Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К
Күні: 05.12.2016
Сынып: 6 «а», «ә»
Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Топтау сан есім
Сабақтың мақсаты:
1. Топтау сан есім туралы түсінік беру, тапсырмалар орынддату арқылы тақырыпты меңгерту;
2. Оқушылардың тілін , ойын , сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларды ұқыптылыққа, әдемі, таза жазуға баулу.
Сабақтың түрі: жаңа тақырып
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, математикалық өлең-есептер.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап.
Пәнаралық байланыс: математика, ана тілі.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сәлемдесу.
2.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу
3.Сабаққа зейіндерін аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Сұрақ-жауап: 141-жаттығу.
1.Реттік сан есім дегеніміз не?
2.Реттік сан есімнің жұрнақтары қандай? Мысалдар келтіру, (дара,күрделі реттік сан есімдерге мысал)
3.Жинақтық сан есім дегеніміз не? Мысалдар келтіру
ІІІ.Жаңа тақырып. Топтау сан есім
Нешеден? Қаншадан? деген сұрақтарға жауап беріп, заттың санын жекелеп емес, топтап көрсететін сан есім түрі топтау сан есімі деп аталады. | |
Жасалу жолы: | |
Дара сан есімдерге шығыс септігі жалғану арқылы жасалады. | Күрделі сан есімдерге шығыс септігі жалғану арқылы жасалады. |
Екі+ден, жүз+ден, бес+тен,т.б. | Он бес+тен, екі-екі+ден, он-он+нан |
Топтау сан есімдер
Сұрақтары Қаншадан ? Нешеден ? Дара саннан: Бестен, мыңнан Күрделі саннан: бес-алтыдан, отыз бестен Құрамы Жасалу жолы
Негізгі түбір сан есімге –дан, -ден,-нан,-нен,-тан,-тен жұрнағы жалғанады: бестен, оннан,
Қосарланған сан есімге –дан, -ден,-нан,-нен,-тан,-тен жұрнағы жалғанады: бес-алтыдан, үшеу-үшеуден Тіркесті сан есімге –дан, -ден,-нан,-нен,-тан,-тен жалғанады: жиырма бестен, бір мыңнан
ІV. Оқулықпен жұмыс. 147-жаттығу. Топтау сан есімді қатарды дара, күрделі сан есімдермен толықтырыңдар.
-нан: | нен: | -дан: | -ден: | -тан: | -тен: |
оннан, ... | сексеннен,... | жиырмадан,... | елуден,...
| алпыстан,... | жетпістен,... |
148-жаттығу. Берілген есептік сан есімдерден топтау сан есім жасап, «Топтасу түбі-ынтымақ» тақырыбында ой-пікірлеріңмен бөлісіңдер.
2,4,6,8,14,20,40,50,60,3,5,10,8,6,2,70,80,100,1000,
149-жаттығу. Мәтіндегі сан есімдердің тұлғалық, құрамдық,мағыналық түрін ажыратыңдар.
V.Сабақты бекіту.
Сұрақ-жауап:
1.Топтау сан есім дегеніміз не? Мысалдар келтіру,
2.Топтау сан есімнің жұрнақтарын ата?
VІ.Үйге жұмыс.
Арман –ПВ 150-жаттығу.
Атамұра -117-жаттығу. (115 бет)