Мектепалды даярлық тобының
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Тәрбиеші:Галиева Э.М.
Мерзімі: 23.04.2016.
Білім беру салалары: Әлеуметтік орта
Бөлімдері: Өзін-өзі тану
Тақырыбы: Ұлттық дәстүрім-мақтанышым.
Мақсаты: ұлттық дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелеу;ұлттық дәстүрлер туралы түсінік- терін кеңейту;ұлттық дәстүрлерге деген қызығушылықтарын арттыру;ұлттық дәстүрлерге деген мақтаныш сезімдерін дамыту;
Сөздік жұмыс:
Қолданылатын көрнекіліктер:.салт-дәстүрге байланысты суреттер.
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің әрекеті | Балалардың әрекеті |
Ынталандыру, сезімді ояту. | Шаттық шеңбері Тәрбиеші балаларды шеңберге жинап, «Қазағымның дәстүрлері-ай» әнін бірге айтады. | Тәрбиешімен бірігіп айтады. |
Ұйымдастыру,ізденіс жүргізу | Әңгімелесу. Балаларға «Қазақтың салт-дәстүр лері» туралы айтып түсіндіру. Мысалы:Тұсаукесу. Бұл халқымыздың сәби тәй-тәйлап жүре бастаған кезде атап өтетін дәстүрлерінің бірі екенін айту. Үлкендер бұл тұсаукесер ырымын бала тез жүріп кетсін деп жасайды.. Баланың тұсауын жасы үш түрлі затпен кеседі және үлкен,ауылдың бір сыйлы адамына кескізеді.Көк шөппен кесекндегі мақсаты-көк шөптей кгеріп,өсіп-өн дегені,тоқ ішекпен кескені-үнемі қарыны тоқ,молшылық болсын,ал ала жіппен кескенде жаман іс жасама және біреудің ала жібін аттама-дегенді білдіреді.Біздің еліміз -де көп ұлттың өкілдері тұрады. Олардың бәрі тату-тәтті өмір сүреді. Әр ұлттық дәстүрлері,тілдері әр түрлі.Үлкендер балаларын адамгерші -лікке,инабаттылыққа,мейірімділікке тәрбиелейді. Ойын: «Үкі» Дәйексөз Тәрбиеші балаларға «Ұлттық дәстүр-асыл мұра» деген нақыл сөзді бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді. | Қазақтың салт-дәстүрлері туралыбіледі. Салт-дәстүрдің бір түрі тұсаукесермен танысады. Ойын ойнайды. |
Қорытындылау, бағалау. | Қорытындылау. Қай ұлт болмасын бала тәрбиесі-барлық адамның ортақ ісі.Сәбидің тәрбиелі,ізетті,иманды,адамгершілігімол болып өсуіне олар өзінше мән бер -ген.Осыған байланысты қалыптасқан түрлі ұлттық дәстүрлер бар.Осы дәстүрлерді сақтап,жалғастыру-біздің міндетіміз.Ата дәстүрлерін сақтап,жалғастыру арқылы,әр адам өз ұлтын мақтан тұтады. | Жүркетен жүрекке Балалар тәрбиешімен мына өлең жолдарын қайталайды. Мінеки ,сондайжомарт сенің халқың. Ешқашан жоғалтпаған ата салтын. Жас ұрпақ,ойлан өзің,бір тарихтан, Қазақ болып қал,қадірле қазақ халқын. |
Күтілген нәтиже.
Білуі керек: ұлттық дәстүрлерді
Түсінігі:. Ұлттық дәстүрлер туралы түсінік
Істей білу керек:Ұлттық дәстүрлерді сақтап,көрсете білу керек.