«Зима 2025»

"Отбасы-бақыт мекені" атты ашық тәрбие сағатының жоспары

«Отбасы – бақыт мекені»

Отбасы күніне арналған іс-шара жоспары

Мақсаты: Отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен баланың арасындағы қатынасты тәрбиелеу, оқушылардың бойында отбасына деген сүйіспеншілікті тудыру.

Күні: 10.09.2016 жыл

Сыныбы: 7-9 сыныптар

Барысы:

1. Мұғалім сөзі.

Аяжан:

Тәрбие сағатын Елбасы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мына сөздерімен бастамақпын: Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады.Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.

Отбасы - осы сөздің түбінде терең мағына жатыр. Отбасы деген қасиетті ұғым. Отбасы әр адамның өміріне бастама болып табылады.

Олимпиады: ОБЗР 5 - 11 классы

Содержимое разработки

«Отбасы – бақыт мекені»

Отбасы күніне арналған іс-шара жоспары

Мақсаты: Отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен баланың арасындағы қатынасты тәрбиелеу, оқушылардың бойында отбасына деген сүйіспеншілікті тудыру.

Күні:

Сыныбы: 7-9 сыныптар

Барысы:

1. Мұғалім сөзі.

Аяжан:

Тәрбие сағатын Елбасы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мына сөздерімен бастамақпын: Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады.Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.

Отбасы - осы сөздің түбінде терең мағына жатыр. Отбасы деген қасиетті ұғым. Отбасы әр адамның өміріне бастама болып табылады. Отбасын – кішігірім Отанға теңейміз. Отанның өзі отбасынан басталады дейміз. Ал отбасылық бақыт болса – ол бақыттың шыңында тұратын белгі. Бақытқа толы болған отбасы әрқашанда қоғамда ерекшелініп, өзгелері үлгі тұтатындай санатқа жетеді. Ерекшелігі деп ол отбасылардың татулығын, айналаға деген сансыз махаббаттарың, барша адамға деген риясыз сыйластығың, қоғамға тигізген қажырлы үлесің айта аламыз.

Олай болса, бүгінгі күнде, бүкіл еліміз бойынша аталып өтіп жатқан «Отбасы күніне» орай, бізде «Отбасы – бақыт мекені» деген тәрбие сағатын ұйымдастырып отырмыз. Ендеше, Сіздердің қошеметтеріңізбен, «Отбасы – бақыт мекені» деген тәрбие сағатын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!


Ән. «Анашым» әні. Орындайтын Жансая мен Құндыз. Қабыл алыңыздар!


Алғашқы кезеңіміз «Таныстыру» деп аталады. Бұл кезеңде оқушылар өзін, өз отбасын еркін түрде таныстырып шығады.

  1. Жансая.

  2. Аңсар.

  3. Кәмиля.

  4. Батырхан.

  5. Нәзкен.


Аяжан: Қазір, құрметті көрермендер, ата-аналар, Сіздермен, «Сіз қандай ата-анасыз?» атты психологиялық сауалнаманы өткіземіз.

Шарты: Зейін қойып сұрақтарды тыңдаңыздар және шын мәніндегі жауапты берулеріңізді сұраймыз.


Жауаптары мынадай болса:

а) қолымнан келеді және әр кезде солай жасаймын (3 ұпай) беріледі

б) қолымнан келеді, алайда әр кезде солай істей алмаймын (2ұпай) беріледі

в) қолымнан келмейді (1ұпай) беріледі

Сіздер, әр сұраққа осы үш ұпайдың біреуін қойып отырасыздар.

Ал енді сауалнамазды бастаймыз.

1. Кез-келген жағдайда жұмысыңыздың барлығын тастап, балаңызбен айналысу қолыңыздан келе ме?

2. Баланың жас ерекшелігіне назар аудармай, ақылдасу қолыңыздан келе ме?

3. Баланың алдында жасаған қателігіңізді мойындау қолыңыздан келе ме?

4. Өзіңіз қателескеніңіз үшін баланың алдында кешірім сұрау қолыңыздан келе ме?

5. Егер баланың қылығы сіздің ашуыңыңызды келтірсе, өзіңізді ұстау қолыңыздан келе ме?

6. Баланың жақсы бір тәртібі үшін оның арманын орындау қолыңыздан келе ме?

7. Бала кезінде болған оқиғаны тәрбиелік мәнімен айтып беру қолыңыздан келе ме?

8. Балаңызға өткен балалық шағыңыздан ескерілетін жағдай айтасыз ба?

9. Не істесе дағы өз білгенін жасауына балаға бір күн бөлу қолыңыздан келе ме?

10. Баланың көз жасына, еркелеген дөрекі мінезін уақытша екенін көре тұрып, соған қарсы тұра аласыз ба?

11. Баланың жүрегіне ауыр тиетін сөздерді әрқашан айтпау қолыңыздан келе ме?

12. Балаңыз егер де бір нәрсені алып бер деп жылап сұранып тұрса, сіз осыған ұстамдылық ете білу қолыңыздан келе ме?


Енді барлық жауаптарыңыздың балын қосып, санаңыздар!

16 ұпайға дейін- бала тәрбиелеуде сізде үлкен мәселелер бар. Сіз не бейімділікке, не ойға жиі мән бермейсіз.Не ұстамдылық жеткіліксіз.Баланы тұлға ретінде қабылдауға назар аудару қажет. Ұстаздар мен психолог мамандарға баруды ұсынамыз.

16 – 30 ұпайға дейін – сізде ең бірінші дәрежеде тұратын мәселе – ол балаға деген қамқорлық. Сізде тәрбиешінің қабілеті бар, бірақ іс жүзінде сіз оны әр қашан қолдана алмайсыз. Кейде сіз тым қаталсыз, кей жағдайда – тым жұмысақсыз. Баланы тәрбиелеуде мән берген өте қажет деп ойлаймыз.

30 - 39 ұпайға дейін – бала сіздің өміріңізде ең үлкен құндылық. Сіз баланы түсінуге және білуге тырысасыз. Балаға сыйластықпен қарап, тәрбиелеудегі ең тиімді әдістерді қолдануға ынталысыз. Басқаша айтқанда, сіздің іс- әрекетіңіз түзу және ісңіңіздің жемісті боуына үміттеміз

Кілті: А- 3 ұпай, Б- 2 ұпай, в- 1 ұпай


Келесі кезекті оқушылардың жазып келген шығармасына береміз. Шығарманың тақырыбы: «Менің отбасым – менің мақтанышым». деп аталады.

  1. Ақтоты.

  2. Меруерт.

  3. Аяжан.

  4. Данияр.

  5. Құндыз.

  6. Кәмиля.

Тренинг. Ата-аналар «Мен өз отбасымда . . .» тақырыбында кез-келген заттың (құс, жануар, құрал-сайман, геометриялық фигура, мүсін сияқты) бейнесін жасап, сол идеяны қорғау керек. (Мысалға мен өз отбасымда көліктің дөңгелегі сияқтымын. Тынымсыз қозғалып, айнала беремін) . Ол үшін 5 ата-ана керек. Ортаға 5 адамды шақырамыз.


Аяжан:

Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,

Өнерімен қуантады түбінде.

Бала нені білсе жастан, ұядан –

Өле-өлгенше соны таныр қиядан.

Өнер-білім берем десең басынан,

Бер оқуға балаларды жасынан.

Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған,

Жақсы-жаман болса, бала – солардан.


Ендігі кезек көріністерге беріледі. 2 көрініс қойылады.

1-ші көріністі тамашалаңыздар. Аңсар, Меруерт, Жансая, Серік.

Енді 2-ші көріністі тамашалаңыздар. Аңсар, Камиля, Ернар, Аяжан.

Құрметті көрермендер осы көрініске қатысты, сіздерге қоятын сұрақтарым бар:

  1. ші сұрақ: Бұл көріністен не байқадыңыздар?

  2. Қай көріністен дұрыс тәрбие алуға болады деп ойлайсыздар?

  3. Сіздерге қайсы көрініс ұнады?

  4. Осы көріністерден ең жағымды және ең жағымсыз кейіпкерлерді атаңыздар?

  5. Үйлеріңізде сіздер өздеріңізді осындай үлгіде ұстайсыздар ма?

  6. Бұл көріністерге қандай атау қоюшы едіңіздер?


Аяжан: Ендігі кезекте «Тілек тәжі». Ата-аналар осы «Тілек тәжі» арқылы кезек-кезекпен өз тілектерің жолдайды.

Аяжан: Камиляның орындауындағы әнді қабыл алыңыздар!

Қорытынды:

Аяжан: Сөз кезегі мектеп директорының міндетін атқарушы Балғын Сыздыққызына беріледі.

Аяжан: Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін – шеше, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші басты талап-тілектері – баланың «әдепті бала» болып өсуі. Сондықтан қазақ жанұясы әрдайым: «Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген. Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тілалғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді. Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды.

Құрметті көрермендер осы тәрбие сағатына келіп-қатысқандарыңыз үшін алғыс айтамыз, қош-сау болыңыздар!

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее