Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К
Күні: 30.01.2017
Сынып: 6 «а», «ә» Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Ырықсыз етіс
Сабақтың мақсаты:
Ырықсыз етіс туралы түсінік беру;
Оқушылардың тілін , ойын , сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Оқушыларды ұқыптылыққа, әдемі, таза жазуға баулу.
Сабақтың түрі: жаңа тақырып
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кеспе қағаз, таблица
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап.
Пәнаралық байланыс: ана тілі,әдебиет,тарих
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сәлемдесу.
2.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу
3.Сабаққа зейіндерін аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 232-жаттығу/191-жаттығу
Сұрақ-жауап:
1.Етіс дегеніміз не?
2.Етістер неше топқа бөлінеді? оларды ата
3.Өзгелік етіс дегеніміз не?
5.Өзгелік етістің жұрнақтары? мысал келтіру
ІІІ.Жаңа тақырып. Ырықсыз етіс
Бұған дейін іс-әрекетті біреудің тікелей өзі орындайтындығын және іс-әрекеттің өзге біреу арқылы іске асатындығын қарастырдық. Енді істі кімнің істегендігі емес, не істегендігі ғана көрсетілетіндігін зерттей бастаймыз. мысалы: бөлме тазартылды, гүлге су құйылды. | |||
Істің кімнің істегендігі көрсетілмей, не істелгендігі көрсетілетін етістің түрі ырықсыз етіс деп аталады. | |||
Ырықсыз етістің жасалу жолдары: | |||
1 | -ыл,-іл,-л: | Жу-ыл-ды, жи-ыл-ды, тер-іл-ді, шеш-іл-ді, тара-л-ды, күре-іл-ді, (іс-әрекетті кім істегені белгісіз, әйтеуір, өзінен-өзі істе-лін-іп қой-ыл-ған) | |
2 | -ын,-ін,-н: | (өздік етісте де бар) етістік түбірінде -л дыбысы болса, онда ырықсыз етіс болады: ал-ын-ды, сал-ын-ды, әкел-ін-ді, іл-ін-ді, бөл-ін-ді ,сөйле-н-ді, тазала-н-ды, сарала-н-ды,т.б. | |
Ырықсыз етіс жұрнағы салт етістікті сабақты етістікке айналдырады. мына екі бағандағы етістіктерді салыстырып, ырықсыз етіс жұрнақтарының сабақты етістіктен салт етістік жасап тұрғанын түсіндіріңдер. | |||
Үй сал Егінді ор Суды төк Малды бақ Киімді тазала Еденді жу | Үй сал-ын-ды Егін ор-ыл-ды Су төг-іл-ді Мал бағ-ыл-ды Киім тазала -н-ды Еден жуылды |
ІV. Оқулықпен жұмыс.
233-жаттығу .Төмендегі етістіктерден (салт па,сабақты ма? ) ырықсыз етіс жасап, ( салтқа айналды ма, жоқ сабақтыға ма?) сөйлем құраңждар. | 192-жаттығу Етістіктердің түбірі мен қосымшаларын дефис арқылы ажыратып жазыңдар. |
234-жаттығу. 1.Балама атауды есте сақтаңдар, сөйлемдерден етістерді табыңдар.
2.Өлеңнен етіс түрлерін тауып, теріп жазыңдар.
гүл ег-іл-ген, шөп өсір-іл-ген, ағаш және бұталар отыр-ғыз-ыл-ып, саябақтар жаса-л-ды, ағаштар отыр-ғыз-ыл-ды
Өздік етіс | Өзгелік етіс | Ырықсыз етіс |
Көр-ін-ген, |
| Сал-ын-ған ,Ал-ын-ған ,танылған |
V.Сабақты бекіту
1.Ырықсыз етіс дегеніміз не? мысал келтіру
2.Ырықсыз етіс жасайтын жұрнақтарды атап айту?
VІ.Үйге жұмыс. 235-жаттығу. /193-жаттығу.