«Осень 2024»

Отбасы - өмірдің мәні

Оқушылардың отбасы, адамның отбасындағы алатын орны туралы түсінік беру, оқушылардың ойлау дағдысын қалыптастыру. Жүйелі сөйлеуге үйрету. Балаларды сыйластыққа, мейірімділікке, татулыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу

Олимпиады: Викторина "Берегите зрение, чтобы видеть мир" 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Тақырыбы: «Отбасы өмірдің мәні»

Мақсаты: Оқушылардың отбасы, адамның отбасындағы алатын орны туралы түсінік беру, оқушылардың ойлау дағдысын қалыптастыру. Жүйелі сөйлеуге үйрету. Балаларды сыйластыққа, мейірімділікке, татулыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу

Әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, сөзжұмбақ, тірек сызба, топтастыру стратегиясы,

Пәнаралық байланыс: музыка пәні, өмірмен байланыс

Көрнекілігі: отбасы мүшелерінің суреттері, ноутбук

Барысы: І. Кіріспе /мұғалім сөзі/

  • Адамға өмірде ең қымбаты – отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болады. Бір-бірін аялап, кешіре, түсіне білгенде отбасы берік болады.

ІІ. Негізгі бөлім.

а) «Тіл дамыту, ой дамыту»

  • Компьютер арқылы отбасына байланысты сурет көрсетіп, жаңа сабақтың тақырыбын ашу

  • «Отбасы» сөзін топтастыру

сүйіспеншілікті сезінуге үйретеді

жақсылыққа жетелейді

ОТБАСЫ

еңбектенуге, білім алуға көмектеседі


үлкендерді құрметтеуге, кішілерге қамқор болуға тәрбиелейді

ә) Суреттермен жұмыс

Сұрақ-жауап әдісі. «Ойланбай жауап бер»

Компьютер арқылы отбасына байланысты суреттер көрсетіп, оқушыларды сөйлету.

1. Өз отбасыңда кімдер барын айт.

2. Ата-анаңнан басқа үлкендер болса, олардың кімдер екенін айт.

3. Отбасыңа сенің қандай көмегің бар?

б) Ойын «Менің отбасым»

- Төрге кімді отырғызар едіңдер?

- Есік жаққа кім отырады?

- Қонақ келсе қайда отырады? –деген сұрақтар қоя отырып, әңгіме құрастыру.


в) Елестету /баяу музыка жүріп тұрады/

Бір сәт көзімізді жұмып, әрқайсымыз өз отбасымызды көз алдымызға елестетейік. Енді әрқайсымыз өз отбасымыздағы адамдарға жақсы тілегімізді іштей айтайық. Сәл тыныштықтан соң, көзімізді ашайық.

- Отбасыларыңды елестеткен сәтте қандай жағдайда болдыңдар?

- Оларға қандай жақсы тілек тіледіңдер?

- Үйлеріңе барғыларың келе ме?

- Кімді сағындыңдар?


ІІІ. Қорытынды. «Жүрек жылуы » шеңбері

(Оқушыларға жұлдызшалар тарату. Жұлдызшалардың түр-түсін түсіндіру)

Атасын жақсы көретіндер – қоңыр, әжесін жақсы көретіндер – сары,

әкесін жақсы көретіндер – жасыл, анасын жақсы көретіндер – қызғылт,

ағасын, інісін жақсы көретіндер – көк, апасын, қарындасын жақсы көретіндер – қызыл жұлдызшаларды алыңдар.

Олай болса «Біз бәріңізді жақсы көреміз. Отбасымыз аман болсын!» деген тілек айтайық.

(Оқушылар тілек айтып, жұлдызшалардан шашу шашады)


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее