«Зима 2025»

Тәрбие сағаты Тақырыбы: Этика және біз

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Шаған жалпы орта білім беретін мектебі.

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Этика және біз

Сынып жетекші: Ханов Ш.У

2016-2017 оқу жылы

Олимпиады: Обществознание 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Тәрбие ісінің меңгерушісі: _____________________

Күні:

Тақырыбы: Этика және біз

Мақсаты: адамдармен қарым-қатынаста мінез-құлықтың негізгі этикалық талаптарын меңгеру, сыйпайылыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Түрі: Брейн-ринг


Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сәлемдесу,

2.Сыныптың тазалығына назар аудару

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.


Даярлық жұмыстары: 
-класс сағатын даярлап және өткізу үшін сыныпты бірнеше 4-5 командаға 6 оқушыдан бөлу керек;
-әрбір команда капитанын сайлап, осы тақырып бойынша 1-2 апта даярланады;
-ойын өткізу үшін мыналар қажет:
-2 стол;
-Гонг;
-Секунттық стрелкасы бар үлкен сағат немесе секундомер;
-Командалардың жауап беру кезеңін анықтау үшін сигнал беретін ысқырғыш;
-Төрешілер алқасы;
-Сұрақтар мен жауаптар анық қылып бөлек-бөлек карточкаға жазылады;
-Жағдайларды көрініс түрінде көрсетуге болады.

Ойынның ережесі: 
1.Ойын 6 ұпайға дейін жүреді;
2.Команданың кезегі жеребе бойынша анықталады;
3.Талқылау 1 минуттан аспайды;
4.Бірінші сигнал берген команда жауап береді;
5.Жеңген команда басқа командамамен ойнауы керек.

Сұрақтар:
1.Бір-бірімен қалай сәлемдесуге болады және қандай жағдайларда?

2.Ғимаратқа кіргенде кім бірінші амандасады? (жасына немесе жынысына қарамай кірген кісі бірінші амандасады)
3.Біз адамдармен бірінші кездескенде кім бірінші болып амандасады? (әйел адам, ер адам, кішілері үлкендері, бастық) (үлкен кішіге қолын береді, әйел адам ер адамға т.с.с.)
4.Көшеде кім бірінші амандасады, тұрғаны ма, әлде кіріп бара жатырғаны ма? (қтіп бара жатырғаны)
5.Ер адам мен әйел адам ғимаратқа кірейін деп жатыр, қайсысы бірінші кіреді? (әйел адам бірінші кіреді)
6.Ер адам мен әйел адам театрда, кинозалда орнына отыруы керек. Кім бірінші жүреді? (ер адам орынды іздеп бірінші болып жүреді)
7.Ер адам мен әйел адам баспалдақпен көтеріліп және түсіп келеді. Кім бірінші жүреді? (екеуінде де ер адам, жоғары көтерілгенде – ер адам, төмен түскенде әйел адам)
8.Ер адам мен әйел адам транспортқа немесе шыққанда кімге бірінші жол беріледі?(бірінші болып әйел адам кіреді, сосын ер адам, шыққанда керісінше)
9.Телефонмен сөйлескенде кім бірінші болып амандасады? (телефон соққан кісі өзін таныстырып, бірінші амандасады)
10.Егер телефон сөйлесу үстінде байланыс үзілсе кім қайта звондайды? (звондаған адам)
11.Қандай уақытта жай және демалыс күндері телефон соғуға болады? (жай күндері: 8.00-11.00, демалыс және мейрам күндері: 9.00-11.00)
12.Сіз қонаққа сыйлықпен және гүлмен келдіңіз.Оларды қалай беру керек? Сыйлық алушы не істеу керек? (гүлді сол қолға ұстайды, сыйлықты ашып береді. Сыйлықты алған кісі сыйлықты ашып қарау керек)

Столды сервировка жасау. 
Стол үстінде өзін-өзі ұстау.
Бір минуттың ішінде столды приборларды дұрыстау керек: тарелка, шанышқы, пышақ, қасық, бокал, рюмка,салфетка (Столдың шетінен 4,5 см шегінің, ыдыстарды түзу сызық бойымен қояды. Тарелканың оң жағына пышақ қойылады, сол жағына дөңес жағын төмен қояды. Тарелканың оң жағына төмен қылып шанышқы қойылады. Тарелканың алдына сол жаққа рюмка, оң жағына бокал қойлады. Салфеткаларды тарелканың үстіне салады немесе әсемдеп қояды.
 

1.Сіз қызбен көшеде келе жатырсыз. Қызды танымайтын досыңыз кездесе кетті. Таныстыру қалай өтеді. (Таныстырғанда рұқсат алады, жауап ретінде қыз қолын ұсынады, атын айтады)

2.Сізге қонақтар келеді. Сіз не істеуіңіз керек? (Ең алдымен сыртқы киімін шешуді ұсынасыз.әуелі әйел адамға, киімін шешуге көмектесеміз. Отырғышқа, диванға отырғызып әңгіме бастайсыз)

3.Жігіттерге бағалы әшекей тағуға бола ма? (Жігіттерге тек галстук, булавка, сағат, сақина тағуға болады)

4.Сіз қонаққа келдіңіз. Ондағылардың бәрі сізге таныс. Сіз алдымен қалай амандасасыз? (Егер де бәрі сізге таныс болса, бәріне қол беру міндетті емес.Тек үй иелерімен қол беріп амандасуға болады, қалғандарымен жымия амандасыңыз.
Қорытынылау



Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Шаған жалпы орта білім беретін мектебі.













Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Этика және біз












Сынып жетекші: Ханов Ш.У







2016-2017 оқу жылы


























































Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее