«Осень 2024»

Сабақ жоспары: Ғарыштағы қымыз

Сабақ жоспары

Ұйымдастыру

Топқа бөлу

Кластер құру

Олимпиады: Биология 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: Абдулхамит Марқабаев «Ғарыштағы қымыз»

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Абдулхамит Марқабаевтың өмірбаяны жайлы мәлімет беру.Фантастика жайлы мағлұмат беру. «Ғарыштағы қымыз» әңгімесін оқытып, түсіндіру.
Дамытушылық: Өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру. Тұлғаның жеке қабілетіне әсер ету арқылы іздену әрекетін дамыту.
Тәрбиелік: Өз ойын дұрыс айта білуге, сөйлеу мәдениетін дамытуға баулу, ұжымдылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты игеру.

Сабақтың көрнекілігі: Анимациялық слайдтар, суреттер, бейнежазбалар, жаңа материалдар.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, талдау, баяндау, салыстыру, пікірталас, суреттеу, АКТ.

Пәнаралық байланыс: Физика, астрономия, химия.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу. Түгендеу. Сынып тазалығына қарау. Сабаққа керек заттарды дайындау. Оқушының назарын сабаққа аудару. Сыныпты 3 топқа фигураларды тарату арқылы бөлу. Топ басшыларын сайлау. Әр топ басшы топпен ақылдаса отырып, слайдта көрсетілген 3 ұяшықтың бірін таңдайды. (қызыл, көк, жасыл)

I топ: Плутон (Қызыл)
II топ: Марс (Көк)
III топ: Сатурн (Жасыл)
Әр топты өз атауларымен таныстырып, неге олай атағаным туралы өздерінен сұрау арқылы ой шақырамын.
- Балалар, біз бүгін жұлдыздар әлеміне саяхат жасаймыз. Сондықтан бүгінгі сабағымызда белсеңді жұмыс істесек жұлдызша алып, ол жұлдызшаларды кім көп жинаса, сол сабақ соныңда ең үлкен жарқыраған жұлдызға ие болады.

Ал, балалар, топқа бөліндік енді алдыңғы сабақты қаншалықты меңгергендеріңді тексеру үшін «Бұл қай сәт?» ойынын ойнайық.

«Бұл қай сәт?» бойынша:

  • «Қой, тұрайын, болмас...»

  • «Шіркін, адам өлмейтін болса...»

  • «Аумайды-ей қасқырдын......»

  • «Мә, ішікті жамылып отыр...»

  • «Менің сондай бір жаман мінезім бар.»

  • «Апыр-ай қайда кете қалды? Әлде қасқыр...»

  • «Оны қайтем, керегі жоқ...»

II. Жаңа сабаққа кіріспе: «Ойлы болсаң, озып көр»

«Ой шақыру» стратегиясы арқылы суреттерді көрсетіп, оқушылармен бірге бүгінгі тақырыпты ашу. Суреттер топтамасы арқылы оқушыларды сөйлету. (ғарыш, ғарышкер, өзге ғаламгарлықтар, зымыран, қымыз, бие, торсық, тостаған, ожау). Келесі кезекте оқушыларға сұрақ қоя отырып сабаққа тереңірек ену.

  • Фантастика дегеніміз не?

  • Сіздер фантастикалық кинолар мен адебиеттер оқисыздар ма?

  • Қандай фантастикалық кітаптар оқыдыңыздар?

  • Роботтардың қызметі, оларды не үшін ойлап таптық?

  • Жерден басқа күн жүйесінде неше планета бар?

  • Ол планеталарды адамдар тұрады ма?

III. Жаңа сабақ барысы.

Ғарыш және қымыз туралы бейнеролик көрсету.

Сонымен, балалар, бейнероликтен не түйдік? Сол туралы өз ойларыңды айтып жіберіңдерші. Қымыз - жылқы сүтінен алынатын қышқыл сүт өнімі. Қымыссыз қазақ дастарқанын елестету мүмкін емес. Бұл ғажайып сусын барлық салтанатты думандарда бірінші кезектес беріледі. Сары қымыз дертке шипа, денеге күш. Қымыз ерекше дәмді, құнарлы, адамның жан сарайын ашатын өте сіңімді сусын. Халқымыз қымызды айрықша ыдыстар – торсық және сабада дайындалған. Ғарыш (араб тілінен аударғанда кеңістік, космос) –ғаламның астрономиялық анықтамасының синонимі. Кейде Ғарыш ұғымына Жер төңірегіндегі кеңістікті қамтитың (ондағы нысандарды қоса) жақын Ғарыш және жұлдыздар мен галактикалар, т.б. кеңістігің қамтитын (ондағы нысандарды қоса)алыс Ғарыш болып ажыратылады.

  • Фантастика – көркем бейнені ой елестерінен, қиялдан шығарып, шындықты табиғи қалыптан тыс әсірелеп көрсететін шығарма. Фантастиканы жазатын адамдарды фантаст жазушы деп атайды.

  • Фантаст –шығармасын ой елестерінен қиялдан шығарып, шындықты Табиғи қалыптан тыс әсірелеп жазатын жазушы.

  • Фантастика жазушыларды білеміз бе? Талап Сұлтанбеков, Шоқан Әлімбаев, Абдулхамит Марқабаев. Иә, солардың бірі Абдулхамит Марқабаев (слайд арқылы)

Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз Әбділхамит Марқабаевтың «Ғарыштағы қымыз» әңгімесімен танысамыз. Сонымен, бұндай шығармаларды әлем әдебиетінде фантастика деп атайды.

Арал теңізінің батыс жағалауына жақын орналасқан, аралшаның солтүстік кенерсіндегі «Ауан» деп аталатын алақандай елді мекенде қарапайым наубайшы Файзулла шаңырағында 1938 жылы Абдулхамит Марқабаев дүниеге келген.Соғыстың орта шенінде наубайшы әкесін, өз қатарластарымен қоса,Арал қаласына әскерге алып кеткені Әбділхамиттың еміс-еміс көз алдында. Наубайшы боп әкесінің орнына шешесі қалады.Ананың мақсаты-үйдегі балаларының қарнын ашырмау.Әбділхамиттың үлкен ағасы сол кезде оба індеті шыққанда осы ауылдан кішігірім кеңсе ашқан болатын.Сол кеңсеге екінші ағасы он үшке толмаған жасында аяқ киімсіз, жалаңаяқ барып келіп жүргені оның есінде. (18.4.1938 жылы туған, Арал ауданы Ауан ауылы) – жазушы,ғалым,фиология ғылымдарыныңдокторы (2001), профессор (1997).ҚазМУ – дың (ҚазҰУ) фиология факультетін бітірген (1964).1964-67 жылдары «Білім және еңбек» ( қазіргі «Зерде») журналында әдеби қызметкер,бөлім меңгерушісі, 1967-76 жылдары ҚазМУ-дың журналистка факультетінің доценті,1976-85 жылдары «Білім және еңбек» журналының бас редакторы, «Жаңа фильм» журналының аға редакторы,1981-82 жылдары Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитеті бас редакциясының аға редакторы, 1985-87 жылдары Қазақ орталық мұрайының баспа-редакция секторының аға редакторы, сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған.Көп жылдан бері ҚазМУ-де ұстаздық қызметте.Тұңғыш жинағы 1972 жылы «Ғарыштағы қымыз» деген атпен жарық көрді. Марқабаевтың «Арал әуендері», «Балалардың аман қалғанын айт!», «Жарылқаушы…»,»Тосын ғарышхат» т.б. ондаған көркем шығармалары жеке кітап болып шықты. Фантастика жанрының табиғаты мен теориялық ерекшелітерін айқындайтын «Қолыңды әкел, Келешек. Қазақ фантастикасы: кеше, бүгін және ...» (1978 ж.), «Қазақ фантастикалық әдебиеті» (1998 ж.) атты монографиясы, «Ислам – Ғылым – Журналистика» оқулығы жарық көрген.

Енді шығармамызбен жақынырақ танысайық. Бізге оқуға жеңіл болу үшін мәтінде бізге таныс емес сөздер кездесуі мүмкін. Сол себептен сөздікпен танысып алайық.

Сөздікпен жұмыс:
попури-бірнеше әннің бір әнге бірігуі.
космофлот-ғарыштағы жеке орын.
радиоктивті сәуле-иондау сәуле шығару.
видеофонд-екі жақты бір-біріне көрсетеалатын видеопрограмма.
сутегі- элементтердің периодтық жүйесінің VII тобындағы химиялық элемент.
эгоистер- өзімшілдер, өз қара бастарын ғана ойлайтын адам.
микроб-тек қана микроскоппен көруге болатын өте ұсақ тірі организмдер. пациент- емделуші адам.

I топ: Плутон (Қызыл): 179-181 б.
II топ: Марс (Көк): 181-183 б.
III топ: Сатурн (Жасыл) 183-184 б.

Енді, балалар, суретшілер сайысын ұйымдастырайық. Әр топ өздері оқыған бөлімдерінің мазмұнын сурет арқылы жеткізулері және қысқаша мазмұнын айту.

Жақсы, шығармамыз бәрімізге енді түсінікті болды. Енді, балалар, талдау жұмысын жасап жіберейік.

Оқиғаның басталуы:
Қонақтарға құрмет.
Оқиғаның байланысы:
Жеті планетаның достығы.
Оқиғаның дамуы:
Планета өкілінің науқастануы.
Оқиғаның шиеленісуі:
Дәрігерлердің уайымы
Оқиғаның шарықтау шегі:
Дәрігердің рецептісі.
Оқиғаның шешімі:
Қымыздың қасиеті

Келесі сіздерге берілетін тапсырмамызды «жазушылар сайысы» деп атайық.
Қысқа да, нұсқа өздеріңе берілген тақырып бойынша шағын мәтін құрастырыңыздар.

I топ:Плутон (қызыл): Бірінші байлық денсаулық.
II топ: Марс (көк): Қымыз туралы сыр шертсем.
III топ: Сатурн (жасыл): Ғарышта болған тосын жағдай.

IV. Сабақты бекіту.

Енді, оқушылар, мен сіздерге планеталарды таратамын. Ал сіздер осы планетаға бүгінгі сабақ бойынша өздеріңіздің ой-пікірлеріңізді білдіріп, Күн жүйесіне әкеліп жабыстырыңдар.

V. Үйге тапсырма.

Барлығына: Шығарманы, даналық ойды, таным деректерін оқу.
I топ. Плутон (қызыл): Абдулхамит Марқабаев туралы қосымша деректер.
II топ. Марс (көк): Күн жүйесіндегі планеталардың ерекшелігі.
III топ. Сатурн (жасыл): Қымызды дайындау әдісі.





Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее