«Осень 2024»

Тақырыбы: «Көктемтаңғажайыптары»

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сөйлеудідамыту

Тақырыбы: «Көктемтаңғажайыптары»

Мақсаты:

Көктем мезгілі туралы балаларға түсінік беру;

Көктем мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыра оты­рып, дүниетанымын кеңейту;

Табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар:Көктем мезгілі бейнеленген мазмұнды суреттер, жұмыс дәптері.

Олимпиады: Дошкольникам "Охота за знаниями"

Содержимое разработки


26 Технологиялық карта


Айы күні: 03.04.17

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Көктем таңғажайыптары»

Мақсаты:

Көктем мезгілі туралы балаларға түсінік беру;

Көктем мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыра оты­рып, дүниетанымын кеңейту;

Табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар:Көктем мезгілі бейнеленген мазмұнды суреттер, жұмыс дәптері.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Ұйымдастыру кезеңі

Көктем келді, көктем келді сағынта,

Бүршік атты алма ағаштар бағында.

Біздің үйге ұя салды, алақай,

Көптен күткен қарлығаштар тағы да.

Дала гүлге оранады,

Түрлі түске боянады,

Нұрлы көктем келген кезде

Табиғат та оянады.

Көктем келді, көктем келді далама,

Қуанып жүр ата-ана да, бала да.

Қар, мұз еріп, жылғалардан су ағып,

Үйрек, қаздар жайылып жүр жағада.

Шеңбер

бойына тұрып,

педагогпен

бірге қимылдар

жасайды.

Ұйымдастыру

шылық – ізденістік

Кіріспе әңгіме

- Өлең жылдың қай мезгіліне арналған?

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Ендеше, бүгін біз «Көктем өрнегі» өлеңімен танысып, жаттаймыз. «Көктем өрнегі» өлеңін мәнерлеп оңып беру.

Көктем өрнегі

Қар еріді, су ақты,

Күндер келді шуақты.

Байтақ дала келбеті

Түкті кілем сияқты.

Көкке бояп өңірді,

Көктем келді көңілді.

Бау-бақшада, орманда

Құстар әні төгілді.

Жаңбыр жауып басылды,

Күлімдейді көкте күн.

Кемпірқосақ асылды

Өрнегіндей көктемнің.

Сұрақ-жауап

- Көктем мезгілінде қандай табиғат

құбылыстары болады?

- Ең алғаш қандай гүлдер шығады?

- Көктемде қандай жұмыстар атқарылады?

- Көктем мезгілі сендерге ұнай ма?

«Жыл ағашы» ойыны

Мақсаты: жыл мезгілдерінің айларын білу.

Көктемде егілген ағашты «жыл ағашы» дейді. Суретін салдыру.

Түзу сызық (1 жыл дегенді білдіреді)

Бұтақтар (мезгіл)

Кіші бұтақтар (айлар)

Жапырақ (апталар)

Дәптермен жұмыс:

  1. Көктем көрінісін бейнелеңдер.

  2. Көктем мезгілі туралы қандай өлең білесіңдер?


Көктемге

Көктем мезгілі



















Жаңбыр

жауады, күн

күркірейді

Бәйшешек


Балалардың

жауаптары.


Ойын ойнайды.


Балалардың

жауаптары.

Рефлексиялық - түзетушілік

Қорытындылау:

«Бұл қай кезде болады?» өлеңімен аяқтау.

Көктемде

Күтілетін нәтиже:

Біледі: жыл мезгілдерін ажырата білу.

Игереді: табиғатты сүйе білуді, қорғауды.

Меңгереді: көктем мезгілі туралы түсініктерді, ай аттарын атауды.


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее