Сабақтың тақырыбы:
Азық – түлік (жемістер мен көкөністер).
Сан есімдерді қайталау.
Мақал-мәтелдер
Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.
Қазан қайнап тұрса, ақыл-сайрап тұрады.
Жаңа сөздермен танысыңыз.
Алма – яблоко
Алмұрт – груша
Қызанақ – помидор
Ащы – горький
Қызыл – красный
Баға – цена
Қырыққабат – капуста
Беріңізші – дайте, пожалуйста
Қышқыл – кислый
Дәмді – вкусный
Өрік – абрикос
Пияз- лук
Жасыл – зеленый
Піскен – спелый
Жеміс – фрукты
Піспеген – не спелый
Картоп – картошка
Сарғыш – оранжевый, желтоватый
Келі – киллограмм
Сары – желтый
Көкөніс – овощи
Сәбіз – морковь
Қияр – огурец
Қоңыр – коричневый
Түс – цвет
Шие – вишня
Әр суреттің астына қажетті сөздерді жазыңыз
АЩЫ ДӘМДІ ҚЫШҚЫЛ ПІСКЕН ПІСПЕГЕН ҚЫЗЫЛ ЖАСЫЛ САРЫ САРҒЫШ ҚОҢЫР
Қызыл
____________
____________
____________
____________
____________
____________
____________
____________
____________
Артық сөздерді сызып тастаңыз
- Алма, алмұрт ,өрік, айран
- Қызанақ, қияр, сүт, сәбіз
- Дәмді, қышқыл, ащы, қызанақ
- Ірімшік, айран, қаймақ, шырын
- Ащы, қышқыл, дәмді, қырыққабат
Оқыңыз
Айғаным: Сәлеметсіз бе! Жақсы піскен шие бар ма?
Сатушы: Әрине, бар!
Айғаным: Шиенің бағасы қаншадан?
Сатушы: Келісі 700 теңге. Қанша келі?
Айғаным: 2 келі беріңізші.
Бірінші диалог бойынша дұрыс жауапты белгілеңіз
Дұрыс Дұрыс емес
- Қыздың аты – Сәния. +
- Қыз шие сатып алады.
- 3 келі шие сатып алады.
- Шие піспеген.
- Шие піскен, дәмді, қызыл.
Оқыңыз
Айзере: Бауыржан, алма жейсің бе?
Бауыржан: Өрік бар ма?
Айзере: Иә, бар.
Бауыржан: Өрік жеймін.
Екінші диалог бойынша жеміс атауларын белгілеңіз
БАР ЖОҚ
БАР ЖОҚ
- Алма
- Пияз
- Шие
- Өрік
- Картоп
- Алмұрт
- Апельсин
- Банан
Оқыңыз
Асылбек: Пияз сатып аласың ба?
Әйелі: Жоқ, үйде бар. Қартоп, сәбіз, қырыққабат сатып аламын.
Асылбек: Жарайды. Картоп қанша тұрады?
Сатушы: 80 теңге.
Әйелі: Сәбіз қанша тұрады?
Қырыққабат ше?
Сатушы: Сәбіз – 85 теңге, қырыққабат – 100 теңге.
Үшінші диалог бойынша сұраққа жауап беріңіз
Асылбектің әйелі не сатып алды?
- Ол пияз сатып алды
- __________________
- ________________
- ________________
Оқыңыз
Оқытушы: Оксана мынау не?
Оксана: Бұл пияз.
Оқытушы: Пияз дәмді ме?
Оксана: Жоқ, пияз ащы.
Оқытушы: Мынау не?
Оксана: Бұл – лимон
Оқытушы: Лимонның дәмі қандай болады?
Оксана: Лимон қышқыл болады.
Диалог бойынша сұраққа жауап беріңіз
Қандай көкөніс ащы? Қандай жеміс қышқыл болады?
- __________________
2. ________________
Сандарды сөзбен жазыңыз
320 теңге Алма үш жүз жиырма теңге тұрады.
270 теңге__________
500 теңге ____________
140 теңге __________
700 теңге___________
90 теңге ______________
850 теңге ___________
Диалогті тыңдаңыз, толықтырыңыз
- __________ алма бар ма?
- Иә, бар
- Бір ---------- қанша тұрады?
- _____________
- Екі келі ----------.
- Мінеки! Келіп тұрыңыз.
- __________ Сау болыңыз!
Диалогті тыңдап, сұраққа жауап беріңіз
Қуаныш не сатып алды?
- Қуаныш, сен не сатып аласың?
- Мен көкөніс сатып аламын.
- Қандай көкөніс аласың?
- ____________ _____________
Жұптық жұмыс. Сіз сатушысыз, өз тауарыңызды мақтап, сатып алушыға сатыңыз.
Ертең сіз қонақ шақырасыз. Берілген үлгі бойынша не сатып алатыныңызды жазыңыз
Ет – з келі
Пияз – 1 келі
Картоп – 2 келі
Алма – 2 келі
Сүт – 1 литр
Шұжық – 1 келі
Ірімшік – 500 грамм
Қызанақ – 2 келі
Қияр – 1 келі
Тест жұмысы
1. Сөздердің жалпы атауын көрсетіңіз.
Сөздер: сәбіз, пияз, қызанақ
а. ас
ә. тағам
б. тамақ
в. көкөніс
2. Жеміс атауын белгілеңіз
а. картоп
ә. қияр
б. алмұрт
в. қызанақ
3. Түсі сарғыш жемісті белгілеңіз
а. шие
ә. лимон
б. өрік
в. алмұрт
4. Ас ------------------ болсын!
а. піскен
ә. дәмді
б. қышқыл
в. ащы