Тақырып: Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау | Мектебі: Ж.Сыдықов атындағы орта мектеп | ||||||||||||||||||
Мерзімі: 08.02.2017 жыл | Мұғалімнің аты-жөні: Иманалиева Рымгуль Сейсеновна | ||||||||||||||||||
Сыныбы: 8 «Ә» сыныбы | Оқушы саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||
Сабаққа негізделген оқу мақсаттары | Өткізгіштерді тізбекке жалғаудың әдістері жөнінде түсінік беру, тізбектей және параллель жалғау кезіндегі негізгі физикалық заңдылықтарды оқып үйрену, талдау жасау, саралау қабілеттерін дамыту. | ||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: Тізбектей және параллель жалғау кезіндегі негізгі физикалық заңдылықтарды біледі Оқушылардың басым бөлігі; тізбекті жинауды тәжірибелер жасау арқылы түсінеді Кейбір оқушылар: Приборлардың аттарын біледі, қолдана алады. | ||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар заряд, аттас, әраттас зарядтар, нейтрал, элементар заряд, нүктелік заряд, электрлену, тұйық жүйе, Кулон (Кл), диэлектрлік өтімділік, суперпозиция терминдерімен танысады, заряды бар немесе заряды жоқ денені ажырата алады, электрленген денені анықтап ажырата аладаы. Пәндік лексика және терминология: Зарядталған- заряды бар, бейтарап (нейтрал)-зарядсыз, аттас зарядты-бірдей таңбалы зарядты, әр аттас- әртүрлі таңбалы зарядтар, элементар заряд-ең кішкене заряд шамасы, электрлену-дененің электр зарядын алуы/беруі, диэлектрлік өтімділік-заттың электрлік қасиетін, ортадағы әрекеттесу күшінің шамасын көресетеді | ||||||||||||||||||
Алдыңғы білімдері | Шартты белгілерді білу жаттау | ||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Мұғалімнің іс - әрекеті | Оқушылардың іс - әрекеті | Ресурстар | ||||||||||||||||
Басы 10 мин | І. Ұйымдастыру кезеңі: |
|
Плакат маркер
| ||||||||||||||||
Ортасы
10 мин
7 мин
5 мин | ІІІ.Қысқаша маглұмат беру
Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда ток күштері тең, ал тізбектегі жалпы кернеу оның бөліктеріндегі кернеулердің қосындысына тең болады, ал жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергілерінің қосындысынан тұрады: I = I1 = I2 = … = In; U = U1 + U2 + … + Un ; R = R 1 + R2 + … + Rn.
Параллель жалғау:
Өткізгіштерді паралель жалғағанда, тізбектің барлық бөліктерінде кернеу бірдей, ал жалпы ток күші әрбір өткізгіштегі ток күштерінің қосындысына тең, жалпы кедергі әрбәр өткізгіштің кедергісінен кем болады.
I = I 1 + I 2 + … + In IV. Тест тапсырмасын беру. І топ Ток күшінің өлшем бірлігі не? а) 1 А в) 1 В с) 1 Ом д) 1 Ом * м 2. Химиялық энергияны электр энергиясына айналдыратын элемент. а) Вольта элементі в) Гальвани элементі с) Нейтрондар д) Иондар 3. Аккумулятор қай елдің сөзі? а) Латын в) Грек с) Ағылшын д) Итальян 4. Меншікті кедергінің өлшем бірлігі қайсысы? а) 1В в) 1 Ом * м с) 1 А д) 1 Ом 5. Дененің электрленгенін анықтайтын құрал: а) Реостат в) Амперметр с) Электроскоп д) Вольтметр 6. Тізбек бөлігі үшін Ом заңының формуласы: а) U = IR в) I = c) R = p д) R = 7. Кедергілері 4 Ом және 6 Ом болатын өткізгіштер параллель жалғанған. Жалпы кедергісін тап. а) 2,4 Ом в) 3,7 Ом с) 4,2 Ом д) 5,8 Ом ІІ топ Мыналардың қайсысы кернеудің өлшем бірлігі? а) 1 В в) 1 Ом с) 1 А д) 1 Ом * м Өткізгіштерді параллель қосқанда қай шама бірдей болады? а) Ток күші в) Кернеу с) Кедергі д) Заряд 3. Төменде электр тогы жүріп тұруы үшін қажетті шарттар келтірілген. Дұрыс емес шартты анықта. а) Тізбекте конденсатордың болуы в) Өткізгіш ішінде тұрақты электр өрісінің болуы с) Электр тізбегінің тұйықталған болуы д) Потенциялдар айырмасының болуы 4. Электр тогының жұмысын есептейтін формула. а) Q = I2 Rt в) A = FS с) A = Nt д) A = IUt 5. Өткізгіштерді тізбектеп қосқанда қай шама бірдей болады? а) Ток күші в) Кернеу с) IU көбейтіндісі д) Заряд 6. Кернеу қандай құралмен өлшенеді? а) Вольтметр в) Амперметр с) Ватметр д) Реостат 7. Жұмысы 400 Дж ток күші 40 А өткізгіштің 3 мин ішіндегі кедергісін есепте: а) 0,015 Ом в) 0,011 Ом с) 0,0014 Ом д) 0,012 Ом ІІІ топ Ток күші қандай шама? а) Векторлық в) Скалярлық с) Екеуі де д) Дұрыс жауап жоқ 2. Электр тогының қуатын есептейтін формула: а) U = в) p = UI c) p = д) p = IUq 3. Кедергінің өлшем бірлігін көрсет: а) 1 Ом * м в) 1 В с) 1 Ом д) 1 А 4. Электр тогын электр станцияларында ................................ арқылы алады. а) Қорғасынды аккумулятор в) Генераторлар с) Қышқылды аккумулятор д) Сілтілі аккумулятор 5. Өткізгіштің меншікті кедергісі. а) р = в) I = c) p = д) p = 6. Бірдей таңбалы электр зарядтары бар денелердің әсерлері қандай? а) Әсерлеспейді в) Тартылады с) Тебіледі д) Әсерлеседі 7. Қуаты 24 Вт кернеуі 4 Вт шамның ток күші неге тең? а) 6 А в) 3 А с) 10 А д) 12 А V. Оқулықпен жұмыс: І топ – 20 - жаттығу ( ) Суретте тізбектей жалғанған үш өткізгіштің сұлбасы берілген. Кедергісі R1=36Ом өткізгіштегі кернеудің төмендеуі U1=9B. Кедергісі R2=64Ом болатын өткізгіштің кернеуін және олардың ұштарындағы кернеу 120В болғандағы өткізгіштің R3 кедергісін анықтаңдар.
ІІ топ – 20 - жаттығу ( ) Суретте параллель жалғанған екі өткізгіштің сұлбасы берілген. Кедергісі R1=44 Ом өткізгіш арқылы I1=5А ток өтеді. I2=0,8А ток өткендегі өткізгіштің R2 кедергісін анықтаңдар.
ІІІ топ – 20 - жаттығу ( ) Кедергілері 20 Ом және 30 Ом болатын екі резистор кернеуі 24 В электр тізбегіне жалғанған. Тізбекке екі резисторды тізбектей және параллель жалғағандағы ток күші қандай?
| Дәптерге жазады
Тест жасайды, бір – бірімен ауысып тексереді
Әр топтан бір оқушы тақтаға шығып есеп шығарады
| Презентация «Power Point»
| ||||||||||||||||
Соңы 9 мин | VI. Топпен жұмыс: І топ. а) суреттегі шамдар қалай жалғанған? ә) Сұлбасын сызып көрсетіңдер. ІІ топ. Сұлбасымен салыстыра отырып түсіндіріңдер. ІІІ топ. 79 – суретте берілген сұлбаларда жіберілген қателерді табыңдар. | Жинап, қорғау | Сұлбалар және керекті приборлар | ||||||||||||||||
Бағалау 1мин | Бағалау парағы | Бағалау парағын толтырады | Бағалау парағы | ||||||||||||||||
Рефлексия 1 мин | Блоб баспалдағын пайдаланады | |
| ||||||||||||||||
Үйге тапсырма 1 мин | §41. 9.4 Венн диаграммасын толтыру. Есептер шығару
| ||||||||||||||||||
Қосымша мәлімет | |||||||||||||||||||
Дифференциация – қосымша көмекті қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар жоспарлайсыз? | Бағалау –оқушылардың білімін бағалауды қалай жүзеге асырасыз | Пәнаралық байланыс. Денсаулық және қауіпсіздік. АКТ-ны қолдану.
| |||||||||||||||||
Барлық оқушылар: Заряд ұғымын біледі, екі тегін біледі, әсерлесуін біледі, тізбекті параллель және тізбектей жинай алады, есептер шығары алады. Оқушылардың көпшілігі: Формулаларды түрлендіре алады, жатқа біледі, мағынасын түсінеді, есептер шығара алады. Оқушылардың кейбірі: Күрделі есептерді шығара алады. | 1.формативті бағалау, суммативті бағалау, қолдау, мадақтау. 2. Жеке бағалау, бір-бірін бағалау, топты бағалау | Биология, математика, информатика Электр қауіпсіздік ережелерін сақтау, жауапкершілікке, бір-бірін сыйлауға үйрету, АКТ-мен жұмыс істеуді және қауіпсіздік шараларын сақтауды ескеру. | |||||||||||||||||
SWOT талдау |
| Сұрақтарға жауап | |||||||||||||||||
Күшті | Сабақ мақсаттары орындалды . Сабақ жүйелі өтті | ||||||||||||||||||
Әлсіз | Уақытты дұрыс пайдалана алмады | ||||||||||||||||||
Мүмкіндік | Есептерді шығарғанда оқушыларға қолдау көрсетсек пәнге деген қызығұшылығы артады | ||||||||||||||||||
Қауіпті | Сабақ өту барысында оқушылардың белсенділігін көтеру |