«Осень 2024»

Тәуелсіздік толғауы

Тәуелсіздік күніне орай жазылған эссе болатын. Елбасының Рухани жаңғыру бағдарламасына катысты ойлар да қамтылды.

Олимпиады: Русская литература 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Тәуелсіздік толғауы

«Тәуелсіздік – сан буын бабалардың

қасиетті жеріміздің әрбір қадамын

қорғау үшін төгілген өлшеусіз

қаны мен терінің өтеуі......»


Н.Ә.Назарбаев


Халық, ел, ұлт, мемлекет болып қалыптасу үшін ең қажетті алғышарттардың бір де бірегейі- оның егемендігі, өзге жұрттан тәуелсіз,, даралығы, халқының бостандыңы екенін білеміз. Ата-бабамыз тарихтан сыр шерте отырып, ұрпағына қашан да бірлі, елдік, ерлік, жайлы насихаттаудан тынған емес.

Ендеше, еліміздің сан қилы тарих қатпарларынан қол бұлғаған қанды қырғын мен небір зұлмат соғыстар, түрлі шайқастар мен қантөгістер, небір боздақтардың жаны қиылған оқиғалар- бір ғана мақсатты, бір ғана мүддені көздегенін көреміз. Сан ғасырлар бойы келе жатқан халық арманы, үкілі тілегі- қазақ боп қалыптасқан,тарих ізімен екшеліп, осынау уақыт аралығында ұлттық мақсаты айқындалған, қадір-қасиетімен астасқан ұраны бар тәуелсіз ел атану еді.

Ақыры кешегі «Желтоқсанның мұздағы алауының» қызуы елдің үмітін жағып, тәңір қолдап, қазамның өз тәуелсіздігін еншіледі.

Елін сүйген Елбасының бұл мерекесінің мән-маңызы, артықшылығын мәңгі жойылмайтын құндылығын өз халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында қайталаудан талмайды.

Бала да болсақ, Елбасының Үндеуін жас жүрегімізбен жақын қабылдауды дағдыға айналдырғанбыз. Оған қоса, ұстаздарымыз бен үйдегі ата-аналарымыз да ел өміріне қатысты барлық жаңалықтар мен мәнді ақпараттарды бізге дер кезінде жеткізуден жалыққан емес. Елбасынығ тәуелсіздік туралы толғауы, халық үшін жасайтын Жолдауы жайлы тебіренбей айтуға болмас. Өйткені Елбасы қайсыбір бөлімінде, бұл құжаттың әрбір тармағында елімнің кемел келешегі үшін жасап жатқан еңбегінің ізін қалдырған.

«Айта бергім келеді, айта бергім...» деп ақын жырлағандай, сарабдал саясаткер Президентіміз жайлы, елдікті дәріптейтін еңбектері жайлы таңды таңға ұра жырлай бергің келеді. Елдік демекші, осы құндылық – елдің бірлігіне, тұтастығы, ауызбіршілігі, «ұлтым» деп ұдайы ұйытқы боп отырған барлық хандардың да, билердің де арманы еді ғой. Десек те, Ресей империясына бодан болған қалып, қашан да өз көлеңкесінен, шырмалған торынан босатпай, қанша ғасыр әуреледі. Асылымызды жасырып, бас көтерер батырымызды жаншып, жігерімізді құм еткені жасырын емес. Өзінікін өзмдікі дей алмағаннан артық қорлық бар ма? Жеріміздің байлығын, пайдалы қазбалары мен табитғим ресурстарын тек өз игілігімізге жұмсай алмай жүрміз. Оқып-тоқыған, көкірек көзі мен жүрегі ашық табиғи тума таланттарымыз қудаланып, «саяси құрбандар» аталып қанша жүрді. Бас көтерер елдің рухын жанитын біртуар перзенттеріміз қудаланып, нағыз ұлт қаймағын шашыратып алдық.

Өкінішті... өкінішті, әрине. Дегенмен бүгінде орны толған өкініш бұлар. Тәубе дейміз! 70 жылдың езгісінен ақыры сытылып, жарыққа шықты халқымыз.

«Құм да ақ алмасты жасыра алмайтыны» секілді көкіректегі ұлттық рухты бүркемелей алмаған тарих ақыры «Қазақ» деген қастерлі ұлттың өз тәуелсіздігін еншілеуіне бұғау бола алмады. Осындай елең-алаң жағдайда бітімі бөлек қайраткерге ғана тән қайсарлық пен батылдықтың, саяси ерік-жігер мен өршілдіктің үлгісін көрсеткен Президент Н.Назарбаев Қазақстан тағдыры үшін жауапкершілікті өз мойнына алды.

Тәуелсіздікті нығайтуды, саяси демократияландыруды, нарықты экономикаға көшуді, ұлтаралық келісім мен әлеуметтік қорғауды стратегиялық міндет ретінде белгіленген бағыт жұртшылық тарапынан бірауыздан қолдау тапты. Республикамыздың қайталанбас құндылығына айналып үлгерген бұл саясат – бүгінде сенімді, әрі табысты болғандығын тарихтың өзі дәлелдеп отыр.

Әрине мұның өзі ерекше саяси дарыны бар, ел басқару ісіне ата-бабамыздың даналығын, бітімшілдік қасиетін мұрат тұтқан, стратегиялық көрегендігі басым, терең де байыпты Елбасымыздың арқасы екендігі шүбәсіз. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демей ме, асыл халқымыз. Тер сіңіп жетсе де, дәмі тәтті «Тәуелсіздік» ұғымын бейне бір тұмарындай қастерлеген Президент мереке қарсаңында еліне арнап рухани жан-дүниесінің шынайы жанайқайы іспетті «Тәуелсіздік толғауы» эссесін баяндаған екен.

«Шын жүректі жарып шыққан шүбәсіз сөз – жүрекке де жетеді» емес пе, Елбасы тарапынан айтылған ойлар көңілге қонымды, құлаққа да жағымды. Әрбір саналы азаматқа ондағы көзқарас, ондағы мақсат бүкпесіз әсер етері хақ. Ата-бабаларымыз сынды даналық, кемеңгерлік, жыраулық, шешендік қасиеттер өн-бойынан табылған Нұр-аға – тарихымызға шолу, барлау жасап, жас ұрпақтың жүрегін бір тебірентті.

Сондай-ақ, албырт жүрегімізге рух берген «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы болса, онда айтылған «мәңгілік қазақтың перзенті» ретінде тәуелсіз елімізді «Қазақстан-2050» мінберіне мүлтіксіз жеткізуде елеулі еңбек етуге бел шештік.

«Ел үмітін ел ақтар,

Ер атағын ер сақтар» деген мақал бар. Ұлтын сүйген ұлы тұлғаның орамды ойларын жадымызда жаңғыртып, бостандық, егемендік, тәуелсіздік секілді қастерлі ұғымның қадіріне жете білуіміз қажет.

Жетекшісі Жусанбаева Макбал

Шиелі ауданы

40 А.Қыраубаева атындағы

орта мектептің

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі































«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтары және мәні. 
Қойшекен Светлана Жақсығұлқызы 
Атырау облысы Исатай ауданы Аққыстау орта мектебінің 
тарих пәні мұғалімі 

«Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың 
сан мың жылдан бергі асыл арманы». 
Н.Ә.Назарбаев. 
Тарих – шындыққа айналған тағдыр. Әрқилы тағдырдың тоғысып, адамзаттың тұтас ғұмырын құрайтыны сияқты, түрлі ұлттың шежіресі де әлемнің ортақ тарихына айналады. Сондықтан дүние тегершігі айналған сайын тарлан тарихтың қатпары арта түседі. Бұл тұрғыдан алғанда, адамзат тағдыры мен өркениет тамырын түркілер тарихынсыз елестету мүмкін емес. 
Бағзы заманға көз жіберсек, қуатты империялар құрған түркілер ғасырлар бойы ұлан-ғайыр аймаққа билік жүргізіп, арғымақтың тұяғы жеткен жерге-Байкалдан Балканға дейінгі орасан зор аймаққа иелік етті. Алтайдан тарайтын айбынды ел тілі жақын, танымы мен талғамы ұқсас бір әлемді – ортақ өркениетті құрады. Алтын тақта отырып билік жүргізген айбарлы қағандар мен абыздар «Мәңгілік Ел» орнатуды армандады. 
Ешкімге тәуелсіз, еркін өмір сүрген, елін жаудан азат еткен күллі көне түркі елінің арманы да мәңгілік Ел идеясы болған. Елін тәуелсіз еткен Күлтегін батыр халықты байлыққа кенелткен: «Жалаңаш халықты тонды, кедей халықты бай қылдым. Аз халықты көп кылдым. Тату елге жақсылық қылдым»,- деп мақтаныш сезіммен баяндаған. [3] 
Жоңғар шапқыншылығы және Ақтабан шұбырынды алмағайып заманда қазақ ұлттық идеясының бағыт-бағдары айқындалып, отаншылдық, патриоттық сарыны өзекті ойларға арқау болады. Қожаберген жыраудың «Елім-ай» дастаны ұлттық идеяның негізіне айналды. 
Ұлттық идея мәселесі бүгінде барлық мемлекеттер үшін маңызды болып отыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Мен қоғамда: «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болу керек?»деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлттық мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – «Мәңгілік Ел» идеясы», - деген еді. [1] 
Жалпы, «Мәңгілік Ел» идеясының үш негізден немесе үш тұғырдан тұратыны анық. Біріншісі – Түркі қағанаты билеушілерінің (Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк) саяси акт – «манифест» ретінде әзірлеп, тарих сахнасына шығаруы; екіншісі – әл-Фарабидің философиялық шығармасында идеяның теориялық-философиялық тұрғыдан негізделуі және үшіншісі – Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дидактикалық дастанында құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаларының, яғни Ата Заң іргетасының қалануы. 
Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі саяси тұжырымдар, Әбу Насыр әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» және тағы басқа әйгілі туындыларының ой-идеялары – «Құтты білік» дастанындағы философиялық түйіндер, саяси-әлеуметтік болжамдар бір мәдениеттің, бір өркениеттің, заман мен әлеуметтік жағдай ғана емес, біртектес ел-жұрт тіршілігі тұтастырғын бір дүниетанымның жемістері. Тарихи кезең мен мемлекетшілдік сипаттарын білдіретін ұғымдар Күлтегін жырларында да, әл-Фарабидің философиялық шығармаларында да Жүсіп Баласағұнның дастанында да бірдей кездесіп отырады. 
Белгілі бір идеяның мемлекеттік сипат алып, қоғам мүшелерінің көңілінен шығуы үшін негізгі екі талапқа жауап беруі тиіс. Біріншіден, ол сол мемлекетте өмір сүріп отырған халықтың мақсат-мүддесімен, болмысымен толық сәйкес келгені жөн. Бұл туралы Монтьеске: «Заңдар үкіметтің табиғаты мен принциптеріне, басқару формасына, елдің географиялық факторы мен физикалық қасиеттеріне, жағдайы мен көлеміне, климатына, топырақ сапасына, халықтың тұрмыс-тіршілігіне, санына, байлығы мен қабілетіне, әдет-ғұрпына сәйкес болу керек», - дейді. Екіншіден, идеологияның мемлекеттік сипат алуына қажетті тағы бір қасиет оның мемлекет тарихымен сабақтас болып, ұзақ мерзімдер бойы сол қоғамда үйреншікті, жетекші идеологиялық деңгейде тұру тиістігін айтады. Осы негізгі екі белгі де түркілердің ұлы қағанатын құрғанда бар еді. [2] 
Ежелгі түркілердің «Мәңгілік Ел» идеясын теориялық-философиялық тұрғыдан негізін салып берген әйгілі ойшыл, философ Әбу Насыр әл-Фараби болды. Ол ежелгі грек философиясы мен Шығыстың мұсылман ілімдерін байланыстыра отырып, түркі дүниесіне сәйкес «Мәңгілік Ел» идеясының саяси-философиясының теориялық негіздемесін жасап берді. Ғалым «Мәңгілік Ел» теориясының негізгі ережелерін «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Азаматтық саясат», «Мемлекет билеушінің нақыл сөздері» шығармаларында баяндайды. Бақытқа жету жолында адамдардың арасындағы қайырымдылық пен түсінушілік, бір-біріне көмек беру, достық пен бейбітшілік, тәрбие мен тәлім әл-Фарабидің тұтас әлеуметтік-саяси теориясының ажырамас бір бөлігін құрайды. 
Әл-Фараби мемлекеттің мақсатын және оның ішкі-сыртқы міндеттерін толық анықтап береді. Мемлекеттің сыртқы міндетіне қайырымды қала тұрғындарын немесе мемлекетті сыртқы жаулардан қорғау, яғни күшті қорғаныс ұйымдастыру жүктеледі. Ал мемлекеттің ішкі міндеті әділеттілікті орнату, халықты оқыту, оны керекті ғылыммен толықтыру, адамгершілікке тәрбиелеу, қайырымдылықты тарату болып табылады. 
«Құтты білік» дастаны орта ғасырларда өркениетті ел болған Қарахан әулеті мемлекеті түріктерінің тілінде жазылғаны белгілі. Жүсіп Баласағұн «Құтты білікті» 1069-1070 жылдары Баласағұн қаласында бастап, он сегіз айдың ішінде Қашғар қаласында аяқтаған. Дастан елде Ата Заң (Конституция) қызметін атқарған. Шығармада ел басқарудың, экономиканы, әлеуметтік-тұрмыстық ахуалды, әскери істі ұйымдастырудың, шаруашылықты, тағы басқа да мемлекеттің әл-ауқатын жақсартудың ерекшеліктері суреткерлік-философиялық тілмен баяндалады. 
Ж.Баласағұн – саяси-әлеуметтік ойда мемлекеттегі басқару істерінің заңмен реттелуі мәселесін кешенді көтерген ғұламалардың бірі. Дастанның басты идеясы – мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Шығармада елдегі, қоғамдағы ішкі тәртіпті халық мүддесіне, заңдылыққа негіздеп құру идеясы айқын көрініс береді. Осы идеялар негізінде бүгінгі Қазақстан өзінің алдына қойған стратегиялық, конституциялық міндеттері, яғни «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қағиданы ойдағыдай шеше алады. 
Ж.Баласағұн еңбегіндегі елдегі заңдардың бүкіл халыққа қызмет етуі және орта топтың мемлекеттің әлеуметтік тірегіне айналуы туралы идеялары бүгінгі Қазақстан қоғамы үшін өте маңызды. Бұл бағыт – қазіргі таңда «Мәңгілік Ел» идеясын ұлттық идея ретінде жариялап отырған Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың да ұстанып отырған стратегиялық саясаты. 
Сонымен, көне тарихтан бастау алған ұлттық идеямыз қазірде тарихи сабақтастықты бастан кешіріп, тәуелсіз мемлекетіміздің рухани тұрғыдан тұрақты даму ресурсына айналып отыр. Оны Елбасының жария еткен 2015 жылға арналған Жолдауында айқын көрсетіп берді: «Біздің жалпы ұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Мәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан -2050» Стратегиясының ғана емес, ХХІ ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры». 
«Мәңгілік Ел» идеясында Н.Ә.Назарбаев басты жеті құндылықты атап көрсетті: 
«Біріншіден, бұл – Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы. Тәуелсіздік дегеніміз – елдің егемендігі, халықтың бостандығы, сана еркіндігі. Елдің аңсарлы азаттығы, елшілдік-ұлттық санасы, тарихымен қоса, рухани құндылықтары, рухы. Бұл бірнеше ғасырлар бойы халықтың армандаған қасиетті ұғымы. Арман болып жеткен тәуелсіздігімізді, ендігі жерде сақтап қалу біздің халқымыздың ең қасиетті борышы. 
Екінші құндылық, бұл – қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім. Біздің халқымыз – өзгеге қыспақ көрсетпек түгіл көмекке мұқтаж кез-келген ұлттың өкілін бауырына баса білген дана, мейірімді халық. Қазақ халқы сан ғасырлар бойы егемендігі мен тәуелсіздігі үшін күресіп келді. Өзінің ең жақсы қасиеттерінің: қатер төнген сәттерде бірігіп, ұйымдаса білуінің, сондай-ақ басқа халықтармен бейбітшілік, келісім мен тату көршілік жағдайында тұруға деген ынта-ықыласының арқасында ол тарих тасқынының астында қалып қоймай, өзінің дербестігін, тәуелсіздігін сақтап, мемлекеттігін қалпына келтіре алғандығы тарихтан да аян. Сондықтан біздің ең басты мақсатымыз – тату-тәтті ынтымағы жарасқан көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен көркейіп өсуі. Қасиетті тәуелсіздігімізді – мықтап ұстап тұру. 
Ел дегенде, жер дегенде – білегін сыбанып, іске дайын тұратын, еліміздің жарқын болашағы үшін күресе білетін, намысты ұрпағымыз болса, қоғамымыздағы ұлттық бірліктің іргесі шайқалмаса, ұлтымыз өз әдет-ғұрпын, таза тілін сақтаса Мәңгілік ел боламыз, бұл – жеңіске жетуіміздің негізгі кепілі. Міне, біздің басты байлығымыз да – осы. Рухы еркін халық қана кез-келген мәселені шеше алады, әлемдік деңгейде өз орнын таба алады. 
Қазақ халқы өзінің тарихи негізгі ұлттық құндылықтарын өзі де танып, өзгеге де танытып, ұлттық тілін құрметтеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелегенде ғана руханияты жоғары, зайырлы қоғам бола алады. Бұл – біздің үшінші құндылығымыз. 
Ғасырлар бойы басқыншылық-шапқыншылық, соғыстарға, отарлау езгісіне, әдейі ұйымдастырылған ашаршылық пен босқыншылықтарға, саяси қуғын-сүргіндерге және тағы басқа озбырлықтарға ұшыраса да осы күнге дейін негізгі халықтық-ұлттық ділін сақтаған қазақ ұрпақтарының ұлттық рухта тәрбиеленуі – аса зәру мәселе екендігі айқын сезіледі. 
ХХІ ғасырдағы тәуелсіздік осы ежелден келе жатқан ұлттық идея мен ұлттық идеологияның маңызын арттыра түсті, ұлттық рухымызды асқақтатты. Мәңгілік ел болу үшін ұлттың рухын асқақтарып, тілін, дінін, тарихын, әдебиеті мен мәдениетін яғни ұлттық құндылықтарын жете зерттеп, насихаттау міндеті тұр. Өйткені, қай халықтың болмасын өзге жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс-бітімін даралап, өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгі – әдебиеті мен мәдениеті, рухы мен тілі. Ал, «Әрбір ұлт – өзінің халқы үшін Ұлы Халықтың мәңгі ғұмыры – оның тілінде» (Ш.Айматов). 
Елбасы төртінші құндылық, бұл – индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім екендігіне тоқтала отырып, әрбір қазақстандықтардың әл-ауқатының жақсарып дамыған отыз елдің қатарына қосылудың бірден-бір сара жолын анықтап берді. 
Бесінші құндылық, бұл – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы Елбасының қазақстандық қоғамның бүгінгі, жаңа замандағы бейнесі деуге болады. Президент Н.Ә.Назарбаевтың жаңғырту үрдістерінің табыстылығын жүзеге асыратын басты қағидалардың бірі ынталандыру. Адал еңбекке ынталандырудың жолын табу, еңбек табыстарын қоғамдық ынталандырудың жүйесін құру Қазақстандағы әлеуметтік жаңғыртудың аса маңызды мәселелерінің бірі. Бұл рейтинг жүйесі. Әркім атқарған еңбегіне орай және көрсеткен нәтижесіне қарай бағалануы заңдылық. Адал еңбек еткен ғана бақытты болмақ. 
Алтыншыдан, бұл – тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы; 
«Өз тарихын, өз философиясын білмейінше және оған белгілі бір көзқараста болмайынша ешқандай да мәдениеттің дамуы мүмкін емес», - дейді көрнекті түркітанушы ғалым Л.Н.Гумилев. Шындығында, өз елінің тарихын, философиясын білу, ұлттық құндылықтарын зерттеу, солар арқылы ұлттық идеологияны қалыптастыру, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу, оны ұрпақ санасына сіңіру елдің, ердің басты мұраты. Еліміздің сан ғасырлық дәстүрін, ата-баба салтын, әдебиеті мен өнерін өзінің бар болмысымен сақтай отырып, оларды әлемдік өркениет өрісіне қарай өрістете отырып, мәңгілік ел болу идеясын ұсынды. «Ана тілі –бәріміздің анамыз, өйткені, ол-ұлтымыздың анасы». «Толыққанды тілсіз – толыққанды ұлт болуы мүмкін емес». Ана тіліміз – біздің бүгініміз үшін де, ертеңіміз үшін де мәңгіліктің тілі. Нұрсұлтан Әбішұлы «Қазақстан - 2050» Стратегиясын жариялаған Жолдауында айқын атап көрсеткеніндей: «Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді Қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз». Түпкі мұрат – тәуелсіз елімізді Мәңгілік Ел ету. 
Жетінші құндылық, бұл-еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы. 
Қазақстан егемен ел ретінде дамудың алғашқы күндерінен бастап жаһандық деңгейде де, өңірлік деңгейде де жауапты саясат жүргізіп келеді. Қазақстанның барлық бастамалары, Президентіміз ұйытқы болған бастамалар әлемдік қоғамдастық тарапынан кеңінен қолдау тапты. Еліміз өзінің шешімдерімен және белсенді қызметімен жаһандық және өңірлік қауіпсіздікке орасан зор үлес қосты. Оны қару-жарақты еселеп көбейту және басқа елдерге қатер төндіру есебінен емес, ашықтық, тең құқықты әлемдік ынтымақтастық, жасампаздық және басқа елдермен сындарлы үнқатысу орнату арқылы айғақтауда. [1] 
«Мәңгілік Ел» жалпы Қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі арманы болатын. Әлеуметтік маңызы зор құндылықтың мән-мағынасын ұғындыру, баланың санасына, сезіміне, түйсігіне, мінез-құлқына әсер ететіндей дәрежеге жеткізу ұстаздық шеберлікті қажет етеді. 
Тарих сабағында оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасы қалыптастырылады, адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке тәрбиеленеді, отаншылдыққа,халықтарды құрметтеуге, сыйлауға яғни халықтар достығына тәрбиеленеді, бейбітшілікті сақтауға, туған жерін сүйе білуге тәрбиеленеді. 
Тарих сабақтарында оқушылардың отан сүйгіштікке тәрбиелеудің мынадай жолдарын ұсынар едім: 
-Халықтың алдыңғы қатарлы дәстүрлерін нақты мысалдармен ашып көрсету; 
-Халықтар тағдырының ортақтығына, әдет-ғұрыптарының, салт-дәстүрлерінің ортақтығына назар аудару; 
-Көрнекі қайраткерлердің де, қарапайым халық өкілдерінің де тарихтағы, халық алдындағы қызметін, еңбегін көрсету; 
-Туған өлке материалдарын тиімді пайдалану; 
-Отансүйгіштік сияқты тамаша қасиеттерді өркендетуге байланысты мемлекет пен үкімет тарапынан қабылданған құжаттарды пайдалану. 
Ұлы тұлғалардың қаһармандық жолдары бүгінгі жас ұрпақты патриоттық тәрбиеге баулудың темір қазығы деп сенімді түрде айтуға болады. Сабақта ағымдағы жылдары болып жатқан басты қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени саладағы маңызды жаңалықтарды, жетістіктерімізді кеңінен әңгімелеп, пікірталас, зерттеу, жобалау әдістерін қолданып өткізу оқушының танымдық қабілетімен өз тарихына деген қызығушылығын арттырады. 
«Ел боламын десең бесігіңді түзе» деп М.Әуезов айтқандай, ел болашағы қазіргі жас жеткіншектің қаншалықты білімді, тәрбиелі болуына байланысты. Осы мақсатта барлық жұмыстардың нәтижесін үнемі бағалап, зерттеп, қорытынды жасап отырудың маңызы зор. Әрбір оқушыға өз мемлекетіне, оның бай тарихына, болашағына деген жауапкершілігін сезіндіретін әрекет жүйесін жасауымыз керек деп білемін. 
Өткен мен бүгінгіні таразыға сала алатын, келешегінің сабағын ертеңіне бағдар еткен рухтағы асқақ, жандары таза жастарды тәрбиелеу – бүгінгі күннің міндеті. Білімнің іргетасының беріктігі – болашақтың мықты болуына негіз. Тарих сабағында оқушылардың елін, Отанын сүю сезімін қалыптастыру, ерлік рухын ояту- тарих мұғалімінің басты парызы. Біздің міндетіміз – айқын, алған бағытымыз – дұрыс. Ендеше Тәуелсіздігіміз баянды, тұтастығымыз берік, елдігіміз мәңгі болсын! 

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.«Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ», атты халыққа арнаған жолдауы. « Егемен Қазақстан» газеті, 2014, 17 қаңтар . [1] 
2. Сатай Сыздықов. «Мәңгілік Ел» Бұл көне тарихтан тін тартқан идеяның жаңа дәуірмен ұштасуы», «Егемен Қазақстан» 2014 ж 4 желтоқсан 
3. Амангелді Айталы. «Мәңгілік Ел» идеясының тарихи тамыры», «Егемен Қазақстан», 2014 ж 26 ақпан Тәрбие.орг сайтынан «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтары және мәні. Баяндамалар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Қойшекен Светлана Жақсығұлқызы

Атырау облысы Исатай ауданы Аққыстау орта мектебі Тарих пәні мұғалімі


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее