
«№7 “Ақ бота” ясли-бақшасы” КМҚК "
Ересек тобының
ұйымдастырылған оқу қызметі
Тақырыбы: «Аңдардың қысқа
дайындығы»
Әдіскер: Жетписова Гульнар Токеновна

Мақсаты:
Балалардың жабайы аңдар туралы түсініктерін көбейту.
Олардың түрлерін бір-бірлерінен ажыратуға, дене мүшелерін дұрыс атай білуге үйрету.

Міндеттері:
Білімділік:
Жабайы аңдардың қоректенуі, тіршілігі
туралы әңгімелесу.
Тәрбиелік:
Аңдарға қамқор болуға, оларды қорғай
білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық:
Жұмбақтар шешу арқылы ойлау, қиялдау
қабілеттерін арыттыру.

Керекті құралдар:
Аңдардың суреттері, ноутбук, таратпалы материалдар, қыстырғыштар.
Сөздік жұмысы:
Қонжық, бөлтірік, мыршай, көжек, апан, ін, қуыс
.
Қостілдік компонент:
Қонжық-медвежонок, бөлтірік-волчонок, мыршай-лисенок, апан-берлога, ін-нора, қуыс-дупло.

Шаттық шеңбері:
Қайырлы күн, құсқа да аңға да!
Қайырлы күн, жайдары жанға да!
Қайырлы күн, алға ассын!
Кешке дейін жалғассын!


Жұмбақтар:
Көлеңкесінен қорқып безгектейді,
Ал оның баласын көжек.- дейді.
Ол не?

Қоян
Қоян

Жауымнан мен қашқанда, Ағаштарға самғап бағам. Ал қарыным ашқанда, Отырып ап жаңғақ шағам,

Тиін

Өзі ширақ, өзі қу,
Жүрген жері айқай-шу.

Түлкі

Басында көп-ақ бұтағы,
Адамды көрсе зытады.

Бұғы

Белестен шапқан бесті ат,
Бүкір келген желісті ат.
Бейғам елде іздейді,
Малдан күдер үзбейді.

Қасқыр


Суретпен жұмыс


Жабайы аңдар

Жабайы аңдар


Дидактикалық ойын:
“ Ненің құйрығы?” (қыстырғыштармен)


Сергіту сәті:
Біз орманға барайық,
Жан - жағымызға қарайық.
Аю шықты қорбаңдап,
Қасқыр шықты ырылдап,
Түлкі шықты майысып,
Қоян шықты секіріп,
Қорықпаңдар, балалар,
Қарап - қарап алыңдар.

Дидактикалық ойын:
“ Аңдар не жейді?” (қыстырғыштармен)

Тіл ұстарту жаттығуы:
Ян - ян - секендеген ақ қоян.
Ю - ю - ю - қорбандаған аю.
Кі - кі - кі – бұл айлакер түлкі.
Қыр - қыр - қыр - бұл көкжал қасқыр.

Дидактикалық ойын:
“ Көлеңкесінен таны”


Қасқыр -
Тиін-
Қоян-
Түлкі-
Аю-
Бұғы-
Кірпі-

Қасқыр- волк
Тиін - белка
Қоян - заяц
Түлкі - лиса
Аю - медведь
Бұғы - лось
Кірпі - ежик

Қорытынды:
«Жүректен жүрекке» шеңбері
– Табиғатта бәрі өзгеше әсем. Ендеше, бірге былай айтайық:
Табиғат ол – анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Құшағында ойнаймыз,
Шаттық әнге саламыз.

Балаларды
мадақтау

Күтілетін нәтиже:
Қазақстанда кездесетін аңдар түрлерін.
Білу керек:
Аңдар туралы түсініктері (олардың
қасиеттері, ерекшелігі, немен қоректенетіні).
Болу керек:
Аңдарға қамқор болуға,
оларды күте білуге, жұмбақтарды шеше білуді,
салыстыруды, қорытынды жасауды.
Істей білу керек:

Көңіл бөлгендеріңізге
рахмет!