Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К
Күні: 09.12.2016 оқу жылы
Сынып: 6 «а», «ә»
Пәні: Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
Білімділік: жазушы өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру;
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал жасау,ойлау шеберлігін,сөйлеу
мәдениетін жетілдіру;
Тәрбиелік: оқушылардың көркемөнер дүниесіне сүйіспеншілігін арттыру
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау, баяндау, топтастыру
Сабақтың көрнекілігі:, ақын портреті, суреттер т.б.
Сабақтың типі:жаңа білімді меңгерту
Пәнаралық байланыс: музыка, ағылшын, орыс тілі т.б
Көрнекілігі: Ақын портреті, кітаптар, көрнекі кеспе қағаздар.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу.
2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: Ілияс Жансүгіров «Домбыра», «Анам тілі» «Ыстық орындық» әдісі
ІІІ.Жаңа тақырып . Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
Таным дерек арқылы және оқулық арқылы
1.Мұхтар Әуезов туралы мәліметті оқыту
2.Біржан сал Қожағұлұлы туралы мәліметті оқыту.
3. «Біржан сал Абай ауылында» оқыту.
Тапсырмалар:
М.Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелеудің тірек сөздерін жазыңдар, оларды тірек сызбаларыңда, өз жауаптарыңда пайдаланыңдар.
Жазушы туралы берілген мәліметті мұқият оқып шығып, мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңдар. Кім көп мәнді сұрақ құрастырса ,сол жеңіске жетеді. Іске сәт!
ІV.Оқулықпен жұмыс.
Не білеміз?
1) Мазмұндық жоспар:
1) Абай аулының қадірлі, сыйлы қонақтары
2) Ән тербеген Абай
3) Біржан салған «Жанбота» әні
4) Әмірдің орындауындағы «Жиырма бес»
5) Біржан шәкірттері
6) Әйгерімнің әні
7) Ұлжанның Біржанға бата беруі
8) Біржанның Абай ауылынан аттанып кетуі
2) Өткен сабақпен тақырыптық байланыс
V.Сабақты бекіту
«Зымыран сұрақтар» (Сұрақ-жауап)
1. Абайға бала кезінде жеңгелері еркелетіп қойған аты? (Телғара)
2. Абай: «Бар, көр. Шын өнерлі, қызықты болса, елге әкел. Жас буын өнер үйренсін, үлгі алсын. Мен де көмекші болармын»,- деп, Біржанға кімді жұмсады?
3. «Шіркін, айтушы мен болғанда, үнемі ұқтырушы сен болсайшы!» Кімнің сөзі? (Біржан)
4. «Өнерпаз болсаң, өр бол! Жалқы бол, жарлы бол, ол –кемшілік емес!» Кімнің сөзі? (Абай)
5. «Кісісін бір болыстың біреу сабап,
Бар ма еді статьяда көрген жерің?...»- деген жолдар кімнің, қай өлеңінен үзінді? (Біржан «Жанбота»)
6. Шығармадағы типтік образды ата. (Абай)
7. Әңгімеде қандай қазақы салт-дәстүр көрініс тапқан? (қонақжайлылық, бата беру)
8. Әңгімеде Біржанға өз үйінен дәм татқызып, бата беріп, оң сапар тілеген кім? (Ұлжан)
9. Керімбала:
- Тағы бір ауыз!- деп еді.
Оралбайға:
- Тағы! Тағы! –деп Біржан да ықыласпен айтты. (диалог)
10. Біржанның сұрауы бойынша қоштасардағы жастар айтқан ән?
(«Жиырма бес»)
VІ.Үйге тапсырма.
Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»