«Осень 2024»

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру.

Мен өз пәнімді жақсы көремін.Келешекте мен оқытқан оқушыларыма шексіз алғыс айтамын.

Олимпиады: ИЗО 1 - 7 классы

Содержимое разработки

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру.


Қазақ халқының рухы таза ұлт болып қалыптасуы және тәуелсіздігіміздің беріктігі, еліміздің сақталуы тікелей жас ұрпаққа байланысты. Бүгінгі таңда еліміздегі мектептегі білім беру ісін, заманауи ақпараттық технологиялармен қамтамасыз ету шаралары біршама өз шешімін тапқан. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың “Қазақстан 2050” жаңа стратегиялық бағдарламасында - Мен 2050 жылғы Қазақстандықтар – үш тілде сөйлейтін білімді, еркін адамдардың қоғамы екеніне толық сенімдімін. Олар - әлемнің азаматтары. Олар жаңа білім меңгеруге құштар. Олар еңбексүйгіш. Олар – өз елінің патриоттары және біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым – білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек деп білім саласына көп көңіл бөлінген. “Қазақстан 2050” Жаңа стратегиялық бағытын жүзеге асыруда бізге – қазақ халқына айрықша жауапкершілік жүктеледі. Тағылымы мол тарихымызбен, ұлы бабалардың ұлағатты өмірінен алар тәлімімізбен алдағы асулардан алқынбай асамыз – делінген. Осы зор жауапты міндетті жүзеге асыруда тарихшы ұстаздарға жүктелетін міндет зор. Ақпараттық қоғамдағы өмір сүру аса үлкен жылдамдықпен өзгереді, алайда өзгермейтіні – адам құндылығы. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында « Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдарға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу; білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгеріcтерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым - қатынасқа өту қажеттілігі туындайды.

Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Жаңа технологияларды меңгерту мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Жаңа технологиялар теориялық тұрғыда дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтижелер беруде. Бұл жаңа технологиялар-оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, терең ойлай білуін, теориялық негіздерін, эстетикалық көзқарастарын пайымдауын, баға беруін, танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған. Жалпы білім беретін мектептердегі оқу- тәрбие үрдісін жаңаша дамыту, яғни оның нәтижесінің жоғарғы деңгейде болуын қадағалау жаңашыл педагогтардың қолында. Олар педагогикаға «жаңа технология»терминін енгізді. Бұл жаңашыл педагогтардың мақсаты-оқушылардың алатын білімдерін сапалы ету, оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз болу. Осыған орай қазірде педагогикалық технологиялар көптеп саналады. Мысалы, атап айтар болсақ, Ынтымақтастықта оқыту технологиясы, Ш.А.Амонашвилидің «Білім беруді ізгілендіру технологиясы», П.М.Эрдниевтің»Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы», Л. С. Выготский, Л.В.Эльконин, В.В.Давыдовтің «Дамыта оқыту технологиясы», В.М.Монаховтың «Модульдік оқыту технологиясы», «Проблемалық оқыту технологиясы», В.Ф.Шаталовтың «Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы», С.Н.Лысенконың «Түсіндіре басқарып оза оқыту технологиясы», «Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы», «Оқытудың компьютерлік технологиясы», Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқыту технологиясы»т. б. көптеген технологиялар енгізілді. Сонымен, педагогикалық технология дегеніміз-тәжірибеде жүзеге асырылып, нәтиже беретін педагогикалық жүйенің жобасы. Сондай педагогикалық технологиялардың бірі «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы, әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған білім берушілердің бірлескен еңбегі деп түсінуіміз керек. Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Сыни тұрғыдан ойлау — бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, талдауға, және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешім қабылдауға, ойлау және іс — әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді. Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста оқушылардың:

1. Өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу.

2. Ұқсас құбылыстар арқылы арасынан тиімдісін таңдай білу.

3. Проблеманы шеше білу.

4. Пікір таласты жүргізе білуге қабілеті қалыптасады.

Сын тұрғысынан ойлаудың маңыздылығының нәтижесі:

1. Әдіс түрлері.

2. Белсенді практикалық іс — әрекетте болуы

3. Басқалармен қарым — қатынас жасай білу, қорғай білу.

4. Қажет болса өз көзқарасын өзгерту.

5. Топтық тұжырымға келе білу.

6. Топ алдына шығып, өз тұжырымын айта білу..

Оқытудың осындай жаңа педагогикалық технологияларын сабаққа ендіру бүгінгі таңда әрбір ұстаздың басты мақсаты болуы керек. Себебі, елімізге заман талабына сай қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл азаматтар қажет. Мұғалім бұл жүйемен жұмыс жасағанда, үнемі оқушы санасында болып жатқан өзгерістерді бақылап, оның дамуын жан- жақты зерттей отырып, өз сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы тиіс Сыни тұрғыдан ойлауды дамытудағы әдіс-тәсілдерді қолдану сабақта көп нәтиже береді.

Оқушының жеке басын дамыту үшін мынандай қағидаларды есте үнемі ұстап отыру керек.

1.Баланың бойындағы құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай оны үнемі алға жылжуға деген талап тілектерін, сұраныс пен мұқтаждарын ескеру, шығармашылығын жетілдіру.

2. Білімді өз бетімен іздену арқылы ойлауға жағдай жасау.

3. Өзін-өзі қалыптастыратын тұлға қалыптастыру.

Мен тарих сабақтарында сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушы құзіреттілігін қалыптастыру мақсатында, түрлі әдіс-тәсілдердің тиімді түрлерін қолданып келемін. Осы мақсатта өзім сабақ беретін сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін пайдаланып жүрген әдіс-тәсілдерден мысалдар келтіруді жөн санадым.

Жалпы сабақ психологиялық дайындықтан басталады.

Сабақтың құрылымы:

1. Қызығушылықты ояту;

2. Мағынаны тану;

3. Ой толғаныс.

І. Қызығушылықты ояту – жаңа сабақты түсіндіру кезіндегі үйрету процесі. Бұл өткен сабақ пен жаңа сабақты ұйымдастырудан тұрады. Бұл процесс бойынша оқушы нені біледі, не айта алады, осы кезеңде «топтау», «миға шабуыл», «болжау» тәсілдерін пайдаланамын. Мұнда ойды қозғау, ояту, ми қыртысына әсер ету арқылы жүзеге асады. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты — үйренушінің белсенділігін, ынта-жігерін арттыру. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады. Жұбымен, тобымен талқылайды.

ІІ. Мағынаны тану – бұл кезеңде оқушы жаңа жаңалықпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, әр түрлі тапсырмалар орындайды.

ІІІ. Ой толғаныс кезеңінде Венн диаграмма, еркін жазу, эссе жазу т.б. стратегиялары қолданылады. Олар арқылы баланың дамуына, оның бойындағы жеке қабілеттердің ашылуына, шығармашылықпен ізденуіне жол ашылады. Тарих сабағын оқыта отырып, сын тұрғысынан ойлау, ұжымдық оқыту, пікірталас, сынақ, өзіндік жұмыс және тарихи диктант т.б. тәсілдерді қолданамын. Сурет- иллюстрациялар бойынша әңгіме құрастыру, тірек-сигналдар, тірек-сызбалар, кластерлер, хронологиялық таблицалар құрастыру, венн диаграммасы арқылы жұмыс істеу әдістері де қолданылады. Тағы бір ерекшелігі, күнделікті сабақпен салыстарғанда қайталау сабақтарында оқушылардың өз беттерінше ойланып, жұмыс істеуіне едәуір мүмкіндік туады. Тарих сабағында әсіресе тарихи оқиғаларға байланысты, еліміздің тарихында ерекше орын алатын мемлекет қайраткерлеріне (хандар, сұлтандар, билер, батырлар, ұлттық зиялы қауым өкілдері) байланысты сергіту сәттерін жасау арқылы оқушылардың көңілін сабаққа аудара алсақ, әрі өткен материалдарға шолу жасап алуға да жол ашылады.

Әртүрлі әдіс-тәсілдерді сабақ үстінде қолдану барысында төмендегідей тиімділіктерге қол жеткізуге болады.

1. Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау.

2. Сенімділікке тәрбиелеу.

3. Қиялын дамыту «менің ойымша» деген жауапқа алуға жағдай жасау.

4. Әр түрлі жауапты соңына дейін тыңдау.

5. Жауап беруге тілек білдірмеген баланы өз еркінсіз, қинап сұрамау.

6. Баланың дүниетанымының кеңіп, рухани өсуіне, әр сабақта жағдай жасау.

7. Топпен, ұжыммен және өз бетінше жұмыс жасауға жағдай жасау Оқушылар өз ойлары мен байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта біліп, өзара алмасады. Оқушы алған білімін пайдалана отырып шешім қабылдайды, топпен бөлініп берілген тапсырмалары болса, өздері дәлелдейді, көрсетеді, бағалайды немесе «Эссе жазу», т. б. стратегияларды қолданып тәсілдерін қолданып қорытындылайды.

Мен өз сабағымда пайдаланатын стратегиялар түрі:

1. Негізгі ойды суреттеу

2. Топтастыру

3. Эссе жазу

4. Венн диаграммаcы

5.Авторға сұрақ қою

6.Ой қозғау.

Аталған стратегияларды пайдалана отырып мен көп жетістіктерге жеттім. Ең бастысы – оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, олардың бір — бірімен пікір таластырып ашық сөйлеу, еркін сөйлеу дағдылары қалыптаса бастады. Өздеріне сенімсіздік білдіріп, бұйығы отыратын оқушылар өз ойларын аз да болса жүйелеп, еркін айта бастады. Мұғалім сабақта тек қана көпірше бола алады, қолдаушы, демеу, бағыт беруші болады. Материалды жеңіл тілмен, көрнекіліктер пайдаланып, ситуациялық ойындар, практикалық мысалдармен ұштастыра өткізілген сабақ оқушының білім сапасын, олардың сабаққа қатысуы мен үлгерімін жоғарылататынын байқауға болады. Сабақ үстінде қолданылған әдіс-тәсілдер мен ойындар арқылы оқушылар өз көзқарасын білдіруге мүмкіндік жасайды. Бұл әдіс-тәсілдер тиімділігі мынадай нәтижелерінен көрінеді. Оқушыны басқа адамның рөліне енгізіп, оның ойын сезімін, іс-әрекетін, мақсаты мен мәнін түсінуге көмектеседі. Оқушының сабақта алған білімі эмоциялық бояулармен, сезімдік әсерлермен қабылданып, тарихи оқиға туралы өзіндік қорытынды жасауына мүмкіндік береді. Оқушылар ортақ мақсатты түсініп, міндеттерді дұрыс бөліп ала білуді, өзара дұрыс қарым-қатынас және бақылау жасауды үйренеді. Сабақты әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы өткізу мұғалімнің сабақ жоспарын, өтілетін материалдық мазмұнын, жан-жақты ойластыруын, қосымша материалды алдын ала жинақтауды, тарихи тұлғалар рөлін ойнайтын оқушылардың сабаққа дайындалуына дұрыс жетекшілік жасауын талап етеді. Сабақта әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы әр балада өзіндік ой пайымдауы, бір-бірімен қарым- қатынас жасаудағы белсенділігі, мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынас белсенділігінің артқандығын көруге болады.

Қорыта айтқанда: Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының әдістері арқылы оқушылардың ой — пікірі, көзқарасы, дүниетанымы қалыптасады. Оқушылардың белсенділігі артады, келесі сабақты асыға күтеді. Олардың тарихи әдебиеттерді оқуға деген қызығушылығы мен қажеттілігі қалыптасады. Өз пікірін айта алатын, өз көзқарасын қалыптастыра алатын, ұлтын сүйетін оқушы ертеңгі өмірдің ағымына да төтеп бере алатын азамат болатынына мен кәміл сенемін.










Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее