
«Білім беру: бүгіні мен болашағы»
Дайындаған:
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Балтабаева Венера Қабылғажықызы
№ 7 мектеп-лицейі
ШҚО Семей қаласы

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:
- ӨТКЕН ТАҚЫРЫПТАРДЫ ПЫСЫҚТАЙ ОТЫРЫП ОЙЫМЫЗДЫ ЖИНАҚТАП, ӨЗ ПІКІР, КӨЗҚАРАС, ИДЕЯМЫЗДЫ ОРТАҒА САЛАМЫЗ

- І ТОП. “Мұғалім тұлғасы”
- ІІ топ. “Білім берудегі қазіргі проблемалар” тақырыбы бойынша модульдік оқыту жоспарын құру.
- ІІІ топ. “Жаңа мектеп моделі”

12 жылдық мектепте жалпы орта білім берудің басты мақсаты:
Қазақстан Республикасының
әлеуметтік, экономикалық
және саяси өміріне белсенді
қатысуға дайын,
құзыретті тұлғаның
қалыптасыуына
ықпал ету

негізгі міндеттері:
- Жеке және қоғам өміріне қажетті әрі қарай кәсіби білім алуы мен жұмысқа орналасуының негізі ретінде сапалы білім алу;
- Өзінің білім алу қызметін тиімді жоспарлау, ұйымдастыру, білімдерді меңгеруде өз іс-әрекеттерінің рефлексиясын жүзеге асыру және талдау;
- Түрлі өмірлік жағдаяттарда өз бетімен шешім қабылдау және әрекет жасау, өз тұжырымдарын дәйектеу және айналадағылармен өзара қарым-қатынас орнату, орын алып отырған әлеуметтік жағдайларға баға беру;
- Қазақтың және әлемдік мәдени мұралардың негіздерін білу, өзінің бірегей мәдениеттілігін дамыту;
- Қазақстан Республикасының азаматының құқықтары мен міндеттерін білу және сақтау, елдің мемлекеттік жүйесін түсіну және бағалау;
- Ұлтына, діни нанымына, мәртебесіне, жынысына және т.б. қарамастан, өзге мәдениет пен түсініктегі адамдарға төзімділік таныту, олардың өзге көзқарастағы, ұстанымдағы мәдениет өкілдерімен құндылықты-саналы ынтымақтастыққа дайын болу;
- Мәдени және шығармашылық істерге қатысу, тұлға мен қоғамды қалыптастыратын мәдениеттің маңызды тұстары мен аспектілерін түсіне және бағалай білу.

Жалпы білім берудің құрылымы
- 1-саты. Бастауыш білім беру.
- 1- 4 сыныптар.
- 2-саты: Негізгі орта білім беру.
- 5-10 сыныптар. Негізгі мектеп.
- 3 саты: жалпы орта білім беру.
- 11-12 сыныптар –бейіндік мектеп.

12 жылдық білім беруге көшудегі мектептің ерекшеліктері:
♣ Оқудың 6 жастан басталуы.
♣ 1 сыныптан орыс тілі, 2 сыныптан ағылшын тілі, информатика пәндерінің енгізілуі.
♣ Оқу жүктемесінің азаюы.
♣ Денсаулық сақтауға үлкен мән берілуі.
♣ Сабақтың ұзақтығының азаюы.
♣ Оқу тоқсандарының өзгеруі.
♣ Оқытудағы әдіс-тәсілдердің әрекеттілігі, құзыреттілігі.
♣ Психолог қызметінің ерекше орын алуы.
♣ Бағалау жүйесінің өзгеруі.
♣ Өзіндік тану, зерттеу курстарының енгізілуі.

Қолданылатын технологиялар:
♣ Жеке тұлғаға бағытталған
♣ Ынтымақтастық
♣ Жобалау, зерттеу әдістері
♣ Оқытудың өнімді әдістері мен формалары
♣ Сабақты жүргізудің эвристикалық әдістері
♣ Құзыреттілік, әрекеттік тәсіл
♣ Денсаулық сақтау технологиясы

Білім беру нәтижелері
- Білім, білік, дағдылардың, қалыптасқан негізгі құзыреттіліктердің, әлеуметтік дағдылардың негізінде тұлғаның алдына қойған мақсаттарына жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарын тиімді пайдалануға дайындығынан көрінетін құзырет