
Озғанбаева Мереке
Бегалықызы
Жаңаөзен қаласындағы
№ 10 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі


2. Сыр сандық
3. Жалғастырып көр
1. Таныстыру
4 Топтық жұмыс


«Ынтымақ» тобының таныстыруы Наурыз десе – көгімде жүзді күнім, Наурыз десе – көркейтер түз де гүлін Наурыз деген – ырысым,ынтымағым, Наурыз деген – дәстүрім, ізгілігім.

«Береке» тобының таныстыруы
Тамашаға толтырып тұнық төрді, Жетті Наурыз үкілеп үміттерді, Барша үйге бақыт боп,береке боп,
Жанарынан нұр шашып, күліп келді.


Наурыз дәстүрі
10
20
30
40
50
Ойлан, тап !
10
20
30
40
50

Наурыз айы
Шығыс күні есебі бойынша
Жылдың алғашқы айы. Күн
Жылынып, қар еріп, жыл
Құстары келе бастайды.

Наурыз күні - 22 жұлдызы
халықаралық мереке.
Күн мен түн теңеледі.

Наурыз көже
Наурыз тойына ғана тән,көпшілікке
арналған тағам.Оны әр үй : су,сүт, ет,
тұз,тары, құрт,жеміс тағы сол сияқты
жеті түрлі дәмнен жасайды.

Наурыз айында мал төлдей
бастайды.Олар «Наурыз төлі»
деп аталып, төл басы ретінде
бағаланады.Төл басы сатыл-
майды,ешкімге сыйға
берілмейді.

Наурызкөк-наурыз айында ұшып
келетін көктем құсы.Қарасы шағын
құс.Наурызкөкті ешкім үркітпейді,
оны бақыт құсы қатарына қосады.

- Жылама бөпем, жылама Жілік шағып берейін. Байқұтанның құйрығы
Жіпке тағып берейін.
- Әлди- әлди, шырағым
Көлге біткен құрағым.
Жапанға біткен тірегім
Жаманға күнде керегім .

- Кітап деген басыңдағы білімің
- Кітап деген ақыл-ойың ілімің.

- .Неге десең
- Көктемде,
- Көктем келіп жеткенде,
- Құлын,
- Бұзау,
- Қозы,
- Лақ
- Толып өріске беткейге,
- У-шу болып жатпай ма,
- Мал төлдерін таппай ма?!
- - Көктем туды, - деп халық
- Сондықтан да айтпай ма?!

- Киіз үйдің қаңқасы: Кереге, шаңырақ, уық
- .Киіз үй жабдықтары: Үзік, туырлық, түндік,іргелік.
- Киіз үйді Наурыз тойына тігеді

Нан ардақты - адал ас,
Кәрі - жас одан аттамас.
Ас атасы - нан


Еңбекпенен ел көгерер,
Жаңбырменен жер көгерер.

Оқу білім азығы,
Білім – ырыс қазығы.

Туған елдей ел болмас.
Туған жердей жер болмас,

Тазалық – саулық негізі ,
Саулық – байлық негізі.

Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.




Наурыз тілек:
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын.

Наурыз – біздің әніміз
Наурыз келді,жадыраған , жайнаған
Салтанатты сауық-сайран айналам.
Наурыз тойда қыр мен ойда,
Қала, дала қызық думан қайнаған.
Қайырмасы:
Наурыз,Наурыз-сәніміз,
Наурыз-біздің әніміз.
Наурыз тойда күліп-ойнап,
Шат-көңілмен ән шырқайық бәріміз.


Р е ф л е к с и я (Көңіл- күй рефлексиясын білдіріп, тақтаға оқушылар смайликтерін іледі. )