«Зима 2025»

Сыныптан тыс жұмыс арқылы оқушылардың ағылшын тіліне деген қажеттілігін арттыру

Данном материале описывается о роли английского языка во вне урочной работе с учащимися

Олимпиады: Английский язык 2 - 11 классы

Содержимое разработки

СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫС АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ

АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕ ДЕГЕН ҚАЖЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ

Тлеужан Ә. Т.

Ақтөбе техника-технологиялық колледжінің

ағылшын тілі пән мұғалімі

Жеті жұрттың тілін біл,

Жеті түрлі білім біл –

Қазақстандық қоғам көпұлттық, көптілділік және көпмәдинеттілік жағдайда. Қазіргі заманғы инновациялық технология бүгінгі күні еліміздегі білім ордаларындағы білім алушылардың барлығымен тілдесуге мүмкіндік беріп отыр. «Адам өмірінің шегі бар, ал білімнің шегі жоқ» деп атап өткен Елбасы оқушы жастарды ғұмыр бойы білімнің тұңғиығына терең үңілуге шақырады. Сондықтан осы қоғамға бейімделген көп тілді меңгерген мәдениетті түлға қалыптастыру – өзекті мәселелердің бірі. Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Біз алдағы уақытта әлемдік биіктерді бағындыра беретін боламыз. Сондай биік белестердің бірі – Қазақстанның дүние жүзіндегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі. Осы мақсатқа жету үшін, ең алдымен, әрбір қазақстандық бәсекеге қабілетті болу керек» - деген болатын. Сонымен қатар Н.Ә.Назарбаев қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең кем дегенде үш тілді біліп, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін білу тиіс екендігін айтты.

Шәкірттер қазақ тілін толық әдеби нормада меңгеріп, орыс тілі мен ағылшын тілін еркін білу қажет. Ал ғалымдардың зерттеуінше, бала жас кезінде тілді қиналмай әрі еркін меңгереді екен. Осы ретте Білім және Ғылым министірлігінің ағылшын тілін бастауыш сыныптан бастап үйретуге назар аударуы – дұрыс талап. Бүлдіршін жаста меңгерілген білімнің іргетасы берік әрі мықты болмақ. Ал осы берік әрі мықты білімді санаға себелеп, жанға ұялататын әрине - мұғалім. Қазіргі кезде біздің тіліміз халықаралық, экономикалық, саяси және мәдени байланыстарын ұлғайтып келеді. Әсіресе, экономика саласында шетелдік инвестициялардың көптеп таралуы ағылшын тілін сөйлей білуді талап етеді. Қазіргі білімі мен ғылымы қарыштаған заманда ең басты мәселе оқушының танымдық белсенділігін, сыныптан тыс шығармашылық қабілетін дамыту. Қазіргі заманда орындаушы тұлғадан гөрі «шығармашылық» тұлғаға дейін сұраныс көп.

Білім ордаларының басты мақсаты:

- оқушыны әлемдік стандарт деңгейіне сай жоғары біліммен қамтамасыз ету;

- жан-жақты мәдени тұлғаны қалыптастырып өзін-өзі тәрбиелей алатын, өзін-өзі

дамытуға мүмкіндігі бар, кәсіби білім беру бағдарламасын меңгерген азамат тәрбиелеу;

-шығармашылықпен еңбектенетін қоғамдағы нарықтық бәсекеге қабілетті, өзін-өзі толық іске кірістіре алатын, функционалдық сауатты болашақ маман дайындау.

Американ ғалым философы Дейль Карнеги сөзімен бастасам, «Ең бірінші адам бойындағы қажеттілікті туғыза білу керек. Ондай іс қолынан келетін адам бүкіл әлемді мойындата алады» деген екен. Бала бойындағы қажеттілікті тудыру үшін бірінші міндет шетел тілін меңгертіп үйрету керек. Сондықтан қазіргі білім ордаларының алдында тұрған міндет ағылшын тілінде еркін сөйлей, жаза алатын оқушылар дайындау. Бұл мақсатқа жету жолында сыныптан тыс жұмыстардың маңызы өте зор.

Сыныптан тыс жұмыс арқылы оқушының сөйлеу қабілеті, ұшқыр ойды жүйелі түрде жеткізе білу шеберлігі арта түседі.

Жұмыстың мақсаты:

-Білімді, білікті, шығармашылықпен жұмыс жасай білетін жылдам өзгеріп отыратын

ортада өмір сүруге бейімділігін, өздігінше дамуға өз ойын толық жеткізе білетін, жеке тұлға дамытып қалыптастыру.

-Оқушылардың сапалы білім алуға, біліктілігін көтеруге деген ынтасын арттыру.

Жұмыстың міндеті:

-Шығармашылықпен жұмыс жасай алатын белсенді, әлеуметтік жауапкершілігі мол, адамгершілігі жоғары, денсаулығы мықты, рухани бай, мәдениетті, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.

-Өмірлік бағдарын белгілейтін, әлемдік біртұтас көзқарасты, тұрақты, әлеуметтік мақұлданған құндылық бағдарын қалыптастыру.

-Қазақстан халықтарының рәміздеріне, тіліне, дәстүрі мен мәдениетіне деген құрметке, адамның жеке құқығының бостандығын сыйлауға тәрбиелеу.

Жұмыстың теориялық негізі:

-Аудару емес-түсініп оқу, түсіну, сөйлем құрау

-Сөйлеммен эссе жазу.

-Түсінік айту.

-Әлем әдебиетімен байланыс жасау.

Жұмыстың практикалық негізі:

Оқушы бойына «жайдан күрделіге» қарай отырып, көру, есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту, өрбіту арқылы оқушы оқи алады, қысқа тексті түсінеді, сөйлей алады, эссе жаза алады, компьютермен жұмыс жүргізеді және суреттей алатын қабілетке жетеді.

Оқушылардың тілді меңгеріп оқуды, жазуды, сөйлеуді, бір тілден екінші тілге аударуды, біліктілікті үйреткенде біз оларға басқа халықтың мәдениетіне әрі дүние жүзі мәдениетіне жол ашамыз, яғни басқа халықтармен қарым – қатынас жасауға мүмкіндік туады. Сыныпта, үйде, кітапханада әдебиеттер мен баспасөз беттерінен, оқулықтардан ақпарат алу, түрлі хабарлар дайындау, жоспар түзу, реферат жасау және екі – екіден топпен жұмыс жүргізу де кең түрде қолданылады. Мұндай жұмыстар арқылы оқушылардың шығармашылық зерттеу қабілеттерін арттыруға мүмкіндік туады.. Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың белсенділігіне, шығармашылығына негізделеді, сонымен қатар әр оқушының икемі, қызығушылығы ескеріледі. Әр жаңа материал түсінікті, жеңіл түрде беріліп жұмыстың әр түрлі формалары мен тәсілдері қолданылып, аудио – видео құралдары қолданылуы қажет, оқушы өз жұмысының нәтижесін көріп, қанағаттануы қажет, өзінің жетістігін көре білуі қажет.

Сыныптан тыс жұмыстардың мынадай түрлері бар: а) жеке ә) топтық б) массалық

Жеке түрі – мұнда мұғалім бір оқушымен жұмыс істейді. Жұмыстың бұл түрі оңай және көп жетістікке қол жеткізуге болады. Мен өз оқушыма мақал – мәтел жаттауға беремін, әрине үш тілде, ол бар құлшынысымен ізденуге кіріседі. Ол бірнеше мақалдарды өзінің дәптеріне көшіріп алып келеді. Мысалы:

Live and learn.

Ученье свет, а не ученье тьма.

Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.

Where a will there is a way.

Где хотенье, там и уменье.

Іздеген мұратына жетеді.

A good name is better than riches

Добрая слава лучше богатства

Жақсы сөз – жарым ырыс.

Мақал – мәтелдер ғасырлар бойы халық даналығынан туындаған. Оқушылар мақалдарды неғұрлым көп білсе, соғұрлым тілді түрлендіріп, сөз қоры көп болары сөзсіз. Сонымен қатар баланың өз ойымен, өз ана тілімен есіне сақталған мақал – мәтелдерді ешқашан ұмытпайды және сол оқушыны тәрбиелеуде алатын орны ерекше болады.

Оқушыға ағылшын тілін оқытуда ән мен музыканың да рөлі өте зор. Әнді айта отырып, оқушы сөздердің мағынасын түсінеді, оларды қайталай отырып есте сақтайды. Әндер арқылы оқушының білімін өміріне байланыстырып, үйреніп жатқан тілде сөйлейтін елдердің өнерімен, мәдениетімен танысады және өнер жұлдыздары туралы білімдерін молайтады.

Топтық түрі – көбінесе оқушылардың сүйікті ісіне байланысты ұйымдастырылып, үнемі жүргізіліп отырады. Олар ойын, хор, ауызша сөйлеу, драма, әдебиет және өнер, сондай – ақ альбом жасау, газеттер шығару, буклет жасау жұмыстары жүргізіледі. Топтық жұмыстар арқылы оқушылар бойында жауапкершілік, сыйластық, достық мол болады. Әр жұмыстың соңында практикалық нәтиже, яғни қай оқушы материалды қалай меңгергені көрінеді.

«Friendly numbers», мұнда оқушылар берілген сөздерді әріптердің орналасу ретіне сай тауып отырды.

T E B R X P C A T L X Q L M Z

U N C L E D O G H O D W Y A

Q G U V W O R K E R O T X A K A

Z A K H S T A N T E A O P L

T U N F S J Z T E A C H E R L

H E T C H R I S T M A S R A T

Массалық түрі – ағылшын тілінде диспуттар, дискуссиялар, ток – шоулар, конференция, кештер, ертеңгіліктер өткізу жатады. Мысалы: 1 курс студенттері арасында «Jeopardy game!» - атты кеш өткіздім. Онда студенттер ағылшын тілі пәнінен өткен грамматикалық тақырыптар қамтылды, мақал-мәтелдер 3 тілде айтты.

Гуманитарлық пәндер бірлестігінің 10 күндігінде «Kazakhstan is my Motherland» атты сыныптан тыс жұмыс өтті. Мұнда мен өз Әнұранымыздан бастағанды жөн көрдім:

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы,

Ерліктің дастаны,

Еліме қарашы!

Ежелден ер деген,

Даңқымыз шықты ғой.

Намысын бермеген,

Қазағым мықты ғой!

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің – Қазақстаным!




Golden sun in the sky,

Golden green in the field.

Look at my merry field,

With a joy and fun.

How so brave our work,

How so brave our land.

How so brave our men,

How so brave our plan.

My native land,

My native land.

I want to be,

Four flower land.

I want to be,

Your merry singer,

I’m future builder of my Kazakhstan!

Сыныптан тыс жұмыста оқушылар сұрақтарға жауап берді, үш тілде мақал – мәтелдер айтты.

Сыныптан тыс жұмыстарда мен оқушының білімді өз бетімен тауып, зерттеп, бірлесе отырып жаңа идеялар мен тұжырымдарды әр түрлі жолдармен ұсынатындарын, жаңа білімді белсенді түрде талдап, жинақтап, оларды күнделікті өмірдегі жағдайлармен байланыстыратындарын, бір – біріне деген сенімділіктері мен түсінушіліктері дамитынын байқадым. Сыныптан тыс шараларға қатысқан оқушылардың барлығын марапаттап отыру қажет.

Жалпы жоғарыда айтылғандардан, әрбір өткен сабақтар мен шығармашылық жұмыстардан кейін мынадай қорытынды жасауға болады:

Оқушы үшін:

-мақсаткершіліке үйретеді;

-әр нәрсеге көзқарасын қалыптастырады;

-бұрынғы білетіндерін салыстырады;

-әр нәрсені әр түрлі қырынан көреді.

-бірігіп жұмыс жасайды;

-интервью арқылы адамдармен тіл табысады;

-«Ғылым» деген сөзге алғашқы қадам жасайды.

Оқытушы үшін:

-жүйелі тапсырма беруге ұмтылады;

-оқушысын басқа қырынан таниды;

-өзі білмейтін ақпараттарға кезігеді;

-окушының жұмысын бағалайды;

-өзін «Ғылыми жетекші» ретінде сезінеді; еріксіз өзінен-өзі шығармашылық жұмыспен айналысады;

Ағылшын тілі пәні оқытушысы ретінде неге қол жеткіздім?

-оқушының пәнге қызығушылығы артты;

-ағылшын тілінің өмірге керек екенін, оны әлдеде қажет ететіндеріне көздері жетті;

-жазуға, сөйлеуге, ізденуге, қызығуға үйренді;

-бір-бірінің пікірін сыйлауға, бағалауға дағдыланды.

Қорыта келгенде мынаны ескеру қажет:

а) Сыныптан тыс жұмыс – ағылшын тілін оқытудың құрамдас бөлігі.

ә) Сыныптан тыс жұмыс әртүрлі формаларда мүмкіндігінше көп оқушыны қамту керек.

б) Сыныптан тыс жұмыста алдыңғы қатарлы жаңа технологияларды қолдану қажет.

Ауылдағы балалардың қызығушылығын арттырып, оқуға ұмтылыс беру үшін көп жұмыс жасау керек екендігі сөзсіз, өйткені «Шетел тілі» деп саналатын ағылшын тілі балалар үшін үлкен жаңалық және болашағы үшін баға жетпес байлық болып есептеледі.

Алдағы уақыттарды оқушылар алған білімінің нәтижесін өз кәсібінде көреді деп үміттенемін, ал менің әр топтарда жасаған жұмыстарым облыстық, республикалық ғылыми конференцияларда көрініс табады деген сенімдемін.


Әдебиеттер

1. Ағылшын тілін оқытудың әдістемесі Амандықова Г.Н., Мұхтарова Ш.Е.

2. Баймұқанова Б.С., Бисенғалиева А.Н. Жайық ұстазы

3. « Ағылшын тілі мектепте» журналдары

4. «Шет тілі мектепте» журналдары

5. «Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар» журналдары









Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее