«Осень 2024»

Тәрбие сағаты «Менің ойларым, армандарым, үміттерім»

Тәрбие сағаты «Менің ойларым, армандарым, үміттерім»

Олимпиады: Викторина "Берегите зрение, чтобы видеть мир" 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Бекітілді ___________

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

«Менің ойларым, армандарым, үміттерім»

Күні

01.09.2022

Сынып жетекші:

Ибешева Молдір Таубаевна

Сынып 9

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Менің ойларым, армандарым, үміттерім.

Сабақтың мақсаты:

Адам еңбегін бағалай білуге, еңбек адамдарын сыйлай білуге тәрбиелеу.Өз ойларын,армандарын еркін айтуға баулу


Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

Интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурс-тар

Ұйымдастырукезеңі (7 мин)


   -Нағыз еңбек неден басталады?   -Еңбек қана бар қиындықты жеңбек.

 Балалар , бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы: Білімге ұмтылу еңбексүйгіштік және отаншылдық»Балалар, еңбек сөзін естігенде ойларыңа не келеді? /Оқушылар өз бетінше ойларын жазып, қорғап шығады/.

тақта арқылы «білім», «еңбек» деген сөзге топтастыру жасау.

Сүйікті іс   күш,жігер береді. Жарқын болашақ         Қуаныш,ләззат алу ақша пайдалы өмір сүруге үйретеді, шынықтырады.

 Балалардың жауаптары тыңдалып болған соң, мұғалім толықтырып, адамның өмір сүруіне қажеттінің барлығы еңбекпен келетіні түсіндіру

Итальяндық ғалым, суретші Леонардо да Винчидің «Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді» деген екен. Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады. 

 Адамның адам болуында еңбек шешуші роль атқарған.  Адамзат еңбекті, еңбектің құралдарын жетілдіре отырып, өзі де жетіліп кемелдене берген. Сондықтан қоғамның даму тарихын еңбек пен еңбек құралдарының өзгеру, жетілу тарихы деуге де болады. Тіршілік жағдайының қиындауы еңбекті күрделендірді. Ф. Энгельс айтқандай «Адамды адам еткен- еңбек»

     

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.







Компьютер























Сабақ басы (13 мин)












Еңбектену  тек адамға ғана тән деген пікірмен келіспеймін. Жануарлар да дамыл таппай еңбектенеді ғой. Жануарлар қалай еңбектенеді екен? Алдымен соған мысал келтірсеңші, сонда ойың дәлел болар еді ғой. Сен «Құмырсқа елінде» деген әңгімені оқыған шығарсың. Құмырсқа илеуінің ішінде қаншама «бөлмелер» бар. Әр бөлмені пайдалану ретіне қарай «аналық құмырсқа бөлмесі», «балалар бөлмесі», «азық қоймасы»  т.б. деп атауға болады. Сондай-ақ бал арасының қалай ұя салатынын айтсақ та жетпей ме?

 Мысалдарың тамаша! Жануарлар да еңбектенеді екен. Бірақ қанша еңбектенгенмен адам еңбегінің олардан зор айырмасы бар ғой.

Қандай айырмасы бар?  Адам еңбегі оймен, санамен, ақылмен істеледі. Табиғат заттарын өңдеп, өзіне қажет, табиғатта кездеспейтін бұйымдар жасайды. Адамнан басқа қандай жануар арнайы шам жасап қараңғыны жарық етеді?



Оқушылар ойларымен бөліседі













презентация

 











Ортасы (20 мин)


     Оқушылардың мектептегі және қоғамдық пайдалы іс- әрекеті оның кейін әлеуметтенуіне үлкен әсерін тигізеді. Мамандық таңдауына, рухани құндылықтарға ие болуына, әртүрлі адамдармен араласуға, мінезінің қалыптасуына әсер етеді.


 Енді оқушылардың сіздерге қояр сұрақтарымыз бар. Сол сұрақтарға кезек берейік.

1.Өз мамандығының шебері болу үшін адамөзін-өзі қалай дайындау керек деп есептейсіз? 

2.    Өзіңізді еңбекқормын деп санайсыз ба?   Еңбекқорлық адамды қандай қасиеттерге баулиды?

3.    «Адал еңбек» деген ұғым нені білдіреді?

4.    «Еңбектің жемісі»  дегеніміз не?

5. Адамның бойында қандай қасиеттер болғанда жетістіктерге жетуге болады?

6. Қандай мамандық таңдауға кеңес берер едіңіз?

7. Осы мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?

   8   .Сіздің ше мамандықты дұрыс таңдау дегеніміз не деп ойлайсыз?

9. Ұстаз болу сіздің бала күнгі арманыңыз ба еді?

10. Бүгінгі таңда жастардың көбі ұстаз болуды   қаламайды, керісінше заңгер, банкир, экономист  т.б мамандықтарды құрметпен бағалайды. Мұның себебі неде деп ойлайсыз?

  Пайдалы кеңестер. /сергіту  сәті/

Дәптермен жұмыс

Ұлағатты сөздер

Өмірде үлкен еңбексіз ештеңеге де қол жетпейді.                                ( Гораций)

    Талап, еңбек, терең ой

    Қанағат, рақым, ойлап қой –

    Бес асыл іс көнсеңіз. (Абай)


    Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас,

    Қардың суы секілді тез суалар. (Абай)

Тамағы тоқтық,

Жұмысы жоқтық 

Аздырар адам баласын                       (Абай)


     Еңбексіз өмір кешуге жол жоқ.

    Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен.            (М.Әуезов)

Елге сіңірген  еңбек жақсы,

Еңбекті елеген ел жақсы. (Спандияр Көбеев)                                         

Еңбектегі әр минут- бір несібе. (Ғафұр Ғұлам)


Терлеп еңбек етпегенннің тілегіне  жеткенін көргенім жоқ. (Бауыржан Момышұлы)


Қандай мұратың болса да  өз еңбегіңе сен, басқаға телмірме. (Ғабдолла Садықұлы)



Сұрақтарға жауап береді






Презента-ция

Соңы






 Қорытынды бөлім

                       -Нағыз еңбек неден басталады?   

 «Жас бала анадан  туғанда екі түрлі  мінезбен туады: біреуі –ішсем,жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар тәннің құмары. Біреуі білсем екен деп туады. Не көрсе соған талаптанып. Білсем  екен, көрсем екен, үйренсем екен деген. Мұның бәрі-жанның құмары деген екен Ұлы Абай атамыз.    Сабақ оқу да – еңбек. -Еңбек қана бар қиындықты жеңбек. Барлық  байлық еңбекпен келеді. Еңбексіз бос жүру адамды моральдық  жағынан  құлдыраушылыққа,  жұрт еңбегінің  есебінен күн көруге әкеліп соғады.Еңбек етпесең не қорлыққа, не ұрлыққа барасың.Еңбек қана адамның жанын жарастыққа, ризалық сезіміне бөлеп бақытты етеді.Еңбек  етсең ешкімге тәуелді болмайсың. Атың да, атағыңды  да  шығаратын -Еңбек

Қатаң ұста-бос жүрмесін сандалып,

Болсын тәртіп-бала өседі сомдалып.

Бала нені білсе жастан, ұядан.

Өле  өлгенше соны таныр қиядан.

Жас кезінде  білім берсең,қалай да-

Өсе келе қолыжетер талайға.

Тәрбиесіз бала білім ұғарма?

Олай болса уысыңнан шығарма. (ЖүсіпБаласағұн)





Оқушылар түсінеді сынып сағаты қорытындылайды








презентация






Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее