Қазақстан тарихы 8 сынып
С. тақырыбы: Шоқан Уәлиханов –қазақтың аса көрнекті ғалымы әрі ағартушы
С.мақсаты: Оқушылардың мәтінмен жұмыс істеу дағдысына сүйене отырып , олардың тарихи ойлау (есте сақтау) қабілетін үнемі жетілдіре түсу, өздігіненбілім алуға, іздену ізденулеріне жағдай жасау.
Үй тапсырмасын сұрау:
1.Үй тапсырмасының орындалуын тексеру:
А) құжаттармен жұмыс;
Ә)кестенің толтырылуы.
Жаңа тақырыпты оқытудың үлгі жоспары:
Ш. Уәлихановтың балалық және жастық шағы.
Омбыда оқыған жылдары.
Ғалымның ғылыми зерттеулері.
Ш. Уәлихановтың Қазақстан тарихындағы орны
Тақырып оқушыларға « Қазақстанның физикалық географиясы» пәнінен жақсы таныс. «Ы. Алтынсарин –қазақ халқының аса көрнекті ағартушы» сабағында да оқушыларға Ш. Уәлихановқа қатысты тапсырмалар берілген болатың. Оқушылардың бұған дейінгі алған білімдеріне сүйене отырып, сабақты семинар түрінде өткізуге болады. Жаңа тақырыпты оқушылардың терең меңгерулері үшін сабақты мына жоспар бойынша өткіземіз:
Ш. Уәлихновтың балалық және жастық шағы;
Омбыда оқыған жылдары;
Ғалымның ғылыми зерттеулері.
Ш. Уәлихановтың Қазақстан тарихындағы орны
Оқушылар Ш. Уәлихановтың өмірінің негізгі кезеңдері жайлы даталарды толтырады:
1835 жылы –
1847 жылы-
1853 жылы –
1855-1859 жылдары –
1860 жылы
1859-1861 жылдары –
1864 жылы –
1865 жылы-
Ш.Уәлихановтың замандастары – ғалымдар, жазушылар оның еңбегін жоғары бағалады. Ш. Уәлиханов - қазақтың ғұлама –ғылымы. Түркістан мен Қазақстанды, Орта Азия халықтарының тарихи мен мәдениетін зерттеуші. Ол аз ғана 30 жылдық ғұмырында ұлы істер тындырып кетті. Қазақ халқының тарихы мен оның тұрмысын ғылыми тұрғыда терең зерттеудің негізін салды. Ш. Уәлиханов ШығысТүркістанға сапары кезінде ұлан –ғайыр материалдар жинады: әсіресе оның қарындашпен салған суреттерінің маңызы аса зор. Ш. Уәлихановтың ғылыми мұрасы Қазақстан және Ресей халықтары тарихының күрделі проблемаларың қамтиды. Шоқан Уәлихановтың қызметіне Орыс географиялық қоғамы мен Ресей ғалымдарының атынан баға бере келіп, шығыстанушы ғалым, акдемик Н.Веселовский былай деп жазды «Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов шығыстану ғылымында аққан жұлдыздай жарқ етті де жоқ болды. Орыс ориенталистері оны ілуде бір кездесетін ғажайып дарын иесі деп таныды және одан түркі халықтарының тағдыры жөнінде ұлы да маңызды жаңалықтар ашады деп күткен еді».
Сабақты бекіту:
Шоқанның туып –өскен жері туралы не білесіндер?
Шоқанның тұлға ретінде қалыптасуына қоршаған ортасының, туысқандарының, әлеуметтік жағдайының, туған табиғатының, өз кезеңінің алдыңғы қатарлы азаматтарымен достасуының әсері болды ма? Нақты жауап беріндер.
Шоқанның мінез –құлқы туралы не білесіндер? Өзіне оның қандай мінезін үлгі етіп алар едің?
«Шоқан өз халқының нағыз патриоты болды». «Патриот» ұғымы түсінесіндер?
Үйге тапсырма: §46.