«Зима 2025»

"Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы" (7-сынып)

Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы туралы түсіндіру. Тәукенің хан болу қарсаңындағы және хандық құрған кезіндегі ішкі-сыртқы жағдайы,“ Жеті жарғы“ заңдары қазақтың үш биі туралы мәліметтермен оқушыларға таныстыру

Олимпиады: Окружающий мир 1 - 4 классы

Содержимое разработки

«№ 11жалпы білім беру орта мектебі » мемлекеттік коммуналдық мекемесі

Тәуке хан тұсындағы Қазақ

хандығы







Өткізген тарих пәнінің мұғалімі :

Садыков Аскар Жусупбекович



Сыныбы: 7 «а»



















Маңғыстау 4



Сабақтың тақырыбы: Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тәукенің хан болу қарсаңындағы және хандық құрған кезіндегі ішкі-сыртқы жағдайы,“ Жеті жарғы“ заңдары қазақтың үш биі туралы мәліметтермен оқушыларға таныстыру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың белсенділігін арттыра отырып,өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру ,тарих ұғымды талдауға,сөздік қорларын байытып,ой-өрісін дамыту

Тәрбиелік: Сабақ барысында оқушы бойында туған жерді сүюге оның дамуына үлкен үлес қосуға тәрбиелеу,адамгершілік құндылықтарын жетілдіру,заман талабына сай жаңа тұлғаны қалыптастыру

Күтілетін нәтиже : Тәуке ханның мемлекет қайраткері ,елді біріктіруші тұлға ретінде бағалай алады .Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабылеттері дамиды.

Сабақ әдісі:бірлескен оқу, топтық жұмыс.

Керекті жабдықтар:Оқулық, карта, интерактивті тақта, үлестірмелі материалдар,слайдтар,плакаттар мен маркерлер,стикерлер,нотбук.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі 3- минут

Сәлемдесу .Сыныпта психологиялық атмосфераны қалыптастыру мақсатында оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады.Киіз үй бойынша топтарға бөлемін.

Сәлемдеседі .Жақсы тілектер айтады.Киіз үй бойынша 4 топқа бөлінеді.

1) Шаңырақ 2) Уық 3)Кереге 4) Есік

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі .

Үй тапсырмасының тақырыбы: Есім хан.ХІҮ ғасырдағы және ХҮ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан аумағындағы хандықтар.



І. Қызығушылығын ояту;

1) « Шаңырақ » тобына :

Қазақ хандығының негізін қалаған хандар?

1465-1466 жылдары құрылған хандық?

Қазақ хандығының бастапқы кездегі алып жатқан территориясы?









2) « Уық » тобына:

Шығай хан Баба сұлтанға неге өшіктіі?

Тәуекел хан болғаннан кейін алдына қандай мақсат қойды?

Тәуекелге Абдоллах хан Баба сұлтанды өлтіргені үшін қай аймақты сыйға тарты?









3) « Кереге » тобына :

Есім ханның Тұрсын ханды жазалауы туралы жазған жырау?

Алғашқы қазақ-Бұхар соғысы қай жерде,қай ханның тұсында болды?

Қазақ хандығымен Моғол хандығының одақтық қарым-қатынасын әңгімеле?











4) « Есік » тобына :

  • 1.Есім хан билік құрған жылдар?

  • 2. Тұрсын Мұхаммед қай жылдары өзін хан деп жариялады?

  • 3.Есім ханның заңдары қалай аталады?

  • 4.Есім хан Жетісу жеріне қалмақтарға қай жылы жорық жасады?

  • 5.Есім хан жеңіске жеткеннен кейін қай хандық пен келісімге келді?

Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларына жауап береді. 10 минут.



ІІ.Мағынаны тану.; Жаңа ақпаратпен танысу кезеңі .

1. « Шаңырақ » тобына : Тәуке хан болу қарсаңындағы Қазақ хандығының саяси жағдайы.

2. « Уық » тобына: Тәукенің хан тағына отыруы ( 1680- 1715)

3. « Кереге » тобына : Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы;

4. « Есік » тобына : “Жеті жарғы”;

Әр топ өзара оқу арқылы жұмыстарын ортада қорғайды. 15 минут.

ІІІ. Сергіту сәті. 2 минут.

Слайдтар көрсетемін. Қосымша мәлімет беріп өтемін.

.Орбұлақ шайқасы халқымыздың тарихындағы өшпес жарқын беттердің бірі.Жәңгірдің жаужүректігі мен тапқырлығы ,көрегендігі қазақ халқының мерейін үстем етті.Шайқасты ұйымдастырып,басшылық жасаған шапырашты Қарасай,арғын Ағынтай,найман Көксерек,алшын Жиембет,қаңлы Сарпың т.б.батырлар болдыЖоңғарлардың қалың қолы қазақ жеріне 1643 жылы баса көктеп кірді.Жәңгір 600 жауынгермен 50 мыңдық жоңғар әскеріне қарсы шықты.Жаркент қаласынан күншілік жердегі Қосқолаң тауының арасындағы Орбұлаққа бекінген Жәңгірдің санаулы сарбаздары жоңғардың 50 мың әскеріне қасқайып қарсы тұрды.

2.Тәуке хан (1680-1715)- феодалдық талас-тартыс пен бытыраңқылықты жойып,бір орталыққа бағынған қуатты қазақ хандығын құруға күш салды.

3.Ішкі саясаты

1.Ішкі талас-тартыс пен алауыздық өршіді.

2.Хандықтағы саяси жағдайды реттеуге күш салды.

3.Халықты біріктіру үшін шаралар жасады.

4. “Жеті жарғы” деп аталатын заңдар жинағын жасады.

4. Сыртқы саясаты

1.Көрші мемлекеттермен одақтасудың және бейбіт қатынас орнатудың жолдарын іздестірді.

2.Жоңғарларда қарсы күреске қырғыздар мен қарақалпақтарды тартты.

3.1710 жылы Қарақұм маңы.

4. Жарғы-қазақтардың бұрыннан келе жатқан әдеттегі құқық нормалары.

Слайдтармен танысады. Қосымша мәліметтер алады.

Бекіту кезеңі. 10 - минут.

Ой толғаныс кезеңі. Тест сұрақтарына жауап жазады.

  • : Тест

  • 1.Тәуке хан қай жылы таққа отырды?

  • А) 1675ж. В)1690ж. С)1680ж.

  • 2. Билер кеңесі қай жерде өткізілді ?

  • А) Түркістан ,Ташкент ,Сайрам .

  • В) Битөбе,Мәртөбе,Күлтөбе.

  • С) Жетісу, Шымкент,Самархан.

  • 3. Тәуке билікке келген кезде елдің ішкі-сыртқы жағдайы қандай еді

  • А) Өте шиеленісіп тұрды.

  • В) Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман болды.

  • С) Ешқандай соғыс болмады.

  • 4. Тәуке хан ел билеуде кімдерге арқа сүйеді?

  • А) Сұлтандарға В) Билерге С) Батырларға

  • 5.Тәуке хан тұсында жасалған заң жинағы қалай аталады?

  • А) Қасқа жол В) Ескі жол С) Жеті жарғы

  • 6.Жамбыл облысы ,Шу ауданы,Жайсаң жайлауында қай би дүниеге келді?

  • А) Қазыбек би В) Төле би С) Әйтеке би

  • 7.Әйтеке бидің шын аты кім?

  • А) Айтық в)Айтбек С)Айтжан

  • 8. Қазыбек бидің өмір сүрген жылдары ?

  • А) 1667-1764ж. В)1663-1756ж. С) 1682-1766ж.

  • 9. «Жеті жарғы » неше бөлімнен тұрады ?

  • А) 3 В) 4 С) 7

  • 10. Қазақ хандығын құрған кімдер ?

  • А) Керей мен Жәнібек В) Есім хан С) Жәңгір хан

Талдау және қорытындылау кезеңі. 2 – минут.

Мен сабақты қорытындылаймын. Өзімнің тақырыпқа көзқарасымды білдіремін. Біз үшін қай заманғы тарихымыз болмасын қымбат, әсіресе қазақ хандығының құрылуы тарихтағы маңызды оқиға. Қазір өзіміз өмір сұріп жатқан Отанымыздың іргетасы. «Өз тарихын білмеген халық, өзінде сыйламайды» деп Елбасымыз айтқандай тарихты білу баршамыздың парызымыз.

Үйге тапсырма беру кезеңі : 1- минут.

Тауке хан туралы реферат дайындау.

Бағалау ,кері байланыс . 2 –минут.

Әр топтың топ басшысының бағалау парақшаларын алып бағалаймын.

Стикерге сабақтан алған әсерлерін жазып, іледі.























Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее