«Осень 2024»

"Шай қайнатуды үйренеміз"

Білім беру саласы: Коммуникация.

Бөлімі : Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: Шай қайнатуды үйренеміз.

Мақсаты:Тағам және шай ішуге арналған ыдыстармен таныстыру,түрлерін атай білуге үйрету,ойын жағдаяттарын көрсету арқылы шай дайындауды түсіндіру. (шайнекке шай салып,су құю)

ә)Есте сақтау қабілеттерін дамыту және сөздік қорларын молайту.

б) Балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Көрнекіліктер (шай ішуге арналған заттар) оларды бір-бірімен сәйкестендіру.

Олимпиады: Дошкольникам "Охота за знаниями"

Содержимое разработки


Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы

«Достық» балабақшасы МКҚК тәрбиешісі:

Канымкулова Асемгуль Кабыловна


Білім беру саласы: Коммуникация.

Бөлімі : Сөйлеуді дамыту.


Тақырыбы: Шай қайнатуды үйренеміз.


Мақсаты:Тағам және шай ішуге арналған ыдыстармен таныстыру,түрлерін атай білуге үйрету,ойын жағдаяттарын көрсету арқылы шай дайындауды түсіндіру. (шайнекке шай салып,су құю)

ә)Есте сақтау қабілеттерін дамыту және сөздік қорларын молайту.

б) Балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Көрнекіліктер (шай ішуге арналған заттар) оларды бір-бірімен сәйкестендіру.


Шаттық шеңбері: Білер қазақ баласы

Сәлем - сөздің анасы

Алдымыздан кезіккен

Көп танысты көреміз

Бәріне де ізетпен

Біздер сәлем береміз.


Т- Балалар қазір қай мезгіл?

Б- Қыс мезгілі .

Т-Қыс мезгілінің айларын атап жіберейік.

Б-Желтоқсан,қаңтар,ақпан.

Т-Орысшасын айтайық: декабрь, январь, февраль.

Т- Өткен тақырыбымызды қайталайықшы. Қысқы Серуен – қыста күн аяз,дала аппақ қар

Б-Далаға қалың қысқы киімдерімізді киеміз.

Т-Далада шанамен сырғанап ойнап жүр. Балалар далада серуендеп жүр.


2)

Т-Балалар ас ішу режімін айтыңдаршы,қай уақыттарда ішеміз?

Б-Таңертеңгі ас ,түскі ас, бесін ас, кешкі ас.

Т-Балалар сндер тамақ ішкенді жақсы көресіндер ме?

Б-Иә.

Т-Үйде аналарыңа көмектесесіндер ме?

Б-Иә.







Т-Ал қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын.


Кесе,шыны,пияла,

Оларсыз шай құя ма?

Қасықсыз тамақ жемейміз

Бәрінің атын не дейміз?

(Ыдыстар)

Т-Балалар тақтадағы суреттерге назар аударайықшы.

Т-Мынау қандай ыдыс?

Б-Шайнек

Т-Ал мынау ше?

Б-Кесе

Т-Ал мынау қасықтар

Т-Балалар ыдыстарды сындырмай,таза, ұқыпты ұстауымыз керек.

Ыдыстар тастан, әйнектен, ағаштан, пластмассадан жасалады.

Т- тамақты біз нелерге салып жейміз?

Б-ыдыстарға

Қызықты сәт : Есік түртеді.

Есіктен хат тасушы хат әкеледі.

Т-Хатты қол қойып алып қалады. Хатты балаларға ашып оқыйды.

Хаттың ішінде «Сәлеметсіздер ме,Ақниет тобының балалары мен сіздерге қонаққа барғым келеді депті Ақмарал апайлары.

Т- Балалар қонаққа келгенін ұнатасыңдар ма?

Б-Ия,біздің халқымыз қонақжай болған ,ата-бабамыз қонақ келгенді жақсы көрген .

Ақмарал апай келеді.Балалар сендердің автобуспен ыдыс дүкеніне баратындарыңды естіп келдім.Ендеше бәріміз автобуспен ыдыс дүкеніне барайық, барлығы бара жатып «Апам үшін күндеде» өлеңін айтады.

Балалар дүкенге Ақмарал апайларымен кіреді.

Т-Шайқайнатуға керекті құралдарды балалар дүкеннен сатып алады.(дастархан, нансалғыш, кесе,құман,шәйнек,қасық)

Т-керек ыдыстарды алып шай жасауға кіріседі.

Т-Балалар бірінші үстелдің үстіне не жайамыз?

Б-Дастархан жайамыз.

Т-сонан –соң бірінші нан қоямыз.

Т-екінші шәйнекті ,кесе, қасық қоямыз,

Т-сосын шекер коямыз

Т-балалар Ақмарал апайларын дастарханға отырғызады.

Т-балалардан қораптың ішінде не барын сұрайды

Балалар шәй барын айтады.







Т-шәй дайындау үшін суды шәйнекке құйып қайнатамыз, қайнаған суға шәй саламыз, сүт құямыз, оны тоққа тығып қайнатамыз.немесе газ плитасына қоямыз.

Балалар сендер әлі кішкентайсыңдар сондықтан тоққа,газға жақындауға болмайды.шырпы ұстауға тыйым салынады.

Т-Түсіндік пе балалар.

Б-Ия.

Т-Енді апайларыңмен сендерге шай құйып берейін.

Т-Шайды кесеге құйямыз,оған керегінше сүт, қант саламыз.

Т-Балалар шайды кім даярлайды.

Б-әжелеріміз, аналарымыз.

Т-балалар, енді сергіту сәтін жасап жіберейік.

Дастарханды жаямыз

Ыдыстады қоямыз

Тағамдарды әкеліп

Дастарханға қоямыз.

Ақмарал апайлары балалармен бірге дайындаған шай ішіп, балалардың өнерлерін тамашалайды. Балалар білетін тақпақтарын, өлеңдерін айтып береді. Өнерлеріне қуанған Ақмарал апай шай ішіп болған соң балаларға сыйлықтарын үлестіреді.Балаларға алғысын айтып, мадақтап үйіне қайтады.


Т- Балалар келген қонақ Ақмарал апайды автобуспен үйіне апарып салайық .

Т-Балалар біз қайда бардық.

Б-Ыдыстар дүкеніне.

Т-Ыдыстар дүкенінен не алдық?

Б-шай жасауға керекті ыдыстарды алдық.

Т-Шай қайнатуды үйрендік пе?

Б-Иә.

Енді келген қонақтармен қоштасайық.








Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее