№ 48 Технологиялық карта
Айыкүні: 07. 04.17
Білім беру саласы: Денсаулық,таным.
Бөлімі: Дене шынықтыру.
Тақырыбы: Орындықпен орындалатын жаттығулар.
Мақсаты:
1. Ойындарды ойнау және жаттығуларды орындау барысында ұжымдық қимыл-әрекеттердің үйлесімділігін дамыту.
2.Ұжым болып әрекет етуге,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
3. Шапшаңдық,ептілік, төзімділік сияқты қасиеттерді дамыту
Құрал-жабдықтары: әр балаға доптан, кегельдер гимнастикалық таяқшалар, текше, орындықтар.
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс- әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық | Бір қатар сапқа тұру. Сәлемдесу. Топтарда жүгіру жаттығулары (ысқырық бойынша қарқындарын ауыстыру | 1. Жылдам қарқында жүгіру. 2.Баяу қарқында жүгіру, жүру. |
Ұйымдастыру шылық-ізденістік | 1.Доппен орындалатын ЖДЖ: Негізгі тұрыс,доп оң қолында төменде. 1-қолдары екі жақта; 2-қолдары жоғарыда, допты басқа қолға ауыстыру; 3-қолдарын екі жаққа созу; 4-бастапқы қалып Аяқтарын сәл ашылған қалыпта тұру, доп оң қолында. 1-оң аяғына иілу; 2-3-допты оң аяқтан сол аяққа ауыстырып домалату; 4- бастапқы қалып, сол сияқты сол аяққа. 1-2- өкшемен отырып және денесін оңға бұрып, допты еденге тигізу; 3-4 бастапқы қалыпқа келу. Сол сияқты солға орындау. Еденде отыру, доп табандарының қысылған,қолдары артқа тірелген. 1-2 түзу аяқтарын көтеру, допты түсіріп алмауға тырысуы; 3-4-бастапқы қалыпқа келу. Шалқадан жатып, допты түзу қолдарында басының жоғарғы жағында ұстау. 1-2- алға қарай түзу қолдарын, және оң аяқты көтеру, допты аяғына тигізу; 3-4- бастапқы қалыпқа келу. Сол сияқты сол аяқпен. Аяқтары сәл ашылған, доп оң қолында. Допты еденге оң қолмен соғып ұрады,ал оны екі қолмен ұстайды. 2. «Аюлар және аралар ойыны». 3. «Қалашықты құлату» ойыны.
| Жаттығулар тәрбиешімен орындалады. Жаттығулар 4-6 рет қайталанады. Бір топ орындықтарда отырады. Екінші топ гимнастикалық қабырғада тұрады. Ысқырық бойынша «аралар» алаң ішінде ұшады. Белгі бойынша «аюлар» араларды қуалап ұстайды. Ал аралар жылдам түрде гимнастикалық қаюырғаға өрмелеп шығулары керек. Балалар кезек-кезек таяқшамен қалашықты ұрып соғады. (кегельдерді) |
Рефлексиялық- түзетушілік | Екі аяқтың ұшымен жүру, қолдары жоғарыда. | «Жылан» жүрісі. |
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: ойындарды ойнау және жаттығуларды орындау барысында ұжымдық қимыл-әрекеттерді орындауды;
Түсінеді: ойынның шарттарын;
Қолданады: гиманистикалық орындықпен отыру дағдыларын.