Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К
Күні: 3.10.2016
Сынып: 6 «а», «ә»
Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер мен кіріккен сөздер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : Біріккен сөздер туралы тақырыпты түсіндіру. Оқушылардың теориялық және іс - тәжірибешілік (практикалық) білім дәрежесін анықтау.
Тәрбиелік : Шәкірттерді өздігінен ой еңбегімен шұғылдануға, шапшаңдыққа баулу..
Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу мәнерін, логикалық ойын дамыту. шығармашылық ізденіс қабілетін дамыту, ойлау белсенділігін арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру
Сабақтың өту әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, талдау, сұрақ-жауап. Оқулықпен жұмыс.
Сабақ көрнекілігі: Тақырыпқа арналған сызба, кеспе карточкалар
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сәлемдесу.
2.Сыныптың тазалығына назар аудару.
3.Оқушылардың назарын тақтаға аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
52,53 -жаттығу.
Сұрақ-жауап:
1.Сөздер құрамына қарай нешеге бөлінеді
2.Дара сөз дегеніміз не?
3.Күрделі сөз дегеніміз не? Оларға қандай сөздер жатады?
ІІІ.Жаңа тақырып: Біріккен сөздер мен кіріккен сөздер
Біріккен сөздер
Түбір тұлғасын сақтап біріккен сөздер Түбір тұлғасы өзгеріп кіріккен сөздер
Аяқдоп Биыл ( бұл+жыл)
Жолбарыс
Тоқсан (тоғыз+он)
Сегізаяқ
Түрегелу (тұра+келу)
Екі я оданда көп түбірлер бірігіп ,тұтас бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер біріккен сөздер деп аталады. | |
Қазақ тілінде біріккеен сөздердің жасалуы төмендегідей: | |
1.Біріккен сөздер: Құрамына енген түбірлердің тұлғалары сақталған сөздер | 2.Кіріккен сөздер: Құрамындағы түбірлердің тұлғалары сақталмай, дыбыстық өзгерістерге ұшыраған сөздер. |
Мысалы:Асқазан, саңырауқұлақ, орынбасар, өнертапқыш, балабақша, қолтаңба,т.б. | Мысалы: Бүгін (бұл күн): бірінші сөздегі ұ екінші сөздің әсерінен жіңішкеріп, ү-ге айналған, л дыбысы түсіп қалған, ү-нің әсерінен к ұяңданып,г-ге айналған (бұл-бү+күн-гүн) Биыл (бұл және жыл), жаздыгүні (жаздың және күні), түрегелді (тұра және келді) |
-Аң,құс,жәндік атаулары: | Мүйізтұмсық, аққұтан,иманжапырақ, қосаяқ, тасбақа, егеуқұйрық, жолбарыс, көкқұтан, текесақал, алабота, аққу.қарақұрт , итмұрын, |
-географиялық атаулар: (жер,су аттары) | Жетісу, Темірқазық, Жайлаукөл, Шиліөзен ,Сырдария, Ақбозат, Көкбозат, Сарысу, қызылорда, Әулиеата, Алакөл, Жетіқарақшы |
-кісі аттары: | Қойшыбек, Нұрмұхаммед, Гүлбаршын, Гүлдариға, Үлмекен,Ұлбала, Нұрдана,Айжан, |
-ауру аттары: | Көкжөтел, қарасан, сарысу, соқырішек, шорбуын, қылтамақ, |
-дене мүшелері: | Сегізкөз, ұлтабар, асқазан, тоқішек, мойыномыртқа, тазқарын, |
-ойын атаулары: | Айгөлек, көкпар, соқыртеке, бесқақпай, ханталапай, алтыбақан, ақсүйек, доптаяқ |
-ән,күй,өлең аттары: | «Сарыарқа», «Дайдидау», «Сегізаяқ», «Сарыжайлау», «Қараторғай», «Кісенашқан» |
-қоғамдық өмірге,күнделікті тұрмысқа байланысты әртүрлі атаулар: | Автобекет, қолбасшы, қайынаға, ақсақал, кәсіпорын, шекара, еңбеккүн, отағасы. |
-мезгілге байланысты атаулар: | Биыл, қыстыгүні, жазғытұрым, бірсігүні. |
-белгісіздік,болымсыздық мәндегі атаулар: | Әркім, әлдене, ешқашан, ешбір. |
ІV.Кітаппен жұмыс .
55-жаттығу.
Біріккен сөздер | Кіріккен сөздер |
Алтыбақан, қосаяқ, Айнамкөз, желмая, кемпірқосақ,Жаңақорған, Екібастұз, Қызылжар, Қартбай, Болатбек, Ақайша, пікірталас, сенімхат, Нұрғиса, төраға, қолжазба, қолтаңба, түпнұсқа, Тайбурыл | Тоқсан, Ботагоз, Бегәлі, Өмірзақ, белбеу.әнеугүні,биыл, Қазанғап, жаздыгүні, |
56-жаттығу. Әдебиет , география, биология, тарих оқулықтарын пайдалана отырып, біріккен сөздердің жасалуына мысалдар жазыңдар.
-Аң,құс,жәндік атаулары: | Мүйізтұмсық, аққұтан,иманжапырақ, қосаяқ, тасбақа, егеуқұйрық, жолбарыс, көкқұтан, текесақал, алабота, аққу.қарақұрт , итмұрын, |
-географиялық атаулар: (жер,су аттары) | Жетісу, Темірқазық, Жайлаукөл, Шиліөзен ,Сырдария, Ақбозат, Көкбозат, Сарысу, қызылорда, Әулиеата, Алакөл, Жетіқарақшы |
-кісі аттары: | Қойшыбек, Нұрмұхаммед, Гүлбаршын, Гүлдариға, Үлмекен,Ұлбала, Нұрдана,Айжан, |
-дене мүшелері: | Сегізкөз, ұлтабар, асқазан, тоқішек, мойыномыртқа, тазқарын, |
-ойын атаулары: | Айгөлек, көкпар, соқыртеке, бесқақпай, ханталапай, алтыбақан, ақсүйек, доптаяқ |
-ән,күй,өлең аттары: | «Сарыарқа», «Дайдидау», «Сегізаяқ», «Сарыжайлау», «Қараторғай», «Кісенашқан» |
-қоғамдық атаулар: | Автобекет, қолбасшы, қайынаға, ақсақал, кәсіпорын, шекара, еңбеккүн, отағасы. Саябақ, әуежай, төлемақы, айыппұл |
57-жаттығу. Берілген сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар. Дыбыстық өзгеріске ұшыраған түбірлерге назар аударыңдар.Қандай дыбыстық заңдылыққа сүйеніп тұрғанын айтыңдар.
Үлгі: Асан он сегіз жасқа толғанда төлқұжат алады.Атам күнде баспасөз Баспасөз мерзім сайын халық арасына жаңалықтар таратып отырады.
V.Сабақты бекіту.
Сұрақ –жауап:
1.Біріккен сөздер дегеніміз не? (ережесі мысалы)
2.Кіріккен сөздер дегеніміз не? (ережесі, мысалы)
3.мысалдар айту.
VІ.Үйге тапсырма:
38-бет: 59-жаттығу.
54-бет: 43-жаттығу.