«Зима 2025»

Тәуелсіз елім – тірегім!

Тәуелсіздікке 25 жыл толу салтанатына орай іс - шара ұйымдастырылды.

Олимпиады: Всеобщая история 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Менің махаббатым менің жерім - Қазақстан

Мақсаты: Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы тарихына шолу.

Ата – бабамыздың ғасырлар бойы аңсап өткен тәуелсіздік жолындағы күресіне тоқталу, ұлттық сана, ұлттық болмысымызды қалыптастыру, өз елін, жерін сүюге патриоттық рухта тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Елбасының әр жылдағы Жолдауындағы қанатты сөздері, слайд, шарлармен безендіру.

Барысы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны ойналып, барлығы қосылып орындайды.

Күмбірленген күй дауысы естіліп, ортаға екі жүргізуші шығады.

1 – жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Менің махаббатым менің жерім - Қазақстан» атты тарихи кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Біз – қазақпыз!

Есігі - ашық, төрі – кең,

Жылап өттік жылдар өмір өрінен

Жетер енді, желпінейік, қарайық,

Мына өмірге игілердің көзімен.

2 – жүргізуші:

Жағасына жауының жетіп қолы,

Тартып алған Тәуелсіз күшпен өткен.

Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы,

Олжа емес салбырап түскен көктен.

Қуаныш аралас қасіретпен,

Ерлік жолда қаншама ғасыр өткен.

Еркіндігін ерлігін сақтау үшін,

Талай ердің бұл жолда басы кеткен.


1 – жүргізуші: Біз қазақ елінің тәуелсіз мемлекет атанып, көк туы желбіреген жұлдызды сәтін өз көзімен көру пешенесіне жазылған ұрпақпыз.

Қай халықтың да ең ұлы мұраты, ең ізгі арманы ел болу, тәуелсіздік туын биік ұстау, азат ғұмыр кешу. Ата – бабаларымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған арманы орындалған күн – қасиетті Тәуелсіздік күні.

Ән: «Қазақ осы» Марал


2 – жүргізуші: Тарихқа көз жүгіртсек, қазақтың нағыз батыр халық екенін мойындайсың. Жүгі – нарда, қазаны теңде болып, көшіп – қонып өмір сүрген ата – бабамыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап қадірлеген. Ол – ел, жер және ана тілі. Халқының тәуелсіздігі үшін отқа түсіп, даңқы жер жарып, аты аңызға айналған ерлер кімдер еді?

1 – жүргізуші: Қазақ өз тарихында ұлт ретінде талай мәрте жойылып кете жаздап, тағдырдың талай ащы зары мен тауқыметін тартты. Әдетте, біз қазақ ұлысының қалыптасуын, Қазақ хандығының жеке орда тігуін Жәнібек пен Керей хандарының есімімен байланыстырамыз.

Қазір сол кезеңнен көрініс көрсетеміз, өйткені ол кезең қазақ халқының болашағы үшін шешуі тарихи сәттердің бірі болған.


Тарихи қойылым: Керей, Жәнібек сұлтандардың халықпен ақылдасуы,

Керей: О, халайық, халқымыздың басынан қиын – қыстау кезеңдер келді. Әбілхайыр хандығы құлдырау үстінде. Шығыстан төнген жауға әйел, бала – шағамызды құлдыққа бермейміз. Осы мәселені бірлесіп шешкен жөн.

Жәнібек: Ел болып, өз жерімізге басқару жүргізетін кез келді. Ел болам деген жұртқа ең ыңғайлы кезең. Осы кезеңді пайдалана алмасақ, енді басымыз бірікпеуі мүмкін. Оның үстіне жат елдердің хандары мен патшалары да ауыздарын арандай ашып тұр. олардың қолына түсіп, талан – тараж болып кетуіміз де мүмкін. Қазақ деген атпен жеке дара мемлекет құрайық.

Халық дүбірлесіп, талқылауда:

«Сұлтандардың айтқаны жөн. Иә, жеке мемлекет құрайық, мемлекет қазығын қағатын кезең - осы».

Жәнібек: Ендеше, қазақ руларының игі жақсыларын жинаңдар. Хан кеңесін өткізейік. Қазақ рулары ендігі жерде бір тудың астында біріккен қазақ мемлекеті болсын.


Ән «Елге салем» Нұрлан Ережеп


1 – жүргізуші: ХҮІІ ғасырдың 20 жылдары жоңғарлар Жетісу жері арқылы Қазақстанға баса – көктеп кірді. Қазақ халқы 100 жылдан астам уақыт жоңғарлармен күрес жүргізді. 1723 жылы басталған қазақтардың босуы «Ақтабан шұбырынды» деп аталды. Қаһарлы жаудан үріккен бейбіт халық шұбыра – көшіп, қырғынға ұшырады. Қазақ батырлары жоңғарлардың шапқыншылығына қарсы табан тірескен күрес жүргізді. бұл күрес қазақ халқының өз бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы бүкіл халықтың күресіне айналды.


Оқушылар «Ақтабан шұбырынды» кезеңінен тарихи қойылым көрсетеді.


2 – жүргізуші: 1723 жылы қазақ халқы айтқысыз зор зобалаңға тап болды. Ата - қоныс, құтты мекен, мал – мүлкінен айырылған, жаяу шұбырған халық қаңғырып, қыстың ақ қар, көк мұзында малы жұттан, үсіп өлді. Ашаршылыққа ұшыраған халық өсімдік тамырларын, жау жұмыр, алғыр, қозықұйырық сияқты жабайы өсімдіктерді теріп жеп, қайыршы күн кешті. (әйелдер, балалар, қарт пен ана шығады).

Қария: Уа, ел жұртым! Мынау қандай заман болды, жұртымның тоз- тозы шықты. Көш кетіп барады, елім аштан қырылуда.

Ана: Құдайым – ау, біз болсақ қартайдық, ең болмаса мына балаларға жәрдемдес, осылар тірі болсыншы, елім аштан қырылуда.

1 – Қария: Адам баласы өмірде көрген жақсылық пен жамандықтың бәрін ұмытпауы керек. Біз осы көрген күнімізді не деп атасақ екен?

2 – Қария: Бұл «Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама, ақ мешін» болсын. Мұның мәнісі, Атамекен мал – мүлкінен айырылған аш – жалаңаш, босқан ел шұбыра – шұбыра табаны ағарып, азып тозды, ел жұртынан айырылды.

1 – Қария: Дұрыс айтасың, қария, әбден шаршадым, қалжырадым, біраз әлденіп алайық.

«Елім - ай» әні айтылады. Соңынан бәрі орындарынан тұрып, бастарын иіп сахнадан шығады.


2 – жүргізуші: Қазақты ел еткен Әз Жәнібек, Тәуке хан, Абылай хандар, жерін қорғаған Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сынды батырларымыз. Елге ақыл айтқан, дауларын шешкен Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер еді.


Осы билердің даналығын тарихи көрініс арқылы тамашалаңыздар


Абылай хан: Уа, халқымның көсемдері, осынау қиын – қыстау заманда ел басына «жоңғар» деген атпен қара бұлт төніп тұрған жағдайда, халықты біріктірер қариялар өздеріңіздер. Маған сіздердің ақыл – кеңестеріңіз керек.

Төле би: Дұрыс, ел болып біріксек, ешқандай жау бізді ала алмайды. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді».

Тұрған жерін тұрақтаған тұғыры биік ел едік, іргемізді ірітпей, бір жеңінен қол шығарып, атам қазақтың елдігін сақтап қалар кез келді.

Қазыбек би: Әр руға шабандоздарымызды жіберейік, халыққа хабар айтсын.

Әйтеке би: Жөн. Ел ішінен қол жинауымыз керек. Рулар арасындағы кикілжіңді артта қалдырып, айбарлы батырларымыздың басын біріктіріп, қас жауымызға қарсы шығайық.

Абылай хан: Туған жерді өзгелерге бермейміз, туған елді басқаларға билетпейміз. Үш жүз алаш біргіп, жерімізді қорғаймыз!

1 – жүргізуші: Қазақ халқының тарихы арпалысқа толы, жер бетінде бар болу, не жоқ болу деген жан кешкен тынымсыз заман еді.

Дос, іздедім жау тисе, болысатын,

Қыс қыстап, жаз бірге қонысатын,

Еділ, Жайық, Ертісті жағаладым,

Үміт көрдім құдіретті Ресей елін!

2 – жүргізуші: Жеке хандық құрылғанымен, қазақтың басына баянды бақ пен бейбіт өмір орнай қалмағаны да белгілі. Ел басына күн туған сол бір алмағайып замандарда бүкіл қазақ бірігіп, тізе қосып, елін сақтап, жерін қорғап қалды. Сырым, Исатай, Махамбет, Жанқожа, Есет батыр, Райымбек сияқты алып батырларымыз азаттық үшін күресті. Абылайдан кейін бодандық қамытын киген қазақ халқын бір тудың астына біріктіруді көксеп, тәуелсіздігі үшін тәуекелге бас тіккен Кенесары хан да осы өңірде күресіп өткенін білесіздер. Жалпы, осы заманда қазақ сахарасында 350 – дей ұлт- азаттық көтеріліс болды.

Ән.... Атамекен


  1. жүргізуші: Енді бұрынғыдай атқа мінгізіп, зеңбірекке қарсы шауып, қанға бөккеннен мән шықпайтын еді. Ендігі жол – қараңғы қазақ халқының санасына сәуле шашып, өнер білім арқылы ұлттық санасын оятуды ойлаған қазақ зиялыларының жолы. Олардың із ашары ұлы Абай болса, шоқан, Ыбырай, Міржақып, Сұлтанмахмұт сияқты тұлғаларды тарих беттерінен оқып білеміз.

  2. жүргізуші: Өткен ғасырдың басында тарих сахнасында: «Оян, қазақ!» - деп жар салған зиялылардың жаңа шоғыры шықты. Дербес мемлекет құруды аңсап, азаттық жолында бастарын бәйгеге тіккен Алаш қайреткерлерінің бәрі де тоталитарлық өктемдіктің құрбаны болды. Сол кезде саны бес миллионға жетіп қалған қазақ халқы бірер жылдың ішінде тең жарымынан айырылды. Көпшілігі аштықтан, қалған қазақ айдалып кетті, атылды, жер аударылды. Сәкен, Ілияс, Бейімбет, Тұрар, Мұстафа, Әлихан, Ахмет ағаларымыз сол нәубәттің құрбаны болды емес пе?


  1. жүргізуші: Тағы да тарихтың жаңа бетін ашамыз

1941 жылы 22 маусым 3 сағат 55 минут


«Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва! Бүгін – 22 маусым күні сағат төртте неміс басқыншылары Кеңес Одағының мемлекеттік шекарасын басып кірді».

  1. келіншек: «Соғыс, соғыс» дейді естідіңіздер ме?

  2. келіншек: Сұмдық – ай, соғыс дей ме? Енді қайттік? Күніміз не болар екен?

Ана: Қойыңдар! Жамандық шақырмаңдар! Ел шетіне жау тисе, арқа сүйер азаматтар бар емес пе?

Қария:

Ат басына күн туса,

Ауыздықпен су ішер.

Ел басына күн туса,

Етігімен су кешер, - деген.

Ер – азамат: «Отан үшін отқа түс, күймейсің» деген дана халқымыз. Ел қорғауға ер намысымен аттанған біздің алдымызда үлкен белес жатыр, Туған елдің келешегін сақтауға біз міндеттіміз! Ендеше, Отан үшін аттанайық!


  1. жүргізуші: Иә, «Жеңіс» бізге оңай келген жоқ. Бұл қасіретті соғыста 70 миллион адам құрбан болса, соның 25 миллионнан астамы Кеңес Одағынан, ал 650 мыңнан астамы қазақ болды. Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс ұшін деген ұран ір адамға жалынды күш берді. Кеңес Одағының батыры тағын алған Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Төлеген Тоқтаров, Мәлік Ғабдуллин, Рақымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсенов сияқты ағаларымыз болса, Әлия мен Мәншүк сияқты апаларымыздың ерлігін ешқашан ұмытпаймыз.

Ән.. «Қазақ елі»


  1. жүргізуші: Иә, тарих қойнауында тағы да бір тарихи кезең. Ол 1986 жылдың 16 желтоқсандағы Алматыдағы қазақ жастарының көтерілісі еді. Желтоқсан құрбандары Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ляззат Асанова тәуелсіздік жолында құрбан болды. Тәуелсіздік үшін арпаластың соңғы нүктесі. Сол кезде әділетсіздіктен қазақ жастарын қорғап, өзінің азаматтық сөзін айта білген халқымыздың патриот ақыны Мұхтар Шахановтың өлең жолдарын тыңдайық.


Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы!

Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның,
Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның.
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның!
Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнің,
Уақытыңның талабына дөп келсе де ұраның,
Уақытыңның әділетсіз соққысынан құладың.
«Нашақор» деп, «маскүнем» деп айыпталдың, ұланым.
Саған жапқан сол жаланы естіп үнсіз тұрғанша,
Керең болып қалмады екен неге менің құлағым.
Айналайын, айналайын, жас қайратым, қыраным!
Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған,
Намысыңды жықпай өттің нәубет, дүлей маусымнан.
Жасып қалған шақтарымды жігер алдым бойыма,
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.
Жә, не деген нүктесі көп, бүкпесі көп өмір ең...
Төрт жыл өтті шындық күліп шыққанынша көгінен.
Оқ бойы озып тұрыпсың-ау сол аумалы кезеңде-ақ,
Пышаққа сап бола алмайтын әкімдердің көбінен.
Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы!
Өздеріңдей ер намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!
М.Шаханов

«Желтоқсан желі» СР – 7 тобы


  1. жүргізуші: 1991жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін жариялады. Елдің әлеуметтік саяси экономикалық дамуындағы табыстары Қазақстан басқаруда бірден бір дұрыс стратегиялық бағытты таңдап ала білді. Елбасының салиқалы саясаты нәтижесінде әлемге қазақ елінің аты әйгілі болуда.

  2. жүргізуші: Әлемдік бәсекеге төтеп берудің басты күші – рух пен білім. Өз Отанының патриоты болу. Оның жеріне деген сүйіспеншілік, оның тарихы мен мәдениетіне деген зор құрмет. Ендеше, еліміздегі соңғы жақсы жаңалықтармен бөлісейік!

1 – жүргізуші Қазағым қуанатын туды күнің,

Назарын әлемге бізге бұрды бүгін! – деп ақын ағамыз жырлағандай 2010 жылдың

желтоқсаны тарихқа алтын әріптерімен жазылатын күн. Иә, бұл күн қазақ болғалы, тәуелсіз ел болғалы айшықты күннің бірі.

Астана қаласында мемлекет тарихында тұңғыш рет Орта Азия елдерінің басшыларының қатысуымен ЕҚЫҰ-ның Саммиті өтті. Саммитінің Астанада өтуі – мемлекет үшін де, еліміздің әрбір азаматы үшін де биылғы жылдың басты оқиғасы.

2 – жүргізуші Күні кеше гана елімізде Ақ Азиада ойындары өтті. Азияда – жарты әлемнің байрақты бәсекесі болды. Атап айтқанда, Қазақстан құрамасы 70 медальға ие болды. Оның ішінде 32 алтын, 21 күміс пен 17 қола медаль бар. Елбасы «бұл жеңіс – қазақстандық спортттың нағыз триумфы» - деп атап көрсетті.

1 – жүргізуші Бүгін қазақ халқы өзінің көптеген аңсаған арманына жетті. Егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болды. Халқының ар-намысы үшін қаза болған ұл-қызы ақталды. Өшкені жанып, өлгені тірілді. Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Мемлекетімізге жарқын болашақ, елімізге саналы ұрпақ тілейміз. Айымыз үнемі оңымыздан тусын, ағайын! Осымен «Менің махаббатым менің жерім - Қазақстан» атты кешіміз аяқталды. Көріскенше сау болыңыздар!  

Ән «Жаса Қазақстан!»  

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее