Сабақтың тақырыбы
| Қазақстан территориясындағы ғұн тайпалары. Аттила (Еділ) – ұлы жаһангер | |
Сабақтың мақсаты | Білімділік – ғұндардың тұрмысы, қоғамдық құрылысы және шаруашылығы туралы білім беру; | |
Дамытушылық – мемлекеттердің қалыптасуының алғышартын, оның белгілерін анықтай білу, карталарды сабақта тиімді пайдалана білуге дағдыландыру; | ||
Тәрбиелік – тарихи аңыз деректер негізінде оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу, Орталық Азия тарихының жалғастығын көрсету, ірі саяси тұлғаны үлгі ету. | ||
Сабақ типі | Жаңа тақырпты оқу (танымдық), топпен жұмыс жасау, сайыс түрінде | |
Сабақ әдісі | Түсіндіру, сұрақ-жауап, сын тұрғысынан ойлау | |
Негізгі түсініктер мен терминдер | Ғұн, хунну, юечьжі, шанью, «Аспан ұлы» | |
Қажетті құрал-жабдықтар | Қазақстан тарихынан әңгімелер оқулығы, ғұн тайпасының картасы, тапсырма парақтары, маркер, постер, стикерлер, бағалау парағы т.б. | |
Сабақ барысы | Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті | |
Ұйымдастыру кезеңі
| Оқушылармен сәлемдесу; Оқушыларды журнал бойынша түгендеу; Үй жұмысын тексеру: Оқушылардың назарын жаңа сабаққа аударту: - оқушыларды сабақтың тақырыбымен, барысымен таныстыру; - оқушылармен бірге жаңа сабаққа ортақ мақсат қою; /Бүгінгі сабақта алдарыңызға қандай мақсат қояр едіңіздер? Нені білгілеріңіз келеді?/ 1 мин | Мұғаліммен амандасу; Сұрақтарға жауап беру арқылы үй тапсырмасын меңгергендігін айтады;
Назарларын жаңа сабаққа аудару; /сабақтың тақырыбымен, барысымен танысу; мұғаліммен бірігіп сабақтың мақсатын қою / |
Сабақтың барысы | І Ұйымдастыру кезеңі ІІ Өткен тақырыпты қайталау. Үй жұмысын тексеру Төмендегі сөздерді оқығанда қандай ой келеді: Скифтер, тиграхауда, хаумаварга, парадарайа, Анахарсис, Томирис, Зарина, “Алтын киімді адам”. Қазақстан территориясындағы сақтардың орналасуын картада көрсету. 5 минут. | |
ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру Оқушыларға сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпқа шығу. Картадан ғұндардың Қазақстан территориясында орналасуын көрсету. І тапсырма. Оқушылар тақырып бойынша мәтінмен жұмыс жасай отырып, постер құрайды. Постер құрудағы қойылатын талаптармен таныстыру. Постер құруға 7 минут, қорғауға 2 минут (1+1+1=3) уақыт беріледі. Оқушыларға бағалау парағы таратылады. Оқушылар бір-бірін тыңдап, бағалайды (1 минут). ІІ тапсырма. Әр топ басқа топқа 4 сұрақтан дайындайды. Талаптары тақтада көрсетіледі. 4 минут. «Ыстық орындық». Әр топтың көшбасшысы ортаға шығып, ыстық орындыққа отырады. Қарсыластары дайындаған сұрақтарға жауап береді. 1 минут (1+1+1=3 минут). Оқушылар бір-бірін бағалайды. 1 минут Сергіту сәті. 2 минут ІІІ тапсырма. Әр топқа тапсырма парағы таратылады. Сәйкестендіру. 2 минут уақыт беріледі. Тақтаға дұрыс жауабы көрсетіледі. Әр топ бір-бірін тексеріп, бағалайды. 1 минут IV тапсырма. Оқушыларға тапсырма парағы таратылады. Оқиғаларды сәйкестендіру. 3 минут Оқушылар бір-бірін тексеріп, бағалайды. 1 минут. V тапсырма. Жорықтар. 3 минут Оқушылар бір-бірін тексеріп, бағалайды. 1 минут
| ||
Бекіту | Рефлексия. Ғұн тайпалары туралы не білдік? Ассоциация
Әр оқушы бүгінгі сабақта не білгенін айтады. Ойын тұжырымдайды. 5 минут | |
Үй тапсырмасы | «Еділ патшасы (Аттила)» туралы эссе жазу. | |
Бағалау | Оқушылардың өз-өзін бағалауы. Бағалау парақшасы бойынша бағалау. |