Сабақтың тақырыбы: Сан есімнің мағыналық түрлері. Есептік және реттік сан есімдер
Білімділігі: оқушыларға сан есімнің мағыналық түрлерін таныстыру,есептік және реттік сан есімдерді бір – бірінен ажыра білуге үйрету, теориялық білімін тәжірбиемен ұштастыру.
Дамытушылығы:оқушылардың ойлау белсенділігі мен танымдық қызығушылығын дамыту, ой қорытып нақты шешім жасата білу, шығармашылыққа баулу, өз ойын жинақы түрде жеткізе білуге дағдыландыру
Тәрбиелігі:сабақ барысында орындалатын жұмыстар арқылы бірлесіп еңбектенуге,ізеттілікке, достыққа, әдептілікке және шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс- тәсілдері: түсіндіру, сұрақ- жауап, топпен жұмыс,
Көрнекілігі: тірек сызбалар, мақал- мәтелдер, жұмбақтар,
Пәнаралық байланыс:қазақ әдебиеті, математика, орыс тілі
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру бөлімі.
Ал балалар, балалар
Бәрің бері қараңдар.
Шын көңілмен назар сап
Оқысаңдар сабақты
Сендерден шығар даналар
ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
Зат есімнен туғанмын,
Сын есімммен тумамын
Атым менің – сан есім
Қыр-сыры мол тұлғамын
Білдіремін анықтап,
Зат, құбылыс мөлшерін
Айқындаймын тағы да
Санын, ретін, мөлщерін
«Біздің сынып» топтастыру
Жаңа сабақ:Қайталанбас бірін – бірі
Мағыналық түрлерім
Тіршілікте адамдардың
Менсіз қиын күндері
Топпен жұмыс
І топ Сан есімнің мағыналық түрлері
ІІ топ Есептік сан есім
ІІІ топ Реттік сан есім
Ой – Бәйге!
І топ. Құрамында сан есімі бар мақал- мәтелдер тауып жазыңдар
ІІ топ. Құрамында сан есімі бар өнер туындыларының атын жазыңдар
ІІІ топ. Құрамында сан есімі бар жұмбақтар тауып жазыңдар
Оқулықпен жұмыс. 111- жаттығу Шарты: берілген есептік сан есімдерден реттік сан есім жасап, оларды сөзбен жазыңдар.
І топ. 7,10.1,3,100
ІІ топ.28,37,695,470,259
ІІІ топ. 627,1992,187,396,2692
Сергіту сәті
«Білім мен дәстүр” сыны ойыны
І топ.Жеті ата, Жеті қазына, Жеті күн
ІІ топ.Үш арыс, үш қуат, үш жұрт
ІІІ топ. Бес жаратылыс, Бес қару, Бес асыл, бес дұшпан.
Үйге тапсырма: “Рухсыз тіл- тіл емес”атты тақырыпқа диалог құру
Бағалау: Өзіңді- өзің тексер.
Қорытындылау
Қазақ тілі – өз тілім , ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім