«СМАЙЛИКТІҢ ТУҒАН КҮНІ»
Мақсаты: Балаларға смайлик жөнінде түсінік беру.
Міндеттері:
БМ: Балаларға смайлик жөнінде түсінік беру. Байланыстырып сөйлеуге, сөйлем құра білуге үйрету.
ДМ: Тілдерін, ой қабілеттерін, танымдық қызығушылықтарын дамыту.
ТМ: Қуаныш сезімдерін тәрбиелеу.
Қолданатын құрал-жабдықтар: смайликтің әртүрлі суреттері, ½ ватман, бала санына қарай желім, әртүрлі смайликтардың бейнелері, үнтаспаға жазылған «Happy birthday to you» әні.
Сөздік жұмыс: смайлик – компьютерде, интернетте кездесетін әр түрлі сезімдерді білдіретін бейне сурет, туған күн, ашық хат.
Қостілділік компонент: туған күн – день рождения, ашық хат – открытка.
Іс-шараның барысы:
І күн жартысында.
-Балалар, мен сендерді жақсы көңіл-күйде көргеніме қуаныштымын.
Үнтаспадан ағылшын тіліндегі «Happy birthday to you» әні естіледі.
-Балалар, бұл ән сендерге таныс па? (балалардың жауаптары).
-Иә, мына ән туған күнде айтылады. Бұл ағылшын тілінде туған күнмен құттықтау.
Тәрбиеші: -Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Бүгін Смайликтің туған күні (суретін көрсету).
-Бұл смайлик (сөздік жұмыс). Ол электронды символ. Қане, осы күні біз сендермен Смайликке өз күлімдеген түрімен көптеген жағымды әсер әкелгеніне және де алыстағы адамдарға бір-бірімен тіл табысуға көмектескеніне ризашылығымызды білдіріп, «Happy birthday to you» әнін айтып берейік.
-Қане, балалар, Смайликка бәріміз бірге «Құттықтаймыз!» деп айтайық.
ІІ күн жартысында.
Тәрбиеші: -Балалар, бүгінгі Смайлик туралы әңгімемізді жалғастырайық. Біз сендермен смайлик адамның әр түрлі сезімдерін білдіреді деп айтып кеттік.
Мына смайликтардың суреттерін қарап, онда адамның қандай көңіл-күйі бейнеленіп көрсетілгенін айтып беріңдерші.
Тәрбиеші кезекпен әртүрлі көңілдегі смайликтардың суреттерін іледі.
-Балалар, мына смайликті жіберген адам қандай көңіл күйде деп ойлайсыңдар? (балалардың жауаптары)
-Смайлик амандасып жатыр, яғни адам да өз сәлемін беріп жатыр.
-Келесі қандай смайлик бейнеленген? (күліп тұрған смайлик).
-Иә, мүмкін адам бір нәрсеге қатты қуанып немесе оны біреу күлдіртті.
-Ал, мына смайлик туралы не айталасыңдар? (смайлик өлең айтып тұр)
-Мына смайликті жіберген адам жақсы көңіл күйде болып, ән айтып жатқан шығар.
-Келесі смайликті қарайық (смайлик ренжіп тұр)
-Мүмкін оны жіберген адам бір нәрсеге ренжіп тұрған шығар немесе бір жері ауырып жатқан шығар.
-Ал, мына смайлик туралы не айталасыңдар? (смайлик жылап тұр)
-Неге ол жылап тұр екен қалай ойлайсыңдар? (балалардың жауаптары)
-Мүмкін оны жіберген адам көңілсіз, жалғыз болып, біреуді қатты сағынып отыр.
-Қане, сонғы смайликті қандай көңіл күйдегі адам жіберді деп ойлайсыңдар? (ашулы адам).
-Иә, бір нәрсеге қатты ашуланып отырған немесе біреудің айтқан сөзін ұнатпаған адам жіберген шығар.
-Балалар, бірақ біз бүгін Смайликтің туған күні екенін ұмытпайық. Туған күнде сыйлықтар сыйлау керек, солай ма? (Иә)
-Онда біз де Смайликка сыйлық жасайық. Біз сендермен Смайликка үлкен ашық хат жасайық. (қостілділік компонент: ашық хат – открытка)
Ұжымдық жұмыс «Ашық хат жасау»
-Мына үлкен ақ бетте «Туған күнімен!», деп жазылған. Енді сендер алдарыңдағы смайликтың бейнелерін суреті жоқ жағына желім жағып, маған кезекпен әкеліңдер. Ал, мен мына үлкен ақ бетте оларды әр жерден орналастырып жапсырайын.
Балаларға жұмысқа кірісуге ұсыныс береді. Балалардың жұмыстарың қа-растырып, қадағалап отырады.
-Міне қандай әдемі ашық хат болып шықты. Мен оны жұмыстан кейін поштаға апарып, Смайликтің мекен-жайына жіберейін.