«Зима 2025»

Сызықтық алгоритмдерді программалау

Информатика мұғалімдеріне арналған 5 сыныпқа дайын материал. Өз қажеттеріңізге жаратыңыздар!

Олимпиады: Информатика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Қысқамерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: 3.8.Сызықтық алгоритмдерді программалау

Бөлім:

3-бөлім. «Рython тілінде программалау»

Педагогтің аты-жөні:

Молдабергенов Мақсат

Күні:

06.03.2024 ж.

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

3.8.Сызықтық алгоритмдерді программалау

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

6.3.2.1 Рython тіліндегі сызықтық алгоритмдерді жазу;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Программа құрастыру үшін қандай білім мен дағды қажетті екенін біледі.

Көптеген оқушылар:

Сызықтық құрылымдағы программаны құру қадамдарын пайдаланып, мысалдар келтіреді.

Кейбір оқушылар:

Сызықтық алгоритмдерге программа жазады.

Құндылықтарға баулу:

Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, қарым-қатынас жасау қабілеті, жауапкершілігі артады.

1. «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идея бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығы қалыптасады.

2. Ынтымақтастық: топтық жұмыс барысында жылулық қарым- қатынастар дамиды, ынтымақтастық дағдылары қалыптасады және сындарлы көзқарас дамиды, қарым-қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті дағдыланады.

3. Академиялық адалдық: өзгелердің идеялары мен ойларын құрметтейді, яғни академиялық адалдық принциптерін сақтайды.

4. Өмір бойы оқу, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:


Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Үй тапсырмасы

7 мин.

1.Оқушылармен амандасу.

2. Жағымды ахуал қалыптастыру («Қолшатыр» әдісі)

3. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстыру.

3. Топқа бөлу

4. Өткен сабақты пысықтау «Тарсия» әдісі.

1.Мұғаліммен амандасады.

2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.

3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.

Топтық жұмыс

ҚБ:

«Жетондар» арқылы бағалау



Интербелсенді тақта,

таратпа қағаздар,

жетон




Жаңа сабаққ

5 мин










Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Бейнеролик көрсету, түсіндіру арқылы жаңа сабақты меңгерту


Мұғалімді тыңдау, қойылған сұрақтарға жауап беру, белсенділікті арттыру

ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» , «Тамаша!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Интербелсенді тақта, X-mind бағдарламасы, Жасанды интеллект элементтері



Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

25 мин.

Постермен жұмыс.

Жаңа алынған білімдерге байланысты тапсырмалар орындату

(Блок-схема)




1 тапсырма.

Топтық жұмыс

- Әр топ берілген тапсырмаға сәйкес топтық, жұптық жұмыстар жасайды,

- Постермен жұмыс жасайды Топ ішінде пікір алмасады.

- Топтар арасында талқылау жұмысын жүргізіп тапсырманы бірлесе орындайды


Дескриптор: Жалпы – 5 балл.



  • Берілген өрнекті Пайтон тілінде жазады


  • Блок-схемасын салады

Интербелсенді тақта, А3 қағазы, маркер




Сергіту сәті

1 мин


«Нейро жаттығулар»



Түрлі-түсті А4 қағазындағы суреттер


Практикалық жұмыстар орындатату.




2 тапсырма.

Жұптық жұмыс



Дескриптор: Жалпы – 3 балл.



1. А айнымалысын енгізеді

2. Берілген өрнекті Python тілінде жазады

3. Нәтижені экранға шығарады

Интербелсенді тақта / компьютер



Төмендегі программа кодының синтаксисіндегі қателерді анықтаңдар. Бұл программа нені есептейді? Өз ұсыныстарыңды айтыңдар.

3 тапсырма:

Жеке жұмыс.



a = int(input()

b = int(input))

c = int(input())

v := a * b c

S = 2 (a * b + b * c + a c)

print( V, , S)


Дескриптор:

Жалпы - 2 балл.

  • Жоғарыдағы программа кодының синтаксисіндегі қателерді анықтайды.

  • Бұл программаның не есептейтінін айтады.


Оқулық, жұмыс дәптері



Сабақтың соңы.

Бекіту тапсырмасы.

Рефлексия

6 мин.


«Блок-схема» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, керібайланыс жасау арқылы анықтайды


Сабақты бекіту. Сабақты қорытындылауға арналған бекіту сұрақтары беріледі.

  1. Қандай алгоритмді сызықтық деп атайды? Сызықтық алгоритмге мысалдар келтір.

  2. Сызықтық құрылымдағы программаны құрастыру қандай қадамдардан тұрады?


Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. Сонымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін

«Қошеметтеу» әдісі арқылы әр топтың жалпы жинаған ұпайларына қарап жеңімпаз топты анықтау


Үй тапсырмасы

1 мин

§13, жұмыс дәптері,100 бет





Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее