Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспекті
Білім саласы : «Коммуникация»
Бөлімі: Қазақ тілі
Тақырыбы : Менің Отаным- Қазақстан!
Мақсаты : Балаларға патриоттық тәрбие беру. Еліне, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Білімділік: Балалардың білімдерін жетілдіру.
Дамытушылық: Тақпақтар, мақал-мәтел арқылы ой-өрісін кеңейту, сөздік қорларын молайтып, тілдерінің дамуына ықпал ету.
Тәрбиелік: Еліне деген патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Қостілді компонент: Қазақстан республикасы, елбасы- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, елорда- Астана қаласы, рәміз, ту,елтаңба, гимн.
Көрнекіліктер: Мемлекеттік рәміздер, тақырыпқа байланысты суреттер.
Әдіс-тәсілі: түсіндіру, әңгімелету, сұрақ-жауап, ойын.
Қызмет кезеңдері | Педагогтің қызметі |
Мотивациялық қозғаушылық
| Сәлемдесу. Шаттық шеңбері. Сәлем саған жер ана! Сәлем саған нұрлы күн! Аман-есен болайық Бейбітшілік қалайық! |
Ұйымдастыру- іздестіру | Мұғалім: Балалар қазір қандай мезгіл? Балалар:Қыс мезгілі. Мұғалім: Қыс мезгілінде қандай айлар бар? Балар: Декабрь-желтоқсан Ай бұл қыс басталған Январь -қаңтар Айнала ақ қар Февраль-ақпан суықтан сақтан Мұғалім: Бүгінгі тақырыбымызды бастамас бұрын мен сендерге сөзжұмбақ жасырғым келіп тұр. - Мынау не? Баллар: Мынау орындық - орындық сөзінде бірінші қай дыбысты естіп тұрсыңдар? -"О" дыбысы - Мынау не? - Мынау түлкі - түлкі сөзіндегі бірінші дыбысы қандай? - "Т" дыбысы. - Мынау не? - Мынау арыстан - Арыстан сөзі қай дыбыстан басталып тұр? - "А" дыбысы. - Мынау не? - Мынау нан - Нан сөзі "Н" дыбысынан басталып тұр. - Балалар, осы дыбыстарды қосқанда бізде "Отан" деген сөз шықты, яғни біздің бүгінгі тақырыбымыз Отанымыз Қазақстан туралы болмақ. Отан деген не? Балалардың жауабы. Тақпақтар: Отан деген Атамекен Отан деген туған жер. Отан Ана,Отан үлкен Қазақстан туған жер.
Отан -сенің ата-анаң Отан-досың,бауырың Отан-өлкең, астанаң Отан-аудан,ауылың. Дыбыстық жаттығу: Қа-қа-қазақстан Сы-сы-елбасы Міз-міз-рәміз Таң-таң-елтаңба У-у-біздің ту Да-да-елорда Қа-қа-қала Мұғалім: Балалар, бүгін бізге қонаққа қазақ халқы ертегілерінің кейіпкерлері келеміз дейді. Қане оларды шақырайық. Домбыраны тартайық Қонағымызды шақырайық. Ертөстік: -Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен Ертөстікпін, ертегінің мықты батырымын. - Сәлеметсің бе, Ер Төстік. Балалар сенің мықты екендігіңді біледі, ал біздің балалар білімді. Ер Төстік: Қазір тексерейін. Менің сұрақтарыма жауап беріңдерші. Біздің Республикамыз қалай аталады? Балалар: Қазақстан Республикасы Ер Төстік: Елбасымыз кім?
Ер Төстік: Елордамыз қай қала?
Ер төстік: Мемлекетіміздің рәміздерін атаңдаршы. - Ту,елтаңба,гимн Ертөстік: Туымыз қандай түсті?
Мұғалім: Көгілдір түс - ашық аспанның түсі. Ертөстік: Туымызда не бейнеленген? Балалар: Туымызда күн, қыран құс, ою-өрнек бейнеленген. Мұғалім: Күн - бұл молшылықты, өмірді және күш-қуатты бейнелейді. Қыран құс-бостандықтың белгісі. Балалар Ертөстікке ту туралы тақпақ айтып берейік. Тақпақ: 1.Айнымайды аспаннан Біздің тудың бояуы, Оны халық қашанда 2.Ақ ниеті-алтын күн Ертөстік: Елтаңбада не бейнеленген? Балалар: Елтаңбада шаңырақ , қанатты тұлпар, «Қазақстан» деген жазуы бар. Мұғалім: Шаңырақ дегеніміз киіз күмбезі - отбасының бейнесі. Екі жағында тұлпарлар-бұл алдыға ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Елтаңба туралы тақпақ кім айталады? Тақпақ: Қазақстан Отаным, Әлем білген атағын. Жарқыраған әр танда Ертөстік: Гимн деген не? Мұғалім:Гимн туралы тақпақ айтып берейік. Әнұраны елімнің Шақырады бірлікке. Егеменді халқымның Болашағы бірлікте. Ертөстік: Балалар, сендер ақылды екенсіңдер. Білімдерің арта берсін. Менің қайтатын уақытым болды, қош сау болыңдар! Мұғалім: Балалар, енді бір серігіп алайық. Сергіту сәті: Биік, биік таулары бар Орманы бар,көлі бар Даласы бар, шөлі бар. Кең даласы құлпыраған Отанымыз Қазақстан! Мұғалім: Келесі қонағымызды шақырайық. Домбыраны тартайық Қонағымызды шақырайық. Мақта қыз: Мен мақта кыз, мақта кыз Ертегіден келген кыз Ойнап, күліп бәріміз Сабақты өткізейік бәріміз. - Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен Мақта қызбын. Сендерді жылдам, ұғымпаз балалар дейді, сендерге ойын ойнатқым келіп тұр. Мынау қазақтың ою-өрнегі, бұл ою "Қошқар мүйіз" деп аталады. Қазір сендер осы оюды құрастыруларың керек. Мақта қыз: Мынау қазақтың ұлттық ыдысы "Торсық". Енді маған осы торсықты құрастырып беріңдер. Мақта қыз: Мынау қобыз, қазақтың ұлттық аспабы. Енді қобыздың суретін құрастыру керек. Мақта қыз: Жарайсыңдар балалар. Менің тапсырмаларымды жақсы орындадыңдар. Білімдерің таудай болып өсе берсін. Ал, мен ертегіме қайтайын, сау болыңдар! Мұғалім:Домбыраны тартайық Қонағымызды шақырайық. Алдар Көсе: Мен Алдармын, Алдармын Балалар: Ел іші – алтын бесік. Туған жердің ауасы да шипа. Отан үшін күрес – ерге тиген үлес. Ер – елінде, гүл – жерінде. Отан- отбасынан басталады. Туған жердің жуасы да тәтті. Әркімнің өз жері – жұмақ. Өз елінде көртышқан да батыр. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық. Алтын ұяң — Отан қымбат, Құт берекең-атаң қымбат Отан елдің анасы, Отанын сүйген: отқа жанбайды, суға батпайды.
Су жүрген жер береке, Ел жүрген жер мереке. Ана тілің алпыс тілге татиды.
Тіл - достықтың алтын көпірі.
Отаның тыныш- сен тыныш
Отаны бірдің жүрегі бір Жүрегі бірдің тілегі бір
Бақа көлінде патша, жігіт елінде патша Алдар Көсе: Жарайсыңдар балалар, мен енді көп мақал-мәтел білемін. Барып Қожа досыма айтып беремін. Балалар, енді "Алма кетті домалап " ойынын ойнайық. Мынау не?
Алдар көсе: Осы алма кімнің қолында қалады, сол бала Отанымызға қатысты сөз айту керек. Балалар: Алма кетті домалап Өзен бойын жағалап Кім алманы табады Сол ойыннан шығады. Алдар көсе:Балалар, сендер білгір, ақылды балалар екенсіңдер. Осындай білімдерің үшін мен сендерге сыйлық алып келдім. Менің қайтатын уақытым келді. Сау болыңдар!
|
Рефлексивті - түзетушілік | "Алма кетті домалап " ойыны арқылы тақырып бойынша сөздерді бекіту |