Қысқа мерзімдік сабақ жоспары
Тақырыбы: Step4 Radio and TV in my life.
Сынып: 8 «А»
Пән: Ағылшын тілі
Тақырыбы | Step4 Radio and TV in my life.
|
Сілтеме | Жоспар,оқулық English – 8 Т.Кузнецова, П.Козлов, А.Головчун. |
Жалпы мақсаттар | Оқушыларға теледидар және радио туралы әңгімелесуге мүмкіндік беру, оларды өз ойларын айтуға үйрету, сөздік қорларын көбейту, could, should модальді етістіктерінің қолданылуын меңгерту, сөйлеу және жазу дағдыларын қалыптастыру. |
Оқыту нәтижесі | Оқушылар теледидар және радио туралы әңгімелеседі, өз ойларын айтуға үйренеді, сөздік қорлары көбейеді, could, should модальді етістіктерінің қолданылуын меңгереді, сөйлеу және жазу дағдылары қалыптасады. |
Қолданылатын модульдер мен әдіс-тәсілдер | Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, СТО, АКТ, миға шабуыл. |
Оқу құралдары /ресурстар/ | Оқулық 8 сынып, стикерлер, бағалау қағаздары. |
Бағалау | Жинақтаушы бағалау. |
кезең | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Ой шақыру кезеңі | Ұйымдастыру кезеңі. /3 минут/ Сәлемдесу, сынып оқушыларын түгендеу. Топтастыру /2 минут/ (Radio, TV) радио мен теледидар суреттері бейнеленген жетондар таратылады. Үй тапсырмасын тексеру /3 минут/ Мұғалім оқушылардан үй тапсырмасын сұрайды. Жаңа тақырыпты хабарлау. /2 минут/ "Сандық әріптер" тапсырмасы. Мұғалім жаңа тақырыпты хабарлайды. | Сәлемдеседі, сынып оқушыларының сабаққа қатысы туралы мәлімдейді.
Оқушылар жетондар бойынша 2 топқа топтасады. Оқушылар үй тапсырмасы бойынша жауап береді.
Оқушылар тапсырманы орындау арқылы сабақтың тақырыбын түсінеді. |
Мағынаны тану | Reading. /6 минут/ ex І p-44 Read the text. Мұғалім оқушыларға берілген мәтінді тізбектеп оқу әдісімен оқуға және ауызша талқылауға тапсырма береді. Speaking. /5минут/exII p-44 Speak about your favourite TV programme. Мұғалім оқушыларға сұрақтарға жауап беруге тапсырма береді. Speaking. /5минут/exIV-1 p-45 Discuss the following text. Мұғалім оқушыларға жаттығуда берілген мәтінді оқып, ауызша талқылауға тапсырма береді. Сергіту сәті. /1 минут/ Әріптер қатары. Мұғалім әріптерге байланысты сергіту жаттығуын жасатады. Grammar. /7 минут/exV p-45 Modal verb could+Perfect Infinitive. Modal verb should+Perfect Infinitive. Мұғалім оқушыларға берілген грамматикалық ережені түсіндіріп, ережені мысалдармен дәптерлеріне жазып алуға тапсырма береді. /Грамматикалық ереже интербелсенді тақтадан слайдтан көрсетіледі./ Grammar practice. /6 минут/ exVI,VII p-46 Say in English. Мұғалім оқушыларға берілген жаттығулардағы қазақ тілінде берілген сөйлемдерді ағылшын тіліне аударуға тапсырма береді. |
Оқушылар берілген мәтінді оқиды және ауызша талқылайды.
Оқушылар берілген мәтінді оқып шығады, ауызша талқылайды.
Оқушылар сергіту жаттығуын жасайды.
Оқушылар грамматикалық ережені мысалдармен дәптерлеріне жазып алады.
Оқушылар берілген сөйлемдерді ағылшын тіліне аударады.
|
Рефлексия | ББҮ. /2 минут/ Оқушыларға сұрақтар беріледі. Hе білемін? Не білдім? Не үйренгім келеді?
|
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазып, тілек ағашына жабыстырады.
|
Бағалау | Қорытынды. /3 минут/Мұғалім сабақты қорытындылап, оқушыларды бағалайды. Үйге тапсырма береді. Ех VII-2 р-47 Speak on the following situations. Мұғалім оқушыларға тапсырма береді.
|
Оқушылар үй тапсырмасын белгілеп алады. |