«Осень 2024»

Сабаққа өзіндік талдау жасау

Сабаққа өзіндік талдау жасау

Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі:

«Тіл дамыту».

Сабақтың тақырыбы: «Мақта қыздың тапсырмасы».

Олимпиады: Дошкольникам "Охота за знаниями"

Содержимое разработки



Сабаққа өзіндік талдау жасау



Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі:

«Тіл дамыту».

Сабақтың тақырыбы: «Мақта қыздың тапсырмасы» .



Алдыма қойған мақсаттарым:

I.Негізгі тапсырмалар:

Мақсаты:

- Мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылығын ертегі түрлері арқылы дамытып, сөйлеу қабілеттерін жан - жақты жетілдіру;

- Сабақ барысында «Салауатты –өмір салтын» ұстана отырып, ойын арқылы денсаулықты сақтау технологиясын қолдану.Әртүрлі жаттығу шараларын жүзеге асыру.

- Қазақ тіліне деген құрмет сезімдеріне тәрбиелеу.

Міндеттері:

Балалардың тілін, сөйлеу мәдениеті мен дүниетанымын дамыту.

Балаларды адамгершілікке баулу.

Баланың қиялын есте сақтауын шығармашылық қабілетін дамыту, өткен сабақтарды қайталап бекіту,еске түсіру. Театрлық іс - әрекетті ертегілерді пайдалана отырып ойын,тілдік қорын дамыту.

Баланың әлеуметтік және эмоционалдық дамуына жағдай жасап, әр баланың жеке дара әртістік, шығармашылық қасиеттерін ескере отырып, өзін қоршаған ортаға, адамдарға, құрбыларына, өзіне деген қарым - қатынас мәдениетін қалыптастыру.





II.Тәрбиелік тапсырмалар:

1.Балалардың патриоттық сезімге тәрбиелей отырып,шығармашылықтарын арттыру;

2.Эстетикалық тәрбиелерін қалыптастыру;

3.Ұжымда бір-бірін тыңдап,үлкеннің тілін алуға дағдыландыру.

Сабақта үш бірдей мақсат қолданылды:

Білімділік, шығармашылықтарын жан-жақты дамыту және тәрбиелеу.

Мынандай технологияларды қолдандым:

1.Шығармашылығын арттыру;

2.Ойын технологиясы;

3.Актерлік шеберлік;

4.Жекелей даму технологиясы ;

5.Еске түсіре дамыту технологиясы.

6.Денсаулықты қорғау технологиясы.

Мен мұнда денсаулықты қорғау технологиясы барысында төрт жаттығу қолдандым;

Біріншісі «Паравоз» ойыны арқылы балалар бір-бірінің арқасына саусақтардың көмегімен нүктелік массаждар жасады.

Екіншісі; «Ғажайып сандықша» мұнда сандықшадан шыққан аңдардың атын атап,қай ертегіде кездесетінін еске түсіреміз және жүрісін салу арқылы аяқ бұлшық еттерін шынықтыру.

Үшіншісі; Ауладағы жапырақтарды үрлеп ойнадық.Яғни,үрлеу арқылы өкпе мен тыныс алу жолдарын жаттықтырамыз.

Төртіншісі; «Сиқырлы кілемше» кілемшеде көзді жұмып-ашу арқылы,көздеріміздің бұлшық еттерін шынықтырамыз.

Осы атап өткен технологиялардың барлығы ойдағыдай жүзеге асты.

Сабақтың барлық бөлімдері бір-бірімен тығыз байланыста болды,өз ретімен ауысып отырды.

Бірінші бөлімнен бастап,балалар сабаққа белсене араласты.

Балалардың сабаққа деген қызығушылықтары артып,актерлік шеберліктерін көрсете алды. Осы сабақ барысында әр баланың жеке білім деңгейі анықталып,ой- қабілеттері дами отырып,бір-біріне,қоршаған ортаға, үлкендерге деген мәдени қарым-қатынастары,достық сезімдері оянып,ұштала түсті.Мен жоғарыда атап өткен барлық мақсаттарыма толықтай қол жеткіздім.



Назарларыңызға рахмет!



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее