Т.Жармағамбетов атындағы орта мектебі
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы:
«Тәуелсіздік – қазақтың сан ғасырлық арманы»
7 ә сынып
Өткізген: Елубаева Г.А
2016-2017 оқу жылы
Тақырыбы: «Тәуелсіздік – қазақтың сан ғасырлық арманы»
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының тарихын түсіндіру, халқы үшін, жері үшін құрбан болған батырлардың ерлігін дәріптеу, оқушыларды елін, туған жерін, халқын сүюге, патриоттыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Желтоқсан желі», «Желтоқсан туралы слайд», суреттер.
І. Гимн орындалады.
ІІ. Кіріспе (мұғалім).
Алдымызда еліміздің ұлық мейрамы – Тәуелсіздік күні келеді. Иә, бұл мереке – ұлық мереке, шын мәніндегі ұлы мереке. Бабалардың талай ғасыр аңсаған арманына біздің ұрпақ қол жеткізді. Бұдан артық қуаныш бар ма! Адамның ең басты бақыты – Тәуелсіздік. Ұлттың да басты бақыты – осы. Ендеше, барша қазақ өз бақыты үшін десек қателеспейміз. Біз биыл бұл мерекені 25-шы рет тойлағалы отырмыз.
ІІІ. Негізгі бөлім
І-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар . Сіздерді еліміздің ең атаулы мерекесі 16-желтоқсан – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз. Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де, ұмытылмайтын оқиғалар болды.
ІІ-жүргізуші: 16-желтоқсаннан кейін арада бес жыл өткенде 1991жылдың желтоқсан айының 16-сы күні қазақ елі шынайы тәуелсіздік алды. Тәуелсіздік бұл басымызға қонған бақ, бақыт!
Ән: Туған жер. Сәти Шұғыла, Қайрат Айдана
І-жүргізуші 2003 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығы мен Тәуелсіздік жылы деп жариялануда үлкен мән бар. Өйткені қорытындылап, барды бағалап, болашақты белгілейтін кезең осы. Осындай мақсатты ойға ала отырып, 7 «ә» сынып оқушылары дайындаған «Тәуелсіздік – қазақтың сан ғасырлық арманы» атты ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз!
І жүргізуші:
Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің бүгін кенеле бер,
Мейрамың құтты болсын, тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы келе берер.
ІІ жүргізуші:
Тәуелсіздік.
Тәуелсізбін мен бүгін,
Келді, міне азаттығым, теңдігім.
Бостандықта байлығым мен ендігім,
Шешіл енді шемен болған шерлі үнім!
Өзіңдікі -Елің де,
Өзіңдікі – Жерің де
Өзіңдікі өзің еткен Бақ- Тәуелсіздік төріңде!
Қанатыңнан қайрылып,
Қыр -арқаңнан айрылып
Қонақ-
Тәуелсіздіктен,
Қала көрме айрылып!
Мұғалім: Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген… Ж. Молдағалиевтің осы өлең жолдары қазақ деген дана халықтың бүкіл болмысы мен өмір жолын айғақтап бергендей: ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама, 30-жылдардағы ашаршылық, 37- жылдардағы нәубет, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысы, желтоқсан көтерілісі: Тәуелсіздіктің құны міне осындай…
ІІ жүргізуші:
Шарықта, шарла көкті көк байрағым,
Арманым, Азаттығым, көпке айғағым.
Мен сенің салтанатты сағатыңа
Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.
Ал самға, әлем кезіп, Әнұраным
Қалықта Елтаңбасы- шаңырағым.
І жүргізуші: Бостандық! –деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді,
қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн, бір жыл, бір мезет емес, талай ғасырларға созылған.
Осы арпалысты жай тілмен тарих дейді. Ендеше тарих беттеріне тағы бір зер салайық.
IІ оқушы: Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Енді осы кейбір тарихи оқиғаларды еске түсіріп өтейік. (Видео көрсету)
IІІ оқушы / Шұғыла/:
Озбырлық күшпен тұншығып,
Үміттің оты өшкен күн.
Жанына таппай бір шындық,
Ер Қайрат қыршын кеткен күн.
Қайғы езіп, елдің еңсесін
Жаншыды-ау жанын батпан күн!
Көрініс. Қайсар рухты Қайрат
Пьеса авторы және қоюшы-режиссер --.Елубаева Г
Рольдегілер:
Қайрат -- Орынбасаров Нұртілеу
Қайраттың анасы -- Қайрат Айдана
Қайраттың әкесі -- Кәдірхан Бектұр
Қайраттың інісі -- Жолдыбай Нұртөре
Сыныптас қыз – Дүсіпбек Іңкәр
Студенттер – Ахметов Әкімжан, Орынбаева Меңсұлу, Сәти Шұғыла
Милиционерлер – Қуанышов Алмат, Қанатұлы Ерсанат
Түрме сыпырушы – Досқұлов Дарияр
Мұғалім::
Қазақ халқын дүниежүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рұсқұлбеков, Ләззат Асанова, Жансая Сабитова, Ербол Сыпатаевтарды еске алып, олардың рухына тағзым ету парызымыз. 1986 жылдың желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғар шашып кетті, бостандық үшін өрімдей жап-жас қыз-жігіттер құрбан болды. Біз әрдайым Қайраттың от жүрек үніне, қыздардың намысын қорғаған ерлігіне, күнәсіз күйіп кеткен келбетіне бас иеміз.
Желтоқсан құрбандарын еске алып, 1 минут үнсіздік жариялаймыз. Ж.Ә.Тінәлиевтің «Желтоқсан желі» әні орындалады. Хор.
V оқушы / Меңсұлу/:
Қасиетті Қазақстаным, мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, Жерім, Отаным, бақ- дәулетім,
Болашағым, өнер-білім, өркенім.
Қазақстаным, қастерлі мәңгі дастаным,
Парақтап сені киеңді түсіне бастадым.
Сен менің арым, бағым, барымсың,
Халқыма әр күн бейбіт болсын аспаның!
Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,
Қазағымның өркендеді елдігі.
Құрбан болған Тәуелсіздік жолында
Ағалардың ұмытылмас ерлігі.
ІІ жүргізуші: Тәуелсіздігіміз жарияланғаннан кейінгі аз уақытта өңіміз түгіл түсімізге енбеген оқиғалар болды, сол жетістіктерді атап өтейікші.
І жүргізуші: Желтоқсан оқиғасы- біздің тәуелсіздігімізді дүние жүзіне мойындатқан күн.
1991 жылы 16-желтоқсан – ел тарихында кейінгі ұрпақ мәңгі қастерлеп, ардақтап өтетін күн.
1991 жылы 1- желтоқсанда еліміздің түңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
1991 жылы 29- тамызда Семей полигоны жабылды.
1992 жылы 2- наурызда ҚР дүниежүзіндегі ең ықпалды және беделді Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды.
ІІ жүргізуші:
1992 жылы 8- мамырда кең байтақ елімізді қорғайтын қуатты Республика Ұланы құрылды.
1992 жылы 4- маусымда ҚР-ң Жоғарғы Кеңесінің сессиясында еліміздің мемлекеттік рәміздері қабылданды.
1993 жылы 15- қарашада мемлекетіміздің ұлттық валютасы теңге айналымға енді.
І жүргізуші:
1993 жылы 2- қарашада ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Ұлы Абайдың 150 жылдығы тойланды.
ІІ жүргізуші:
Армандаған күнге де жеттік.
Мемлекеттік егемендігімізді алып, тәуелсіз ел болдық.
І жүргізуші: Тәуелсіздіктің көк байрағы желбіреп, әнұран қабылданды. Қазақтың жаңа астанасы бой көтергеннен бері 18 жылдың ішінде әлемді сүйсіндірді, сұлулығымен таң қалдырды. Бас аяғы 25 жылдың ішінде Қазақстанды бүкіл әлем таныды.
IІ оқушы / Айда / :
Қазақстан! Туды алтын дәуірің,
Алғандайсың жұлдыздардың жарығын.
Алтын заңың құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
IІІ оқушы /Мейірхан/:
Ұлан-байтақ жеріңді
Бөтен ел таптамасын!
Ешқандай жау аттамасын!
Ие болып өзің туған жеріңе,
Жер-ана қызмет етсін еліңе,
Атом жарылмасын төріңе,
Ие болып, қорғасақ,
Жетер анық, өзіңдікі өзіңе.
IVоқушы / Дарияр/ :
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік- ел бақыты, ертеңі,
О, халайық, құтты болсын қуаныш!
I оқушы / Қонысбек/:
Далада думан, қалада думан жыр бүгін
Ғасыр бойы аңсайда күткен бұл күнім.
Жасай бер, жаса
Қалдырған бақыт бұлбұлым.
Хормен: Жаса, Қазақстан!
IІ оқушы / Асылханым/:
Жиырма жыл, жиырма жыл азаттық,
Өзімізді құрсаудан да босаттық.
Ақтадық біз ата-баба үмітін,
Қолда қазір көк ту менен бостандық.
IVоқушы /Ажар/ :
25 жыл, тәуелсізбін, дербеспін
Күмәндана қоймас бүгін енді ешкім
Бодандығым ғасырларға жалғасқан
Қазір, міне артта қалды келмес күн
Vоқушы / Іңкәр/:
Тауелсіздік тұғыры ғой бұл елдің,
25 жасың құтты болсын нұр елім.
25 жылда шықтың талай белеске,
Қазақстан жасай берші гүл елім
I оқушы /Әкімжан/:
Әрқашан да мақтанамын жеріме,
Қазыналы, дархан, байтақ еліме.
Ешбір қала тең келе алмас өзіңе,
Тілеймін мен бейбітшілік еліме.
І-жүргізуші:
Туған жерді сүю – парыз
Сүю үшін білу – парыз
Қасиетін ұғу – парыз
Күзетіне тұру – парыз
ІІ-жүргізуші
Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі.
Ән: «Ризамын». Егізбаева Ажар, Дүсіпбек Іңкәр
2-жүргізуші //:
Көгілдір аспанымыз ашық болсын!
Күніміз жарқыраған жарқын болсын!
1-жүргізуші /:
Төзілген мейірім мен шапағатқа,
Төрімде тәуелсіздік құтты болсын!
2-жүргізуші / /:
Тәуелсіздік жырын жырлап ғарыштан,
Қазағыммен бүкіл әлем танысқан.
1-жүргізуші / /:
Келешегі кең өрісті, кемелді,
Жайна мәңгі тәуелсіз ел – Қазақстан!
2-жүргізуші / /:
Мәңгілік азат елдің Сен белгісі,
Мемлекет мерейінің сенген күші.
«Жасасын, еркін Қазақ!»- деп шаттанар,
Шалқалап сол биіктен көрген кісі.
1-жүргізуші / /:
Шарықта, шарла көкті көк Байрағым,
Арманым, Азаттығым, көпке айғағым.
Мен сенің салтанатты сағатыңа,
Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.
2-жүргізуші / /:
Ал самға әлем кезіп, Әнұраным,
Қалықта Елтаңбасы - шаңырағым.
Жолдарың ашық, жарқын болсын,
Тәуелсіз елдің ұрпақтары.
Еліміз әрқашанда тыныш болсын - дей келе бүгінгі ашық 16 желтоқсан Тәуелсіз Қазақстанға 25 жыл жылдығына орай өткізген тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймыз.