«Осень 2024»

Шаңырағым- шаттығым

Тақырыбы: Шаңырағым-шаттығым

Мақсаты:Отбасылық сайысқа,ізеттілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Ата-анамен бала арасындағы өзара қатынастарын дамыту.

Олимпиады: Английский язык 2 - 11 классы

Содержимое разработки

Тақырыбы: Шаңырағым – шаттығым

Сабақтан тыс іс- шара: Шаңырағым – шаттығым

Мақсаты: Отбасылық сайысқа, ізеттілік құндылықтары туралы     

 түсініктерін кеңейту. Ата-ана мен бала арасындағы өзара   қатынастарын   дамыту.

Инабаттылыққа, достыққа,сыйластыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Міндеттері: Ой-өрісін кеңейту,тілін байыту,өз ойларын ашық  жеткізіп,пікірлерін ортаға салу,ой бөлісу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта,слайдтар,плакат,маркер,киіз үй макеті

Шараның түрі: тренинг

Әдіс-тәсілдері: ой бөлісу,сұрақ-жауап,бақылау,бағалау,ой өрбіту,іздену.

  І.Психологиялық ахуал Амандасу.

  ІІ.Топқа бөлу.

  • Болашақ

  • Бақыт

  • Шамшырақ

топ ережесімен таныстыру

ІІІ.Ұяшықтағы қызық сұрақтар

 Ата – аналарға сұрақ. «Мақал айтсаң – жол көрсеттің, мәтел айтсаң – жанымды жайландырдың» демекші, Мақал – мәтелмен жауап беруге шақырамыз.
А) 1. Қар жана ма? (Қалауынтапса қар жанар)
2. Инемен құдық қазуға бола ма? (Оқу инемен құдық қазғандай)
3. Аппақ қарға бола ма? (Қарға баласын аппағым дейді)
4. Қой мен қасқыр ойлана ма? (Қойдың ойлағаны амандық, қасқырдың 
ойлағаны арамдық)
5. Қарғыстың ең жаманы не? (Өзің білме, білгенің тілін алма)
6. Адамның қай мүшесі қорқақ,қай мүшесі батыр (көз қорқақ, қол 
батыр)
7.Етікті қонышынан басып киюге бола ма? (қолыңнан келсе қонышынан бас)
8. Үлкен көз, үлкен сөз бола ма? (қорқақтың көзі үлкен, ақымақтың сөзі 
үлкен)
9. Тауық түс көре ма? (тауықтың түсіне тары кіреді)
10. Кімнен кім жаман? (Олақтан салақ жаман)
11.Ине қолға іліге ме? / Саусақ бірікпей;Ине ілікпейді/
12.Жүз сом ақшаң болған жақсы ма?/ Жүз сом ақшаң болғанша,Жүз досың болсын.
13.Құсты,адамды самғататын не нәрсе?/Құсты самғататын қанаты,Адамды самғататын таланты.
14.Елдің сәні не?/Елдің сәні-әкеге қарап өскен ұл,анаға қарап өскен қыз/
15.Не қартаймайды?/Қайырымды жүрек қартаймайды/
16.Тойда не қызық? / Тойдың боларынан боладысы қызық/



ІV. Бейнетаспа талқылау. «Рахмет, саған Анашым!»

  • І топ.Келеңді жағын айтады.

  • ІІ топ.Келеңсіз жағын айтады.

  • ІІІ топ.Өте жоғары деңгейде айтады.


V. Ата-аналар жағдаяттар шешу

1. Балаңыз телеарнадан мультфильм көріп отыр, осы сәтте келесі арнадан сіздің сүйікті телехикаяңыз басталды. Сіз не істейсіз. Балаңызға жасар әрекетіңіз қандай?
2. Сіз балаңызды дүкенге жұмсадыңыз. Балаңыз «мен сурет салып отырмын» деп барудан бас тартты. Не істер едіңіз?
3. Мектептен келген балаңыз. «Мен ертең мектепке бармаймын, мұғалім ұрысты» деді. Сіздің әрекетіңіз қандай болмақ?
4. Мектептен келген қызы мамасына «Мама сізге қызық нәрсе айтамын. Бүгін мектепте ..... деп әңгімесін бастап жатыр еді. Мамасы : «Сенің де сөзің бітпеді ғой, басым ауырып тұр, мазамды алма!» деді. Егер сіз болсаңыз не істер едіңіз? 
5. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір істеген іс – әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың»,- деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс- әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?


VI. Постер қорғау.

1.Бақытты жанұя сурет арқылы 

2.Жанұядағы жан-жал сызба арқылы

3.Отбасы мейрамдары әр түрлі фантазияда бейнелейді

Екі жұлдыз, бір тілек арқылы бағалау беріледі.


VII. Мен бастаймын сен аяқта

 Бұл жерден бақылаушы сайланады. Ол 3 топты бағалайды,баға береді. Жасыл  қағазды көтерсе – толық жауап берді деген сөз, сары қағазды көтерсе – жартылай жауап, қызыл қағаз-жауап толық емес болғаны. Әр жауаптан соң, формативті қол соғып,команда қолпаштап қояды.

Бағдаршам арқылы бағалау

Ата баланың қорғаны.

Сіз Біз деген жылы сөз, ағайынға жарасар.

Атаның көңілі балада, баланың көңілі далада.

Балалы үйдің ұрлығы жатпас.

Балалы үй базар, Баласыз үй қу мазар.

Қарға баласын аппағым дер, Кірпі баласын жұмсағым дер.

Сыйға сый, сыраға бал.

Өз үйім өлең төсегім.

Жалғыз баласы атқа шапса, атасы ауылда тұрып тақымын қысады.

Балам – балым, баланың баласы – жаным

Балаға пышақ бермесең бір жылар, берсең екі жылар

Ата-ананың қадірін, балалы болғанда білерсің.




ІX. Қорыту. Ұстаз сөзі

Асқар тауы- сүйеніші әкесі,

Мөлдір бұлақ – тіреуіші анасы.

Жасыл құрақ – келешегі баласы,

Біріге олар болады мықты отбасы.

Шаңырағының ордасын,

Періштелер қорғасын.

Тіккен әрбір отауға,

Тәңірім жақсылық жолдасын!


Кері байланыс.

Қатысушылар өз тілек–ойларын «шамшырақ» арқылы бір біріне тілейді.


Х. Алған менің әсерім. «Ашығын айтсам ...»



АШЫҒЫН АЙТСАМ ........



МАҒАН ҰНАҒАНЫ..........



МАҒАН ҰНАМАҒАНЫ.......

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее