«Осень 2024»

«Сиқырлы саз әлеміне саяхат»

Балабақшада ересек топтарға арналған түзету-дамыту сабақ. Осы сабақ арқылы біз балалардың психоэмоционалдық жағдайын жайландыру арқылы ішкі күйзелісті төмендету, өзіне деген сенімділігін арттыру, дұрыс көзқарасты қалыптастыруды көздемейіз.

Олимпиады: Химия 7 - 11 классы

Содержимое разработки

Тақырыбы: «Сиқырлы саз әлеміне саяхат»

Мақсаты: Балалардың психоэмоционалдық жағдайын жайландыру арқылы ішкі күйзелісті төмендету, өзіне деген сенімділігін арттыру, дұрыс көзқарасты қалыптастыру.

Сабақтың әдіс-тәсілі: құмтерапиясы, би терапиясы

Құрал-жабдықтар: саяхат картасы, ватманнан жасалған күн, балалардың суреттері (эмоциялар), құм, релаксациялық әуен, тақта, проектор


Сабақ барысы

1. Сәлем беру рәсімі. «Жүрек жылуы»

Мақсаты: Жұмысқа әрекет жасауға ынталандыру

Психолог: Ал менің берік батырларым, тағы да қош келдіңдер. Мен сендерді мына біздің кеменің үстінде көріп тұрғаныма аса қуаныштымын

Кәне біздің ұранымызды еске түсірейік.


Біз «Батырдан» батырлармыз,

Таласпаймыз, ұрыспаймыз.

Көмек керек болса егер,

Әрқашанда біргеміз, бірігеміз бәріміз!

Балалар, оң қолдарымен жүректеріңді ұстаңдаршы. Жүрек соғуысын естіп тұрсыңдар ма? Енді осы кішккене жүрегімізде кішкентай ғана мейірім шуағы бар деп сезінейік. Сол шуақпен бір- бірімізді жылытайық.  Бір –бірінің қолдарын ұстасады. Міне кішкене күн шуағы үлкен күнге  айналды.

Күннің көзі ашылды,

Көкке шуақ шашылды.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті

  1. «Алтын күн» жаттығуы Мақсаты: Балалардың сабақ барысындағы эмоционалдық күйін зерттеу

Балалар, бізбен бірге сабақ бойы алтын күн болады, ол бізді өзінің шуағымен, нұрымен жылытады, қолдау көрсетеді. Біз алтын күнге сыйлық жасайық. Ол үшін сендер мына қораптың ішінен ұнап тұрған бір гүлді алып, күннің шуағына жабыстырыңдар (гүлді түсіне қарай таңдандар)

Балалар, біз бүгін бірінші рет саяхатқа шығамыз. Менің қолымда саяхат картасы, қалай ойлайсыңдар біз бүгін қай жаққа саяхатқа барамыз? .... Дұрыс айтасыңдар!


3. Құм терапиясы: «Ғажайып арал»

Мақсаты: Құм терапиясы арқылы ішкі күйзелісті түсіру, өзіне деген сенімін арттыру, ұсақ моторикасын дамыту

Балалар, мен сендерді ғажайып аралға саяхатқа шақырамын, ол ерекше сапар болады себебі біз кемемен теңіз арқылы барамыз, бүгін біз өз кемелеріміздің капитаны боламыз, сендер еш қорықпастан сол кемені басқара аласындар. Себебі сендер жалғыз емессіндер, жандарында мынандай сенімді достарын бар және мына алтын күн үнемі сендерді өз нұрымын жылытады әрі қолдау көрсетеді. Мені мұқият тыңдандар. Алдарында құм салынған ыдыстар бар. Қолдарымызды құмға салайық, құмды сезінейік. Қолымызды құмға жасырайық, құмды уқалайық, құммен ойнай отырып, саусақпен сурет салып көріңдер. Саяхатқа шыққанда менің әңгімемді тыңдай отырып, сол әңгіме бойынша құмда сурет саласыңдар.

Сонымен саяхатқа дайынсындар ма? Ендеше штурвалды мықтап ұстандар, сәт сапар болсын!

Біз ғажайып аралға жол тарттық. Бізге меірімін төгіп, шуағын шашып алтын күн жымиып тұр. Ол бізге жол сілтеп тұр. Барлығымыз құмда күннің бейнесін салайық. Енді біз толқынды мөлдір сумен жылжып барамыз, ирек келген толқындарды бейнелейік. Балалар, қарандаршы суда түрлі түсті балықтар жүзіп жұр: қызыл, көк, сары т.б., теңізде жүзіп жүрген балықтарды бейнелеңдер. Тамаша.

Балалар, аспанда бұлттар пайда болды, күн бұлттар арасына тығылып қалды. Жаңбыр жауа бастады (бір, екі тамшы), саусақтын ұшымен тамшыларды салайық, олар жиелеп кеңет, жел көтеріліп кетті. кемеде жел соғып тұр, штурвалға ие болыңдар, еш нәрседен қорықпандар! Біз бір-бірімізге демеу боламыз... Міне, аспан ашылды, бұлттардың арасынан күн сығалап тұр, көкжиекте кемпірқосақ көріңді. Кемпірқосақты бейнелейік. Бәрекелді! Енді балалар, жүзіп келе жатқан кемелерінді бейнелеңдерші. Біріңдікі ол кішкене қайық шығар, мүмкін ол үлкен яхта, әркімдікі әртүрлі. (кемелерді бейнелейді)

Балалар, біз жағалауға келіп жеттік, асықпай кемеден түсеміз, бәз нағыз аралда тұрмыз! Кәне , ғажайып аралда не болып жатқанын серуенге шығып көрейік. Менің солымнан еріңдер.


Тақтадан аралдын көрінісін тамашалайды.

4. Психо қозғалыстық жаттығу «Аралдағы жануарлар биі»

Мақсаты: психоэмоционалдық қысымнан босаңсу, жақсы көңіл – күй, мінез – құлық және мінез қырларын игеру


5. Ойын «Фото»

Мақсаты: Жеке мінез қырлары мен эмоцияларын айқындау

Балалар, мына бөлмеде әртүрлі эмоция мен сезімде тұрған балалардың суреті бейнеленген. Осы суреттердің ішінен қазіргі өздеріңнің көңіл-күйлеріне сәйкес бір эмоцияны тауып сол суреттің жанына тоқтандар

(балалар таңдауларын түсіндіреді)

6. Психолог: Балалар біз қазір «Маған қатты ұнады...» атты ойын ойнаймыз

Мақсаты: балаларға жағымды кері байланысты орнату, өзіне деген сенімділігін арттыру.

«Қазір әрқайсымыз кішкене ойланып, өз көршіңнің бүгін бойынан көрген жақсы қасиеттер туралы айтып көрейік»

7. Қоштасу рәсімі: «Көршіңе күлкі сыйла»

Келесі кездескенше!


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее