Қысқа мерзімді сабақ жоспар
Сабақ : 3-тоқсан | Мектеп: Надежка ОМ | ||||||||||||
Пән: қазақ тілі |
| ||||||||||||
Күні : | Мұғалім: Ахметова А.А | ||||||||||||
Сынып: 5 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар:
| |||||||||||
Бөлім: | Менің Тәуелсіз Қазақстаным | ||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | Мемлекеттік рәміздер | ||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: | А2. Сөз мәнері мен сөйлеу этикеті ТБ1. Сөз таптары | ||||||||||||
Сабақ мақсаты: | Қазақша амандасу мәнері мен ұлттық этикет формаларын пайдалану. Ыңғайластық қатынастыбілдіретін және қарсылықты қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу,ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану. | ||||||||||||
Құндылықтарды игерту: | «Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы:
НЗМ құндылығы:
Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың топтаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу,өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады. | ||||||||||||
Пәнаралық байланыс: | География, тарих, ағылшын, орыс тілі пәндерінен алған білімдерін еркін қолданады | ||||||||||||
АКТ-ны қолдану дағдылары: | Интерактивті тақта, слайд. | ||||||||||||
Бағалау критерийлері: |
| ||||||||||||
Тілдік мақсаттар: | Қыран, кереге, қанатты пырақ, ою, шаңырақ, көгілдір, еркіндік, бес бұрышты жұлдыз, алтын түсті, тағдыр, мекен, созылып жатыр, қасиетті, дархан дала, теңіздей толқыған, қастерлеймін | ||||||||||||
Дифференциация | Оқушылардың барлығы: өз ойын жүйелі жеткізе алады, ыңғайластық жалғаулықтардың қызметін түсінеді. Оқушылардың көбісі: Ұлттық этикет формаларын сақтай отырып қарым-қатынасқа түсе алады Оқушылардың кейбірі: Ыңғайластық қатыснасты білдіретін жалғаулықтарды ауызша жұмыстарда орынды қолдана алады. | ||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Денсаулық – зор байлық | ||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер
| |||||||||||
Сабақтың басы 7 мин | Қызығушылықты ояту Ұйымдастыру кезеңі:
|
| |||||||||||
Сабақтың ортасы 3 мин
25 мин
5 мин
| Назарын шоғырландыру Миға шабуыл. Жаңа тақырыпты анықтау. 1.Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта құжаттарда бейнеленген ........... (Елтаңба) 2.Президент резиденциясында, Үкімет үйінде ілулі тұрады. Барлық мекемелерде бар. ........... (Ту) 3.Республика,облыс, аудан көлеміндегі маңызды салтанатты мәжілістерде орындалады. ........... (Әнұран) 4. Елтаңба, ту, әнұран – бұлардың бәрі .............. (мемлекеттік рәміздер) 5. Мемлекеттік рәміздер туралы не білеміз?
Үш топқа «Елтаңба, Байрақ, Әнұран» сөздері бөлініп беріледі. Оқушыларға осы сөздерден басқа сөздер жазу, құрастыру тапсырылады. 1992 жылы қабылданды. Авторы – суретші Шәкен Ниязбеков. Oртасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Aспандай көк түс адам бойындағы адалдық, тазалық, сенімділік, мінсіздік сияқты қасиеттерді білдіреді. Одан бөлек көк түс ашық аспанды, бейбітшілікті, игілікті білдірсе, түстің біркелкілігі еліміздің тұтастығын меңзейді. Күн байлық пен молшылықты, өмірді және күш-қуатты бейнелейді. Қыран (бүркіт) бейнесі – бұл бейне әдетте биліктің, қырағылық пен мәрттіктің символы ретінде қабылданады. Күн астында қалықтаған бүркіт мемлекеттің қуат-күшін, оның егемендігі мен тәуелсіздігін, биік мақсаттар мен жарқын болашаққа деген ұмтылысын танытады. Қазақтың түсінігінде, бүркіт – бостандық пен адалдық, өрлік пен ерлік, қуат пен ниет тазалығы тәрізді ұғымдармен ұштасып жатады. Қазақ ою-өрнектері – дүниені көркемдік тұрғыдан қабылдаудың халықтың эстетикалық талғамына сай келетін ерекше бір түрі. Тудың сабын жағалай салынған ұлттық өрнектер Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін символдық тұрғыда бейнелейді.
Елтаңба – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек нысанды. Бұл – Ұлы дала көшпенділері айрықша қастер тұтқан өмір мен мәңгіліктің символы. Көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес. Шаңырақ – киіз үйдің басты жүйе құраушы бөлігі. Шаңырақ бейнесі – елімізді мекендейтін барлық халықтардың ортақ қонысының, біртұтас Отанының символы. Шаңырақтың мықтылығы мен беріктігі оның барлық уықтарының сенімділігіне байланыстылығы секілді. Елтаңбада қолданылған негізгі түс – алтынның түсі. Бұл – байлықтың, әділдіктің және кеңпейілділіктің символы. Сонымен қатар, көгілдір аспан түстес тудың түсі алтынның түсімен үйлесім тауып, ашық аспан, бейбітшілік және бақуат тіршілік ұғымдарын танытып тұр. Гимн – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Гимн-мемлекеттің салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған. Гимнді түрегеліп, жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді. Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған. 1986 жылы «Менің Қазақстаным» бостандық аңсаған қазақ жастарының бейресми әнұраны болған еді. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік гимні екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді. Елдің дыбыстық рәмізінің танымалдығын арттыру мақсатында 2006 жылы жаңа мемлекеттік гимн қабылданды. Оның негізі ретінде халықтың арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні таңдап алынды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әнге мемлекеттік гимн жоғары мәртебесін беру және анағұрлым салтанатты шырқалуы үшін музыкалық туындының бастапқы мәтінін өңдеді. Қазақстан Парламенті 2006 жылы 6 қаңтарда палаталардың бірлескен отырысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлыққа тиісті түзету енгізіп, еліміздің жаңа мемлекеттік гимнін бекітті.
Топтар бір-бірін бағалайды.
|
| |||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Кері байланыс. SMS. Үйге тапсырма беру. Теңгенің тарихы туралы ақпараттармен танысып келеміз. | | |||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс | |||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | |||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? | |||||||||||||
|