінен кіші 2 саннан тұратын құрамымен танысады.
2.Балалар сан құрамын құрастыруға үйренеді.
3.Ой-қиялы, шығармашылық қабілеті дамиды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. 13
Білім беру саласы: Таным.
Бөлімі: Математика.
Тақырыбы: 2,3,4,5 сандарының құрамы.
Мақсаты:Өзінен кіші екі саннан тұратын сандар құрамымен таныстыру. Балаларды кіші екі санға жіктеумен ғана емес, санды кіші екі саннан алумен де таныстыру.
Құралдар: сандар, суреттер, әліппе-дәптері.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
Оқу іс-әрекетінің түрлері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандыру.Сезімді ояту. |
Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу.
Біз- балдырған тең басқан, Дос құшағын елге ашқан. Тілегіміз-бейбіт күн, Ашық болсын кең аспан!
|
Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Бәре бірге қайталап, жатқа айтып береді. |
Ұйымдастыру кезеңі |
Сан құрамын қайталату: 2 саны-1және1; 3- 2 мен 1, 1 мен 2; 4- 3 пен 1, 2 мен 2, 1 мен 3; 5- 4 пен 1, 3 пен 2, 2 мен 3, 1 мен 4 дегенді білдіреді.
Ауызша жұмыс.
1-5 сандар орналастыру. Қасындағы көршілерін ата, екі санның ортасында қандай сан тұрғанын ата.
Әліппе-дәптермен жұмыс.
№1. Үйлерді толтыр. Фигураларды санау, тиісті санда қою.
4 пен 5 санның құрамын анықтау.
№2. Кірпіге алмаларды екі себетке әртүрлі болатындай етіп бөліп салуға көмектесу.
3+2 =5, 1+4 =5.
Д \о «Екіден сенде не бар,тап!» Балаларға өз бойларынан қандай дене мүшелері екіден екенін көрсетуін, айтуын сұрайды.
№3. -Барлық жапырақтағы қызылқанды тең болу үшін, неше қызылқанды қосу керек? -Тиісті санды қоршап сыз.
Сергіту сәті Біз-балдырған тең басқан, Дос құшағын елге ашқан. Тілегіміз-бейбіт күн, Ашық болсын кең аспан!
№4.Фигураларды боя.
Бір-бірінің үстіне қойылған фигуралар боялады.-«төмен-ортасында-жоғарыда»
|
Балалар естеріне түсіріп бәрге айтып шығады.
Ауызша жұмысқа балалардың барлығы қатысады.
Балалар 4 және5 санның құрамын анықтайды, және дәптерлеріне тиісті сандарды қояды.
2 көз, 2аяқ, 2қол,2 құлақ.
Әліппе-дәптердегі тапсырмаларды орындайды.
Қимылмен көрсетеді.
Фигураларды бяйды. |
Оқу іс-әрекетін қорыту | Балалардың дәптерлерін тексеріледі, ұқыпты орындаған жұмыстарды мадақталады.
| Дәптерлерін тапсырады. |
Күтілетін нәтиже:1.Өзінен кіші екі саннан тұратын сандар құрамымен танысады.
2.Кеңістік туралы ұғымдары дамиды.
3.Шығармашылық қабілеттері арттады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. 15
Білім беру саласы: Таным.
Бөлімі: Математика.
Тақырыбы: 0 саны мен цифры.
Мақсаты: 0 санымен және цифрымен таныстыру; 5-ке дейінгі реттік санауды және 2-5 сандар құрамын қайталау, берілген мысалдар бойынша жағдайлар құрастыру дағдысын бекіту.
Құралдар: сандар, әліппе-дәптері, суреттер.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
Оқу іс-әрекетінің түрлері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандыру. Сезімді ояту. |
Санның құрамын қайталау:
2саны-1және1; 3-2мен 1,1мен 2; 4- 3пен 1, 2мен 2, 1мен 3; 5- 4пен 1, 3пен 2, 2 мен 3, 1мен 4;
Балаларға жатқа айтқызу.
| Балалар санның құрамын қайталап, жатқа айтып береді. |
Ұйымдастыру кезеңі |
Д \о «Бөлме ішіне саяхат». Кеңістікті бағдарлау дағдысын дамытуға арналған.
Әліппе-дәптермен жұмыс.
№1. -Суретке көз жүгірт. Суретті сипатта. -Не шықты?
-Бұл жағдайы материк тілімен жазамыз. Болғаны -3, біреуі кетіп қалды, қалғаны -2. 3-1 =2. 2-1 = 1. Ақырына соңғы бала кетті.
-Қандай сан шықты? -Мұны 0 цифрымен белгілейміз. -Қалай шықты? 3-1=2,2-1=1,1-1=0,
№2. 5 санның құрамын еске түсіреміз. -Кітапты екі сөреге неше тәсілмен орналастыруға болады?
Бос торкөздерді санымен толықтырамыз.
№3.Цифрларды тауып , жүргіз (штрихта). -Суретте қандай цифрлар бар? -Қндай таңбалар берілген?
№4.0 цифрын жазу және бастыру. Бүкіл жолды алдымен үзік сызықпен, содан кейін үзік сызықсыз жазу.
Сергіту сәті Оң қолымда 5 саусақ Сол қолымда 5 саусақ Қосып едім екеуін Болып шықты 10 саусақ.
|
Ойынға балалар қызығушылықпен қатысады.
Суретке назар аударады.
Сұрақтарға жауап беріп тұрады.
Әліппе-дәптердегі тапсырмаларды орындайды.
Балалар қимылмен көрсетеді. |
Оқу іс-әрекетін қорыту | Балалардың жұмыс дәптерлерін тексеру, ұқыпты орындаған жұмыстарды мадақтау.
| Дәптерлерін тапсырады. |
Күтілетін нәтиже: 1.0 санымен және цифрымен танысады.
2.5 ке дейінгі санауды біледі.
3.Берілген мысалдарды құрастыра алады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. 16
Білім беру саласы: Таным.
Бөлімі. Математика.
Тақырыбы: 6 саны.
Мақсаты: 6 саны және цифрымен таныстыру, өзінен кем екі кіші саннан тұратын сандармен таныстыру.Натурал сандар қатары арасындағы қатынасты түсінуге үйрету.
Құралдар:әліппе-дәптері, сандар, суреттер.
Оқу-іс-әрекетінің барысы:
Оқу іс-әрекетінің түрлері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандыру.Сезімді ояту. |
Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызады.
Өтті қызық көп күндер, Алты жасқа жеткендер. Өсті ақыл ойларың Өсті,міне, бойларың. Иіліп сәлем береміз, Әдепті боп өсеміз.
|
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бәрі бірге айтып, сәлемдеседі. |
Ұйымдастыру кезеңі |
Балаларды тура және кері санату.
Д \о «Көршілерін ата» Балалардың зейінін бақылау. Қойылған сандардың көршілерін атайды.
Әліппе-дәптермен жұмыс.
№1. -Әр топтағы заттарды бір сөзбен ата. 6 дан берілген заттарды боя.
-Суретте не бейнеленген? -Әртүрлі ыдыстың неше суроеті бар?
-Олар барлығы неше?
№2. 3 және 6 сандарының құрамын анықтау. Фигураларды санау.
-Қандай сандардан құрастыруға болатынын ата?
№3.Жапсырмалау.
-Қандай жемістер бейнеленген?
-Барлығы неше жидек? -Барлығы неше көкөніс? -Барлығы неше жеміс?
Сергіту сәті Оң қолымда 5 саусақ, Сол қолымда 5 саусақ Қосып едім екеуін Болып шықты 10 саусақ.
№4. Үзік сызықтарды түсір және бастыр. 6 санын жазып шығу. Партада, ауада, содан кейін дәптерге.
| Балалар тура және кері санап шығады.
Ойынға қызығушылықпен қатысады.
Заттарды бояйды.
Сұрақтарға жауап береді
Әліппе-дәптердегі тапсырмаларды орындайды.
Сергіту сәтін қимылмен көрсетеді.
6 санын жазады, бояйды.
|
Оқу іс-әрекетін қорыту. | Балалардың дәптерлерін тексеру.
Дұрыс,таза орындаған жұмыстарды мадақтау.
|
Балалар дәптерлерін тапсырады. |
Күтілетін нәтиже: 1.Балалар 6 саны және цифрымен танысады.
2.Натурал сандар арасындағы қатынасты түсінеді.
3.6 санның құрамын анықтайды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. 17
Білім беру саласы: Таным.
Бөлімі: Математика.
Тақырыбы: 7 саны.
Мақсаты: 7 санымен және цифрымен таныстыру. 2-6 сандар құрамын қайталау.Берілген мысалдар жағдайлар(тапсырмалар) бойынша құрастыру дағдысын бекіту.
Құралдар: сандар, суреттер, әліппе-дәптері.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
Оқу іс-әрекетінің түрлері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандыру. Сезімді ояту. | 6 санның құрамын анықтау
1+5,2+4,3+3,4+2,5+1.
Балаларға жатқа айтқызу.
| Балалар жұмыс орындарын дайындайды.
6 санның құрамын жатқа айтып береді.
|
Ұйымдастыру кезеңі |
Д \о «Ойыншықты тап»
Хатқалтаны ашып, хатты оқу, балалар сыйлықтарын табу керек.
Әліппе-дәптермен жұмыс.
№1. Цифрларды бастырып сыз.
-Неше құмырсқаның жүгі жоқ?
-Қандай ағаштар бейнеленген?
-Биік шырша көп пе, аласа шырша көп пе?
-Қандай сандар берілген?
№2. 4 және 7 сандардың құрамын анықтау. Фигураларды санау. Тиісті санды бос торкөзге жазу.
7 санның құрамы:
1+6,2+5,3+4,4+3,5+2,6+1.
4 санның құрамы:
1+3,2+2,3+1.
№3. Тиінге жаңғақтарды бөліп салуға көмектес.
4+2=6, 3+3=6, 1+5=6, 0+6=6.
Сетгіту сәті
1,2,3 қарлығаш боп ұш, 4,5,6 қарлығаш боп қалқы. 7,8,9,10 қарлығаш боп қон.
№4. Үзік сызықтарды түсір және бастыр.
7 санын жазу, баланы бояу.
|
Ойынға балалардың барлығы қатысады.
Суретке назар аударады.
Сұрақтарға жауап береді.
Әліппе-дәптердегі тапсырмаларды орындайды.
Балалар 7 санның құрамын анықтайды.
Сергіту сәтін қимылмен көрсетеді.
Үзік сызықтарды бастырып жазады.
|
Оқу іс-әрекетін қорыту. |
Балалардың әліппе-дәптерлерін тексеру. Таза, дұрыс жасағагн жұмыстарды мадақтау.
| Жұмыстарын көрсетеді,дәптерлерін тапсырады. |
Күтілетін нәтиже:1.Балалар 6 санымен және цифрымен танысады.
2.Өзінен кіші екі саннан тұратын сандар құрамын анықтайды.
3.Ойлау қабілеттері арттады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. 18
Білім беру саласы: Таныс.
Бөлім: Математика.
Тақырыбы: 8 саны.
Мақсаты: 8 санымен және цифрымен таныстыру,реттік санауды, 2-7 сандар құрамын қайталау.Берілген мысалдар бойынша жағдайлар ( тапсырмалар) құрастыру дағдысын бекіту.
Құралдар: сандар, суреттер, әліппе-дәптері.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
Оқу іс-әрекетінің түрлері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандыру.Сезімді ояту. |
Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызады.
-Қуан, шаттан, алақай, Қуанатын келді күн. Қайырлы таң, қайырлы күн! Күліп шықты бүгін күн!
|
Балалар шаттық шеңберіне тұрады.
Бәрі бірге қайталап айтады.
|
Ұйымдастыру кезеңі |
Д \о «Көршілерін ата» Алдарына қойылған сандардың көршілерін атау.
№1. Суретпен жұмыс. Заттарды санау. --Алма неше? -Желім нешеу? -Кубик нешеу? -Рокетка нешеу? -Машина нешеу? -Қарындаш нешеу?
-Неше зат болса, сонша сан қасына жазу.
№2. 8 санның құрамын анықтау.
1+7,2+6,3+5,4+4,5+3,6+2,7+1.
5 санның құрамы: 1+4,2+3,3+2,4+1.
Үлестірмелі материалдармен жұмыс. Балаларға фигуралар жинағы беріледі. Тиісті фигураны құрастыру керек.
№3. Зандылықты тап.
-Пішіні бірдей қыш құмыраларды көрсет.?
-Неше қыш құмыра?
-Сөреге қандай қыш құмыра қою керек?
-Керекті жапсырманы табу. -Бос жерге жапсыр.
№4. Үзік сызықтарды түсір және бастыр. 8 цифрын жазып шығу, тапсырманы орындаудың дұрыстығын қадағалау.
Сергіту сәті Жақсы оқып сабақты, Әдеп сақтау сәніміз. Отыруға түп-түзу, Дайындалдық бәріміз.
| Ойынға балалардың барлығы қызығушылықпен қатысады.
Суретке назар аударады.
Қойылған сұрақтарға жауап береді.
Балалар санның құрамын есеп арқылы анықтайды.
Тиісті құмыраны тауып,бос жерге жапсырады.
Сергіту сәтін қимылмен көрсетеді.
|
Оқу іс-әрекетін қорыту | Балалардың жұмыстарын тексеру.Дұрыс орындаған жұмыстарды мадақтау, бағалау.
| Балалар аяқтаған жұмыстарын көрсетеді. |
Күтілетін нәтиже:1. Балалар 8 санымен және цифрымен танысады.
2.8 санның құрамын анықтайды.
3.Натурал сандар қатары арасындағы қатынасты үйренеді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. 19
Білім беру с аласы: Таным.
Бөлімі: Математика.
Тақырыбы: 9 саны.
Мақсаты: 9 санымен және цифрымен, өзінен кем екі саннан тұратын сандармен таныстыру.Натурал сандар қатары арасындағы қатынасты түсінуге үйрету. 9-ға дейінгі есептік және реттік санау.
Құралдар: әліппе-дәптері, сандар, фигуралар,суреттер.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
Оқу іс-әрекетінің түрлері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандырк. Сезімді ояту. |
Балаларға тура және кері санату.
8 санның құрамын қайталату.
1+7,2+6,3+5,4+4,5+3,6+2,7+1,
| Балалар жұмыс орындарын дайындайды.
Тура және кері санайды.
8 санның құрамын қайталап айтады. |
Ұйымдастыру кезеңі |
Д \о «Бөлме ішіне саяхат»
Буратино жүргізушінің көмегімен балаларға тапсырма береді.
Әліппе-дәптермен жұмыс.
№1. Суретпен жұмыс.
9 арадан қоршап сыз.
-Алма нешеу?
-Көбелектер нешеу?
-Алма ағашы нешеу?
9 санның құрамын анықтау:
1+8,2+7,3+6,4+5,5+4,6+3,7+2, 1+8,
№2. -Алма ағашының екі жағындағы алмаларды сана. Санын жаз. -Ағаштағы барлық алма санын көрсететін цифрды жапсыр.
№3. -Қай себетте доп саны артық?
-Қай себетте кішкентай доптар саны кем?
Сергіту сәті.
Жақсы оқып сабақты, Әлеп сақтау сәніміз. Отыруға түп-түзу, Дайындалдық бәріміз.
№4. Үзік сызықтарды түсір және бастыр. 9 санын жазып шығу.Ұлуды бояу.
Тапсырманы орындаудың дұрыстығын қадағалау.
| Балалар тапсырмаларды ұқыпты орындайды.
Суретке назар аударады.
Араларды қоршайды,қойылған сұрақтарға жауап береді.
Балалар санның құрамын анықтайды. Бәрі бірге қайталайды.
Алма ағашына назар аударады.
Керекті цифрларды жапсырады.
Сұрақтарға жауап береді.
Қимылмен көрсетеді. |
Оқу іс-әрекетін қорыту. | Балалардың жұмыстарын тексеру, ұқыпты орындаған жұмыстарды мадақтау, бағалау.
| Балалар дәптерлерін тапсырады. |
Күтілетін нәтиже: 1.Балалар 9 санымен және цифрымен танысады.
2.9 санның құрамын анықтайды.
3.Натурал сандар қатары арасындағы қатынасты түсінеді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. 20
Білім беру саласы: Таным.
Бөлімі: Математика.
Тақырыбы: 10 саны.
Мақсаты: 10 санымен және ның жазылуымен, 10 санының құрамымен таныстыру; 10-ға дейінгі реттік санауды бекіту.
Құралдар: сандар, әліппе-дәптері, суреттер.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
Оқу іс-әрекетінің түрлері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандыру. Сезімді ояту. |
Балаларды шатты шеңберіне тұрғызу. Бір-бірлеріне жылы сөздер айтады.
|
Балалар шаттық шеңберіне тұрады.
Бір-бірлеріне жылы сөздер айтады. -Айгүл сен әдемісің! -Жарас сен ұқыптысың!
|
Ұымдастыру кезеңі |
Ауызша жұмыс.
10-ға дейін тура және кері тәртіппен санау.
Ойын: Цифр айтылады, балалар суретке қарап сәйкес санды табады.6-9 сандарын бейнелейтін сурет көрсетіледі.
10 санның құрамын анықтау.
1+9,2+8,3+7,4+6,5+5,6+4,7+3, 8+2,9+1,
№1. Суретте саны 10-ғ дейін түрлі заттар берілген.
-Қандай заттар бейнеленген? -Заттарды тобын тап?
-Тиісті цифрды жаз?
№2. 7 санның құрамын бекітуге бағытталған.
4+3, 2+5, 1+6, 3+4.
Сергіту сәті
6 қоян, 8 шырша,10 нүкте бар карточкалар.
-Неше қоян, сонша рет секір.
-Неше жасыл шырша болса, сонша рет еңкей.
-Шеңберде неше нүкте бар болса, қолыңды сонша рет көтер.
№3. -Кестеде қандай геометриялық фигуралар бейнеленген? -Кестеге қажетті фигураларды сал.
№4. 10 санының жазылуымен таныстыру. Үзік сызықтарды түсір және бастыр.
|
Балалар тура және кері санайды.
Ойынға қызығушылықпен қатысады.
Балалар санның құрамын анықтайды.
Суретке назар аударады.
Әліппе-дәптердегі тапсырмаларды орындайды.
Сергіту сәтін қимылмен көрсетеді.
Үзік сызықтарды қосын санды жазады.
|
Оқу іс-әрекетін қорыту | Балалардың жұмыстарын тексеру, жақсы орындаған балаларды мадақтау, бағалау.
| Дәптерлерін тапсырады. |
Күтілетін нәтиже:1.Балалар 10 саны және цифрымен танысады.
2.10 санының құрамын анықтай біледі.
3. Шығармашылық қабілеттері дамиды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. 21
Білім беру саласы: Таным.
Бөлімі: Математика.
Тақырыбы: Қайталау.
Мақсаты: өткен материалды қайталау: 1-ден 10-ға дейін реттік және есептік санау, 2-10 сандарының құрамы, геометриялық фигуралардың атауы, заттардың қасиеті мен заттарды топтарға бөлу.
Құралдар.: әліппе-дәптері, сандар, фигуралар.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
Оқу іс-әрекетінің түрлері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандыру.Сезімді ояту. |
Тура және кері санату.
-5-тен кейін қандай сан тұрады?
-4-тен кейін тұратын 3 санды ата?
-6 мен 8, 5пен 7 сандары арасында қандай сан жоқ?....
|
Балалар тура және кері санайды.
Тапсырмаларды орындайды.
|
Ұйымдастыру кезеңі |
Әліппе-дәптермен жұмыс.
№1.Жапсырмалау.
Суретпен жұмыс.
-Балалар пирамидамен не істеп жатыр екен?
Тиісті санды жазу.
9+1=10 8+2=10
№2.
-Саны 5-иен 6-ға дейін жететін шеңбер, шаршы, кесінді, үшбұрыштар салынған.
-Кесте салынған фигураларды атаңдар?
-Қай фигуралар саны тең?
-Қайсысы артық, кем?
-Қай түсті фигуралардың саны теңдей?
№3. Тиісті фигураларды сал.
-шыршы ойыншығы-дөңгелек; -картина-шаршыда; -кілем-үстінен қараған суреті; -ірімшік-үшбұрыш(кесілген бір бөлігі)
№4. Торкөз қағазда жолақтар(тіктөртбұрыштар)
-Фигуралар неше торкөзден тұрады? Фигураны тиісті түспен боя.
Сергіту сәті 1,2,3 қарлығаш боп ұш, 4,5,6 қарлығаш боп қалқы, 7,8,9,10 қарлығаш боп қон.
|
Әліппе-дәптердегі тапсырмаларды орындауға кіріседі.
Суретке назар аударады.
Қойылған сұрақтарға жауап береді.
Балалар дәптерге тиісті фигураларды салады.
Қимылмен көрсетеді.
|
Оқу іс-әрекетін қорыту. | Балалардың тапсырмаларын тексеру, жақсы орындағандарды мадақтау, бағалау.
| Дәптерлерін тапсырады. |
Күтілетін нәтиже: 1.Балалар өткен тақырыпты қайталайды.
2.1-ден 10-ға дейін реттік және есептікті санайды.
3. Заттардың қасиетін мен заттарды топтарға бөле алады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. 22
Білім беру саласы: Таным.
Бөлім: Математика.
Тақырыбы: Қайталау.
Мақсаты: 10 мөлшердегі тура және кері санауды қайталау; заттың қасиеттерін, геомертиялық фигуралар мен олардың белгілері туралы білімдерін қайталау; 10 көліміндегі сандар құрамын бекіту, саусақ қимылын дамыту.
Құралдар: әліппе-дәптері, сандар, фигуралар.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
Оқу іс-әрекетінің түрлері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекетін |
Ынталандыру. Сезімді ояту. |
Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызады.
Біздің топта балалар, Тату-тәтті ойнайды. Дос көңілі әрқашан , Тек жақсылық ойлайды.
|
Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Бәрі бірге қайталайды.
|
Ұйымдастыру кезеңі |
Тура және кері санату.
10 санының құрамын қайталату. Естеріне түсіріп, бәріне бірге айтқызу.
Әліппе-дәптермен жұмыс.
№1. 1-ден 10-ға дейін, 10 нан 1-ге дейін санаңдар. 10 санының құрамына қатысты жатығулар.
-Он дегеніміз неше?
Суретпен жұмыс.
№2. -Бұл фигураларда не ортақ?
-Оларды қандай топтарға бөлуге болады?
-Барлығы неше шеңбер?
--Олардың ішінде нешеуі үлкен?
-Нені өзгерту керек?
№3. Геометриялық фигураларды жіктеу.
-Шеңберлерді қандай сандықшаға саламыз?
-Шаршыларды ше? Фигураларды атау.
Сергіту сәті
Орманды тоқылдақ, Ағашқа қонады. Тұмсығын балта етіп, Тоқ-тоқ соғады.
№4. Саусақ қимылын дамытуға арналған.
1 және 2 сандарын ұқыптап жазу.
|
Балалар тура жіне кері санайды.
Әліппе-дәптердегі тапсырмаларды орындайды.
Суретке назар аударады.
Қойылған сұрақтарға жауап береді.
Балалар қойылған сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындайды.
Балалар пішініне қарай оларды тиісті сандықшаларға орналастырады,
Қимылмен көрсетеді.
Сандарды таза, ұқыптап жазады. |
Оқу іс-әрекетін қорыту | Балалардың дәптерлерін тексеру, ұқыпты орындаған жұмыстарды мадақтау, бағалау.
| Дәптерлерін тапсырады. |
Күтілетін нәтиже: 1.Балалар 10 көлімінде санауды біледі.
2.Заттың қасиеттерін, фигураларды меңгереді.
3. Саусақ қимылы дамиды.
Тақырыбы: « 4 саны. 4-ке дейін санау»________________________________________ Білім беру саласы:_ Таным__________________________________________________
Мақсаты: 1-4 ке дейін санау дағдыларын қалыптастыру. Санау дағдыларын қалыптастыру. Төрт көлеміндегі сандар құрамын есте сақтау қабілетін дамыту.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Санамақ санату, ойын ойнату
Қажетті көрнекі құралдар: сандар, жыл мезгілінің суреті, аңдардың, құстардың суреті.
Қостілдік компонент /билингвальный бір-один-one, екі-два-two,үш-три- three, төрт-четыре-four.
Іс -әрекет кезеңі
| Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі
| Шаттық шеңбер. Арайлап бүгін атты күн Шашты бізге шапағын Тілейміз сізге ақ таңын Қуанышын шаттығын Қайырлы таң! Қайырлы таң! Қуанышты күн бүгін.
| Шаттық шеңберінде балалар бір-біріне жылы тілектерін білдірді. |
Іздену ұйымдастырушылық кезеңі
|
«Аң патшасы арыстан» орман мектебін ашайын деп жатыр, кімде кім осы тапсырмаларды орындамаса мектепке қабылданбайды – дейді. Балалар біздерге көмектесіңізші.
1 тап - 1 жылда неше мезгіл ба? 2 тап – 1 ден 4 дейін санау 3 тап – тақтада неше геометриялық пішіндер ілінген 4 тап – төртбұрышта неше бұрыш бар? 5 тап – тақтада неше дала құстары ілінген? 6 тап – тақтада неше дала жануарлары ілінген? 7 тап – 4-1 дейін кері санау
Шығармашылық орталығын машинаның төрт дөңгелегін жапсыру. | Топқа орман аңдарының маскасын киген балалар келді.
Балалар берілген тапсырмаларды орындауға кірісті.
4 жыл мезгілі 1,2,3,4 4 геом пішін санадық
4 бұрышы бар 4 дала құсы
4 дала жануарлы
4,3,2,1
4 жабайы аңдар
«Бауырсақ» ертегісіндегі кейіпкерлер екенін тапты. 4 дөңгелек бар Балалар топтарға бөлініп, орталықтарға барды. |
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі | Қатынас орталығында: сурет салудың дәстүрлі емес монотипша түрімен танысамыз. Ойын: «Қандай сан жоқ» Әтеш ку-ка-ре-ку – деп санды жабады, ал сендер қай санды жапқанын табасыңдар? «Бауырсақ» ертегісін драматизациялау. Балалар сендер қандай санмен таныстыңдар 4 санының көршісі қандай сан? | Ойынға түгел қатысты. Әтештің жапқан санын тауып берді. Іс әрекет санында «Бауырсақ» ертегісін драматизациялады. Қойылған сұрақтарға толық жауап берді. |
Нені біледі: 4 санын, 4 санының таңбасын.
Қандай түсініктерді игереді: 4 санында 4 бірлік бар екенін, 4 саны 4 заттың құрамын құрайды .
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Машинаның төрт дөңгелегін жапсыруды, шардың суретін момнотипше әдісімен салуды.
Тақырыбы: «5-ке дейінгі реттік сандарды қайталау»______________________________________ Білім беру саласы:_ Таным ____________________________________________
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Мақсаты: Балаларды тура және кері санауға үйрету. 1 санынан 5 санына дейінгі сандардың көлемімен таныстыру
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: санамақ айтқызу, тақпақ айтқызу, ойнату
Қажетті көрнекі құралдар: суреттер, сандардың таңбалары.
Қостілдік компонент /билингвальный 1- один, 2 –два, 3-три, 4 –четыре, 5 – пять.
Іс -әрекет кезеңі
| Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі
| Шаттық шеңбері: «Ерте тұрам күнде мен!» Ерте тұрып күнде мен Терезені ашамын «салем» деймін күнге мен Қайырлы таң апашым Қайырлы таң аташым Деймін келіп апама Деймін келіп атама Деймін келіп апашым Қайырлы таң достарым Деймін келіп досыма
| Балалар қол ұстасып шеңбер құрып өлеңді қимылмен орындады. Бір-біріне жақсы тілектер айтты, жақсы көңіл сыйлады. |
Іздену ұйымдастырушылық кезеңі
| Ойын: «Көңілді есеп». Балаларға педагог допты лақтырып бір санды атайды, сол саннан кейінгі санды допты алған бала атайды.
Ойынға екі топқа бөлініп, орталықтарға отырады. Шығармашылық орталық: 1 санынан 5 санына дейін тура және кері санайды. Ойын орталығында: кубиктерден ғимараттар тұрғызады. Балалар «ұшқыштар» сюжеттік-рөлдік ойынын рөлдерге бөліп ойнады. | Балалар «көңілді есеп» ойынын ойнап берді. Кімге доп тиді, сол сұраққа жауап береді.
Бір
Екі Үш Алтау
Бес
Ойынға көп балалар қатысты. Орталықтарда санның таңбасына қарап қай сан екенін атап шықты. Кубиктердің нешеуінен, не тұрғызғандарын, қандай пішінді екенін айтты. |
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі | Балалар бүгін сендер қандай сандарды қайталап айттыңдар. Балалар санамақты кім айтады? 1 дегенім-бала, санды дұрыс сана 2 дегенім-ешкі, таудан келер кешкі 3 дегенім-үйім, үйде жақсы күйім 4 дегенім-түлік, жүр бұны біліп 5 дегенім-бесік,келеді бала өсіп | 1 және 5 санын білдік, қайталадық. Балалар санамақты бір бірлеп айтып, сандарды таңбасымен көрсетір\п шықты. Іс-әрекет соңында марапатталды. |
Нені біледі: 1-5 санына дейін санауды, сандардың таңбаларын көрсетуді.
Қандай түсініктерді игереді: Ертегі кейіпкерлерінің нешеу екенін сан таңбасымен айырып, көрсетуді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Санамақты санап, тура және кері санауды, кубиктерден ғимарат түрлерін құрастыруды.