«Осень 2024»

Практикалық жұмыс 5 сынып

5 сынып оқушыларына арналған практикалық жұмыс

Олимпиады: Информатика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Сабақты бекіту: 178-179 беттегі тест тапсырманы дәптерге орындап келу

Үйге тапсырма: 23 тарау. Бақылау сұрақтарына жауап беру

Күні____________ Сыныбы_____________

Сабақтың тақырыбы: Мәтінмен жұмыс істеу. Практикум

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушылардың Word Pad мәтіндік редакторы бойынша алған білімдерін тексеру.

 Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілік дамыту.

Сабақтың түрі: Практикалық сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, интерак.тақта, электронды оқул

Сабақтың өту барысы:

1.Оқушыларды ұйымдастыру.

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.Тапсырмаларды орындау.

5.Сабақты бекіту.

6.Үйге тапсырма беру

Жаңа түсініктер:

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс:

1-тапсырма:

  1. Өлеңді теріңдер.

  2. Өлеңнің әрбір жолын әртүрлі түске бояңдар, әріптің мөлшерін 13-ке өзгертіңдер.

  3. Алғашқы үш жолды әртүрлі тәсілдермен өлеңнің соңына көшіріңдер.



Өлең керек

Сая болып жаныңа емен, терек,

Жетер енді жатқаның көлеңкелеп.

Өгейсінбей өзі боп қалу үшін,

Өнер керек ұрпаққа, өлең керек!



Арғы атасы ақынның жырдан туған,

Жыр жолында жанын да қылған құрбан.

Жырлар тұнған хандардың сарайында,

Жыр айтылған бесікте құлдар тұрған. (М.Мақатаев)



2-тапсырма:

  1. Мәтінді теріңдер.

  2. Екінші жолды күлгін түспен безендеріңдер.

  3. Мәтін атауын 16 мөлшермен теріңдер.

  4. Мәтінді «Автобуста» деген атаумен сақтаңдар.



Автобуста

Арман ман Аян қаланың ортасындағы үлкен бес қабатты үйде тұрады. Екеуі де екінші сыныпта оқиды және мектепке бірге барады. Бір күні олар әдеттегідей, автобуспен келе жатқанда, аялдамалардың бірінен сөмкелері бар әжей отырды.

Аян бірден орнынан тұрып, әжейге жақындады да, сыпайы ұсыныс жасады:

  • Мархабат, отырыңыз.

Арман терезеге қарап қалған түр танытты. Екі аялдамадан кейін әжей шығуға дайындалды және сөмкелерінің біріне қол жүгіртіп, одан хош иісті екі алма алып шықты.

Аянға ұсынып:

  • Ала ғой, алтыным!- деді.

  • Оныңыз қалай, рахмет, керек емес, - деп қымсынды Аян.

3-тапсырма:

  1. Мәтінді теріңдер және безендіріңдер.

  2. Мәтінге атау ойлап табыңдар және оны мәтіннің алдына қосыңдар.

  3. Бірінші сөйлемді мәтіннің соңына көшіріңдер.

Адамдар заман талабына сай ақпаратты сақтаудың жаңа тәсілдерін ойлап тапты: магниттік таспалар, лазерлік дискілер. Олар тек мәтіндерді ғана емес, жанды дауысты, музыка мен жылжитын кескіндерді де сақтауға мүмкіндік береді.

Ақпарат сақталатын құрылғылар ақпарат тасығыштар деп аталады.

Ақпарат тасығыштар:

  • Қатты диск;

  • Дискета;

  • Лазерлік диск;

  • Флеш-карта.

4-тапсырма:

1. Екі өлең мәтінін теріңдер.

2. Мәтіндері бұзылған сөздер мен жолдардың ретін анықтаңдар.

3. Тасымалдау амалдарының көмегімен сөздер мен жолдарды дұрыс ретімен орналастырыңдар.

Шегіртке мен құмырсқа

Шырылдауық шегіртке,

Күз болған соң кетті күй.

Көгалдлы қуып гөлайттап,

Жапырақ кетті, жаз кетті.

Жаздыгүнгі жапырақтың,

Ыршып жүріп ән салған.

Қызықпен жүріп жазды алған,

Бірінде тамақ, бірінде үй, (И.А.Крыловтан)

5-тапсырма:

Мына сөздерді септеңдер: монитор, пернетақта, информатика. Тапсырманы орындағанда мәтіннің фрагментін көшіру немесе кірістіру амалдарын қолданыңдар.

Мысалы:

Атау септіккомпьютер

Ілік септіккомпьютердің

Барыс септік компьютерге

Табыс септіккомпьютерді

Жатыс септік компьютерде

Шығыс септіккомпьютерден

Көмектес септіккомпьютермен

6-тапсырма:

«Ком» буынынан басталатын сөздерді ойлап табыңдар және мәтіндік редакторда жазыңдар. Сөздерді маркерленген тізім ретінде бағанға жазыңдар. Мысалы:

  • Компас;

  • Компьютер.

7-тапсырма:

  1. Кез келген 5 жұмбақ теріңдер;

  2. Жолдастарыңмен орын алмастырыңдар;

  3. Ол сенің, ал сен оның жұмбақтарын шешіңдер, жауаптарын әрбір жұмбақтан кейін кірістіріп жазып шығыңдар.



8-тапсырма:

  1. Мына сөздерді теріңдер:шам, Алладин, сиқырлы.

  2. Тышқанның сол жақ батырмасын басып, сөздерді араб ертегісінің аты шығатындай етіп жылжытыңдар.

  3. Атауды жуан әріппен ерекшелеңдер.

  4. Ертегінің фрагментін төмендегі тапсырмада көрсетілгендей етіп теріңдер. Мәтінде жұмыс істеген кезде «Алладин» сөзін кездескен айын қайтадан термеу үшін көшіріп алыңдар.

  5. Мәтінді сақтаңдар.

Араб ертегісі

Бір кездері парсы қалаларының бірінде кедей тігінші өмір сүріпті. Оның әйелі мен Алладиндеген ұлы болыпты. Алладин он жасқа толғанда, әкесі оны бір қолөнер кәсібіне үйреткісі келіпті. Бірақ оның оқыту үшін төлейтін ақшасы болмапты, сондықтан,ол өзі Алладинге көйлек тігуді үйрете бастапты.

Алладин өте жалқау болыпты. Оның ештеңе үйренуга құлқы болмапты және әкесі тапсырыс берушіге кеткен сайын, Алладин өзі сияқты тентек балалармен ойнау үшін көшеге қашып шығады екен. Олар ертеден кешке дейін қала аралап жүгіріп жүреді және торғайларды атады немесе бөгде адамдардың бақшасы мен жүзім бақтарына түсуді әдет қылыпты.

Ұлының тентектігіне әкесінің ренжігені сондай, мұңайғаннан ауырып, қайтыс болады. Сонда тігіншінің әйелі өзі мен іссіз баласы аштан өлмес үшін одан қалған дүние-мүліктің бәрін сатып, мақта иіріп, жібін сата бастайды.

Ал Алладин анасына көмектесуді ойламайды және үйіне тек ас ішіп, ұйықтау үшін келетін болыпты...

9-тапсырма:

  1. Көп нүктенің орнына жауаптарын қойып, жұмбақтарды теріңдер.

  2. Пішімдеу сызғышының көмегін пайдаланып, жұмбасқарды тапсырмада көрсетілгендей етіп орналастырыңдар.

  3. Барлық жауаптарды курсив етіңдер, әріптің мөлшері 13 болсын.

Тұмсығынан торайдың,

Тұмсыңы бар аумаған.

Үстін түгел орайтын,

Тоны ине қаулаған. ...

Тірірейіп құлағы

Менен бұрын тұрады.

Бойын жазып керіліп,

Беті-қолын жуады. ...

Еркін самғап ұшсын деп,

Мәпелейміз, баптаймыз.

Бейбітшілік құсы, - деп,

Қайсы құсты мақтаймыз? ...

Сабақты бекіту: Орындаған тапсырмалары бойынша сұрақтар қою

Үйге тапсырма: Word Pad мәтіндік редактор тараулары бойынша оқып келу, қайталау.





Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее