«Осень 2024»

Сабақтың тақырыбы: «Сөз құрамы» Түбір мен қосымша. Сөз тұлғасы.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік – қазақ тіліндегі қосымшалардың түбір сөзге жалғану заңдылықтары туралы ұғымдарын дамыту, жұрнақ пен жалғаудың атқаратын қызметін таныту. 2. Тәрбиелік – ана тілін қадірлеуге білімділікке, салауаттылыққа, ұжымдық жұмыс жасау барысында адалдық қасиеттерін дамыту. 3. Дамытушылық – фонетика тарауы бойынша алған білімдеріне сүйене отырып сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру, оқушылардың белсенді ойлау қызметтерін жандандыру, дұрыс сөйлеуге машықтандыру.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру Сабақтың өту әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, граматикалық ойын, фонетикалық талдау. Сабақ көрнекілігі: Тақырыпқа арналған сызба, кеспе карточкаларСабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Олимпиады: ОБЖ 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К

Күні: 28.09.2016

Сынып: 6 «а», «ә»

Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: «Сөз құрамы» Түбір мен қосымша. Сөз тұлғасы.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік – қазақ тіліндегі қосымшалардың түбір сөзге жалғану заңдылықтары туралы ұғымдарын дамыту, жұрнақ пен жалғаудың атқаратын қызметін таныту.
2. Тәрбиелік – ана тілін қадірлеуге білімділікке, салауаттылыққа, ұжымдық жұмыс жасау барысында адалдық қасиеттерін дамыту.
3. Дамытушылық – фонетика тарауы бойынша алған білімдеріне сүйене отырып сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру, оқушылардың белсенді ойлау қызметтерін жандандыру, дұрыс сөйлеуге машықтандыру.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру
Сабақтың өту әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, граматикалық ойын, фонетикалық талдау.
Сабақ көрнекілігі: Тақырыпқа арналған сызба, кеспе карточкаларСабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сәлемдесу.

2.Сыныптың тазалығына назар аудару.

3.Оқушылардың назарын тақтаға аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

23-жаттығу.

Сұрақ-жауап әдісі:

1. Әдеби тіл дегеніміз не? Әдеби тіл неше түрлі формада өмір сүреді?

2.Орфоэпия дегеніміз не? Мысал келтіру

3. Орфография дегеніміз не?

4.Мәтін дегеніміз не? Қандай тілден алынған беретін мағынасы?

ІІІ.Жаңа тақырып. «Сөз құрамы» Түбір мен қосымша. Сөз тұлғасы

Сөзжасам

Қазақ тілінің байи түсуіне сөздердің бірігуі ,қосарлануы, жұрнақ жалғануы арқылы жасалған сөздер үлкен үлес қосты. Мұндай жолмен жаңа сөздердің түзілуі қандай құбылыс! Сөзжасам тарауынан жаңа сөздердің жасалуы жайлы мәлімет аясын кеңейте түсесіңдер.


Сөз тұлғасы





4)Тәуелдік жалғау

3)Жіктік жалғау

3) тіркескен сөз

4) қысқарған сөз

2) біріккен сөз

2.Септік жалғау

  1. Қос сөз

1)Көптік жалғау

2) Туынды сөз

2) сөз түрлендіруші

1)Түбір сөз

1)Сөз тудырушы

2.Жұрнақ

1.Жалғау

1.Дара сөз

2.Күрделі сөз

Қосымша

Түбір



















Дара сөз

Күрделі сөз

Сөздер құрамына қарай






Негізгі түбір сөз

Туынды түбір сөз

Екі не одан да көп түбірден құралған сөздер

Қосымшасыз тұрып-ақ белгілі бір мағына білдіретін сөздер

Сөз тудырушы жұрнақ жалғану арқылы туған жаңа сөз.

Қос сөз.

М:әкелі-балалы,бақ-береке, ағайын-туыс,ата-ана,бала-шаға,

Біріккен сөз

М:Ақмола, сөйтіп, ақсақал,баспасөз,сөзжасам,әрқашан,

орынбасар

М:Сынып,ән, күй, би, домбыра, тәрбие, оқу,оқы, кітап, сат, жүр,ұш, аң, ел, біл, ой, бас, сан,аялда,

білім

М:Сыныптас ,әнші,күйші, биші, домбырашы,тәрбиеші,оқушы,оқытушы, кітапханашы, сатушы, жүргізуші, ұшқыш,аңшы,елші, білгіш, ойшыл,баста,сана, аялдама,

Қысқарған сөз.

ААҚ-ашық акционерлік қоғам, ТЖО-техникалық жөндеу орталығы, Шаған ЖОББМ-Шаған жалпы орта білім беретін мектебі

Тіркесті сөз.

Он бес, ала жаздай, мектепке дейін, сөз таптары, жиырма екі, оқып отыр, тұрып тұр қызыл шырайлы, ала шұбар,көк ала, қара торы


Қосымша

Жұрнақ

1.Сөз тудыруышы жұрнақ.

Түбірдің негізгі мағынасын өзгертіп оған жаңа мағына береді.

2.Сөз түрлендіруші жұрнақ

Өзі жалғанған сөздің бастапқы мағынасын өзгертпей, сәл түрлендіреді.

Тарих+и, бала+лық, жүргіз+уші, аш+ық,Сынып+тас ,ән+ші,күй+ші, би+ші,домбыра+шы,тәрбие+ші,оқу+шы,оқыту+шы, кітапхана+шы, сату+шы, жүргіз+уші, ұш+қыш,аң+шы,ел+ші, біл+гіш, ой+шыл,бас+та,сан+а, аялда+ма,

Жаз+ып,жаз+ған, үлкен+ірек,бес+інші,

төбе+шік, сандық+ша,


Жалғау.

1

Көптік жалғау:-лар/лер, -дар/дер, -тар/тер өзі жалғанған сөздерге көптік мағынабереді. 

Бала-лар ,үйлер, кітап+тар.

2








Тәуелдік жалғау:Заттың біреуге не бір нәрсеге тәуелді (меншікті) екенін білдіреді.

Жекеше түрі

Көпше түрі

1-жақ

-м,-ым,-ім

-мыз,-ымыз,-міз,-іміз

2-жақ

-ң,ың,-ің

-ыңыз,-іңіз,-ңыз,-ңіз

-тарың,-терің,-дарың,-дерің,-ларың,-лерің

-тарыңыз,-теріңіз,-дарыңыз,-деріңіз,-ларыңыз,-леріңіз

3-жақ

-сы,-сі,-ы,-і

-сы,-сі,-ы,і

Жекеше тәуелдеу

Көпше тәуелдеу

Менің анам, кітаптарым

Сенің анаң, кітаптарың

Сіздің анаңыз, кітаптарыңыз

Оның анасы, кітаптары

Біздің ініміз, кітаптарымыз

Сендердің інілерің , кітаптарың

Сіздердің інілеріңіз, кітаптарыңыз

Олардың інісі, кітаптары


3

Септік жалғау.

1.Атау септік – кім? не? Дос, әке, гүл

2.Ілік септік – кімнің? ненің? Достың, әкенің, гүлдің

3.Барыс септік – кімге? неге? Досқа, әкеге, гүлге

4.Табыс септік – кімді? нені? Досты, әкені, гүлді

5.Жатыс септік – кімде? неде? Доста, әкеде, гүлде

6.Шығыс септік – кімнен? неден? Достан, әкеден, гүлден

7.Көмектес септік – кіммен? немен? Доспен, әкемен, гүлмен

4

ЖЕКЕШЕ ТҮРДЕ ЖІКТЕУ

КӨПШЕ ТҮРДЕ ЖІКТЕУ

Мен азаматпын, отырмын

Сен азаматсың, отырсың

Сіз азаматсыз, отырсыз

Ол азамат, отыр

Біз азаматпыз, отырмыз

Сендер азаматсыңдар, отырсыңдар

Сіздер азаматсыздар, отырсыздар

Олар азамат, отыр







ІV.Кітаппен жұмыс.

30-жаттығу. Дара сөздер мен күрделі сөздерге мысал келтіріңдер.


31-жаттығу. Түбірі мен қосымшасын бөліп көрсетіңдер.

Ел, ел+ші, ел+ім, көр, көр+ші, көйлек, көйлек+шең, ақыл+ды+лық,сүт+тей, көк+(гер) берік, аудан+дық, ас+хана, құрылыс, жаңа+лық, тасы+мал, жет+кіз+бе+у , көр+сет+кіш, сен+ім,


32-жаттығу. Сөзжасам ережесін еске түсіріп, мысалдарыңды жазбаша түрде келтіріңдер. Қандай ереже шығарар едіңдер?


33-жаттығу. Бірінші ,екінші қатардағы сөздермен мағынасына қарай күрделі сөз жасаңдар.

Біріккен сөздер: Алабұға, баспасөз,балабақша, бозбала, демалыс,қолжазба, кісіпорын, сөзжұмбақ, асқабақ

Қос сөздер: Ел-жұрт, күш-қуат, ар-намыс, жақсы-жаман, күн-түн, құрт-құмырысқа, ыдыс-аяқ, оқу-ағартау, үгіт-насихат

Тіркесті сөздер: мақтау қағазы, асық жілік, тіл білімі, оқу орны, мал дәрігері, қара өлең, ақ көңіл, он балақ бау, беріп жібер, сары ала, қол шапалақтау


V.Сабақты бекіту

Сұрақ-жауап:

1.Сөзжасам дегеніміз не?

2.Сөздер тұлғасына қарай қалай бөлінеді?

3.Сөздер құрамына қарай қалай бөлінеді?

4.Қосымша нешеге бөлінеді?

5.Жұрнақ нешеге бөлінеді?

6.Жалғау нешеге бөлінеді?

VІ. Үйге тапсырма беру.


34-жаттығу.

.

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее